Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет73/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   677
АЛЛЕГОРИЯ (грек. alleqoriа - пернелеп айту), пернелеу - әдебиеттегі көркемдік тәсіл. Әдебиетте 
А-лық  бейнелер  мифологиядан,  фольклордан  алынады.  Мыс.,  түлкі  -  қулық,  арыстан  -  зорлық, 
қасқыр  -  қастық,  қоян  -  сужүректік,  есек  -  ақыматтық,  акқу  -  адалдық,  махаббат  т.б.  түрінде 
бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез тұспалдап айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер 
етіп,  көз  алдыңа  елестейді.  А.  бейнелеу  өнерінде  де  көбірек  кездеседі.  Мыс.,  көзі  таңулы,  қолына 
таразы ұстаған әйел - әділеттіліктің, якорь - үміттің бейнесі. А. ауыз әдебиетінің барлық жанрларында, 
оның  ішінде  жануарлар  туралы  ертегілерде,  халық  мысалдарында,  өтірік  өлеңде,  жазба  әдебиетте 
сатиралық  жанрларда  жиі  қолданылады.  Ол  тұспалдап  айтуға,  дерексіз  ұғымды  деректі  нәрсеге 
ауыстырып бейнелеуге икемді тәсіл болғандықган мысал жанрында ерекше дамыған. Эзоп, Лафонтен, 
Абай,  Байтұрсынов,  т.б.  шығармаларында  А.  айрықша  орын  алған.  Абайдың  "Қарға  мен  түлкі" 
мысалындағы  түлкі  мен  қарға  бейнесі  арқылы  адам  баласының  бойындағы  қулық  пен  аңқаулық, 
даңғазалық сияқгы мінез өткір мысқылмен шебер берілген. А. көркем прозада да кездеседі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет