Речевые стратегии и тактики в политических дебатах Казахстана
180
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
ӘОЖ 81'367
В. Байзакова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің II курс магистранты,
Алматы қ., Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – ф. ғ. к. доцент А. Қ. Таусоғарова
e-mail:
planetavenera90@mail.ru
Үш тілді тұлғаның басым тілі және оның тілді меңгерудегі
интерференциялық көрінісі
Мақалада шет тілі, яғни ағылшын тілін үйрену барысында пайда болатын синтаксистік интерференция-
ның туындауы жайлы мәселелер қарастырылған. Билингв – қазақтың ана тілінің әсерімен немесе әсерінсіз
туындаған сөйлемдердегі қателерді анықтау. Қазақ тілі ана тілі болып, ағылшын тілі – үйренуші тіл болып
табылатын билингвтің ауызша және жазбаша тілінде байқалатын қазақ-ағылшын синтаксистік интерфе-
ренциясын зерттеу, сонымен қатар жай сөйлем деңгейіндегі нақты интерференциялардың шығу көзін, түрін
және сипатын анықтау болып табылады.
Мақалада, сонымен қатар тілдік қарым-қатынас нәтижелері қарастырылады, нақтырақ айтсақ, үйреніп
жатқан ағылшын тіліне қазақ-ағылшын билингвизм кезінде ана тілінің интерференциясының түрлері мен
тектерін анықтау, онда бұл жерде бірінші кезекте билингвизм немесе қос тілділік деп аталатын кең әрі
күрделі түсінікті қарастыру мәселесі қарастырылды.
Түйін сөздер: интерференция, интеркаляция, қостілділік, этнос мәдениеті, объективті интерференция.
В. Байзакова
Доминирующий язык трилингва и проявление интерференции
при усвоении языка
Одним из условий эффективного овладения английским языком казахами является учет влияния родного
языка на процесс обучения английскому языку, то есть интерференция. В статье указываются ошибки, кото-
рые совершают казахи, когда говорят на английском языке. В этой статье было исследовано появление син-
таксических взаимовмешательств. Важнейшей составляющей и следствием взаимодействия и разносистем-
ных, и родственных языков является билингвизм, который, в свою очередь, сам создает предпосылки для
возникновения языковых контактов, проявляющихся в виде интерференции.
Исходя из того, что язык – средство общения, а минимальной единицей общения является высказывание,
состоящее из простого предложения, становится несомненной важность разработки проблем синтаксической
интерференции. Необходимость исследования проблем, связанных с влиянием родного языка на изучаемый
иностранный, диктуется также необходимостью подготовки высококвалифицированных специалистов, сво-
бодно владеющих, наряду с родным, государственным языком и английским профессиональным.
Ключевые слова: интерференция, интеркаляция, двуязычие, этническая культура, объективная
интерференция.
V. Baizakova
Dominant language of three language learning person and the appearance
of interference in its language acquisition
One of the conditions for effective learning English is the influence of native Kazakh language in learning
English language, that is interference. This article pointed out the errors that Kazakhs make when they speak English.
Scientific and theoretical work of bilingualism was examined. The emergence of syntactic interference was studied in
this article. The most important component and consequence of the interaction of different systems and related
language is bilingualism, which in turn, itself a prerequisite for the emergence of language contact, as manifested in
the form of interference.
Based on the fact that the language – a means of communication, and communication is the smallest unit of a
statement consisting of a simple sentence, and it becomes apparent with the importance of developing problems in
syntactic interference. We need to study a problems associated with the influence of native language while learning a
foreign language. It is also dictated by the need to prepare highly qualified specialists who are fluent along with the
native, official language and English-professional.
Key words: interference, intercalation, bilingualism, ethnical culture, the objective interference.
