…
124
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
келсе, реніш ондап келеді). Севинч ексилмагай
сөзүм тутса сен ҚБ 62 (Егер менің сөзімді
ұстансаң, ешқашан сүйінішің таусылмайды).
Жоғарыдағы антонимдік жұптардың қай-
қайсысын алсақ та мағына қарама-қарсылы-
ғына негізделген. Басқаша айтқанда, «анто-
нимдік жұптардың сыңарлары бір сапаға бе-
рілген бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі баға-
ның атауы болып табылады» [4, 71]. Бір таң
қаларлығы ежелгі дәуірлерде берілген баға
қазірге дейін құндылығын жоймаған. Талдау
барысы көрсеткеніндей, синонимдік қатарлар-
дың көпшілігі көнеріп, немесе әр түрлі се-
бептермен ыдырап, қазіргі қазақ тілі лексика-
сынан шығып қалған болса, антонимдердің
басым бөлегі, керісінше, қаймағы бұзылмай,
ескі замандардан біздің дәуірімізге дейін келіп
жеткен. Кейбіреулері тура мағыналарында да,
ауыспалы мағыналарында да антонимдік қатар
түзе алады. Енді бір топ антонимдік қатарлар
көне түркі жазба ескерткіштері тілінде әрі зат
есім, әрі сын есім қызметін атқарса, қазіргі
тілдерде де сол сипатын сақтап қалған. Туын-
ды антонимдік жұптар да бір-біріне көп ұқсай-
ды. Бұл антонимдердің синонимдерге қараған-
да әлдеқайда өміршеңдігін көрсетеді.
Кейде XI-XII ғасырлардағы көне түркі жаз-
ба ескерткіштерінің тілінде антонимдік жұп-
тардың екеуі бірдей кездесе бермейді. Жоқ
сыңар мұндай реттерде орхон-енисей ескерт-
кіштерінен табылады. Кірме антонимдік сы-
ңарлардың қазақ тіліне де сіңісіп кеткенін бай-
қаймыз.
Екі сыңары да көнеруі себепті тілімізден
шығып қалған антонимдер бірен-саран. Ал бір
сыңары көнерген жағдайда, оны араб немесе
түркі сөздері ауыстырған. Белгілі бір сыңарын
қазақы ұғым алмастырған антонимдік жұптар
да бар. Антонимдік қатарлардың арасында елеу-
лі фонетикалық өзгерістерге ұшыраған сөздер
де кездеседі. Жалпы алғанда, антонимдер –
түркі тілдерінің тектестігін, сабақтастығын
дәлелдейтін қосымша фактілердің бірі.
Әдебиеттер
1 Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1984. – 5 б.
2 Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 21 б.
3 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы: Қазақтың оқу-педагогикалық мемлекеттік
баспасы, 1962. – 76 б.
4 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Мектеп, 1974. – 43 б.
References
1 Musin Zh. Қazaқ tіlіnің antonimder sөzdіgі. – Almaty: Mektep, 1984. – 5 b.
2 Bolғanbayұly Ә., Қaliұly Ғ. Қazіrgі қazaқ tіlіnің leksikologiyasy men frazeologiyasy. – Almaty: Sanat, 1997. – 21 b.
3 Keңesbaev І., Mұsabaev Ғ. Қazіrgі қazaқ tіlі. Leksika, fonetika. – Almaty: Қazaқtyң oқu-pedagogikalyқ memlekettіk
baspasy, 1962. – 76 b.
4 Ysқaқov A. Қazіrgі қazaқ tіlі. Morfologiya. – Almaty: Mektep, 1974. – 43 b.
Б. Р. Құлжанова
125
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
ӘОЖ 81'42; 801.7
Х. А. Ордабекова
Сүлейман Демирел атындағы университеттің ассистент профессоры, ф. ғ. к.,
Алматы қ., Қазақстан
e-mail: hafiza_1975@mail.ru
Дәстүрлі және қазіргі тілдік санадағы «гүл» лексемасының
семантикалық және ассоциациялық табиғаты
Мақалада қазақ халқының дәстүрлі және қазіргі тілдік санасындағы «гүл» лексемасының ономасиоло-
гиялық, семантикалық құрылымы қарастырылады. «Гүл» лексемасына жүргізілген семантикалық кон-
цептуалды талдау негізінде ұлттық мәдени фонға ие концепт ретінде тануға болатындығы айқындалды. Қа-
зақ халқының тілдік санасындағы «гүл» лексемасының қандай ұғымдық белгілерді иеленетіндігін айқындау
үшін, ассоциативті эксперимент нәтижелері талданды.
Ассоциативті эксперимент нәтижелерін әрі ақын-жазушылар шығармаларының тіліне талдау жүргізу
негізінде «гүл» лексемасына байланысты қалыптасқан ұлттық дүниетаным жүйесін, ұлттық ойлау әрекеті,
ұлттық психологиясы мен болмысын бағамдауға болатыны айқындалды. Гүл сөз-стимулына берілген
ассоциаттардың жиілік кестесі былайша түзілді: «80 әдемілік», «75 сұлулық», «73 нәзік, нәзіктік», «70 хош
иіс, жұпар иіс», «70 қыз», «69 махаббат», «63 гүлдей жайнау, құлпыру», «53 көтеріңкі көңіл-күй», «50 өмір»,
«42 мереке», «37 солу», «35 көктем». Кейбір респонденттер арасында гүл лексемасына қатысты діни таным
негізінде қалыптасқан эмоционалды реңкі жоғары, «өзі үшін мәнді» деп саналатын индивидуалды ассоциа-
циялары талданды.
Түйін сөздер: лексема, сема, концепт, сөздің семантикалық құрылымы, ассоциативті эксперимент, поэ-
зия тілі, концептуалды талдау анализі.
Х. А. Ордабекова
Семантические и ассоциативные особенности лексемы «гүл»
в традиционном и современном языковом сознании
В данной статье рассматривается номинативная и семантическая структура лексемы «гүл» в тради-
ционном и современном казахском языковом сознании.
На основе семантического и концептуального анализа было определено, что лексический элемент «гүл»
можно рассматривать как самостоятельный концепт, отражающий языковое, национальное и культурное
сознание казахского народа.
В ходе исследования был проведен ассоциативный экперемент, основными реакциями на стимул «гул»
были следующие реакции: «80 красот », «75........» , «73 нежности», «70 ароматности», «70 девушек», «69
любви», «63 расцветать как цветок», «53 хорошее настроение», «50 жизнь», «42 праздник», «37 завяли как
цветы», «35 весна».
По результатам ассоциативного экперимента, семантического и лингвокультурного и когнитивного ана-
лиза было выявлено, что существующие концептуальные особенности отражающие значения «гул» содержат
в себе такие категории, как «красота», «любовь», «жизнь», «смерть».
Ключевые слова: лексема, сема, концепт, семантическая структура слова, ассоциативный эксперимент,
язык поэзии, концептуальный анализ.
H. A. Ordabekova
The semantic and associative nature of the lexceme flower in
traditional and modevn Language under standing
This articles gives consideration to the onomasiological and semantic structure of kazakh nation’s traditional and
existing in nature of language lexeme “Gul“ ( Гүл – en. “Flower“). On the basis of semantic conceptual analysis that
was done to the lexical element “Gul“, it can be regarded as separate concept that reflects national cultural
background. There was analysis on the results of associative experiment in order to determine what conceptual
features existing in nature of language lexeme “Gul” attains. In interpretative scope of the concept “Gul“ , commonly
known linguistic and modifiable, transformational tendency of cultural associative notions is noticed, but not the new
conceptual features. Mental construction of the lexical element “Gul“ in kazakh language gives an idea to consider it
as the special concept , because its content has an expressive sense. In Kazakh national background , “Gul“ can be
associated with the most important categories for mankind like “Beauty“ , “love”, “life“ and “death“ .
Key words: lexeme (lexical element), seme, concept, semantic structure of a word, associative experiment,
poetry (style), analysis of conceptual examination.
