Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет74/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   677
АЛЛИТЕРАЦИЯ (лат. allittera - дыбыстас)  дауыссыз  дыбыстардың  қайталануы  арқылы 
әдеби  тілді  ажарлап,  сөздің  реңін  келтіре  түсетін  көркемдік  тәсіл.  Мыс.,  Қ.Аманжоловтың  "Иран 
шахқа мұңың шақпа, Низами, Біздің жақта гүл құшақта, Низами..." деген өлең жолдарында А. (ш әрпі 
қайталанып)  өлең  өрімін  құбылтып,  оның  оқырманға  әсерін  күшейтіп  тұр.  А.  -  қазақ 
мақал-мәтелдерінде  де  ұтымды  қолданылатын  тәсілдерінің  бірі.  Мақалдар  құрылысында  дыбыс 
үндестігі, бір дыбыс немесе бір сөзді ("Бейнет, бейнет түбі - зейнет") бірнеше қайталау, сөз ұйқасымы 
айрықша рөл атқарады. Қазақ жұмбақтарын да А. тәсілі жиі кездеседі ("Әуеден күбі түсті, күбінің түбі 
түсті").   
 
АЛЛОНИМ  (грек.  allos  -  бөтен,  бөгде,  onyma  -  есім)  -  қаламгерлердің  өз  аты-жөнін  мүлде 
қолданбай,  автор  ретінде  өзге  бір  есімді  бүтіндей  иеленуі.  Мыс.,  Париж  коммунасының  белгілі 
қайраткері  Паскаль  Груссе  революция  жеңіліске  ұшырағаннан  кейін  Жаңа  Каледонияға  жер 
аударылады да, одан қашып шығып, басқа фамилиямен өмір кешіп, өзінің ғажайып оқиғаларға толы 
романдарын  Андре  Лори  деген  атпен  жариялап  отырған.  Беларусь  ақыны  К.М.  Мицкевичтің 
туындыларына  өз  атын  көрсетпей  Якуб  Колас деп коюының  басты  себептерінің  бірі,  ұлы  поляк 
ақыны Адам Мицкевичпен фамилиялас болуы еді. Орыс әдебиетінде М.Горькийдің өз аты-жөні - 
А.Пешков  т.б.  Қазақ  әдебиетінің  өкілдеріде  А-ді  қолданып  жүр.  Әкім  Таразидің  өз  аты-жөні  - 
Ә.Әшімов, т.б.   
 
АЛОГИЗМ (грек. а  - жоққа шығару  жұрнағы, logismos  - ақыл) - біріне бірі логикалық қисыны 
жағынан  кереғар,  қарама-қайшы  ұғымдарды  әдейі  жақындатып,    жалғастыру  арқылы  ойды 
айрықша  әсерлі  етіп  жеткізетін  стилдік  тәсіл.  Мыс.,  М.Жұмабаев  "Тірілдім"  деген  өлеңіндегі 
"Жаспен жасып, оймен азып - тозып ем, Өліп едім, бүгін тағы тірілдім", - деген жолдар А-нің озық 
үлгілерінің бірі болып табылады.   
 
АЛМАЖАН Азаматқызы (1823. Бат. Қазақстан обл. Жәнібек ауд. Бекетай-Бесқасқа а, - ө.ж.б.) - 
ақын.  Әкесі  Азамат  1836  -  37  ж.  Исатай  Тайманұлы  бастаған  шаруалар  көтерілісіне  қатысып, 
шайқаста  қаза  тапқан.  А.  жастайынан  өлең  шығарып,  ақын  қыз  атанады.  Бірақ  сақталып  қалған 
шығармасы - "Жетім қыз" дастаны. "Жетім қыздың" басты кейіпкері - Алмажанның өзі. Оқиға 
2-жақтан баяндалады, арагідік қара сөзбен баяндауы бар. Дастанның сюжет желісіне әкесі Азамат 
қайтыс  болғаннан  кейін  жетім  қалған  14  жасар  қыз  бен  7  жасар  ұлға  Нарындағы  билік  иелері 
тарапынан жасалған зардаптар, Жәңгір ханға арызданбақшы болғанда көрген қиыншылықгары 
негіз етіп алынған. Дастанда әділдік іздеп күрескен жетім қыздың өршіл тұлғасы сомдалған. 
 
АЛМАТОВ  Алмасбек  Нұрмаханұлы  (13.2.1956  ж.т.,  Қызылорда  обл.  Қармақшы  ауд. 
Кемесалғана.)  -жы-рау,  өнертанушы.  Қызылорда  пед.  ун-тін  бітірген  (1982).  1982  -  84  ж. 
Қызылорда  ун-нде  оқытушы,  1984  -86  ж.  Қызылорда  обл.  кәсіптік  білім  беру  басқармасының 
жетекші  маманы,  1986  -  88  ж.  Қызылорда  обл.  халық  шығарм-ғы  орталығының  бөлім 


меңгерушісі, 1988  - 90 ж. Қазақ ұлттық консерваториясының кафедра меңгерушісі қызметтерін 
атқарған. 1990 жылдан Қызылорда ун-тінің кафедра меңгерушісі, Қорқыт ата атынд. Халықаралық 
ғыл.  орталықтың  жетекшісі.  Сыр  бойының  жыраулық  дәстүрі  жөнінде  20-дан  аса  ғыл., 
ғыл.-әдістемелік мақалалары жарық көрген. Оның орындауында 4 көлемді күйтабақ (1988. 1991, 
1993.  1994).  Франция  (1987)  мен  Жапонияда  (1990)  аудио-дискілер  шығарылған.  Қазақстан 
Комсомол сыйл. лауреаты (1986). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет