Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет22/46
Дата15.03.2017
өлшемі3,99 Mb.
#9386
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46

Литература 
 
1  Пименова М.В. Концепт сердце: Образ. Понятие. Символ: монография. – Кемерово: КемГУ, 2007. – С. 87-96. 
2  Гура А.В. Кукушка //Славянская мифология: энциклопедический словарь. – М., 1995. – С. 237-238. 
3  Гура А.В. Орел //Славянская мифология: энциклопедический словарь. – М., 1995. – С. 288. 
4  Петрухин В.Я. Жертва //Славянская мифология: энциклопедический словарь. – М., 1995. – С. 182. 
 
References 
 
1 Pimenova M.V. Kontsept serdtse: Obraz. Ponyatie. Simvol: monografiya. – Kemerovo: KemGU, 2007. – S. 87-96. 
2  Gura A.V. Kukushka //Slavyanskaya mifologiya: entsiklopedicheskiy slovar'. – M., 1995. – S. 237-238. 
3  Gura A.V. Orel //Slavyanskaya mifologiya: entsiklopedicheskiy slovar'. – M., 1995. – S. 288. 
4  Petruhin V.Ya. Zhertva //Slavyanskaya mifologiya: entsiklopedicheskiy slovar'. – M., 1995. – S. 182. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Лексические репрезентации концепта «тоска» через признаки птиц 

120 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
 
 
 
 
ӘОЖ 070 (091) 
 
Б. Р. Құлжанова 
 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  доценті, ф. ғ. к., 
Алматы қ., Қазақстан 
e-mail: 
Bahit777@mail.ru
 
 
Орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі антонимдер 
(«Қутадғу билиг» және «Һибат-ул хақайиқ» ескерткіштері бойынша) 
  
Мақалада орта ғасыр түркі жазба ескеркіштері тілінде кездесетін антонимдер туралы сөз болады. Кейбір 
антонимдер  біздің  заманымызға  дейін  келіп  жетсе,  кейбір  антонимдердің  бір  сыңары  көнеріп,  қазіргі  түркі 
тілдерінен шығып қалған. Екі сыңары да көнерген антонимдерде ұшырасады. Оның есесіне тілде кейін пайда 
болған  жаңа  сөздер  көне  түркі  жазба  ескерткіштеріндегі  ұшырасатын  сөздермен  антонимдік  қатар  түзген. 
Антонимдердің сипаты осылайша түрлі-түрлі болып келеді. Екі сыңары да көнеруі себепті тілімізден шығып 
қалған  антонимдер  бірен-саран.  Ал  бір  сыңары  көнерген  жағдайда,  оны  араб  немесе  түркі  сөздері  ауыс-
тырған. Белгілі бір сыңарын қазақы ұғым алмастырған антонимдік жұптар да бар. Антонимдік қатарлардың 
арасында елеулі фонетикалық өзгерістерге ұшыраған сөздер де кездеседі. Жалпы алғанда, антонимдер – түркі 
тілдерінің тектестігін, сабақтастығын дәлелдейтін қосымша фактілердің бірі. 
Түйін  сөздер: антонимдер, түркі ескерткіштері, зат есімдер, Қутадғу билиг, Һибат-ул хақайиқ. 
     
Б. Р. Кулжанова 
Антонимы в языке средневековых тюркских памятников 
(по материалам  «Кутадгу билиг»  и «Һтбат-ул хакайик» 
  
В  статье  рассматриваются  антонимы  в  письменных  памятниках  средневековья.  Если  некоторые  анто-
нимы  активно  используются  до  сих  пор,  а  у  некоторых  парных  антонимов  одни  пары  устарели,  соответ-
ственно они не применяются в современном тюркском языке. Иногда встречаются антонимы, у которых обе 
пары  устарели,  а  иногда  новые  слова  в  языке  присоединяясь  словами  письменных  памятников  создавали 
новые  антонимические  ряды.  Таким  образом,  языковая  характеристика  антонимов  бывает  различной.  Если 
один  член  антонимической  пары  устарел,  то  тогда  их  заменяли  арабские  и  тюркские  слова.  Есть  анто-
нимические пары, где один член заменен казахским словом, а также есть антонимические пары с большими 
фонетическими  изменениями.  Таким  образом,  антонимы  являются  одним  из  дополнительных  факторов, 
доказывающих взаимосвязь тюркских языков. 
Ключевые  слова:  антонимы,  тюркские  памятники,  имя  существительные,  Қутадғу  билиг,  Һибат-ул 
хақайиқ. 
 
