Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет25/46
Дата15.03.2017
өлшемі3,99 Mb.
#9386
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46

 
References 
 
1 Weir C. Measured constructs: A history of Cambridge English language examinations 1913-2012. – Cambridge, UK: Research 
Notes, 2013. – Book 9. – 51 p.  
2 Falvey P. English language examinations in examining the world: A history of the University of Cambridge Local 
Examinations Syndicate. – Cambridge, UK: Cambridge University Press, 2008. – 131-157 p. 
3 O’Sullivan B. A Brief History of Language testing in Cambridge: Guide to Second Language Assessment. – New York, USA: 
Cambridge University Press, First edition, 2012. – 9-19 p. 
4  
http://www.cambridgeenglish.org/a-special-year/ 
  
5 Weir C. A survey of the History of the Certificate of Proficiency in English (CPE) in the twentieth century in Studies in 
Language Testing. – Cambridge, UK: Cambridge University Press, 2003. – 1-56 p.  
6 Spolsky B. Measured Words. – Oxford: Oxford University Press, 1995. – 17 p.  

http://www.cambridgeenglish.org 
 
 
Ж. К. Тлешова 

137 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
 
ӘОЖ  821. 512. 122    
 
А. М. Тулеуова

, А. А. Султанғалиева
2
 
 
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің  
1
аға оқытушысы, магистрі,   
2
аға оқытушысы,  
Орал қ., Қазақстан 
e-mail: 
aselaibn@mail.ru

almagul.sultangalieva@mail.ru 
 
Көптілділік ұғымы мен маңызы 
 
Мақалада  қазіргі  кезде  тілде  өзекті  орын  алып  отырған – көптілділік,  тілдерді  білу  мәселесі  қарас-
тырылған.  Көптілділік  ұғымы,  беретін  мәні  туралы  анықтамалар  келтірілген.  Тілдерді  білу,  бірнеше  тілді 
игеруде мемлекеттік тілге қатысты ғалымдар пікірлері мен тұжырымдары берілген, қазіргі білім беру сала-
сында орын алып отырған үш тілді білу бойынша мәселелер қозғалған.  
Мақала  көптілділік  ұғымы  мен  оның  қазіргі  кездегі  маңызы  бойынша  ой-пікірлерді  жүйелеу  арқылы 
құрылып, тілдерді білу, мемлекеттік тілді игеруге қатысты мәселелерді қамтиды. Авторлар мақалада көптілді 
білу,  тілдерді  игеру  кезіндегі  мемлекеттік  тілдің  орны  тәрізді  тіл  ғылымында  негізгі  орын  алып  отырған 
мәселелерге  тоқталып,  мемлекетіміздің  халықаралық  байланыстарын  дамытуға  мүмкіндік  беретін  қатынас-
тардың аса маңызды құралы ретінде тілдерді білудің көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  
жеке тұлға қалыптастырудағы маңызына тоқталады. 
Түйін сөздер: көптілділік, үштілділік, үштұғырлы тіл, билингвизм. 
 
А. М. Тулеуова, А. А. Султангалиева 
Понятие полиязычия и его значение 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  полиязычия  и  знания  языка,  которые  занимают  важное  место  в 
современном  обществе.  В  статье  описаны  понятия  полиязычия  и  определения  его  значения.  Приведены 
мнения  ученых  в  области  изучения  и  знания  нескольких  языков,  затрагиваются  проблемы  обучения  трем 
языкам, имеющие место в сфере образования.  
Статья  основана  на  мнении  ученых  о  понятии  полиязычия  и  его  важности  в  современном  обществе,  а 
также содержит  вопросы изучения языков и государственного языка. 
В  статье  авторы  рассматривают  проблемы  знания  нескольких  языков,  важной  роли  государственного 
языка в процессе изучения языков, которая занимает основное место в языкознании, а также значение знания 
языков  как  важного  средства  связи,  дающего  возможность  развития  международных  отношений  нашего 
государства. 
Ключевые слова: полилингвизм, трилингвизм, триединство языков, билингвизм. 
                                       
A.M.Tuleuova, A.A.Sultangalieva 
Consepts of polilinguistics and its meaning 
 
The questions of polilinguistics and knowledge of language that occupy an important place in modern society are 
examined in the article. The concepts of  polilinguistics are described in the article, are determined its meaning, 
opinions over of scientists are brought in area of study and knowledge of a few languages and are affected the 
problems of educating to three languages, taking place in the field of education. 
The article is based on opinion of scientists of concept of polilinguistics and his importance in modern society 
and contains the questions of study of languages and official language.  
In this article the authors consider the prolems of knowledge of a few languages, the important role of official 
language in the process of studying of languages which takes place the main aspect in linguistics and the meaning of 
studying of languages as the important communication facilities that gives opportunity of developing of international 
relations of our state. 
 
Key words: polilinguistics, threelinguistics, triuneness of languages, bilingualism. 
___________________________________ 
 
 
Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халық-
аралық  байланыстарын  дамытуға  мүмкіндік 
беретін  қатынастардың  аса  маңызды  құралы 
болып табылады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 
Қазақстан  халқына  Жолдауындағы  білім  беру 
жүйесінде үш тілдің  – мемлекеттік тіл ретінде 
Көптілділік ұғымы мен маңызы 

138 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
қазақ  тілін,  ұлтаралық  қатынас  тілі  ретінде 
орыс  тілін  және  әлемдік  экономикаға  үйле-
сімді  кірігу  тілі  ретінде  ағылшын  тілін  мең-
герген,  бәсекеге  қабілетті  маман  даярлау  мін-
детін  атап  көрсеткенін  білеміз.  Бұл  дегеніміз 
оқу  орындарына  жаңа  міндеттер,  жаңа  талап 
қойып отыр. Негізгі мақсаты – өмірден өз  ор-
нын  таңдай  алатын,  өзара  қарым – қатынаста 
өзін  еркін  ұстап,  кез  келген  ортаға  тез  бейім-
делетін,  белгілі  бір  ғылым  саласында  білімі 
мен білігін көрсете алатын, көптілді және көп-
мәдениетті  құзіреттіліктерді  игерген   жеке 
тұлға қалыптастыру.  
Көптілді  меңгерген,  өзін-өзі  әлеуметтік  
және  кәсіби  билеуге,  өздігінен  дамуға,  өздігі-
нен  жетілуге  қабілетті  тұлға  жауапкершілігі 
мол,  өз  мамандығы  бойынша  халықаралық 
стандарт  деңгейінде  тиімді  іс-әрекетке  қабі-
летті  болуы,  кәсіби  деңгейінің  өсуіне  ынталы 
болуы,  әлеуметтік  және  кәсіби  бейімділігі 
жоғары,  үш  тілді:  мемлекеттік  тілді - қазақ 
тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс 
тілін,  дүниежүзілік  экономикалық  кеңістікке 
кірігу  тілі  ретінде  ағылшын  тілін  еркін  мең-
герген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің 
маңыздылығы  Қазақстанның  жаhандану  жағ-
дайында  ұлттық  білім  жүйесінің  бәсекеге  қа-
білеттілігін  арттыруға  ұмтылысымен  айқын-
далады. 
«Көптілділік»  термині  орыс  тілінен  шық-
қан, қоғамда әр түрлі тілдердің таралуы, жеке 
тұлғалардың  бірнеше  тілдік  құралдар  арқылы 
сөйлесу  мүмкіндігі  ретінде  түсінік  беріледі. 
Біздің  республика  көптілді  болып  табылады, 
өйткені  мұнда  жүзден  астам  халықтар  және 
Ресейдегі 130 ұлттардың  өкілдері  өмір  сүреді. 
Ал  бүкіл  әлемде 3 мыңға  таяу  тірі  тілдер  бар 
деп саналады. 
Энциклопедиялық  сөздіктерде  көптілділік 
белгілі  бір  көпұлтты  аумақта  бірнеше  тілдер-
дің әрекет етуі ретінде түсіндіріледі. Бұл ұғым-
ды  сөйлесу  қажеттілігіне  қарай  адамның  бір-
неше тілді білуі мен қолдануы ретінде де ұғы-
нуға болады.  
Көптілділік  жақын  туыстас  болуы  мүмкін 
(мысалы, туыстас тідерді меңгеру: орыс-украин-
белорус, татар-башқұрт-түрік және т.б.), туыс-
тас  емес,  яғни,  үш  және  одан  да  көп  туыстас 
емес  тілдерді  меңгеру  (мысалы,  орыс-татар-
удмурт,  татар-орыс-ағылшын  және  т.б.).  Со-
нымен  бірге,  екі  немесе  одан  да  көп  тілдерді 
мемлекеттік  деп  тану  белгілі  бір  шағын  әлеу-
меттік топ аясында бұқаралық құбылыс ретін-
де  полилингвизмді  нұсқайды.  Осылайша,  Та-
тарстанда,  мемлекеттік  тілден  басқа  шет  тіл-
дері  оқытылады,  оны  трилингвизм  дамуы 
ретінде  анықтауға  болады,  ал  басқа  ұлт  өкіл-
дері  (чуваштар, марийцтер  және басқалар)  со-
нымен  бірге  ана  тілін  де  меңгереді.  Трилин-
гвизм жағдайы республикада көп кездеседі. 
Педагогикалық  тұрғыдан  алып  қарағанда, 
қостілділік лингвистикалық, психолинигвисти-
калық және әлеуметтік лингвистикалық аспек-
тілерге сүйенеді. Соның ішінде педагогикалық 
аспектінің негізгі міндеті – екі тілді де оқыту-
дың  әдістері  мен  тәсілдерін  жасау  және  тәжі-
рибеде қолдану, оны меңгеру деңгейін зерттеу. 
Бұл  түсінікке  сөйлеу  әрекетінің  ауызша  (ау-
диолау,  сөйлеу),  сонымен  бірге  жазбаша  (оқу, 
хат)  түрлері  де  кіреді.  Бұл  оқытушылар  мен 
ұстаздар алдына жоғары әдістемелік біліктілік 
талаптарын  қояды.  Ал,  социолингвист  ғалым 
Б. Хасанов: «Тіл дамыту әдіснамасы - әлеумет-
тік  лингвистика  құзырындағы  нысан», - деп 
атап  көрсетеді [1, 17]. Тілдерді  дамыту – елі-
міздегі  мемлекеттік  саясаттың  аса  маңызды 
бағыттарының  бірі.  Әлеуметтік  лингвистика 
мемлекеттік  тілдің  болашағын  дұрыс  болжап, 
тіл  саясатын  дұрыс  жоспарлауға  бағыт-бағдар 
көрсетеді.  
Профессор  Б.Қасым  әлемдік  білім  кеңіс-
тігіне  енудің  жолдары  ретінде  мынаны  атап 
көрсетеді: «Қазақ  тілін  үштілділіктің  көлең-
кесінде (ағылшын, орыс) қалмайтындай, еңбек 
нарығында мемлекеттік тілді білуді талап етуді 
бірінші  орынға  қою,  елімізде  қазір  керісінше, 
ағылшын  тілін  білуді  талап  етуде,  ғаламдану 
үрдісінде ол да дұрыс шығар, бірақ бәсекелес-
тікке төтеп бере алатын қоғамның мүддесі мен 
мақсатына  қызмет  ететін  қазақ  тілін  сол  дең-
гейге  жеткізу,  барлық  білім  беру  жүйесінде 
мемлекеттік  тілді  оқытуды  саннан  сапаға  кө-
шіріп,  оқулықтардағы  олқылықтарды  орнына 
келтіріп,  білімді  де  білікті  мамандармен  қам-
тамасыз ету, біліктілігін арттыру» [2, 32].  
Бүгінгі  күні  «үштұғырлы  тіл»  идеясына 
зиялы қауым ерекше назар аударып отыр. Бұл 
әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына 
кіру  мақсатынан  туындап  отырған  сын  екен-
дігін  әркім  айқын  сезінеді,  мемлекеттік  тілі-
міздің  қолданысын  ығыстырмайды  деген  се-
німмен  қарайды.  Елбасының  Қазақстан  хал-
қына 2007 жылғы Жолдауында үш тілдің орны 
мен  мәртебесі  анық  көрсетіліп,  атқарар  қыз-
меті  айқын  бөлінген: «Тілдердің  үштұғыр-
лығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды 
қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлем-
ге  халқы  үш  тілді  пайдаланатын  жоғары  бі-
лімді  ел  ретінде  танылуы  тиіс.  Бұлар:  қазақ 
тілі – мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі – ұлтаралық 
А. М. Тулеуова , А. А. Султанғалиева 

139 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі – жаһандық 
экономикаға  ойдағыдай  кірігу  тілі [3, 7]. Бұл 
жөнінде  ғалым  Н.Уәлиұлы: «...Ең  алдымен, 
мемлекеттік  тілдің  үш  тағаны  (басқару,  ақпа-
рат, ғылым-білім саласындағы қызметі) түгел-
денуге тиіс.  Үштұғырлы  тіл  формуласында  ең 
бірінші осы мәселе шешімін табуы қажет және 
мемлекеттік  тіл  жоғары  деңгейде  болғаны 
абзал.  Өйткені  қазақ  тілі  мемлекет  құрушы 
этностың  тілі,  мемлекеттің  бірден-бір  тірегі 
деп  күллі  Қазақстан  жұртшылығы  мойында-
ғандықтан,  Ата  Заңымызда  конституциялық 
мәртебе  алды.  Сондықтан  оның  тағдыры  жө-
нінде  жауапкершілікті,  әлемдік  қауымдастық-
тың  алдында,  ең  алдымен  мемлекет  өз  мой-
нына  алуы  тиіс», - деп  атап  көрсетеді [4, 4]. 
Ғалым  тілдерді  білуді  дамытуда  мемлекеттік 
тілдің  орнына  баса  назар  аударады.Ең  алды-
мен,  мемлекеттік  тілдің  қолданылу  аясын  ке-
ңейтуге көңіл бөлу қажеттігін атап көрсетеді. 
Жалпы  адам  неғұрлым  көп  тілдерді  білген 
сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де арта түседі. 
Өз  ана  тілінен  басқа  бір  шет  тілді  меңгерген 
адамның  келесі  тілдерді  меңгеруі  әлдеқайда 
жеңіл  болатынын  психолог  ғалымдар  дәлел-
деген. «Қандай да болмасын бір өзге тілді біле-
тін адамға екінші тілді меңгеру біріншіге қара-
ғанда  айтарлықтай  жеңіл  және  тез  болады.  
Себебі, бірінші өзге тілді меңгергенде, адамда 
ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі қалып-
тасады,  сонымен  қатар,  жалпы  тіл  ерекшелік-
терін  айыра  білу  қабілеті  дамиды,  осы  қабі-
леттің арқасында адам тек қана үйренетін тіл-
дің  емес,  жалпы  тілдердің  арасындағы  ерек-
шеліктерді айыра алады» [5, 22].   
Көптілді  меңгеру  деген  ұғым  қазақ  дүние-
танымында  бұрыннан  бар  түсінік.  Мұны  ел 
басқарушыға  қойылатын  талаптардың  бірі 
«жеті жұрттың тілін білу» екендігінен байқау-
ға  болады.  Себебі  ата-бабамыз  көптеген  хан-
дықтардың  көшбасшысына  жеті  өнерді  мең-
герген  адамды  лайық  деп  танып,  сайлаған. 
«Елін қорғауда – бес қаруын толық пайдалана 
білу», «ата-бабасының  салып  кеткен  әдет-ғұ-
рып,  салт-дәстірін  білу», «тұрмысты  елді  ме-
кеннің  географиялық  орналасуына  сәйкес 
ұйымдастыра білу» және «көршілес мемлекет-
термен сауатты саяси қатынас жасай білу» т.б. 
Тарихи  деректер  сүйенсек  «жетпіс  тілді  біл-
ген»  Әбу  Насыр  әл-Фарабиден  бастап  жеті 
тілді  меңгерген  көптеген  ұлы  тұлғалар  бар. 
Солардың  бірі  ұлы  ақын  Абай  атамыз  діни 
сауатын  араб  тілінде  ашып,  орыс  тілін  өз 
бетінше  меңгерген  және  де  А.С.  Пушкиннің, 
М.Ю.  Лермонтовтің  т.б  классиктердің  шығар-
маларын  аударды.  Сол  ұлттың  тілін  білу  ар-
қылы  ұлан  ғайыр  қазақ  даласына  орыс  мәде-
ниетін таратқан. Сондықтан үлкен көштен қал-
маудың бірден бір жолы - көп тіл меңгеруде.  
Көптілді  және  билингвалды  білім  беру 
үлгісін  енгізудің  идеялық  негізіне  Елбасы  
Н.Ә.  Назарбаевтың: «Бізге  кейбір  пәндерді 
мектепте  оқыту  бір  мезгілде  қазақ  тілінде  де, 
орыс  тілінде  де  жүргізілуі  туралы  ойласу 
керек.  Бұл – біздің  бүкіл  білім  беру  жүйеміз 
үшін жаңа міндет», - деген сөздері басшылық-
қа  алынған [6, 1]. Елбасымыз 2006 жылғы 
Жолдауында  Қазақстандықтардың  жаңа  ұр-
пағы  кем  дегенде  үш  тілді  біліп,  қазақ,  орыс 
және  ағылшын  тілдерінде  еркін  сөйлеуі  шарт 
екендігін,  көптілділік  біз  үшін  қалыпты  жағ-
дайға  айналуы  керектігін  айтса, 2007 жылғы 
Жолдауында: «Қазақстан  бүкіл  әлемде  халқы 
үш  тілді  пайдаланатын  жоғары  білімді  ел 
ретінде танылуы тиіс», - деген болатын /3/.  
Әлемдік  білім  беру  іс-тәжірибесінде  көп-
тілді  және  билингвалды  білім  беру  жаңалық 
емес,  атап  айтқанда,  АҚШ  пен  көптеген  Еу-
ропа  елдерінде,  әсіресе  соңғы  жылдарда  бұл 
бағытта  жетістіктерге  қол  жеткен.  Әлемдік 
білім берудің іс-тәжірибесі негізінде де (АҚШ, 
Франция, Англия, Германия елдерінде) мемле-
кеттік  тілді  білу  арқылы  жүзеге  асыру  бас-
шылыққа алынады. 
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жыл-
дарға  арналған  Тілдерді  қолдану  мен  дамыту-
дың  Мемлекеттік  бағдарламасында  Қазақстан 
халықтарының тілдерін дамытудың стратегия-
сы  көрсетілген  және  ол  мынадай  негізгі  төрт 
мақсатқа негізделген: 
Бірінші  мақсат:  мемлекеттік  тіл – ұлт  бір-
лігінің басты факторы. 
Екінші  мақсат:  мемлекеттік  тілді  кеңінен 
қолдануды көпшілікке тарату. 
Үшінші  мақсат:  дамыған  тіл  мәдениеті — 
зиялы ұлттың күш-қуаты. 
Төртінші мақсат: қазақстан халқының лин-
гвистикалық капиталын дамыту. 
Қазақстан  халқының  лингвистикалық  ка-
питалын  дамыту  мақсаты  мемлекеттік  тілге 
қоса  еліміздегі  басқа  да  тілдерді  оқып-үйре-
нуді  міндеттейді.  Бұл  мақсаттың  аясында  қа-
зақ жұртын мекендейтін халықтардың тілдерін 
дамыту  міндеттелген. «Өзге  тілдің  бәрін  біл, 
Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әли-
дің  әйгілі  өлеңінде  лингвистикалық  капитал-
дың негіздемесі жатыр.  
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жыл-
дарға  арналған  Тілдерді  қолдану  мен  дамыту-
дың  Мемлекеттік  бағдарламасында  еліміздегі 
Көптілділік ұғымы мен маңызы 

140 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен 
дәстүріне құрметпен қарайтын, үш тілде еркін 
меңгерген,  көпмәденилік  тұлғаны  тәрбиелеу 
ісіне көп мән беріледі.  Қазақстан Республика-
сының жалпыға міндетті білім беру стандарты 
тіл  үйренушілерге  кәсіби  білім  беруде  және 
оқу үрдісінде көпмәденилік білім беруді енгізу 
мүмкіндігін қарастырады. Тілдік  пәндерді  оқу 
барысында  білім  алушылар  әр  ұлт  пен  әр  тіл-
дің  өзіне  тән  ерекшеліктерімен  танысып,  әр 
тілдің  ұлттық  нормаларының  көптүрлілігіне, 
оларды бағалауға немесе салыстыруға болмай-
тынына  көз  жеткізеді  және  тілдерге  тән  бұл 
ерекшеліктерге түсіністікпен қарай отырып, әр 
азамат  өз  бойында  басқа  ұлттарға  деген  құр-
меттеушілік  сезімді  қалыптастырудың  маңыз-
дылығын  түсінеді.  Көпмәденилік  білім  беру 
туралы сөз қозғаған кезде әр түрлі тілдер мен 
мәдениеттер  арасындағы  қарым-қатынастар 
мәселелеріне  ерекше  көңіл  аударған  жөн, 
өйткені бұл білім беру саласындағы қазақ тілін 
оқыту мәселесінің кеңінен қанат жаюына және 
бұл арқылы елдегі басқа ұлттар мен мәдениет-
терге  деген  сыйластық  қарым-қатынастың  да-
муына ықпал етеді. 
Жер  жүзінің  өркениетті  елдерінде  білім – 
ең  алдымен  экономиканың  негізгі  өндіруші 
саласы  болып  есептеледі.  Ендеше,  білім  мен 
ғылымды  дамытпай,  мемлекетті  алға  сүйреу 
мүмкін емес. Еңбек ресурстарының бәсекелес-
тігі  тікелей  білімге  қатысты.  Әсіресе,  қазіргі 
әлемдік жаһандану кезеңінде жастарға берілер 
білімнің  мазмұнының  ұлттық  құндылықтарға, 
мәдениетаралық  түсінік-пайымға,  ақпараттық 
жетістіктерге,  сонымен  бірге,  әрине,  халық-
аралық  тілдерді  меңгеру  үрдісіне  де  қатысы 
орасан.  Б.  Хасанұлы  Қазақстандағы  «тілдер-
дің  үштұғырлығы»  саясатына  қатысты: «Көп-
ұлысты тілдік қатынас сұранысы – үштілділік. 
Қазақстандағы қостілділікті де, үштілділікті де 
тек  қана  Қазақстанның  мемлекеттік  тілі  не-
гізінде дамыту шарт», - деген болатын [1, 48]. 
Үштілділіктің  қазақ  тілі  сыңарын  алдымен 
дамытуды  басты  назарға  ұстай  отырып,  жүр-
гізілген  тіл  саясаты  еліміздегі  әлеуметтік-тіл-
дік ахуалдың тұрақтылығын, мемлекеттік мәр-
тебесіндегі қазақ тілінің кеңінен қанат жаюын 
қамтамасыз етеді.  
 
 
Көптілді болу – уақыт талабы. Тіл арқылы 
өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  әмбебап,  жаһандық 
құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көр-
шілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас 
жасап,  сөйлесе  білу  дағдыларын  қалыптас-
тыруға  болады.  Көптілділік  қазіргі  әлемнің 
басты  мәселесі – адамдар  арасындағы  келісім 
мен  өзара  түсінушілікті  шешуге  көмектеседі. 
Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, ке-
мел  ойлы  азаматтарын  өсіру  үшін  бүгінгі  ұр-
паққа  ұлттық  рухани  қазынаны  әлемдік  озық 
ой-пікірімен  ұштастырған  сапалы  білім  мен 
тәрбие берілуі қажет. 
 
Әдебиеттер    
 
1 Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. – Алматы: Жазушы, 1992. – 272 б.  
2  Қасым  Б.  Мемлекеттік  тілді  кәсіби  мамандыққа  бағыттап  оқытудың  өзекті  мәселелері // «Мемлекеттік  тілді 
жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары: Абай ат.ҚазҰПУ 
Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. – Алматы, 2004. – №4 (10). – 7-9 б.  
3  Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы // Ана  тілі. – 2007. – №7 
(896). – 1,7-10 б. 
4 Уәлиұлы Н. Орыс тілінің тұрманы түгел // Ана тілі. – 28 ақпан, 2008. – №9. – 4 б.   
5 Беляев Б.В. Очерки по психологии обучения иностранным языкам. – 2-е изд.: пос. для преподавателей и студентов. – 
М.: Просвещение, 1965. – 227 с.  
6 Назарбаев Н.Ә. Тіл тағдыры – ел тағдыры // Ана тілі. – 2006. – №46 (831). – 1-2 б. 
 
References 
 
1 Hasanұly B. Ana tіlі – ata mұra. – Almaty: Zhazushy, 1992. – 272 b.  
2  Қasym B. Memlekettіk tіldі  kәsіbi mamandyққa baғyttap oқytudyң  өzektі  mәselelerі // «Memlekettіk tіldі zhetіldіrudің 
өzektі mәselelerі» atty Respublikalyқ ғylymi-әdіstemelіk konferentsiyanyң materialdary: Abay at.ҚazҰPU Habarshysy. Filologiya 
ғylymdary seriyasy. – Almaty, 2004. – №4 (10). – 7-9 b.  
3 Қazaқstan Respublikasynyң prezidentі N.Ә.Nazarbaevtyң Қazaқstan halқyna Zholdauy // Ana tіlі. – 2007. – №7 (896). – B. 1, 
7-10 в. 
4 Uәliұly N. Orys tіlіnің tұrmany tүgel // Ana tіlі. – 28 aқpan, 2008. – №9. – 4 b. 
5 Belyaev B.V. Ocherki po psihologii obucheniya inostrannym yazykam. – 2-e izd. –Pos. dlya prepodavateley i studentov. – M.: 
Prosveschenie, 1965. – 227 s.  
6 Nazarbaev N.Ә. Tіl taғdyry - el taғdyry // Ana tіlі. – 2006. – №46 (831). – 1-2 b. 
 
 
 
А. М. Тулеуова , А. А. Султанғалиева 

141 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
ӘОЖ 351. 853. 1: 81'373 
 
Г. Ж. Утегенова, А. А. Шойбекова, И. А. Есболаева 
 
М. О. Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің,  
ф. ғ. к
1,2
, аға оқытушы
3
, Шымкент қ., Қазақстан 
e-mail: 
guli_2615@mail.ru
 
 
Тіл біліміндегі тарихи лексика негізі 
 
Тарихи  лексика – тіл  білімінің  мәнді  де  маңызды  салаларының  бірі.  Негізгі  зерттеу  нысаны – лексика, 
оның  даму  жолдары  мен  қалыптасу  заңдылықтары.  Тарихи  лексика  тіл  тарихына,  сол  тілде  сөйлеуші 
халықтардың бастан өткізген тарихи дәуірлер мен жүріп өткен жолдарына қатысты тілдік бірліктердің шығу 
тегін,  қалыптасу  кезеңдерін,  туыстас  тілдерінің  қатарынан  алатын  орнын,  басқа  тілдерге  қатыстығын 
ғылыми-теориялық  тұрғыдан  зерттеуді  мақсат  етеді.  Тарихи  лексика  тіл  фактілерін  тарихи  тұрғыдан 
зерттеуді негізгі нысанаға алады. Ол белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың 
азаматтық  тарихына  байланысты  сол  халықтың  мәдениетіне,  дүниетанымына,  салт-сана,  әдеп-ғұрыпына 
экстралингвистикалық  факторларына  қатысты  зерттеуді  қажет  етеді.  Әрбір  тілдің  лексикалық  қоры,  қат-
қабат сөз байлығы, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен байланысты, сол халықтың халық болып дами, 
қалыптаса бастаған кезеңдердің жемісі, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, толығып, кемелденіп, жаңарып отыратын 
мұрасы болып саналады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет