"ЖАЛАҢТӨС БАТЫР" - хикая. Онда Жалаңтөс баһадүрдің ерлік істері баяндалады. Хикая
нұсқасы толық емес. қара сөз үлгісімен жазылған. Ел аузынан жазып алған Шайхы
Ғалихайдарұлы. Хикаяның қолжазбасы Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.
"ЖАЛБЫР БАТЫР" - хикая. Б.Құрманбаев 1955 ж. Қызылорда қ-ның тұрғындарынан жазып
алған. Аңызда 19 ғасырда Сыр өңірінде өмір сүрген Жалбыр батырдың ерлігі баяндалады.
"Ақайдар қарияның аңыз-әңгімесі", "Бекберген қарттың әңгімесі", "Жалбырдың қызы Сүліктің
әңгімесі", "Қара деген қарттың әңгімесі", "Сумұрын Жаппас Ораз жыраудың өлеңі", "Кеншінбай
ақынның Жалбырдың ата-тегін өлеңмен сипаттап айтқаны" деген бөлімдерден тұрады. Қолжазба
әдебиет және өнер ин-тының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
ЖАЛИЛОВ Илахун (1942 ж.т.. Алматы обл. Ұйғыр ауд. Кетпен а.) - жазушы. ҚазҰПУ-ды бітірген.
Мектепте мұғалім, респ. газеттерде корректор, тілші болып қызмет еткен. Узгостелерадио
к-тінің Қазақстан бойынша тілшісі, "Жазушы" баспасында аға редактор қызметін атқарған. Қазір
"Сәнъәт" газетінің редакторы. "Теңіз жаңғырығы" (1973), "Мұхит шақырады" (1978). "Жерге
тағзым" (1983), "Ұмтылу" (1986) өлең жинақтары. "Жаңаша жаңғырған әуендер" (1990) деректі
повесті жарық көрген.