B. R. Kulzhanova 
Antonymus medieval Turkic language written monuments 
 
The article discusses antonyms written monuments of the Middle Ages . If some antonyms widely used so far, 
and some couples paired antonyms some outdated, respectively, they do not apply in the modern Turkic language. 
Sometimes there are opposites , which both pairs are outdated and sometimes new words in the language of joining 
words written monuments sozdoval antonymous new series . Thus , the language is different characteristic antonyms . 
If one member of a pair of antonymous outdated, then they were replaced by Arabic and Turkic words. There 
antonymous couples where one member is replaced by the Kazakh word , and has a pair of antonymous with large 
phonetic changes . Thus, antonyms are one of the additional factors that prove the relationship of Turkic languages. 
Key words: antonyms, Turkic monuments, noun, Қutadғu bilig, Һibat-ul hakayik.  
______________________________ 
 
Мағынасы  қарама-қарсы  сөздерді,  әдетте, 
деп  атайды.  Антоним  болу  үшін  мағына  қай-
шылығы  жеткіліксіз.  Қарама-қарсы  ұғымдар 
бірін-бірі жоққа шығарып қана  қоймай, затқа, 
құбылысқа  жаңа  баға  беруге  тиіс [1, 5]. Осы 
тұрғыдан  келгенде  «Қутадғу  билиг»  пен  «Һи-
бат-ул  хақайиқ»  ескерткіштері  тілінде  де  бір-
қатар  зат  есімдік  антонимдер  бар  екендігін 
анықтадық.  Алайда  «антонимия  құбылысын 
көбінесе  сапалық  ұғымдармен  шектелгендік-
тен  оның  тіл-тілде  синонимия,  полисемия  құ-
былыстарына  қарағанда  өрісі  тар  болады.  Зат 
есімдерден  антонимдер  болатындар    бірен-
саран  ғана.  Соның  өзінде  олардың  мағынасы-
нан  сапалық  белгінің  нышаны  аңғарылып  тұ-
рады [2, 121]. Мұның  сыртында  көркем  шы-
Б. Р. Құлжанова 

121 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
ғармалардың  барлық  антонимдерді  қамти  ал-
майтыны тағы бар. Аталған ескерткіштер тілі-
нен біз байқаған антонимдер мыналар. 
Баш – адақ. Бірі жоғары, бірі төмен қара-
ма-қарсы  орналасқан  дене  мүшелері.  Қазақ 
тілінде де бас – аяқ антонимдік қатар түзеді [1, 
46].  Өкүз  азақы  болғынча  бузағу  башы  болса 
йег ДТС 86 (Өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың 
басы болған жақсы); Билигсиз сөзи өз башыны 
йейүр  ҚБ 25 (Білімсіздің  сөзі  өзінің  басын 
жейді).  Адақ  берти  ики  йорығу  үчүн  ҚБ 104 
(Екі  аяқты  жүру  үшін  берді).  Қаза  бирла  сан-
чылур  адаққа  тикан  ҺХ 437 (Аяққа  тікен  де 
бұйрықпен кіреді). 
Бұл атаулардан пайда болған ауыспалы ма-
ғыналар  да  бір-біріне  антонимдес  бола  алады. 
Бір істің басталуы, аяқталуы деген мағынада
Муңа  көңүл  бағламақ  бил  хаталар  башы  ҺХ 
220 (Бұған  көңіл  қойғаның,  біліп  қой,  қатенің 
басы). Бу ер ол ышығ адаққа тегүрган ДТС 14 
(Бұл  кісі  ол  істі  аяғына  дейін  жеткізе  алады). 
Алайда  ескерткіштерде  бұл  антонимдес  қатар 
сыңарларының  барлық  ауыспалы  мағыналары 
қамтылмаған. 
Йай – қыш. Йай – көктемнен кейін келетін 
жыл  маусымы  деген  мағынада.  Йай  анта 
йайладым  ДТС 226 (Мен  ол  жерде  жаз  бойы 
жайладым).  Қадыр  қышқа  йанды  йарумыш 
йайы  ҚБ 46 (Жарқыраған  жазы  қатал  қысқа 
айналды). Орхон-енисей ескерткіштері тілінде, 
«Қутадғу  билигте»  йай  жаз    ұғымын  берсе, 
йаз  көктем  ұғымын  береді.  Еринчиг  қышығ 
сүрди йазғы есин ҚБ 13 (Көктемнің самал желі 
азапты қысты қуды). Демек, йаз қышпен анто-
нимдес  бола  алмайды.  Махмуд  Қашғари  де 
йаздың  көктем  ұғымын  беретіндігін  өз  сөзді-
гінде  көрсетіп  өткен:  Йазын  қатығланса,  қы-
шын  севнүр  ДТС 250 (Көктемде  қамдансаң, 
қыста  сүйінесің).  Алайда  «Һибат-ул  хақайиқ» 
ескерткішінде  йаз  қазіргі  тілдердегідей  жаз 
ұғымын  береді:  Келүр  күз  кечар  йаз  барур  бу 
өзүм ҺХ 453 (Күз келеді, жаз кетеді, бұл өмір 
өтеді).  Қазіргі  оғыз  тілдерінде  йай  формасы 
сақталып қалған. 
Қыш – күзден  кейін  келетін,  ең  суық  жыл 
мезгілі  деген  мағынада.  Қышын  қытан  тапа 
сүладим  ДТС 448 (Қыста  кидандарға  соғыс 
аштым).  Бұл  атаулар  ауыспалы  мағынасында 
да антонимдес бола алады. Татығ барды андин 
йайы  болды  қыш  ҚБ 38 (Одан  барлық  қызық 
кетті, жазы қысқа айналды). Қазақ тілінде жаз 
атауында  көктем  мағынасы  жоқ.  Қысқан  қыс 
іріп-шіріп қырдан кетіп, жақсы жаз ойды-қыр-
ды  нұрландырған [1, 64]. Ежелгі  дәуірлерде  
 
йаз  бен  қыш  антонимдес  бола  алмағанымен, 
қазіргі қыпшақ тілдерінде антонимдес.  
Күн – түн.  Көне  түркі  заманынан  біздің 
заманымызға дейін формасы да , мағынасы да 
өзгеріске  түспей  келіп  жеткен  антонимдік  қа-
тар.  Күн  йема  түн  йема  йелү  бардымыз  ДТС 
326 (Күнімен,  түнімен  желіп  отырдық).  Түн 
күннүң  қаршысы  ол  ДТС 326 (Түн  күннің  қа-
рама-қарсы  жағы). Түнәтүр түнүңни  күнүң ке-
тәрип  күнүң  кетәрип баз  йарутур  таң-а  ҺХ 16 
(Күніңді  кетіріп  қараңғы  түн  етеді,  Күніңді 
келтіріп  қайтадан  жарық  таң  етеді).  Тарихи 
ескерткіштерде де, қазіргі қазақ тілінде де күн 
–  таңның  атуы  мен  күннің  батуы  аралығын-
дағы уақыт, күндіз деген мағына береді. Түн – 
тәуліктің  кешкі  уақыттан  таңертеңгілікке 
дейінгі аралығы, қараңғы бөлегі. 
Бұл антонимдік қатар ауыспалы мағынала-
рында да бір-біріне қарама-қарсы ұғым ретінде 
түсініледі:  Қараңқуда  ердим  йарутты  түнүм 
ҚБ 39 (Қараңғыда  едім,  түнімді  жарық  етті). 
Бу  күн  бу  ажунда  кишилиг  азиз  қаныҺХ 385 
(Бұл күнде бұл дүниеде қане шынайы адамгер-
шілік  бар  ма?  Бұл  синонимдерге  қарағанда 
антонимдердің өміршеңдігін көрсетеді). 
Тоғар – батар. XI-XII ғасырлардағы ескерт-
кіштер  тілінде  тоғар  күн  шығатын  жақ  деген 
мағынада  жұмсалады.  Тоғардын  йашық  баш 
көтүрди  өрү  ҚБ 391 (Шығыстан  күн  жоғары 
көтерілді).  Батар  күн  бататын  жақ  деген  ма-
ғына  береді.  Тоғардын  батарға  йорып  тез-
гинүр Тиламиш тилакин сеңа келдүрүр ҚБ 318 
(Шығыстан  батысқа  дейін  дүниені  кезіп  ара-
лап Қалаған затыңды тауып әкеледі). 
Антонимдес бұл зат есімдерді қазақ тілінде 
шығыс  (батысқа  қарама-қарсы  жақ,  дүниенің 
төрт торабының бірі), батыс (шығысқа қарама-
қарсы  жақ,  дүниенің  төрт  торабының  бірі) 
атаулары алмастырған. 
Бал – ағу. «Қазақ  тілі  түсіндірме  сөздігі-
нің»  анықтауынша,  бал – гүл  шырынынан  ара 
арқылы алынатын қоймалжың келген, шипалы 
тәтті  тағам.  Ол  аңар  бал  йалғатты  ДТС 79 
(Ол  оған  бал  жалатты);  Ол  балығ  қашуқлады 
ДТС 79 (Ол  балды  қасықпен  алды). «Қутадғу 
билиг»  бал  зат  есімін  пайдаланбаған.  Ал 
«Һибат-ул  хақайиқта»  бастан-аяқ  араб  тілінен 
енген ’асал: Көни сөз ’асал дег бу йалған басал 
ҺХ 161 (Шын сөз бал сияқты, жалған – жуа).  
У – тірі  организмге  әсер  еткенде,  қалып-
ты тіршілік әрекеттерін күрт өзгертетін, не 
өлімге  душар  ететін  химиялық  зат.  Қалы 
қарны  ашса  біліп  йер  ағу  ҚБ 93 (Егер  қарны 
ашса, уды біле тұра жейді); Йылан дег бу ажун  
 
Орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі антонимдер («Қутадғу билиг» және «Һибат-ул
 … 

122 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
йылан оқлағу  Йоқамаққа йумшақ ичи пур ағу 
ҺХ 214 (Бұл дүние жылан сияқты . Жыланның 
көзін жой. Сипағанға жұмсақ, іші тола у). Қа-
зақ  тілінде  де  бал  мен  у  антонимдік  қатар  тү-
зеді. Бұл атаулар қазақ тілінде ауыспалы мағы-
наларында  да  бір-біріне  антоним  бола  алады. 
Тарихи ескерткіштерде  ауыспалы мағыналары 
тіркелмеген. 
Бай – чығай. Тарихи ескерткіштерде бай – 
иелігінде  көп  мал-мүлкі  бар,  дәулеті  тасыған 
деген  мағына  берсе,  чығай – киер  киімі,  ішер 
тамағы  жетіспейтін,  күн  көрісі  қиын  адам 
деген  мағына  береді.  Қырық  йылқа  тегин  бай 
чығай түзлинүр ДТС 79 (Қырық жылдың ішін-
де  бай  мен  кедей  теңеседі);  Көзи  соқ  киши 
неңке  болмас  бу  бай  ҚБ 103 (Затқа  көп  сұқ-
танған  кісі  бай  бола  алмайды).  Чығайығ  бай 
қылды  азығ  үкүш  қылды  ДТС 148 (Ол  жар-
лыны бай қылды азды көп етті).  
Қазақ тілінде чығай көне сөз ретінде сөздік 
құрамнан шығып қалған. Шығайбай деген кісі 
атауының құрамында ғана кездеседі. Бұдан бір 
замандарда бұл сөздің тілімізде қолданыс тап-
қанын  байқаймыз.  Ауыспалы  мағыналарында 
да бір-біріне антонимдес бола алады. 
Байлық – чығайлық. Бұлар – бай және чы-
ғай түбірлерінен -лық жұрнағы арқылы жасал-
ған туынды зат есімдер. Қоқуз қыл бу байлық 
мүйан  ал  толу  ҚБ 381 (Бұл  байлықты  азайт, 
оның орнына о дүниелік игілік ал); Бу байлық 
чығайлық  иди  қисматы  ҺХ 187 (Бұл  байлық 
пен  кедейлік  Жаратушы  иенің  берген  үлесі). 
Бор  ишса  ачылды  чығайлық  йолы  ҚБ 109 
(Арақ  ішсең  кедейлікке  жол  ашылады).  Бұл 
сөздердің  түбір  күйінде де, ауыспалы мағына-
ларында да, сөзжасам тәсілдері арқылы жасал-
ған  туынды  күйінде  де  бір-біріне  антонимдес 
болуы  күнделікті  өмірде  аса  жиі  қолданы-
луынан деп білеміз. 
Төр – ел.  Ескерткіштерде  төр  үйдің  есігіне 
қарама-қарсы жоғарғы жағы, құрметті орын 
мағынасында  жұмсалса,  ел,  керісінше,  төрге 
қарама-қарсы,  есікке  жақын,  қадірсіз  жер 
ұғымында  пайдаланылып  антонимдік  қатар 
жасаған. Ауыспалы мағынасында ғана қарама-
қарсылықты  білдіреді.  Ағырлады  хажиб  орун 
берди  төр  ҚБ 52 (Хажиб  құрметтеп  төрден 
орын берді). Билигсизка төрда орун болса көр 
Бу төр елка санды елиг  болды төр ҚБ 31 (На-
данға  төрде  орын  болса,  байқайсың  ба,  төр 
босағаға айналады, босаға төрге есептеледі). 
Антонимдерді арнайы зерттеген Ж. Мусин 
де  босаға  мен  төрді  антонимдік  қатарға  жат-
