ЖАҚЫПБАЕВ Жұматай Жұмағұл шора Сағадиұлы (30.1. 1945. Алматы обл. Ескелді би ауд.
Ешкіөлмес а. - 16.9.1990. Алматы) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1967). Кітапхана меңгерушісі.
Талдықорған обл. "Октябрь туы" газетінде, обл. радиода, "Жалын" баспасында қызметкер.
"Жалын" журналында бөлім редакторы. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші
қызметтерін атқарған.
ЖАҚЫПБАЙҰЛЫ Бозтай (1887, Павлодар обл. Баянауыл ауд. -1970. Алматы) -
фольклортанушы, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы. 1934 - 57 ж. Қазақ ұлт мәдениеті ин-тында,
Тіл және әдебиет ин-тында қызмет істеген. Ж. жинаған батырлар жырының, тарихи дастандардың,
айтыстардың және ән мәтіндерінің түпнұсқалары Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында
сақтаулы.
ЖАҚЫПБЕКОВ Есенқұл (10.2. 1954 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд.) - айтыскер ақын.
ҚазҰУ-ды бітірген (1990). 1974 жылдан Жамбыл ауд. газет редакциясында қызметкер, ауд. өнер
мектебінде, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы обл. бөлімшесінде меңгеруші қызметтерін
атқарған. Қазір Ұзынағаш а-нда мектепте мұғалім. Өлеңдері "Қарлығаш" жыр жинағына енген
(1984). "Бастау", "Ағымнан жарыламын" (1986), "Біз екеуміз" (1990), "Жеріңе табын" (1994), "Ар
мен жар" (1995), "Жан қисса" (1996), " Біздің елдің жігіттері", "Есіл дүние-ай" (1999), "Бұл жаз да
өтер" (2001) шығармалары жарық көрген. 1984 ж. телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш
жеңімпазы.
ЖАҚЫПОВ Есенгелді Мүбаракұлы (10.4.1928 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а.) -
ғалым. филол. ғыл. канд. (1975). ҚазҰУ-ды бітірген (1958). Респ. газет-журналдарда қызмет
істеген. 1958 - 66 ж. қазақ телерадио к-тінде аға редактор. 1966 жылдан Әдебиет және өнер
ин-тында аға ғыл. қызметкер. "Дастаннан драмаға" (1979), "Эпос на сцене" (1977)
монографиялық зерттеулері жарық көрген. Ж. С.Құдаштың "Ұмытылмайтын күндер" естелік
кітабын. армян жазушысы О.Туманянның "Ертегі - әңгімелерін", орыс жазушысы А.П. Чеховтың
"Апалы-сіңлілер", орыс драматургі Л.3ориннің "Транзит", Э.Володарскийдің "Парыз",
А.Ирзагитовтың "Жамбастағы жылан", Анардың "Шынжыр", Т.Минуллиннің "Осында туып,
осында ер жеткендер" пьесаларын. т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған.
ЖАҚЬШОВ Желеу (1904. Оқг. Қазақстан обл. Ащысай а. - 1970. Кентау қ.) - ақын, әнші, жыршы.
Н.Нысанбайұлы, М.Байұзақов (Молда Мұса). С.Аққожаевтан көптеген эпостық жырларды қағазға
түсіріп, Әдебиет және өнер ин-тының қолжазба бөліміне тапсырған. Обл., респ. ақындар айтысына
қатысқан.
ЖАЛАҢАШ АТА - қазақ халқының аңыз әңгімелерінде кездесетін жел киесі. Әрбір құбылыста
құдірет бар деп сенетін халық желдің киесін желбір-желексіз, жеңіл жүретін бейнеге теңейді.
Табиғат құбылысындағы мазасыз әрекетгің жебеушісі Ж. а. деп білген. Ол үнемі жортып
жүретіндіктен, үстіне киім кимейді, аптапқа күймейді, суыққа тоңбайды. Қыста ақ қарды оранып
жатса, жазда ағаш пен шөптің саясында тыныстайды. Сонда жел де тына қалады. Қырман
сыпырып, тары ұшырып жатқан қырманшылар Ж. а-ға ысқырып хабар беріп, жел шақырады.
Мұны естіген Ж.а қарғып тұрып желді жұмысқа жегеді деп ойлаған.