Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет565/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   677
"ЖАС АЛАШ" - жастарға арналған ең байырғы және беделді республикалық басылым. Алғашқы 
саны 1921 ж. 22 наурызда Ташкент қ-нда жарық көрген. Ұйымдастырушысы әрі тұңғыш редакторы 
Ғ.  Мұратбаев,  жауапты  хатшысы  I.  Жансүгіров  болған.  Сол  кездегі  қаржы  тапшылығына,  т.б. 
себептерге байланысты басылым "Жас қайрат" (1925), "Өртең", "Жас қазақ" (1923) газеттері және 
осы аттас журнал түрінде шығып тұрған. Газеттің жабылып қалмауын ойлаған С.Садуақасов, А. 
Байтұрсынов,  Б.Майлин,  С.Сейфуллин,  М.Әуезов,  Ж.  Аймауытовтар  "  Еңбекші  қазақтың"  бір 


бетін "Лениншіл жас" деген атпен де шығарған. Газет 1927 ж. 22 қыркүйектен "Лениншіл жас" 
деген атпен шыға бастады. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін газетке "Жас 
алаш"  атауы  қайтарылды.  2000  ж.  Ұлттық  баспасөз  клубы,  Қазақстан  баспасөз  клубы,  "Алтын 
жұлдыз" орт. бірігіп өткізген дәстүрлі "Алтын жұлдыз" бәйгесінде "Ж. А." жылдың ең үздік газеті 
атанып, "Алтын жұлдыз" белгісімен, газеттің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мемл. тіл мен ұлттық 
дәстүрді дамытуға сіңірген  еңбегі үшін жылдың таңдаулы "Алтын  адам"  сыйл.  марапатталды. 
Көл. 3 б. т. Таралымы 53800 дана. "Студент", "Руханият", "Алдаспан", "Мыңнан бір мезет", "Ақ 
отау", т.б. қосымшалары бар.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет