ЖАНБОЛАТОВ Сұлтан Рамазанұлы (1.1.1936 ж.т., ҚХР, ШҰАР, Тарбағатай аймағы,
Шағантоғай ауд. Қаракемер а.) - жазушы, ғалым. Мемл. және қоғам қайраткері. Шыңжаң ун-тін
(1956), Жилин (Гирин) ун-тін (1961) бітірген. 1961 - 83 ж. Шыңжаң ун-тінде оқытушы, кафедра
меңгерушісі, 1983 - 86 ж. ректордың орынбасары, 1986 - 96 ж. ШҰАР оқу-ағарту к-ті төрағасының
орынбасары қызметтерін атқарған. 1993 жылдан ШҰАР-дағы ғыл. орталықтар мен қоғамдық
одақгардың мүшесі әрі жетекшісі. Ж-тың физика, электроника, тіл гылымы, әдебиет, т.б. салалар
бойынша 100-ге жуық мақалалары мен еңбектері жарық көрген. "Елжау күнби" екі томдық тарихи
романы 1996 ж. ШҰАР-да "үздік шығарма"сыйл. алған.
ЖАНБОТА Досан (Жалаулы) (10.5.1935 ж.т., Алматы обл. Райымбек ауд. Жалаулы а.) -
жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1964). Алғашқы өлеңдері обл. "Коммунизм нұры" (қазіргі "Жетісу),
респ. "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газеттерінде "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі
"Парасат") журналында жарияланған. 1965 - 68 ж. Қазақ КСР телевизия және радиохабарын
тарату жөніндегі мемл. к-тінің телестудиясында әдеби қызметкер, 1968 - 75 ж. қазақрадиосының
"Шалқар" редакциясында бөлім меңгерушісі, 1975 - 86 ж. "Жалын" әдеби альманағының бөлім
меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1986-96 ж. Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында редактор
болып еңбек еткен. "Жер жылуы" повестер жинағы, "Дүниедегі ең ұзақ жол" романы, "Тастар сыр
шерткенде" повесі, " Шыңдағы шынарлар" (Даулы ағаларым-ай) деректі әңгімелері, "Дала оттары"
повесі жарық көрген.