қызған.  Төр  алдында,  мырзалар,  Көп  мақтаса 
ырзалар.  Босағада  нашарлар,  Одан  әркім  қа-
шарлар  (С.  Торайғыров) [1, 52]. Бұл  ретте  де 
ауыспалы мағынада тұр. 
 Чын – йалған. Тарихи ескерткіштерде бұл 
екі атау әрі сын есім, әрі зат есім мағынасында 
жұмсалған. Шын – зат есім мағынасында ақи-
қат, шындық. Йалған – зат  есім  мағынасында 
шындығы жоқ өтірік, жалғандық. Қазіргі тіл-
дерде  де  осы  сипатын  жоғалтпаған.  Ешитгил 
сөзүг  ирта  йалған  чынығ  чынығ  өзга  алғыл 
қына  йалғанығ  ҚБ 420 (Сөзді  жалған  ба,  шын 
ба  айырып  тыңда.  Шын  болса  өзіңе  қабыл  ал 
да,  жалған  болса  жазала).  Бу  сөзни  бүтүн  чын 
тутар  душмани  ҺХ 58 (Бұл  сөзді  досы  түгіл 
дұшпаны  да  түгел  шындық  деп  ұғады).  Өзүм 
тапламас  нең  бири  йалған  ол  ҚБ 71 (Өзім 
құптамайтын нәрсенің бірі – жалғандық). 
Чынлық – йалғанлық.  Чын  және  йалған 
атауларынан  -лық  жұрнағы  арқылы  жасалған 
туынды зат есімдер. Бу чынлық била кәд бүтүн 
дин  керәк  ҚБ 132 (Мұндай  шындықпен  қатар 
ақиқатты  ажырата  алатын  дін  керек).  Бұл 
антонимдік  қатардың  алдыңғы  сыңары  орта 
ғасырларда-ақ  жиі  қолданыста  болса,  соңғы 
сыңары  кейінгі  замандарда  ғана  айналымға 
түскен. 
Ач – тоқ. Бұл атаулар көне түркі тілінде де, 
қазіргі  қазақ  тілінде  де  әрі  сын  есім,  әрі  зат 
есім  бола  алады.  Кеча  йатза  таңта  йана  ач 
турур ҚБ 103 (Кешкілік тойып жатса, таңертең 
қайтадан аш тұрады). Семиз болса ыт тоқ авын 
авламаз ҚБ 108 (Ит семіз болса тоқ кезінде аң 
ауламайды). 
Ачлық – тоқлуқ. Ач және тоқ атауларынан 
-лық/-луқ  жұрнағы  арқылы  жасалған  туынды 
зат есімдер. Ажун тоқлуқы көрза ачлық турур 
ҚБ 150 (Дүниенің  тоқтығы,  байқап  қарасаң – 
аштық).  Көзи  ач  киши  өлса  ачлық  қозур  ҚБ 
153 (Ашкөз  кісі  өлсе,  аштығы  ұмытылады). 
Кедим  бирла  тап  тут  қарын  тоқлуғын  ҺХ 186 
(Киімнің  барлығын,  қарынның  тоқтығын  қа-
нағат  ет).  Чығай  қылса  кимни  көзи  суқлуқы 
Байутмас аны бу ажун тоқлуқы ҚБ 195 (Кімде-
кім  көзінің  сұқтығынан  кедей  болса,  Оны  бұл 
дүниенің байлығы бай ете алмайды). 
Аш пен тоқ зат есімдері де, аштық пен тоқ-
тық туынды зат есімдері де қазіргі қазақ тілін-
де антонимдік қатар түзе алады. 
Уқуш – ачығ. Көне түркі жазба ескерткіш-
терінде  уқуш  ақыл,  адамның  ойлау  қабілеті 
мағынасында, ачығ  ыза,  реніш, бұлқан-талқан 
күй,  ашу  мағынасында  түсініледі.  Қолданылу 
ретіне қарай қарама-қарсы ұғымда жұмсалады. 
Уқуш һош йититип сөзүмни уң-а ҺХ 22 (Ақыл-
ойыңа  салып,  сөзімді  аңла);  Ол  ол  ақыл  уқуш 
һош хирадка макан ҺХ 47 (Ол ақылдың, сана-
Б. Р. Құлжанова 

123 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
сезімнің,  парасаттың  қоймасы).  Тилин  сөкса 
бүтмас  ачығы  йылын  ҚБ 192 (Тілін  қадаса, 
оның ашуы жылдар бойы басылмайды).  
Көне  түркілік  уқуш  атауын  араб  тілінен 
енген ақыл  зат есімі ығыстырып  жіберген. Ал 
ачығ  тұлғасы  ашу  формасында  қалыптасқан. 
Ақыл мен ашу антонимдік қатар түзеді. 
Асығ – қор.  Көне  түркілік  асығ  атауы  ес-
керткіштерде  олжа,  табыс,  адамға  қажетті 
жақсылық  мағынасында,  қор  атауы  зарар, 
залал,  пайдасы  жоқ,  зиян  мағынасында  жұм-
салған. Тавар асығ немиш барур сән йалың ҺХ 
287 (Малдың  пайдасы  немене  жалаңаш  өле-
сің);  Бақығлы  оқуғлы  асығ  алсу  деп  ҺХ 78 
(Көруші,  оқушыға  пайдасы  болсын  деп).  Чы-
қыш  көрмаса  ыш  болур  ерка  қор  ҚБ 54 (Шы-
ғынын  есептей  алмаған  адам  зиянға  ұшырай-
ды).  Йана  қорға  түшар  нәң  булмас  ДТС 457 
(Тағы да зиянға қалып, еш нәрсе таба алмады). 
Қазақ тілінде сорлы, бейшара, байғұс мағы-
наларын  беретін  қор  сын  есімі  бар.  Өмірден 
зиян-зақмет  көрген,  зәбір-жапа  шеккен  адам-
дарды  бірте-бірте  осылай  атауы  мүмкін.  Біз-
діңше,  әйтеуір  бір  семантикалық  байланысы 
бар сияқты. 
 Уштмаһ – тамуғ. «Көне  түркі  сөздігінің» 
анықтауынша,  уштмаһ – соғды  сөзі.  Қазақ  ті-
лінде  жұмақ  формасында  өзгеріске  ұшыраған. 
Бұл  жерде  у ~ ұ,  ш ~ ж,  т ~ ǿ,  һ ~ қ  сәйкес-
тіктері көрініс береді. Дауыссыз бен дауыссыз 
дыбыстар ғана емес, дауыссыз бен дауысты да 
метатеза  құбылысына  ұшырайтынын  байқата-
тын  мысалдардың  бірі  осы.  Тілімізде  метате-
заға ұшырамаған ұшпақ варианты  да бар. Ма-
ғынасы – ол  дүниедегі  рақат  орын,  пейіш
Тамұқ – діни  ұғым  бойынша  о  дүниеде  азап 
көрсететін  жер.  Ажун  етгүка  ачты  уштмаһ 
йолы  ҚБ 17 (Дүниені  жасандыру  үшін  жұмақ 
жолы ашылды); Солуңдын таму орны уштмаһ 
оң  ол  ҚБ 77 (Солынан – тамұқ,  оңынан – жұ-
мақ).  Һарам  йегли  орны  тамуғ  ол  батығ  ҚБ 
378 (Кім  рұқсат  етілмеген  астарды  жесе  оның 
орны  терең  тамұқ).  Бұл  атаулар  көне  түркі 
тілінде  де,  қазіргі  қазақ  тілінде  де  ауыспалы 
мағыналарында  да  антонимдік  қатарға  түсе 
алады. 
 Ақы – саран.  Қолы  ашық,  береген,  жо-
март  адамды  қазақ  сақы  деп  атайды.  Көне 
түркі  тілінде  бірінші  дауыссыз  дыбыстарды 
түсіріп  айту  фонетикалық  заңдылық  болған. 
Осы  себепті  ақы  мен  сақы  бір-біріне  вариант. 
Ақы  суратин  ким  көрайин  теса  ҚБ 15 (Жо-
марттың  бейнесін  кім  көргісі  келсе).  Қазақ 
тілінде  арабтың  сақы  сөзін  парсының  жомарт 
сөзі  ығыстырған.  Сондықтан  тілімізде  жомарт 
–  сараң  зат  есімдері  ғана  өзара  антонимдес 
бола алады.  
Сараң – көне  түркі  жазба  ескерткіштері 
тілінде  де,  қазіргі  қазақ  тілінде  де – біреуге 
бірдеңе  бере  қоймайтын,  қолы  тар  адам.  Са-
ран  болса  беглар  атын  артатур  ҚБ 311 (Сараң 
болса  бек  өзінің  ізгі  атын  жойып  алады). 
Саранқа  қопар  тегма  йерда  чоғы  ҚБ 174 (Са-
раңға  кез  келген  жерде  у-шу  көтеріледі).  Жо-
март ұғымының көне түркілік вариантын ұшы-
растыра алмадық. 
Тириг – өлүг. Қазақ тілінде тірі жаны бар, 
өмір  сүріп  жүрген  деген  мағынада  көбінесе 
сын  есім  қызметінде  жұмсалады.  Мәтіннің 
ыңғайына  қарай  зат  есім  де  бола  алады.  Өлі 
сын есімі қаза болған, ажалы жеткен ұғымын 
береді. Зат есім мағынасында да, сын есім ма-
ғынасында да антонимдес бола алады. Тарихи 
ескерткіштерде сын есім мағынасына қараған-
да  зат  есімдік  мағынасы  көбірек  пайдаланыл-
ған.  Алқуны  өлүргай  бир  тириг  ыдмадылар 
ДТС 562 (Барлығын қырып тастайды, бірін тірі 
қалдырмайды).  Билигсиз  тирикла  йитиг  көр-
гүлүг  ҺХ 94 (Білімсіз  тірісінде  көрде  жатқан 
өлік  сияқты).  Өлүгтин  тириг  һәм  тиригдин 
өлүг  чықарур ҺХ 17 (Өліні  тірі, тіріні  өлі ете-
ді).  Бұл  атаулар  ауыспалы  мағыналарында  да 
антонимдес бола алады. Билигсиз тириг еркан 
аты өлүг ҺХ 96 (Білімсіз тірі жүргенімен, аты – 
өлік). 
Күвәнч – қазғу.  Қазақ  тілінде  күвәнч  қуа-
ныш  тұлғасында,  қазғу  қайғы  тұлғасында  қа-
лыптасқан.  Бірақ  мағыналарында  өзгеріс  жоқ. 
Қуаныш – шаттық,  көңілділік,  қызық;  Қайғы 
–  күйік,  қасірет,  мұң-шер.  Күр  алп  ер  күвәнчи 
чәриг  күнлари  ҚБ 128 (Нағыз  алып  ерлердің 
қуанышты  күндері  әскер  арасында  жүргенде). 
Кечүрди күвәнчин севинчин күни ҚБ 227 (Күн-
дерін  қуанышты  сүйінішті  жағдайда  өткіз-ді). 
Қоқуз  болды  қазғу  севинчи  толу  ҚБ 55 (Қай-
ғысы түкке тұрмайтын, сүйініші тасып-төгіліп 
жатты).  Қазғу  атауының  қадғу  варианты  да 
бар.  Осы  вариант  «Қутадғу  билигте»  де, «Һи-
бат-ул  хақайиқта»  да  көбірек  қолданылған. 
Қадғу  болур  йығлағу  ҚБ 360 (Жылайтын  қай-
ғы  болады);  Бу  күн  қадғу  сақынч  йарын  йүк 
вабал ҺХ 408 (Бүгін арман-қайғы, ертең күнә, 
обал!). 
Севинч – ранж. Сүйініш – бір нәрсе жайын-
да  марқайып  қуанған  нәзік  сезім,  ризалық
Реніш – бір  нәрсеге  риза  болмаудан,  көңіл 
қалудан  туған  кейіс,  өкпе,  қынжылыс.  Севүнч 
ерса кедин көңүл тут аңа ҺХ 371 (Сүйінішті іс 
болса,  оған  кейін  көңіл  қой).  Бирин  келса 
рахат келүр ранж онун ҺХ 210 (Рақат біріндеп 
Орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі антонимдер («Қутадғу билиг» және «Һибат-ул

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет