Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет26/46
Дата15.03.2017
өлшемі3,99 Mb.
#9386
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46

Түйін сөздер: лексика, тіл білімі, рухани мәдениет, тіл тарихы, этнолингвистика, тарихи лексика, жазба 
әдеби тіл. 
 
Г. Ж. Утегенова, А. А. Шойбекова, И. А. Есболаева 
Основа исторической лексики в языкознании 
 
Историческая лексика – одна из важных направлений в языкознании.  Объект исследования  –  лексика, 
законы  развития  и  формирования  лексики.  Одна  из  целей  исторической  лексики – это  найти  зарождения 
языковой  связи  между  народами,  которые  разговаривают  на  том  языке,  исследовать  пережитое  ими,  этапы 
формирования,  определить  занимаемое  место  среди  родственных  языков.  Историческая  лексика  берет  за 
основу языковые факторы с исторической точки зрения.  Это не обобщение лексики определенного языка, а 
углубленное изучение относительно  экстралингвистическим факторам, культуры, мировоззрения, обычаев и 
традиции народа. Лексический фонд каждого языка, словарное богатство связано с историей народа, разго-
варивающего  на  этом  языке,  это  плод  этапов  развития  и  формирования  этого  народа,  считается  обновляю-
щимся наследием, передаваемое из поколений  в поколении. 
Ключевые слова: лексика, языкознание, духовная культура,  история языка,  этнолингвистика,  истори-
ческая  лексика, письменный литературный язык.   
 
G. J. Utegenova, A. А. Shoibekova, I. А. Еsbolaeva 
Basis of historicall lexicon in linguictics 
 
Historical lexicon – one of the important directions in linguistics. Object of research lexicon, laws of 
development and lexicon formation. One of the important purposes of  historical lexicon is to find origin of language 
communication between the people which talk in that language, to investigate endured by them, formation stages, to 
define a taken place among rerated language. The historical lexicon takes as a basis language factors from the 
historical point of  view. It not generalization of lexicon of a certain language, and demands deepening studying to 
rather extralinguistic factors, cultures, outlooks, customs and tradition of the people. Lexical fund of each language, 
lexical diversity it is connected with people history talking is this language, it is a fruit of stages of development and 
formation of these people, it is considered the being updated heritage, transferred of generations in generation. 
Key words: lexicon, linguistics, spiritual culture, language history, ethno-linguistics, historical lexicon, written 
literary language. 
______________________________ 
 
Тарихи лексика – халық тарихындағы түрлі 
кезеңдер  мен  оқиғалардың,  қатынастардың  бел-
гі-қасиеттерін бойына сақтаған мол қазынасы, 
этнос  тұрмыс-тіршілігінің,  әлеуметтік-саяси 
жағдайының,  оның  тарихының,  мәдениетінің 
баға  жетпес  мұрасы.  Түркі  тілдерінің  тарихи 
жазба  деректері  қазақ  тілінің  тарихын  тара-
зылауында, халықтың рухани-материалдық бай-
лығын,  жаңа  тарихын  зерделеуінде  зерттеу 
көздерінің  табылмас  қайнар  көздерінің  бірі – 
тарихи лексика. 
Тіл  қоғаммен  бірге  жаралып,  бірге  өмір 
Тіл біліміндегі тарихи лексика негізі 

142 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
сүрсе,  оның  бастапқы  белгісі  өсу,  даму,  қа-
рым-қатынас  көріністері  тарихи  жазба  жады-
хаттарда  айқындалып,  сақталған.  Лексиколо-
гияның  дамуы  соңғы  жылдардағы  зерттеулер-
дің  тілдік  негізі  экстралингвистикалық  бағыт-
тың (тарихи, этнографиялық т.б.) маңызды ай-
қындалғандығының  дәлелі.  Сонымен  қатар, 
тарихи  дәуірлердегі  халықтың  материалдық 
және  рухани  мәдениетіне  қатысты  қалыптас-
қан  тілдік  бірліктердің  дамуы  негіз  бола  ала-
ды. Тарихи лексиканы кешенді зерттеу арқылы 
анықталған  ғылыми  ізденістердің  мәні  зор. 
Этностың  тарихи  дамуындағы,  материалдық 
және  рухани  мәдениетін  бейнелеу  тілдің  та-
рихи  лексикасының  ерекше  маңызын  көрсе-
теді, бұл бұған дейін лексикологияны зерттеу, 
жинау тек тіл тарихын жасау тұрғысынан ғана 
қарастырылды дегенге мегзейді.  
Тіл  адам  баласының  қолымен  жасалған 
мәдени,  рухани  және  материалдық  байлығын 
сөз  арқылы  атап  көрсетеді.  Сөз – заттың  таң-
басы,  ұғымның  аты,  сөз  бар  жерде  ұғым  бар, 
ұғым мағынамен ұштасып, ойлаумен қабысып, 
өзара тығыз байланысып отырады. Сөздің маз-
мұндық белгісі – аталымның дербес мағыналы 
лексема ретіндегі ұстанымы. Лексикалық сөз – 
аталым қызметін атқаратын лексикалық бірлік 
(единица).  Сөздің  лексикалық  бірлік  ретіндегі 
басты қасиеті – белгілі тарихи кезеңде қалып-
тасқан  ұғымды  білдіріп,  атап,  оны  ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізуші қызметін атқаруы.  
Қазақ тілінің тарихи қалыптасуын зерттеп, 
соның  негізінде  қазақ  тіл  білімінде  тарихи 
лексикология  мен  семасиологияның  негізін 
салған  ғалымдардың  бірі  ретінде  Ғ.Мұсабаев-
тың аса ден қойып, өнімді еңбек еткен саласы 
–  қазақ  тілінің  тарихы.  Тіл  тарихы  мен  ел 
тарихын,  сөз  тарихы  мен  табиғатын  зерттеу – 
өмір  бойы  сөз  мәніне  зер  салу  мен  жинақтап 
анықтау ғылыми зерттеудің негізі болған. Сөй-
леу тіліндегі көне тілдің сарқыншағы, көрінісі 
ретінде сақталып қалған ертедегі ру тілдерінің 
қалдықтары,  көнеленген  қат-қабаттары  бар. 
Бұған қосымша, қазақ халқының әр кезде көр-
ші  халықтармен  қарым-қатынасын  көрсететін 
ауыс сөздер де табылады.  
Тарихи лексика – тіл білімінің мәнді де ма-
ңызды салаларының бірі. Оның негізгі зерттеу 
нысаны – лексика,  оның  даму  жолдары  мен 
қалыптасу  заңдылықтары.  Тарихи  лексиколо-
гия  тіл  тарихына,  сол  тілде  сөйлеуші  халық-
тардың  бастан  өткізген  тарихи  дәуірлер  мен 
жүріп  өткен  жолдарына  қатысты  тілдік  бір- 
ліктердің  шығу  тегін,  қалыптасу  кезеңдерін, 
туыстас  тілдерінің  қатарынан  алатын  орнын, 
басқа тілдерге қатыстығын ғылыми-теориялық 
тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді. 
Тарихи лексикалогия тіл фактілерін тарихи 
тұрғыдан зерттеуді негізгі нысанаға алады. Ол 
белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, 
нақтылы  бір  халықтың  азаматтық  тарихына 
байланысты сол халықтың мәдениетіне, дүние-
танымына,  салт-сана,  әдеп-ғұрыпына  экстра-
лингвистикалық  факторларына  қатысты  зерт-
теуді  қажет  етеді.  Өйткені  әрбір  тілдің  лекси-
калық  қоры,  қат-қабат  сөз  байлығы,  сол  тілді 
жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың тари-
хымен  байланысты,  сол  халықтың  халық  бо-
лып дами, қалыптаса бастаған кезеңдердің же-
місі,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып,  толығып,  ке-
мелденіп,  жаңарып  отыратын  асыл  да  абзал 
мұрасы,  сол  халықтың  мәдени,  рухани  өмірі-
нің  айнасы  болып  саналады.  Әрбір  тілдің  сөз 
байлығын  тарихи  тұрғыдан  зерттеу – оны  сол 
тілдің  өз  топырағында,  өзіндік  даму  үрдісін, 
сыр-сипатын  ескере  отырып  қарастыру,  жал-
пылама  емес,  нақтылы  объектімен  байланыс-
тыру. Ал бұлардың бәрі тарихи лексикология-
ның  бір  тілдегі  нақтылы  объектісі  болып  са-
налса, оның туыс және туыстас тілдердің лек-
сикасын зерттеуге байланысты проблемалары-
ның  шеңбері  бұдан  әлдеқайда  кең  болатыны 
түсінікті [1, 65]. 
Тарихи  лексикологияның  өзіндік  зерттеу 
объектісі  мен  белгілі  тәсілдері  бола  тұрса  да, 
оның дербестігінен гөрі ғылымның басқа сала-
ларымен  байланысты,  астарластығы  ерекше 
көзге  түседі.  Айта  кетуіміз  керек,  ол  мәселе 
қазақ  тіл  білімінде  бұрын-соңды  арнайы  сөз 
болған  емес.  Тарихи  этимологияның  жеке  мә-
селелерін  сөз еткен бірлі-жарымды еңбектерді 
есептемегенде,  бұл  саланың  нақтылы  объекті-
лері  мен  алда  тұрған  міндеттері  жан-жақты 
қаралып, толық анықталып, зерттелген жоқ.  
Лексикалық  сөз  де  жалпы  адам  баласына 
тән  ат  қою  амал-тәсілдері  арқылы  уәждену 
негізінде  жасалады,  ат  қоюда  тіл  иесі  белгілі 
ұғым,  заттың  көзге  түсер  ерекше  белгі,  қа-
сиеттерін  негізге  алады,  уәжге  сүйенеді.  Тон-
ды – сөзі "қауызды" деген мағынаны білдіреді, 
яғни қабығы алынбаған, тазартылмаған бидай. 
Мұндағы  ат  қоюға  таңбалауға  негіз – өмір 
шындығы – тон,  киім,  бұл  жерде  қарапайым 
атау  ғана  емес,  мағына  дамуы,  ауыс  мағы-
наның пайда болуына әкеліп отыр. Бұдан атау 
зат  пен  құбылысты  таңбалап,  атап  қана  қой-
майды,  оны  ой-сана  елегінен  өткізу  арқылы 
сезініп  барып  таңбалық,  аталымдық  дәрежеге 
жетеді деп түсіну керек. Ұғымның атау болып 
қалыптасуында адамзаттың танымдық әрекеті-
Г. Ж. Утегенова, А. А. Шойбекова, И. А. Есболаева 

143 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
нен  бастап,  толып  жатқан  тілдік  құбылыстар-
дың қатысатыны анық.  
Сонымен,  этнолингвистика  ұлтты  тану 
мақсатын  көздейтін  ғылым,  бұл  мақсатта  ұлт 
тілі  арқылы  этногенез  және  этнос  тарихын, 
этнос  тарихындағы  әр  алуан  қатынастар  ар-
қылы  пайда  болған  тілдік  процестерді,  этнос-
тың  қалыптасып,  дамуындағы  тілдің  қызметі 
мен  ролін,  этностың  дәстүрлі  мәдениетінің 
ойлау  әрекетінің  тілдегі  көрінісін,  семанти-
касын этностың дүниетаным ерекшелігін, ділін 
анықтап,  оның  өзгелерден  айырмашылығын, 
өзіндік  таңбасын  көрсетеді.  Тұтастай  алғанда, 
бұл  этнос  атты  күрделі  ұғымды  толық  танып, 
біртұтас  келбетін  сомдауға  мүмкіндік  береді 
[2, 92]. Осыған  байланысты  тайпалар  тарихы, 
кейбір  семантикалық  белгілерден  басталған 
этнолингвистиканың бағыттары – сан тарау. 
Тіл  тарихы  халықтың  тұрмыс-тіршілігінің, 
өмір  сүру  қалпының,  шығу  тегінің  тарихи 
кезеңдерінің,  шығу  негізінің  белгісі  болып 
табылатын  тіл  әлемі – оның  баға  жетпес  бай-
лығы.  Тарихи  лексика – осы  мұраның  негізгі 
бөлігі,  ұлт  тілі  тарихы  дереккөзінің  тармағы. 
Тарихи лексика – тіл үшін әдеби тілдің негізгі 
бөлігі  ғана  емес,  әр  тілдің  өзара  туыстығы 
жағынан  жақын  немесе  біршама  алшақтау 
тілдердің  арасындағы  ортақтық,  туыстықты 
ажыратып,  айқындаумен  бірге,  шығу  тарихы 
жағынан  көне  соқпақтардың  көмескі  іздерін 
табу  жолдарының  да  бағалы  құралы.  Себебі 
түркі  тілдерінің  шығу  тегі  бір,  түркілердің 
ортақ  Отаны  Алтайдан  басталған  Дешті-Қып-
шақтың  сүрлеулерінде  жатыр [3, 28]. Осыған 
орай, түркі тілдері тарихи лексикасының құра-
мын анықтауда ғалымдар оның: жалпытүркілік 
және  одан  тарайтын  (туындайтын)  негізі  мен 
тарихи қарым-қатынас нәтижесінде пайда бол-
ған  қабаттарына    назар  аудара  келіп,  тарихи 
лексикада  түркі  халықтары  қарым-қатынасы-
ның тарихи тамырын байқататын қабаттардың 
барына көп көңіл бөлген.  
Тарихи  лексиканы  зерттеу  барысында 
туыстас  халықтардың  тарихымен  салыстыра 
қарастыру  өте  тиімді  болып  келеді.  Түркі  тіл-
дерінің  туыстық  жақындығы,  өмір  сүру  жағ-
дайының  жақындығы  жалпыхалықтық  лекси-
кадан  ғана  көрінбейді,  тарихи  лексика  эле-
менттері  оның  айқын  мысалы  бола  алады [4, 
78]. Түркі тілдерінің бірінде кездесетін тарихи 
сөз лексикалық норма болуы мүмкін.  
Тарихи лексика – тіл тарихы туралы жалпы 
тіл  білімінің  бір  саласы.  Зерттеу  обьектісі – 
бүкіл  тіл  жүйесіндегі  тарихи  өзгерістер,  яғни 
жүйеленген  әдеби  тіл  ескерткіштерінің  де, 
халықтық  сөйлеу  тілінің  де  өзгерістері  мен 
даму  заңдылықтарының  негізін  анықтайды. 
Тарихи лексика жазба ескерткіштер тілін зерт-
теп  қана  қоймай,  жазу  қолданғанға  дейінгі 
көне  дәуірлерде  болған  тілдің  сипатын  жоба-
лауға  да  ұмтылады.  Тарихи  лексика  өз  зерт-
теулерін  бүгінгі  тіл  фактілеріне  талдау  жасау-
дан бастап, сол қорытындылар негізінде өткен 
дәуірлерге үңіледі. Тіл білімінде мұндай әдіс – 
ретроспективтік әдіс деп аталады. Жазба әдеби 
тілдің  өзі  халық  тілі  негізінде  қалыптасатын-
дығын,  сондықтан  оның  құрамында  бірнеше 
нұсқалар  мен  жарыспа  элементтер  болатынын 
былай  қойғанда.  Ол  ауызекі  сөйлеу  тілімен 
тағызы  қатынаста,  тығыз  байланыста  болады. 
Тарихи лексиканың мақсаты – біртұтас халық, 
ұлт  тілінің  қалыптасу  үдерісін  айқындау  бо-
лып  табылады.  Тарихи  лексиканың  да  өзіндік 
даму  жолы,  ерекшелігі  бар,  алайда  қазақ  эт-
носы  тарихының  әр  кезеңін  бейнелейтін,  әр 
алуан  қарым-қатынас,  көрші  елдермен  байла-
ныс,  материалдық  және  рухани  байлығының 
мән-мазмұны, өзіне тән бояуымен сақтап жет-
кізуші  көздің  бірі – этнолингвистикасы  екені 
даусыз. 
 
Әдебиеттер 
 
1   Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования в азербайджанском языке. – М., 1964. –  С. 221. 
2   Пекарский Э.К. Словарь якутского языка. І, ІІ, ІІІ. – М., 1969. –  С. 160. 
3   Мутьий  И.,  Османов  М.  Маһмут  Қәшқәрийниң  жути,  һаяти  вә  мазари  тоғрисинда // Уйгур  тили  бойичә 
тәкшүрүшләр. – Алмута, 1988. – С. 40. 
4   Сыздыкова  Р.Г.  Изучение  казахского  языка  в  дооктябрьский  период // Развитие  казахского  и  советского 
языкознания. – Алма-Ата, 1980. – С. 250. 
 
References 
 
1   Sevortyan E.V. Affiksy imennogo slovoobrazovaniya v azerbaydzhanskom yazyke. – M., 1964. –  S. 221. 
2   Pekarskiy E.K. Slovar' yakutskogo yazyka. І, ІІ, ІІІ. – M., 1969. –  S. 160. 
3   Mut'iy I., Osmanov M. Maһmut  Қәshқәriyniң zhuti, һayati vә mazari toғrisinda // Uygur tili boyichә  tәkshүrүshlәr. – 
Almuta, 1988. – S. 40. 
4   Syzdykova R.G. Izuchenie kazahskogo yazyka v dooktyabr'skiy period // Razvitie kazahskogo i sovetskogo yazykoznaniya. 
– Alma-Ata, 1980. – S. 250. 
Тіл біліміндегі тарихи лексика негізі 

144 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
 
 
 
 
ӘОЖ 81’372 
 
Ғ. Қ. Хасанов
1
, Г. Кайреденова

 
 
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  
1
профессоры, ф. ғ. д., 
2
II курс магистранты, 
Орал қ., Қазақстан 
e-mail: 
hasan.gabit@mail.ru

gulvira74@mail.ru
 
 
Когнитивті метафораның қалыптасу негізі 
 
Бұл мақала семантика ғылымында соңғы кезде ғана қарастырыла бастаған когнитивті метафоралардың 
қалыптасу  негізін  зерттеуге  арналған.  Мақалада  когнитивті  метафоралар  туралы    ғалымдардың  пікірлері 
сипатталады. Мақаланың негізінде соңғы кезде когнитивті метафора мәселесін терең зерттеп жүрген белгілі 
Ресей  ғалымдарының    когнитивті  метафораның  ерекшеліктері  туралы  ойлары  мен  пайымдаулары  жатыр. 
Сонымен  қатар  мақаланың  негізінде  еңбектерінде  дәстүрлі  метафора,  авторлық  метафора,  бинармды 
метафоралар  зерттелген  белгілі  қазақ  тілшілерінің  дәйексөздері  мен  пайымдаулары  келтіріледі.  Когнитивті 
метафораның қалыптасу негізін ашуға талпыныс жасалады. Когнитивті метафоралардың табиғаты когнитивті 
семантиканың  басты  категорияларымен  байланыста  қарастырылады.  Атап  айтқанда,  концептілер  жүйесі, 
концептілер  түрлері,  концептілер  модельдері,  концептілердің  ішкі  құрылымы,  ақынның  өзіндік  когнитивті 
танымы,  когнитивті  метафораның  стилистикалық  ерекшелігі,  комбинаторлық  қатынас,  концептуалды  сана, 
тілдік сана, ұлттық-мәдени кеңістік, поэтикалық таным, когнитивті таным және т.б. 
Когнитивті  метафораның  қалыптасу  ерекшеліктерін  көрсету  үшін  Қазақстанның  халық  жазушысы, 
ойшыл, ақын Ә.Кекілбаевтың өлеңдер жинағынан мысалдар алынды. 
Түйін  сөздер:  когнитивті  метафора,  когнитивті  әрекет,  концептосфера,  категоризациялау,  лексикалық 
мағына, дәстүрлі метафора, авторлы метафора, комбинаторлы қатынас, дүниенің тілдік суреті, концептуалды 
сана, тілдік сана, ұлттық-мәдени кеңістік, ақындық таным, когнитивтік таным.   
   
Г. К. Хасанов, Г. Кайреденова 
Истоки формирования когнитивных метафор 
 
Данная  статья  посвящена  исследованию  возникновения  когнитивных  метафор,  рассматриваемых  в 
последнее  время  в  семантике.  В  статье  описываются  мнения  ученых  о  когнитивной  метафоре.  В  основе 
статьи лежат мысли и суждения известных российских ученых, которые уделяют в последнее время большое 
внимание  вопросу  об  особенностях  когнитивной  метафоры.  К  тому  же  в  статье  приводятся  цитаты  и 
суждения  известных  казахских  ученых, в  трудах  которых  исследованы  традиционные  метафоры,  авторские 
метафоры,  бинармные  метафоры.  Осуществляется  попытка  раскрытия  истоков  формирования  когнитивной 
метафоры.  Природа  когнитивной  метафоры  описывается  в  связи  с  основными  категориями  когнитивной 
семантики.  А  именно,  система  концептов,  виды  концептов,  модели  концептов,  внутренная  структура  кон-
цептов, своеобразное когнитивное познание поэта, стилистическая особенность когнитивной метафоры, ком-
бинаторное  отношение,  концептуальное  сознание,  языковое  сознание,  национально-культурное  простран-
ство, поэтическое познание, когнитивное познание и т.д. 
Для анализа особенности когнитивных метафор взяты примеры из сборника стихов народного писателя 
Казахстана, мыслителя, поэта А. Кекильбаева.  
Ключевые  слова:  когнитивная  метафора,  лексическая  семантика,  лексическое  значение,  лексическая 
синтагматика, бинармная метафора, авторская метафора, комбинаторное отношение, концептуальное созна-
ние,  языковое  сознание,  национально-культурное  пространство,  поэтическое  познание,  когнитивное  позна-
ние. 
 
G. K. Hasanov, G. Kayredenova 
Sources of formation cognitive metaphors 
 
This article is devoted to research of emergence the cognitive metaphors considered recently in semantics. In 
article it is described opinions of scientists on a cognitive metaphor. At the heart of article thoughts and judgments of  
well-known Russian scientists who pay recently more detailed attention to a question of features of a cognitive 
metaphor lie. Besides in article judgments of known Kazakh scientists in which works traditional metaphors, author's 
metaphors, binarmny metaphors are investigated are cited also. Attempt of disclosure of sources formation a 
cognitive metaphor is carried out. The nature of a cognitive metaphor is described in connection with the main 
categories of cognitive semantics. Namely, system of concepts, types of concepts, models of concepts, internal  
structure of concepts, peculiar cognitive knowledge of the poet, stylistic feature of a cognitive metaphor, combinatory 
relation, conceptual consciousness, language consciousnesses, national and cultural space, poetic knowledge
cognitive knowledge, etc.  
Ғ. Қ. Хасанов, Г. Кайреденова

145 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
For the analysis of feature of cognitive metaphors examples from the collection of verses the national writer of 
Kazakhstan, the thinker, the poet A. Kekilbayev are followed. 
Key words: cognitive metaphor, lexical semantics, lexical meaning, lexical syntagmatics, binarmny metaphor, 
author's metaphor, combinatory relation, conceptual consciousness, language consciousnesses, national and cultural 
space, poetic knowledge, cognitive knowledge. 
_______________________________________
  
 
Когнитивті метафораның қалыптасу негізін 
ашуға тырысу өте күрделі сұрақ. Бұған барлық 
факторлар өзіндік ықпалын тигізеді. Алдымен, 
адамның  өмір  сүру  тәжірибесі,  ойлау  дәреже-
сінің  кеңеюі,  басқа  индивидтермен  қарым-қа-
тынас когнитивті метафораның пайда болуына 
тікелей әсерін тигізеді. Категоризациялау, яғни 
қоршаған  ортаның  адам  қабылдаған  заттарын 
ірі бөліктерге бөлу – когнитивті метафораның 
ең басты пайда болу негізі болады. Адам сана-
сындағы дүниенің тілдік суретінің пайда болуы, 
оның  дәрежелері,  атап  айтқанда,  дүниенің  қа-
рапайым  бейнесі,  дүниенің  ұлттық  бейнесі, 
дүниенің  когнитивті  бейнесі  және  ең  соңында 
дүниенің ғылыми бейнесі; міне, осылар сияқты 
күрделі  ұғымдардан  тілдік  тұлға  тілінде  ког-
нитивті  метафоралар  қалыптаса  бастайды  деп 
топшылаймыз.  Авторлы,  бинармды  және  ког-
нитивті  метафора  адам  санасындағы  дүниенің 
тілдік  суретінің  өзіндік  жемістері.  Адам  сана-
сындағы дүниенің тілдік суретінің дәрежелері-
не  қарай  метафора  түрлері  туындайды.  Ког-
нитивті метафоралар дүниенің когнитивті бей-
несінің  тілдегі  көрсеткіші.  Біз  бұл  ғылыми 
еңбегімізде осы күрделі ұғымдарды түсіндіріп, 
когнитивті  метафораларға  олардың  қатысын 
талдауға  әрекет  жасамақпыз.  Ең  алдымен,  бұ-
ған категория деген ұғым өз ықпалын тигізеді. 
Категория – адам  ойының  танымдық  түрі. 
Э.Н.Оразалиева  бұл  туралы: «Ол – адам  тәжі-
рибесін жалпылауға, жіктеуге мүмкіндік бере-
тін  ерекше  ұғым. Бүгінгі күні танымдық кате-
гория  негізгі ерекшеліктеріне қоса, жаңа  мүм-
кіндіктермен  қамтамасыз  етіліп,  адамның  ког-
нитивті  әрекетімен,  яғни  әр  түрлі  заттарды 
белгілі  бір  қасиеттеріне  орай  жіктеу,  топтау 
негіздерімен,  материя  мен  оның  қимыл-әре-
кеттерін  сипаттар  көп  қырлы  формаларды 
объективті  түрде  кластарға,  топтарға  біріктіру 
мүмкіндіктерімен  сабақтаса  дамып  келеді», – 
деп  ойын  сабақтайды [1, 270]. Деректі,  дерек-
сіз,  жанды,  жансыз  зат  есімдердің  түпкі  негі-
зінде  осы  категоризациялау  үдерісі  жатыр. 
Мысалы: 
 
«Көңіл ит те құбылған тұман екен, 
Көп нәрсені бүлдірер күмән екен» [102]. 
 
Ақын көзқарасындағы ең басты когнитивті 
бірлік – концептосфера.  Жалпы,  бүгінде,  ког-
нитологтар  бұл  терминмен  ақынның  жалпы 
шығармашылығы мен дүниетанымын таңбалап 
жүр  де,  жеке  тілдік  тұлғаларды  қарастырған 
зерттеулерді  осы  сөзбен  ауыстырып  жүр.  Бұл 
терминді алғаш қолданған академик Д.С.Лиха-
чев болатын. Когнитивті тіл білімінде бұл тер-
минмен  қатар,  концептілік  жүйе  термині  де 
қолданылады.  З.Д.Попова,  И.А.Стернин: «Кон-
цептосфера – бұл  халықтың  концептілерінің 
жиынтығы,  ойлаудың  ақпараттық  базасы», – 
деп  анықтайды [2, 36]. Ал  Р.И.Павиленистің 
тұжырымынша: «Концептілік жүйе – индивид-
тің ақиқат, бейақиқат дүние туралы (ой, пікір, 
білім)  ақпараттарының  өзара  үздіксіз  ұласқан 
конструктілік  жүйесі», – деп      танылады [3, 
280].  Ғаламның  когнитивті    бейнесі  және  әр-
түрлі түрлері концептосфера бойынша ұғыны-
лады, жалпы, тілдік ұғым туралы санадағы ақ-
параттар  концептілік  жүйеде  дұрысталады. 
Сол себепті, В.Знаков: «Тану (ұғыну) әрекеті – 
индивидтің  бұрын  қабылдаған  және  жаңадан 
таныған  ақпараттары  арқылы  дүниенің  мәнін 
түсіну», – ұғынады [4, 22]. Мысалы: 
 
«Археолог таңдайын көп қағады, 
Қасапшыдай қалың майға сүңгінен; 
Қызыл оба қызылы жоқ жабағы, 
Жауыз жылдар бауыздаған сүңгімен» [69]. 
 
«Дүние  суреті  (картина  мира)»  когнитивті 
лингвистикадағы  ең  басты  бірлік  болып  та-
былады, кейде «ғалам бейнесі» терминінің ор-
нына  «дүниенің  суреті», «ғалам  образы», «ға-
лам  моделі»  немесе  «ғалам  туралы  білімдер 
жүйесі»  ұғымдары  қолданылады. «Дүниенің 
суреті»  когнитивті  тіл  біліміндегі  басты  кате-
гория болғандықтан, әртүрлі мектептер көзқа-
растары  бойынша  әртүрлі  бағытта  анықта-
лады.  Жалпы  семантика  өкілдері  бала  сана-
сында  ғаламның  қарапайым  бейнесі  қалыпта-
сатынын,  оның  негізінде  ғаламның  күрделі 
бейнесі  дамитынын  дәлелдейді.  Ресей  семан-
тикасының  көрнекті  тілшілері  З.Д.Попова, 
И.А.Стернин  алдымен  ғаламның  тікелей  бей-
несі және тікелей емес бейнесін көрсетіп, одан 
ғаламның  когнитивті  бейнесі,  одан  ғаламның 
тілдік бейнесі туындайды деп көрсетеді. Олар-
дың  жазуынша,  ғаламның  когнитивті  бейнесі 
Когнитивті метафораның қалыптасу негізі 

146 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
негізінде адам санасында ғаламның тілдік бей-
несі  жасалады.  Олар: «ғаламның  когнитивті 
бейнесі» – адамның  немесе  халықтың  когни-
тивті  санасында  құрылған  сезу  мүшелері  ар-
қылы  шындық  болмыстың  бейнеленуінің  нәти-
жесі  болатын  шындық  болмыстың  менталды 
бейнесі.  Ғаламның  когнитивті  бейнесі – бұл 
мәдениетпен  берілген  сананың  концептосфе-
расы  мен  стереотиптерінің  жиынтығы», – деп 
анықтайды [2, 52]. Сонымен қатар, олар мүлде 
қарастырылмаған  «ғаламның  тілдік  бейнесі» 
ұғымынан  туындайтын  «ғаламның  көркем  
бейнесі»  мәселесін  қозғап,  оның  «ғаламның 
тілдік  бейнесінен»  басты  ерекшелігі  сурет- 
шілер мен ақын-жазушылардың санасында қа-
лыптасатыны  және  индивидтің  өзіндік  амал-
тәсіл,  құралдармен  бейнелеуіне  мүмкін  бо-
латындығы [2, 56]. Мысалы,  ақында  ол  мына 
бір  когни-тивті  метафорадан  көрінеді  деуге 
болады: 
 
«Жымиып жыртық дүниеге өтем білем, 
Жылпосқа іш бұрса өзі жаратқанның» [75]. 
 
Жалпы алғанда, адам әлемді өз ана тілі ар-
қылы  таниды  да,  сол  негізде  ұлттық  мінезді 
бойына  қабылдай  бастайды.  Бұның  негізінде 
«ғаламның  ұлттық  бейнесі»  жатса  керек,  сон-
дықтан  «ғаламның  тілдік  бейнесі»  бала  сана-
сында  қалыптасқанда  «ғаламның  ұлттық  бей-
несі»  бірге  қабысып  қалыптасады.  Кезінде 
Э.Сепир,  Б.Уорф  ұсынған  болжамда  адамдар 
әлемді өздерінің ана тілінің призмасы арқылы 
қабылдап, көретіні айтылған еді. В.А.Маслова: 
«Ғалам  бейнесі  кеңістік,  уақыт,  сан,  этикалық 
және тағы басқа параметрлер арқылы көрінеді. 
Оның қалыптасуына тіл, дәстүр, табиғат және 
ландшафт,  тәрбие,  оқу  және  тағы  басқа  әлеу-
меттік  факторлар  өз  әсерін  тигізеді. «Ғалам-
ның тілдік бейнесі» ғаламның ұлттық бейнесін 
бейнелейді  және  әртүрлі  тілдік  деңгейлердегі 
тілдік  құралдарда  көрінуі  мүмкін», – деп  жа-
зады [5, 65]. 
Ақпарат  пен  сезінудің  бәрі  сөзбен  таңба-
ланбағандықтан  және  сана  деңгейі  әртүрлі 
деңгейде болғандықтан балада түйсіну көп бо-
лады да, ғаламның тілдік бейнесі күрделі дең-
гейде  келеді.  Біздің  зерттеуімізге  арқау  бола-
тын «ғаламның тілдік бейнесі» қарапайым түр-
ден ұласқан деңгейде келеді, сондықтан бұл – 
терең  зерделеуді  қажет  ететін  күрделі  мәселе. 
«Ғаламның тілдік бейнесі» мәселесі көп астар-
лы,  оның  үстіне,  когнитологияға  енетін  көп-
теген  ғылымдар  бар  екені  белгілі,  осындай 
объективті  себептерге  орай,  әр  ғылымның 
өзіндік  мақсатына  сәйкес  бұл  ұғымның  анық-
тамалары да көптеп саналады.  
Қазақ  когнитивті  тіл  білімінде  «дүниенің 
тілдік  суреті»  мәселесіне  өз  зерттеуін  арнаған 
А.Ислам  бұл  категорияның  таза  ұлттық  та-
нымның негізінде жасалатынын көрсеткен еді. 
Ол  «ғалам  бейнесі»  туралы: «Дүниенің  тілдік 
суреті» дегенімізді тілде көрініс тапқан, жалпы 
ұлт өкілдеріне және ұлттық әлеуметтік мәдени 
өкілдеріне  ортақ  ұжымдық  ұлттық  мәдени 
тәжірибе  негізінде  жиналған  білім  жүйесі  деп 
түсінеміз», – деп жазады [6, 29].  
Тілдік  тұлғаның  сөйлеу,  ойлау  қызметінің 
базасы  ретінде  ғаламның  жеке  және  субъек-
тілік  бейнесін  қарастырған  өзіндік  нәтижеле-
рін  беретіні  сөзсіз.  Мәселен,  Әбіш  жырла-
рында: 
«Шерменде емен ешкімге есем кетіп, 
Жетіп жатырқуғам бақ, жесем несіп, 
Дәлі де емен дау қуған тепеңдесіп, 
Жетім де емен: әкем – көк, шешем – бесік» [122]»  
 
дегендегі  әкем – көк,  шешем – бесік  дүниенің 
ақын санасындағы бейнесі деп тануға болады. 
Е.А.Керімбаев: «Ғалам  бейнесі  дегеніміз – 
адамның дүние танымындағы субъектілік және 
объектілік  бастауларының  синтетикалық  бір-
лігі,  рухани  жеке  әрі  мәдени  тарихи  субстан-
цияның  синтезі  екендігін  еске  алу  қажет», – 
деп көрсетеді [7, 48]. Ж.М. Абдрахманова «дү-
ниені»  концепті  деп  есептейді: «Егер  дүниені 
жүйелеп  қарар  болсақ:  дүние – әлем,  ғарыш; 
дүние – табиғат және оның құбылыстары (тірі 
табиғат,  өлі  табиғат);  дүние – қоғамдық  орта, 
дүние – адамдар  әлемі,  дүние – идеалдық  құ-
былыстар  (мораль,  эстетика,  дін  т.б.)  Жалпы, 
«дүние»  ұғымы  қазақ  мәдениетінің  тұрақты 
концептісі болып табылады» [8, 11].  
Дүние  суретін  дүниетаныммен  шатасты-
руға  болмайды,  дүниетаным  философиялық 
ұғым  болса,  дүниенің  тілдік  суреті – лин-
гвистикалық  ұғым.  Екі  ұғымның  да  тамыры 
бір,  бірі  көлемді  болса,  бірінің  көлемі  тілдік 
аяда шектеулі. І. Ерғали: «Дүниетаным дегені-
міз – адамның  дүниеге  (әлемге)  деген  рухани 
қатынастарының  негізі  болатын  және  солар-
дың  бәрін  жалпылама  түрде  қамтитын,  адам 
мен  әлемнің  сан  алуан  ара  қатынасын  біл-
діретін  ұғым» [9, 181]. Ақын  тіліндегі  дүние 
суреті  көбіне  метафоралардан  байқалады  да 
отырады. Мысалы: 
 
Мандайымнан адам өтсін, күлкі өтсін, 
Желе – жортып үйір - үйір жылқы өтсін, 
Менен шошып, түн ішінде дүрліксін, 
Тұяқтардан үстіме кеп шаң қонсын, 
Шаңы қонсын қырымдағы тірліктің [16]. 
Ғ. Қ. Хасанов, Г. Кайреденова

147 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
Концептілік  жүйенің  қызметі – ұлттық  на-
қыштағы күрделі ұғымдарды бір мазмұнға рет-
теп топтастыра отырып, жүйелеу. Жалпы, бұл 
мәселені  қазақ  тіл  білімінде  қарастыру  енді 
ғана  қолға  алынғандықтан,  концептілік  жүйе, 
оны құраушы бөліктер мәселесі әлі де зерттелу 
үстінде екенін айта кету керек. Мысалы: 
 
«Шыдай алмай шайқалыпты шаңырақ, 
Майыстырып тіреу қылған бақанды. 
Желтоқсанның желі сапты аңырап, 
Бұрын-соңды естілмеген мақамды» [103]. 
 
Когнитивті  метафораның  түпкі  негізінде 
тағы бір нәрсе жатады: ол – когнитивті модель 
(үлгі).  А.Б.Әмірбекова  концептілік  жүйе  мен 
когнитивті  модельдің  тығыз  байланысынан 
концептінің  құрамдас  бөліктері  туындайды 
деп  санайды. «Біздің  пікірімізше,  дүниенің 
концептілік  бейнесін  көрсететін  негізі  тірек – 
концептілік жүйе. Концептілік жүйе ішкі және 
сыртқы  құрылымдардан  тұрады.  Ішкі  құры-
лымы  концептіні  танытуға  бағытталған  құры-
лымдар:  фрейм,  сценарий,  ойсурет,  сызба;  ал 
сыртқы  құрылымы:  сөз,  фразеологизм,  мета-
фора,  сөйлем,  тіркес,  метонимия  т.б..  Концеп-
тілік  жүйе  қалыптастыруда  санадағы  ішкі  құ-
рылымдар  белгілі  бір  когнитивті  модельге  са-
лынып жинақталады. Когнитивті модель автор 
танымындағы символ, бейне, прототип, этикет, 
эталон,  ассоциативтік,  стереотиптік  бірліктер 
мен  инсайт  таңбалар  арқылы  қалыптасады» 
[10, 28]. Ал  Г.Гиздатов: «Жалпы алғанда, ког-
нитивті моделдер адам дүниеге келгенде бірге 
келмейді,  ол  адамның  жеке  тәжірибесі  мен 
адамзат  дамуының  ұзақ  жылдардағы  нәти-
жесі», – деп,  оның  түрлерін  эксперименттер 
арқылы  зерттейді [11, 15]. Өзге  тілді  оқыту 
мәселесін қарастырған Г.Е.Утебалиева модель-
дің  коммуникативті-когнитивті  моделі  түрін 
көрсетіп,  оны: «өзге  тілді  меңгеру  механизмі 
сипаттау  модельдің  барлық  компоненттерінің 
жиынтығы ретінде», –  деп ұғынады [12, 126]. 
Ақын  тіліндегі  осыдан  шыққан  метафораға 
мынадай мысал алуға болады: 
 
«Шындық – тақ, өтірік – жұп, айла – егіз, 
Айқұшақ аймаласқан фәнилік із. 
Бақиға басың жалқы аттанасың, 
Өзіне ұқсас жаратқан озалда иеміз.» [116]. 
 
Сонымен,  когнитивті  модель  дегеніміз – 
концепттің  құрамдас  бөліктерін  көрсетуші  әр-
түрлі  ассоциативтік,  символдық  белгілер  ар-
қылы танылатын үлгі, құрылым.  
 
Танымдық тұрғыда тұтас метафоралық мо-
делдердің  өзара  тіркесуі  көрінеді,  оның  негі-
зінде  де  денотаттық  жағдайлар  жатады.  Ког-
нитивті  әдіс  бойынша  А.Н.Баранов  формалды 
тіркескен  және  мазмұнды  тіркескен  метафора 
түрлерін  бөліп,  формалды  тіркесуді  сыртқы, 
ішкі  деп  екіге  жіктейді.  Ішкі  тіркесуге  дено-
тативті байлаулы, денотативті байлаусыз мета-
форалар жатады, ал сыртқы да осы сипатта тек 
контекстке  қатысты  болады.  Мазмұнды  жа-
ғынан  метафоралы  моделдер  когнитивті-се-
мантикалық  тіркесу  типі  бойынша  және  ға-
ламның  тілдік  бейнесіне  қатысты  онтология-
лық тіркесу типі бойынша екіге ажырайды [13, 
83-87].  А.Б.Әмірбекова  концепт  қалыптасты-
рудағы  метафораның  қызметі  семаларға  сүйене 
жүзеге  асатынын  сызбалармен  бейнелейді. 
Мысалы:  «Жігіт – бүркіт»  метафорасындағы 
С1 – жігіт-батыр,  қайсар;  С2 – бүркіт-мықты-
лық,  жыртқыш,  күшті;  Қ1 – ел  қорғаны;  Қ2 – 
құс  патшасы» [10, 90]. Концепт  қалыптас-
тырудағы  метафораның  қызметі  ерекше  бо-
лады,  яғни,  А.Әмірбекова: «метафора  концепт 
қалыптастыратын  құрылымдық  элементтердің 
бейнелену  қызметін  атқарады.  Метафоралану 
әрекеті  адам  тәжірибесіндегі  ассоциативтік, 
стереотиптік,  символдық  танымына  негізде-
леді.  Концепт  қалыптастырудағы  метафора-
ның қарапайым қызметі – танылатын дүниенің 
бір  қасиетін  ауыстырып,  санадағы  гештальт 
құрылымда  жаңа  фон  қалыптастыру», – деп 
жазады [10, 89]. Ал  В.Н.Телия: «Когнитивті 
метафоралар – дерексіз  ұғымдарды  қалыптас-
тырушы  және  атаушы  метафоралар», – деп 
көрсетеді [14, 193].  
Ә.  Кекілбай  өлеңдерінде  ақынның  ұлттық 
танымы  мен  өзіндік  психологиялық  когни-
циясы  көрініп,  аракідік  айқын  жағымсыз  кон-
нотацияда  сыртқа  шығып  отырады.  Бұндай 
жағдайлар  ақын  поэзиясында  жиі  болмағаны-
мен  кездесіп  отыратынын  айтып,  оған  толық 
мысал алайық: 
 
Таң атқаннан күн батқанға қызыл тілдер безеңдеп. 
Тас кереңдер тарпа бас сап, омыраулап, өжендеп, 
Көрсоқырлар көкірек соғып: «білем бәрін, көрем» деп, 
Мешел  біткен  «мен», «менге»  сап, «мен  де  дүние 
кезем» деп, 
Қортықтар да қоразданып, «жол бермесең, езем» деп, 
Кекештер де кеңірдек керіп, «Өзім... Өзім...өз е е м» 
- деп, 
Шортықтар да шабанысып, 
Қақсалдар да қағынысып, 
Бұл дүние бұл бола ма, 
Жоқ әлде әбден тұл бола ма, 
Тағы да сол таз әулекі, соқыр әнгі кезең кеп [99]
 
Когнитивті метафораның қалыптасу негізі 

148 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
Бұнда  қызыл  тілдер,  тас  кереңдер,  көрсо-
қырлар,  мешел,  қортық,  кекеш,  шортық,  қақ-
сал,  таз  әулекі,  соқыр  әңгі  сияқты  жағымсыз 
коннотацияға  ие  сөздер  арқылы  ақын  өзінің 
когнитивті  метафораларға  толы  көзқарасын 
білдіреді.  Қорыта  айтқанда,  когнитивті  мета-
форалардың  шығу  негіздерін  ашу  үшін  тың-
ғылықты зерттеу жүргізу қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет