"ЖАСКІЛЕҢ" - дастан. Тіл және әдебиет ин-тының фольклорлық экспедициясы 1948 ж. Омбы
сапарында И.Бекмахановтан жазып алған. Дастан оқиғасының желісі қазақ жігіті Жаскілеңнің
түсін баяндаудан басталады. Қалмақ ханының қызы Қоңыршаға ғашық болған Жаскілеңнің өз
мақсатына жету жолындағы қиямет-қайым сапары баяндалады. Дастан мәтіні толық күйінде
жаткен. Қолжазбасы Орт. ғыл. кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
"ЖАС ҚАЗАҚ" - казақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы. 1923
жылдың қазан айынан 1925 жылдың сәуіріне дейін Орынборда шығып тұрған. Редакторлары -
Е.Алдоңғаров, А.Оразбаева, А.Сегізбаев. Журнал қазақ жастарын сауатсыздықты жоюға,
өнер-білімге ұмтылуға, халық ш-ғын қалпына кежіруге шақырды. "Ж. қ." сол кездегі қазақ
ақын, жазушыларының шығармаларын, көне әдебиет мүраларын жариялап түрған. 1925 ж.
Ташкентте шығатын "Жас қайрат" журналымен бірігіп, " Лениншіл жас" болып өзгерді. Журнал
2005 жылдан бастап "Жас қазақ" деген атпен шығады.