Дәстүрлі және қазіргі тілдік санадағы «гүл» лексемасының семантикалық және …
126
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
Лингвистикаға енгізілген «әрекет» ұғымы
номинация мәселесін ғалам туралы аялық
біліммен, экстралингвистикалық факторлар-
мен тығыз байланыста қарастыруға мүмкіндік
береді. Бұдан, біз, зат, құбылыс, сапа белгі-
леріне атау беру халықтық таныммен, ой-
санасының өсуімен, ұлттық психология мен
менталитетіне байланысты айқындалуы тиіс
дегенді пайымдаймыз. Адам әрекетінің тез
қарқындап дамуы оның тілінде көрініс табады,
соған орай лексикалық жүйеде жаңа атаулар
пайда болады, кей тілдік бірліктердің семан-
тикалық аясы, сондай-ақ ұлттық таным жүйе-
сіне сәйкес коннотациялық мағынасы да ке-
ңейе түседі. Осылайша, адамның түрлі ситуа-
циялық әрекеті арқылы түзілген контексте
тілдік бірліктер өзара қатынасқа түсе отырып,
болмысты бейнеледі.
Қазақ халқының тілдік санасында «гүл»
лексемасын ұлттық мәдени фонға ие жеке
концепт ретінде тануға болады. Бұл жерде гүл
концептісі гипероним ретінде алынып отыр.
Бағалауыштық, әрі ұлттық-мәдени ерекшелік-
терінің болуына сәйкес «гүл» концептісін лин-
гвомәдени концепт ретінде қарастырамыз. Лин-
гвоконцептологияда концепт ментальді бірлік
ретінде тілдік таңбалардың тіл мен сөйлеу
коммуникациясындағы семантикасы арқылы
зерттеледі.
В.И.Карасиктің пікірінше, мәдени концеп-
тілерді лингвистикалық тұрғыдан зерттеу ны-
санына алғанда мәдениеттану, тарих, психоло-
гия, этнография сынды пәндердің ғылыми ақ-
параттары да негізге алынуы тиіс [1]. Мақа-
ланың басты мақсаты – гүл концептісінің тіл-
дік және этномәдени ұғымдық белгілерін ай-
қындау; сондай-ақ гүл лексемасын индиви-
дуалды-көркем сана параметрлермен өлшене-
тін тілдік бірлік ретінде қарастырамыз, себебі
поэзияда гүл негізгі, тірек образдардың бірін
құрайды.
Гүл концептісінің тілдік және этномәдени
белгілерін айқындау үшін, З.Д.Попова және
И.Стернин ұсынған семантикалық концептуал-
ды талдау әдісін қолданамыз. Бұл әдіс бойын-
ша, сөздің лексикалық мағынасының концеп-
тілік мағынаға ұласу әрекеті талданады. Сөз
мағынасының семантикалық құрылымы өзара
иерархиялық қатынастарға негізделген сема-
лар жиынтығын құрайтындығы белгілі. Ал
«сема – сөзбен таңбаланатын құбылыстың нақ-
ты белгілерін бейнелейтін семантикалық мик-
рокомпонент болып табылады» [2, 1985]. Ен-
деше, гүл лексемасының семантикалық құры-
лымына назар аударатын болсақ:
1. Түрлі-түсті, үлбіреген хош иісті өсім-
діктің жалпы атауы.
2. Гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен
көбею мүшесі (терм.мағ.).
3. Жасөспірім, бүлдіршін (ауыс мағ.).
4. Ажар, әр, көрік, келбет (ауыс мағ.) [3,
362].
Қазақ тілінде гүл сөзі қарапайым-тұр-
мыстық санада айқындалған типтік белгілері-
мен қатар, ғылыми ұғым атауын иеленіп, өзіне
тән терминдік дефинициясы бар арнаулы сөз
ретінде танылады. «Гүл» сөзінің дефинициясы
лексикалық мағынаның негізгі ядросын құрау-
шы мынадай семалық белгілерді бейнелейді:
«гүлді өсімдік», «түрлі-түсті», «хош иісті»,
«үлбіреген», «көбею нысаны». Түсіндірмелі сөз-
дікте берілген гүл сөзінің мағынасы оның зат-
тық-ұғымдық мазмұнымен сипатталатын негіз-
гі семантикалық белгілерін қамтиды, бірақ
бұл белгілер қазіргі тілдік санада қалыптасқан
гүлдің шынайы психологиялық мағынасын то-
лық қамти алмайды.
Жалпы тілдік сана мен когнитивті сананы
тілдегі қалыптасқан белгілі тәсілдер, атап айт-
қанда, ішкі лексикон (А.Залевская), ассоциа-
тивті-вербалды жүйе (Ю.Караулов, Н.Уфим-
цева, Ю.Сорокин), сондай-ақ прецендентті мә-
тіндер (Ю.Караулов, Ю.Сорокин) арқылы да
айқындауға болады.
Тіл адамзат баласының күнделікті өмір сүру
тәжірибесінің негізінде қалыптасқан ғаламның
қарапайым бейнесін түзеді. Жоғарыда аталған
ішкі лексикон, ассоциативті-вербалды жүйеге
келетін болсақ, санадағы қандай да бір ұғым-
ның тілдегі көрінісі болып табылады. Ю.Ка-
рауловтың пікірінше, ассоциативті сөздіктер
«тілдік қабілетті» айқындаудың негізгі құралы
болып табылады, өйткені ассоциативті экспе-
римент нәтижесінде ұлттық сана элементтері,
ұлттың дүниеге деген көзқарасы, өзіндік ба-
ғасы, ұлттық-мәдени фреймдер, болмысты ме-
тафоралық таным тұрғысынан тану сияқты
белгілер айқындалады [4, 110-111].
Қарапайым-тұрмыстық санада «гүл» лексе-
масына байланысты қалыптасқан ұғымдық бел-
гілерді айқындау үшін, еркін ассоциативті
эксперимент жүргізілді. Экспериментке гума-
нитарлық бағытта білім алып жатқан 18-20
жас аралығындағы студенттер тартылды. Жал-
пы саны – 100. Ассоциативті эксперимент нәти-
желерін, әрі ақын-жазушылар шығармалары-
ның тіліне талдау жүргізу негізінде «гүл»
лексемасына байланысты қалыптасқан ұлттық
дүниетаным жүйесін, ұлттық ойлау әрекеті,
ұлттық психологиясы мен болмысын бағам-
Х. А. Ордабекова
127
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
дауға болады. Гүл сөз-стимулына берілген
ассоциаттардың жиілік кестесі былайша түзіл-
ді: «80 әдемілік», «75 сұлулық», «73 нәзік,
нәзіктік», «70 хош иіс, жұпар иіс», «70 қыз»,
«69 махаббат», «63 гүлдей жайнау, құлпыру»,
«53 көтеріңкі көңіл-күй», «50 өмір», «42 ме-
реке», «37 солу», «35 көктем». Кейбір респон-
денттер арасында гүл лексемасына қатысты
діни таным негізінде қалыптасқан эмоционал-
ды реңкі жоғары, «өзі үшін мәнді» деп сана-
латын индивидуалды ассоциациялары да бе-
рілген: гүл күрделі функциялы, Алланың шебер-
лігін танытатын әсем жаратылыс; гүлдің
сыбыры – Аллаға мадақ пен зікір. Экспери-
мент нәтижесі бойынша, қазіргі тілдік санада
гүл лексемасы түсіндірмелі сөздіктерде қам-
тылмаған ұғымдық белгілерді бейнелейтін-
дігін көреміз. Гүл лексемасының концептілік
мазмұны мен лексикалық мағынадағы потен-
циалды семантикалық белгілерін айқындау
үшін, түсіндірмелі сөздіктегі иллюстративті
материалдар, сөзжасамдық жүйе, тұрақты тір-
кестер (гүл жастану – рақаттану, жаны жай
табу), тұрақты теңеулер мен эпитеттерді,
мақал-мәтелдерді негізге ала отырып, дәстүрлі
және қазіргі тілдік санада қалыптасқан ұғым-
дық белгілерді төмендегідей топтастыруға
болады: «хош иісті», «түрлі-түсті», «ажар»,
«көрік», «жасөспірім», «бүлдіршін», «сұлу-
лық», «әдемілік», «молшылық», «көктем»,
«пәктік», «күнә». Мұндай ұғымдық белгілер
гүл лексемасының семантикалық аясын кеңей-
тіп, оның лексикалық мағынадан концептілік
мағынаға ұласу деңгейін көрсетеді. Мәселен,
оның көбею нысаны екендігі метафоралық та-
ным нәтижесінде ауыс мағынада гүл заман,
гүлденген қала, гүлстан сияқты тілдік бірлік-
терінің қалыптасып, өсіп-өну, көбею нысаны
ретінде гүл концептісі «молшылық» ұғымымен
толыға түскендігін аңғарамыз.
Қазақ халқының тілдік санасы үшін, кон-
цепт мазмұнындағы бағалауыштық компонент
маңызды саналады. Концептінің бағалауыш-
тық мәні лексикалық фон ұғымымен тығыз
байланысты (Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров,
Н.А.Купина, О.А.Михайлова, Г.Д.Томахин т.б.).
Лексикалық фон ұғымы құрамына сөз семан-
тикасымен тікелей байланысы жоқ, керісінше
аялық білім жүйесімен байланысты ассоциа-
циялар; белгілі бір әлеуметтік ортада адамдар-
дың өмір сүру тәжірибесі негізінде қалыптас-
қан нормалар мен ұлттық-мәдени стереотип-
тер кіреді. Қазақ мәдениетінде гүлге қатысты
этномәдени фон белгілері ретінде «сұлулық»,
«нәзіктік», «қыз», «бүлдіршін», «көктем»,
«өмір» ұғымдарын алуға болады. Гүлдің био-
логиялық тұрғыдан ғұмырының қысқа болуы,
гүлді өсімдіктің өзіне тән даму кезеңдерінің
болуы (көктеу, гүлдену, солу) образды-ассо-
циативті түрде адам өмірінің өткінші, бұл
өмірдің қамшының сабындай ғана қысқа еке-
нін сипаттауда ауыс мағынада қолданылуына
негіз болған. Бұған «гүлдің солуы – өмірдің
үзілуі» сияқты ассоциаттар дәлел. Демек, гүл
концептісі «жан, адамның жаны» сынды по-
тенциалды семемамен толыға түскен. Аталған
этномәдени фон белгілері негізінде ұлттық
антропонимдер жүйесінің қалыптасқандығын
айта кеткен орынды: Гүлбаршын, Гүлжан,
Гүларай, Гүлім, Гүлжайна, Жайнагүл, Қыз-
ғалдақ, Раушан, Райхан, Гүлден, Гүлнұр, Нұр-
гүл және т.б. Берілген ұлттық антропонимдер
жүйесі «гүл» концептісінің мәдени-бағалауыш-
тық сипатын айқындай түседі.
Әдетте қазақ тілінде гүл сөзі қызыл түспен
ассоциацияланады. Ал қызыл түс қазақ халқы-
ның ұлттық санасында, ең алдымен, қанның
түсін бейнелейді. Ал қанның адам жанымен
байланысты екені белгілі. Мұндай сенімді та-
рихта анимизм деп атайды. Оның себебін ар-
хайкалық санадан іздеуге болады. Бұл ойы-
мызды мына бір аңыз дәлелдей түспек: «Ер-
теде Сұмырайхан деген хан болыпты. Ол ел
арасында өзінің жауыздығымен танылған екен.
Бірде ол суды өз иелегіне алып, елді шөлге
ұшыратқанда, бұл жауыздыққа қарсы шық-
қан ісмер қыздың бес саусағын шабады. Бес
саусақтың жерге тамған қанынан бес жапы-
рақты райхан гүлі өсіп шығады. Туған халқы
шебер әрі батыр қыздың құрметіне бес салалы
райхан гүлі мен су өрнегін содан бері кестеге,
сырмаққа, тұскиізге салатын әдет қалыптас-
тырады» [5, 484].
Сондай-ақ, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жы-
рында қайтыс болған адамның өсімдікке ай-
налу тұспалының бар екенін байқаймыз. Қозы
Көрпеш пен Баян сұлудың қабіріне жыл сайын
екі тал қызыл гүл өсіп шығып, бір-біріне қауыш-
пақ болады. Баян мен Қозының ортасына қара
тікенек өсіп, бұларға қадалып, солдырады. Де-
мек, Қозы мн Баян қызыл гүлге, Қодар қара
тікенекке айналғандығы жырдың мәтінінде
баяндалады. Көптеген халықтардың аңыз-әңгі-
мелерін негіз етіп алатын болсақ, адам қайтыс
болған соң, әсіресе, ол құрбандыққа шалынса,
өлген адамның қандай да бір мәдени өсімдікке
айналуы бар. Академик А.Н.Веселовский адам
жанының өсімдікке айналуының үш сатыдан
тұратындығын көрсетеді:
1 – табиғат пен адамның теңдігі бар;
Дәстүрлі және қазіргі тілдік санадағы «гүл» лексемасының семантикалық және …
128
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
2 – адамның өзі, кейде оның қаны немесе
кейбір дене мүшелері өсімдікке айналады;
3 – өлгендердің моласына гүл, ағаш өсіп
шығады. Бұл аруақтың басқаша сипатта қайта
тірілуінің рәмізі екен [6 ,104-106].
Сонымен қатар «қызыл гүл – көктем»,
«қызыл гүл – махаббат», «қызыл гүл – қыз»,
«қызыл гүл – өмір, қысқа ғұмыр», «қызыл гүл
– адамның ішкі жан дүниесі» сияқты ұлттық-
мәдени, бағалауыштық сипатты иеленеді.
Қазақ халқының санасы үшін, гүл концептісін-
дегі «сұлулық» белгісі, ең алдымен, табиғат-
тың сұлулығына негізделген. Гүлдің Жер-
Анадан өсіп-өнуінің өзі қасиетті, киелі сана-
лады. Табиғаттың жаңаруы, жасаруы, тіршілік-
тің оянуы көктем мезгіліне сәйкес келгендік-
тен, гүл – көктемнің басты символына айнал-
ған. Жер бетіндегі көптеген халықтар секілді
қазақ халқының тілдік санасында да махаббат
ұғымы – гүлдің символикалық қасиетімен бай-
ланысты көрініс тауып жатады. Мұндай сим-
волдық мағыналар гүлдер тілі негізінде көрі-
ніс тауып жатады. Мәселен, ақ гүл – адалдық-
тың, сары гүл – сағыныштың, қызыл гүл –
махаббаттың белгісі. Гүлдің мұндай символи-
калық мағыналарды иеленуі оның түс атаула-
рымен тіркесіп келуімен тікелей байланысты.
Мәселен, қазақ халқы сары түсті ұзақтықты,
кеңістікті (Сарыарқа, сары дала) бейнелеуде
қолданады. Түркі халықтары, оның ішінде,
қазақ халқы сары түсті қымбат, бағалы тас
алтынмен бейнеленсе, сол алтын (сары түсті)
тілшіліктің көзі саналатын күнмен ассоциация-
ланады (алтын күн). Ал күннің шығуы мен
күннің батуы белгілі бір уақыт аралығын қам-
титындықтан, сары түс қазақ халқының тіл-
дік санасында ұзақтық, кеңістік сияқты қосым-
ша семаларды иеленуге әкелген, ал ұзақ уақыт
бойы көрмеген зат (анаға, досқа т.б.) адам
бойындағы сағыныш сезімін оятары сөзсіз.
Міне, осылайша сары түсті гүлдер «сағыныш»
сезімінің символикасына айналған. Сонымен
қатар гүлдің әдемілігі мен нәзіктігі, әрбір гүл-
дің өзіне тән хош иісінің болуы оны эстети-
калық қолданым нысанына айналдырды. Өйт-
кені гүл түрлі мерекелік шараларда эстетика-
лық нысан ретінде (туған күн, мереке, үйлену
тойы, мерейтой, концерт т.б.) қолданылуымен
тығыз байланысты.
Ассоциативті эксперимент жүргізу арқылы
сөз-стимул мен сөз-реакциялар арасындағы
«семантикалық жуықтықты» анықтауға мүм-
кіндік аламыз. Семантикалық жуықтықтың өл-
шем бірлігі ретінде сөз-стимулға берілген реак-
циялардың, яғни ассоциаттардың ұқсастығы
негізге алынады. Мәселен, ситуациялық ассо-
циациялар қатарынан гүл – ара, гүл – көбелек,
гүл – гүл сататын дүкен сөз-реакцияларын
атап өтуге болады. Берілген тіл бірліктерінің
арасындағы семантикалық жуықтықты тірек-
сөз бен ассоциатты жауаптардың түсіндірмелі
сөздіктегі дефинициясы негізінде семантика-
лық құрылымын салғастыру арқылы дәйек-
теуге болады.
Поэзия тілі сөз семантикасының дамуына
ықпал ететін, концепт құрамындағы этносим-
воликалық ұғымдардың негізі болғандықтан,
поэтикалық шығармалардағы гүл концептісі-
нің мәтіндік мазмұнын талдау анализіне жү-
гіндік. Гүл концептісінің қолданысындағы
өзіндік ерекшелік ретінде ақын-жазушылар
шығармашылығында философиялық мазмұ-
нында қолданылуын атап өткіміз келеді.
Мәселен, көктемгі гүл бейнесі метафоралық
тұрғыда бозбалалық, жастық шақты бей-
нелейді: Жоғалтқаным толып жатыр, Тап-
қаным не, алғаным не. Ұқсап тұрмын жаны
гүл, Жайдары бір ұланға (Т.Молдағалиев). То-
лып жатыр мендей ақын, Келе жатқан жаңа
гүлдеп. Көзім – қорқақ, қолым батыр, Өкпем
менің бар ма гүлге (Т.Молдағалиев). «Нәзік,
үлбіреген, әлсіз, арнайы күтімді қажет ете-
тіндігі» – гүл концептісінің маңызды ұғымдық
белгілері ақын-жазушылар қолданысында әр-
түрлі модификацияға ие. Көбіне мұндай ұғым-
дық белгілер қорғансыз заттардың бейнесін
бейнелейді (бүлдіршін, нәресте, қыз, қыз ма-
хаббатын, ізгілік, жан серігі): Сардана гүлі –
сағынышқа өскен сары гүл,Үрдіс жүргенде үс-
тінен аттың танып іл. Сардана гүлдің та-
мыры мұзда, жаны қыз, Жолыға қалса, жолға
да тоқтап алыңыз (). Бәрі жылылықты сүйе-
ді, бірақ, жайлы үйдегі қожайынның ниеті бұ-
зылса, аялаған гүлдері сарғайып түсіп қалады.
Қасірет шегіп, бейнет көргенде, шындықты
танып, бақыт кешкенде, сіздің іргеңізден
ұдайы гүл табылады. Қайғыңызға ортақтаса-
ды, қуанышыңызды бөліседі, жалғыздықта
серік болады (Д.Амантай).
Ақын-жазушылар тілінде гүлдің алуан түр-
лі пішіні мен құрылымы, атап айтқанда, үзіл-
ген гүл, солған гүл, аяқ астына тапталған гүл,
шырайы кеткен гүл негізге алынады. Мұндай
тілдік бірліктер гүл бейнесі мен адамның ішкі
әлемінің байланысы, оның ішкі жан дүниесін
сипаттауда қолданылады. Адам өз мұң-қай-
ғысын осы гүл арқылы бөлісе отырып, оны
символдық мағынаға айналдырады: Сабағынан
үзілген гүлдей солып бара жатқан ой дүниесі
бөлініп шығып, ақтық рет өз қиясын шарлап,
Х. А. Ордабекова
129
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
ең аяулысымен қимай қоштасады (Т.Ахтанов).
Үзілген қызғалдақтай өңі солған, Қабырғаң
көрсең аяп қайысқандай (С.Сейфуллин). Де-
мек, гүлге теңелген сұлулық образына қайғы,
өлім, мұң қарсы қойылады.
Сондай-ақ, гүлдің жоғарғы әлемнің бөл-
шегі болу мүмкіндігін иеленіп, тылсым, құпия,
жұмбақ нәрселерді бейнелейтіндігін Шәкәрім-
нің шығармашылығынан байқаймыз. Шәкәрім
шығармашылығында гүл концептісі тәңірі, о
дүние мен бұ дүние, ақиқат пен жалған, мате-
риалдық және рухани дүние сынды бинарлық
оппозициясы негізінде қолданысқа ие:
Жүректен шыққан қанымнан, Жиіркенбе,
нұр деп біл. Сайраған бұлбұл зарынан, Нұрла-
нады қызыл гүл! Сорлы бұлбұл жазға асық боп,
Нұрлы гүлге айтты зар. Көбелек те шамды
алам деп, Отқа түсті боп құмар (Шаһкәрім).
Гүл//махаббат бейнелі паралелі амбивалентті:
гүл образы пәктік (он екіде бір гүлі ашылма-
ған) пен күнә ұғымымен байланысты қарама-
қайшы ұғым тудырады. Тазалық пен пәктік
ұғымы гүлге дәстүрлі түрде тән болса, ал күнә
мағынасы арнайы символикалық ұғымды
құрайды. Ақын-жазушылар шығармашылы-
ғында гүл концептісі мынадай концептуалды
белгілермен толыға түседі: гүл – «көктем», гүл
– «адам өмірі», «адам өмірінің гүлденуі», гүл –
«ғұмырдың қысқа болуы», гүл – «адамның
жаны», гүл – «молшылық», гүл – «құндылық
(туған жер, мейірімділік, игі арман, туыстық)»,
гүл – «тәңір жаратылысы». Мұндай символ-
дық мағыналарды төменде берілген өлең жол-
дары дәлелдей түспек: Көктем келді, гүл ат-
ты. Шыр айналды көбелек (Қ.Аманжолов.
Шығ.). Орады гүлге даланы, Қызғалдақ көк-
тем, қыз-көктем (Х.Балшабеков). Хақың жоқ,
гүл жазира аймағыңды, Атақты Гүлстаннан
кем көруге, Тауларын, өзендерін, ормандарын.
Рақат бойың балқып ойға алғаның. Жайқала
бер, қызыл гүлім, Төңіректің көзін тартып,
Айналаңда қағып күлім, Қыздар жүрсін ән
шырқап (Қ.Аманжолов). Қарасаң таңда оянып,
Басқандай бір мұң ауланы, Оңғаннан кейін
бояуы, Гүлдерде шырай қалмады (Т.Молдаға-
лиев). Сен үшін биікпін мен, жотам ірі, Емен-
мен кеткен терең тамыры. Сен маған наға-
шым деп еркелейсің. Әпкемнің ботасының
ботагүлі (Т.Молдағалиев).
«Гүл» концептісінің интерпретациялық өрі-
сінде жаңа ұғымдық белгілер емес, жалпыға
та-ныс тілдік және ассоциативті-мәдени ұғым-
дардың модификациялану, трансформация-
лану үрдісі байқалады. Қазақ тіліндегі гүл
лексемасының ментальді түзілімі гүлді арнайы
концепт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді,
өйткені оның мазмұны бағалауыштық мәнге
ие. Қазақ ұлттық ғалам бейнесінде гүл адамзат
баласы үшін маңызды деген категорияларымен
«сұлулық», «махаббат», «өмір», «өлім» байла-
ныстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |