"ЖАЛИС әл-МҮШТАҚИН" - мұсылман шейхтары туралы тарихи-өмірбаяндық шығарма.
Авторы -Маулана Пайрауи деген есіммен белгілі болған шаһ Мұхаммед ибн Хисам әд-Дин.
Бұхарлық атақты шейх Қожа Исхақтың өмір тарихына арналып, 1595 - 1600 ж. жазылған. Шығарма
аңыз-әңгімелерден құралғанымен, онда Орт. Азия. Қазақстан халықтарының тұрмысы мен
тарихына қатысты қызықты деректер бар. Әсіресе 16 ғ-дағы Орт. Азияның солт.-шығыс бөлігінде
болған тарихи оқиғалар туралы мағлұматтар Қазақстан тарихнамасы үшін құнды дерек көзі болып
табылады.