___________________________________
В. Байзакова
181
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасын-
дағы тілдік жағдаятқа және көптілділікке қа-
тысты мемлекет саясаты жөнінде, ана тіліміз
бен шет тілдерінің ішкі субъективті өзара ық-
палдастығының ерекшеліктері мен билингвал-
ды я полиглот тілдік тұлғаның қалыптасуына
қатысты кең ауқымды сұрақтар қарастыры-
луда. Қазіргі тілдік жағдаят қазақ тілінің үш-
тұғырлы тіл саясатында алатын орнына байла-
нысты әр түрлі мәселелерді қарастырса, тілдік
қатынас негіздері, өзге тілді меңгеру теориясы
сияқты тіл білімі ғылымдарының шет тілін,
оның ішінде, үштұғырлы тіл саясаты компо-
ненттерінің бірі – ағылшын тілінің тіл үйре-
нушілер тарапынан меңгерілуіне қазақ тілінің
психолингвистикалық ықпалдастық ерекше-
ліктерін қарастыруын талап етеді. Екіншіден,
аталмыш ықпалдастық билингвтің шет тілін
үйренуіне оң, сондай-ақ кері әсерін де тигізбей
қоймайтын негізгі факторлардың бірі болмақ.
Бұл салада жүргізілген зерттеу жұмыстардың
аздығы қазақ тілді аудиторияларда ағылшын
тілін үйретуге байланысты мәселерді шешуді
қиындатып отыр. Нақ осы уақытта әлемнің
түрлі елдерінің экономикалық, саяси және мә-
дени байланыстарының үдей түсуі тілдік қыз-
метті өзгертті және әлі де өзгертіп келеді, тіл-
дік саясат объектілерінен ана тіліміздің қайта
жаңғырып, сақталып және кең таралуына және
шет тілін оқып меңгеруге байланысты осы
сәтте тілдік жоспарлау аясында ана тіліміз –
қазақ тілін белсенді дамытуға, сондай-ақ, ха-
лықаралық қарым-қатынас тілі болып санала-
тын ағылшын тілін үйренуге басты назар ау-
дарылып келеді. Ана тіліміз қазақ тілін ауыз-
ша да жазбаша да сауатты түрде меңгеруіміз
ағылшы тілін үйренуде үлкен көмек болады,
өйткені, екі тілдік жүйені саналы түрде сал-
ғастыра білу ана тілінің ықпалын бәсеңдетеді.
[1, 25-30]
Мысалы, іскерлік ортада ағылшын тілінің
барынша қолданылуы оның қажетті деңгейін
білумен тығыз байланысты. Осы мәселелерге
орай тілдік саясаттың құралы болып табыла-
тын ағылшын тілін барлық білім беру жүйе-
сіне енгізуді жүзе асрыу барысында субъекті-
лер экстралингвистикалық және психолин-
гвистикалық проблемалармен бетпе-бет ке-
леді. Бірінші орындағы мәселелерге тілді үй-
рету сапасы, оқу құралдарының сапасы, тілді
үйренуге жасалған жағдай және т.б., ал екінші
орындағы мәселелерге тілді үйренудегі туа
бітетін қабілет, тілді меңгеру дәрежесі, ана
тілінің ықпалы және т.б. жатады.
Сабақ беру сапасы мен сәйкес оқу құрал-
дарын пайдалану ағылшын тілін сәтті меңге-
руде, біздің ойымызша, басты рөлді атқарса,
ана тілі мен үйретіліп жатқан тілді оқытудың
бастапқы сатысында тіл үйренуші дағдысынан
көрініс беретін аталмыш тілдердің өзара пси-
холингвистикалық ықпалдастығы факторының
да маңызы кем емес. Яғни, үйретіліп жатқан
ағылшын тілінің фонетикалық, грамматикалық
жүйесінің меңгерілуіне ана тілі – қазақ тілі
жүйесінің қабаттасуы – интерференция ықпал
етіп, тіл үйренушінің сөйлеу дағдысында жа-
ғымсыз сипатта көрініс береді. Осы мәселені
дұрыс шешу мақсатында, ең алдымен, ана тілі
ықпалының пайда болу себептерін анықтау
мақсатында интерференцияны болжауға ба-
ғытталған бірнеше зерттеулер жүргізу өте
қажет.
Осыған орай, біріншіден, қазақ және ағыл-
шын тілдеріндегі жай сөйлем құрылымын сал-
ғастырылуы, сөйлемдерінің синтаксистік құ-
рылымдарындағы айырмашылықтардың анық-
талуы – осы тілдердің типологиялық және
генеалогиялық жағынан екі түрлі тілдік топ-
тарға жататындығымен байланыстыруға бо-
лады. Әртүрлі тілдік жүйедегі тілдерге тән
құрылымдық айырмашылық, әсіресе, синтак-
сис саласында айқын байқалады.
Қазақстан Республикасындағы тілдік жағ-
даяттарға талдау жасау негізінде қос тілді би-
лингв тұлғалардың қалыптасу жағдайларын
қарастыруға болады. Қазақ-билингвтің шет
тілін үйрену жағдайы оның тілдік мінез-құл-
қына айтарлықтай әсер етеді. Егер билингвтің
ана тілі болып саналатын қазақ тіліне үйреніп
жатқан ағылшын тілімен байланысқа түсетін
жалғыз тіл деп қарайтын болсақ, онда қате-
лесеміз. Біздің еліміздегі қалыптасқан тілдік
жағдаяттарды ескерер болсақ, онда ана тілімен
қатар ағылшын тілін меңгеруде Қазақстанда
кеңінен жайылып, қазақ-билингвтің санасында
тұрақты қалыптасқан орыс тілінің де ықпалы
болуы сөзсіз.
Қазақ тілді мәдениет, жанұялық-тұрмыс-
тық, мектептегі қазақы орта және де қазақша
тілі шыққан билингвтің санасында қазақ тілі
басты орында тұрады. Яғни, тілдік басымды-
лық тілдік факторлардың күрделі комбинация-
сынан тұрады. Осыдан түйетініміз, біздің ең
бірінші міндетіміз – тіл үйренушіде қай тілдің
басым болып саналатынын анықтап, негізгі
интерференция көзін айқындау болып табы-
лады.
Басым тілді анықтау У. Вайнрайх жасап
кеткен (тіл білудің салыстырмалы жетістігі
бойынша, пайдалану әдістері бойынша, үйрену
Үш тілді тұлғаның басым тілі және оның тілді меңгерудегі интерференциялық көрінісі
182
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
тәртібі және жас шамасы бойынша, сөйлеуші-
нің қоғамдағы рөлі бойынша, қарым-қатынас-
тағы рөлі бойынша) тілдік тұлға қарастырып
отырған басым тілді анықтауға мүмкіндік бер-
ді. Алғашқы төрт критерийге сүйенсек, ағыл-
шын тілін үйренудің бастапқы кезеңінде ба-
сымдылық қазақ тіліне беріледі, біріншіден,
студент сол кезде орыс тіліне қарағанда қазақ
тілін еркін меңгерген, екіншіден, оны ауызша
да, жазбаша да қолданады, ал орыс тілін тек
ауызша қолданады, үшіншіден, бала кезінен
үйренген қазақ тілі кейінірек үйренген орыс
тіліне қарағанда билингв санасында басымды-
лық танытады, төртіншіден, Қазақстан Респуб-
ликасының тілдік саясатына сай «қоғамда ана
тілін еркін меңгерумен өз этносының мәде-
ниетін міндетті түрде білу керек» деген көз-
қарас белсенді түрде қалыптаса бастады.
Қазақ тілін білу қоғамдық баспалдақпен
сәтті көтерілудің негізгі талаптарының бірі бо-
лып табылады және де билингв санасында
оның маңызын қатайта түседі. Соңғы пунктке
келер болсақ, оқудың алғашқы курсында
билингв үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын
тілдерін потенциялды түрде пайдалана алады,
ал қазақ тіліне көбірек сүйену орыс тілінде
сөйлеудің қалыптасуының жеткіліксіздігінен
болады. Өз қатарластарымен орыс тілінде қа-
рым-қатынас жасау оның тілдік мінез-құлқын
айтарлықтай өзгертуі мүмкін, оқу курсының
аяқ жағында орыс тілінің басымдылығын бай-
қауға болады, сонымен қатар қазақ тілінің
ағылшын тіліне ықпалының көтерілгенін бай-
қаймыз. Айта кететін бір жайт, бұл теориялық
қорытынды соңғы және мүлдем даусыз тұ-
жырым деп қорытуға болмайды, өйткені, бұл
қозғалып отырған мәселе бұдан да ауқымды,
арнайы зерттеуді талап етеді. Біздің билингв-
тің басым тілін анықтауға жасап жатқан қа-
дамдарымыз берілген шет тілін үйрену кезін-
де-ақ түрлі дәрежеде екі тілді меңгерген би-
лингвтің ағылшынша сөйлеуіндегі синтаксис-
тік интерференцияның негізгі көзін тауып,
анықтау қажеттілігімен байланысты. Сондай-
ақ, қазақ тілінің психологиялық басымдығы
шет тілін (ағылшын) үйрену үдерісінде интер-
ференциялық ықпалымен байқалады. Орыс
тілінің ықпалы аздау, сондықтан да қарас-
тырылып отырған тілдік тұлға шартты түрде
«қазақ-ағылшын билингв» деген біліктілікке
ие болады да, бұл тұрғыдағы ықпалдастық
ағылшынша сөйлеу үстіндегі синтаксистік құ-
рылымының тілдік нормадан ауытқуы арқылы
көрініс береді. Еліміздегі тілдік саясат аясында
және де осы жұмыста көрсетілгендей ағылшын
тілін үйрену барысында интерференттік қате-
лерден сақтандыру проблемалары маңызды
мәселеге айналып барады және бұл – біздің
басты назар аударатын мәселеміз.
Қазақ тілі – ана тілі, ал ағылшын тілі үй-
ренуші тілі болып табылатын билингвтің ауыз-
ша және жазбаша тілінде байқалатын қазақ-
ағылшын синтаксистік интерференциясын зерт-
теу, сонымен қатар, нақты интерференциялар-
дың шығу көзін, түрін және сипатын анықтау
мынадай мәселелерді шешуді алға қояды:
Қазақстан Республикасының тілдік жағ-
даятын талдай отырып, интерференцияның не-
гізгі себебін анықтау мақсатымен жаңадан қа-
лыптасып келе жатқан билингвтің басым тілін
айқындау;
билингвтің қостілді табиғатын түсін-
діру мақсатымен классификациялаудың бел-
гілі жүйелеріне сай қазақ-ағылшын билин-
гвизмінің түрін анықтау;
салғастырылушы тілдердегі болымды,
болымсыз және сұраулы сөйлемдердегі сөз
тәртібін қарастыру және ұқсастықтар мен айыр-
машылықтар негізінде потенциалды интерфе-
ренцияның саласын айқындау;
ағылшын тілінің сөйлем-демеулік жүйе-
сіне (предлоги), олардың қазақ тілімен функ-
ционалдық сәйкестігіне, салғастырылушы тіл-
дердегі белгілілік/ белгісіздік берілу жолына
талдау жасау арқылы ұқсастықтар мен айыр-
машылықтар негізінде потенциалды интерфе-
ренцияның саласын айқындау;
нақты интерференцияны анықтау мақ-
сатымен эксперимент жүргізу;
эксперимент нәтижелерін анықтай оты-
рып, синтаксистік интерференцияның объек-
тивті шығу көздері мен түрлерін, олардың се-
бептерін анықтау. [2, 30]
Зерттеушілердің пікірінше, ағылшын тілін
үйренушілердің синтаксистік тұрғыда жібере-
тін қателері тілді меңгерудің соңғы кезеңінде
жүрген студенттерде яғни (upper-intermediate
level) аз байқалған. Сонымен қатар қазақ тіл-
ділердің өзінде де орыс тілінің сөйлем құры-
лымының әсері сезіліп тұрады. Ағылшын тілін
үйренушілер ішіндегі еlementary немесе be-
ginner деңгейіндегі студенттердің интерфе-
ренттік қасиеті соңғы этаптағы студентке қа-
рағанда үш есеге дейін көп екендігі анық көрі-
неді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке жет-
кеннен бері қостілділіктің дамуы және оның
әл ахуалы күн тәртібінен түспей отыр. Қос-
тілділікті дамыту – қазіргі заманның өзекті мә-
селелерінің бірі. Сондықтан да оны жан-жақты
В. Байзакова
183
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
ғылыми тұрғыдан зерттеу қоғамның еншісін-
де. Тілді білу – оңай шаруа емес. Ешкім туыл-
ғаннан қостілді болып туылмайды. Бұл үрдіс
қажеттіліктен туындайды. Қазіргі уақытта көп
тіл білу – өмір қажеттілігі. Осы қажеттілік не-
гізінде қостілділік пайда болып қалыптасады
және қоғамда ұлт саны қаншама көп болса, ол
үшін қостілділік пен көптілділік соншама керек.
Әдебиеттер
1 Вайнрайх У. Одноязычие и многоязычие // Новое в лингвистике. – Выпуск VI. – Москва: Прогресс, 1972. – С. 25-30.
2 Карлинский А.Е. Основы теории взаимодействия языков. – Алма-Ата: Гылым, 1990. – 181 с.
3 Бактыгалиевна Т.С. Влияние казахского языка на английскую речь билингвов на уровне простого предложения.
Автореферат. – А., 2010. – 30 с.
4 Исенова Б.С. Интерференция при изучении английского грамматического минимума в казахской школе // Языковые
контакты и интерференция. – Алма-Ата: КазГУ, 1984. – С. 38-39.
References
1 Vaynrayh U. Odnoyazychie i mnogoyazychie // Novoe v lingvistike. Vypusk VI. – Moskva: Progress, 1972. – S. 25-30.
2 Karlinskiy A.E. Osnovy teorii vzaimodeystviya yazykov. – Alma-Ata: Gylym, 1990. – 181 s.
3 Baktygalievna T.S. Vliyanie kazahskogo yazyka na angliyskuyu rech' bilingvov na urovne prostogo predlozheniya.
Avtoreferat. – A., 2010. – 30 s.
4 Isenova B.S. Interferentsiya pri izuchenii angliyskogo grammaticheskogo minimuma v kazahskoy shkole // Yazykovye
kontakty i interferentsiya. – Alma-Ata: KazGU, 1984. – S. 38-39.
Үш тілді тұлғаның басым тілі және оның тілді меңгерудегі интерференциялық көрінісі
184
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
ӘОЖ 070 (091)
А. Бегматова
1
, Б. Құлжанова
2
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
1
4 курс студенті,
2
ф. ғ. к. доценті, Алматы қ., Қазақстан
e-mail: bahit777@mail.ru
Қазақ тіліндегі көптік жалғаулары, оның ерекшеліктері
Мақалада қазақ тілінің көптік жалғаулары және оның ерекшеліктері жөнінде сөз болады. Жалпы көптік
мағына тудырудың тіліміздегі барша тәсілін шартты түрде болса да морфологиялық, лексикалық, синтак-
систік деп аталатын негізгі үш топтың төңірегінде жинақтап көрсетуге болады. Осы үш тәсілдің ең үнемдісі –
морфологиялық тәсіл.
Көптік мағына тудырудың лексикалық-семантикалық тәсілі дегеніміз – бір жалғаудың қызметіне байла-
нысты болмай, сөздің ішкі мағынасына байланысты болып келуі.
Санауға келмейтін жер байлықтары, ағаш, жеміс түрлері, өсімдік, астық, шөп аттары жекеше тұрғанда
жеке тұлғада тұрып, жалпылау не жинақтау мағынасында жұмсалып, тұтас, бөлуге келмейтін көптікті біл-
діреді.
Түрлі ғылым салаларының аты да үнемі көптік жалғауынсыз айтылады. Қазақ тілінде көптік мағына
тудырудың тәсілдерінің бірі – синтаксистік тәсіл.
Түйін сөздер: көптік жалғаулар, тілдік категориялар, грамматикалық мағыналар, көптік мағына, стильдік
өзгешелік.
А. Бегматова, Б. Кулжанова
Окончание множественного числа в казахском языке и их особенности
В статье говорится об окончаниях множественного числа и их особенностях казахского языка. Всех
видов множественного числа, хотя бы в условном виде можно собрать в трех группах – это морфологи-
чeский, лексический, синтаксический. Из этих трех способов самый удобный вид – морфологический.
Способ образования множественного вида семантического-лексического способа связана не только с
ролью одного окончания, а связана с внутренним лексическим способом.
Земные богатства, деревья, виды фруктов, растения, зерно, тено, которое нельзя разделить, стоящее в
одиночном виде, обозначает неразделимую коллекцию.
Разные виды названия науки, всегда сказываются без окончаний множественного числа. Образование
множественного числа в казахском языке – это синтаксический метод.
Ключевые слова: окончания множественного числа, категорий в речи, грамматические способы,
множественные способы, различие в стиле.
A. Begmatova, B. Кulzhanova
Plural ending in and their features
The article talks about the plural endings and their features of Kazakh language. All types should, at least in a
conditional form can be gathered into three groups – a morphological, lexical, syntactic. Of these three methods is the
most convenient view – morphology.
Method of education of multiple types of the semantic-lexical way connected not only with the role of one end,
and is associated with the inner, lexical way.
Earthly riches, trees, fruit, plants, seeds, which cannot be divided, standing in a single form, represents the
indissoluble collection.
Names of different types of science, always impact without the plural endings. Education should Kazakh
language is syntactical method.
Key words: the plural categories of speech, grammatical forms, multiple methods, the difference in style.
_________________________________________
Қазақ тілі – тілдік категорияларға өте бай
тіл. Және өздеріне ғана тән ерекшеліктері мен
белгілері болады. Осындай морфологиялық
формалардың бірі – жалғаулар. Жалғауларда
мағыналық дербестік де, тұлғалық дербестік де
болмайтыны белгілі. Осы заңдылықты Ахмеди
Ысқақов өзінің «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбе-
гінде былай деп түсіндіреді: «Жалғаулар, бірін-
шіден, жеке-дара қолданылмайды, екіншіден
жеке тұрғанда ешқандай мағынасы болмайды.
Ал мағыналы сөздерге қосылғанда, олардың
атқаратын қызметтері де зор және ол сөздерге
А. Бегматова, Б. Құлжанова
185
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
тиісті грамматикалық мағыналар да жамайды»
[1, 39]. Тілімізде жалғаулардың ішінде көптік
жалғаулардың алар орны ерекше екені сөзсіз.
Көптік жалғау аты айтып тұрғандай жалғанған
сөзге көптік мағына үстейді. Десек те, көптік
жалғаулар өзі жалғанған сөзге үнемі көптік ма-
ғына үстей бермейді. Олар (көптік жалғаулар)
сөзге жалғанғанда белгілі бір заңдылыққа сүйе-
неді. Олардың сөйлемде атқаратын стилисти-
калық қызметінің де рөлі күшті. Аталмыш жал-
ғаулар зат есімдерге жалғанғанда сол сөз ар-
қылы аталатын заттардың көптігін білдіреді.
Бірақ бұл көптік мағына дәл санды я сандық
ұғымды білдірмейді, сол сөз арқылы аталатын
белгілі бір заттың тобы,жинағы туралы ұғым-
ды жалпылап атайды. Мысалы, кітаптар, адам-
дар, дәптерлер,оқушылар деген формалар бір
кітап, бір адам, бір дәптер, бір оқушы жайында
емес, олардың әрқайсысының жинақталған тобы
жөніндегі ұғымды бағдарлатады. «Көптік жал-
ғаулар есімдіктерге, мысалы,сен, сіз, біз, ол,
өз, кім, не (немесе), бұл, сол, әркім, біреу тағы
басқаларына жалғанғанда, сол есімдіктер ар-
қылы ишараланып аталатын заттың не басқа
бір ұғымның саналмай айтылған жинақ тобын
білдіруімен қатар, саралап, тарамдап я талдап
нұсқағандықты да аңғартады. Мысалы, Сен-
дер бақыттысыңдар, Майпа! (Ғ. Мұстафин)»
[1, 43] деп А. Ысқақов өзінің зерттеуінде көп-
тік жалғаулардың тағы бір ерекшелігін атап
көрсетіп, мысалмен түсіндіріп береді. Көптік
жалғаулар сан есімдерге жалғанғанда бір жәйт-ті
ескерген дұрыс. Өйткені, көп жағдайларда сан
есімге көптік жалғауы жалғанғанда көптік ма-
ғына үстейді деген үлкен қателіктердің орын
алып жүргендігі жасырын емес. Шын мәнінде,
сан есімдерге жалғанғанда, ол дәл сол санның
көптігін бермейді, мөлшер я болжал ұғымын
білдіреді. Көбіне, болжал мағынасы басымы-
рақ қолданылады. Мысалмен көз жеткізіп кө-
рейік, «Жасы елулердегі кісі» дегенде көптік
жағаудың болжалдық мағынасы үстем болып
тұрғандығын байқау қиын емес. Дәл осы ұқ-
састық көптік жалғаулардың мезгіл үстеулерге
жалғануында да көрініс табады. Сөзіміз
дәлелді болу үшін оған да бір мысал келтіре
өтейік: «Парсы, түрік тілдеріндегі кітаптардан
былтырлар өзі оқыған. (М. Әуезов)». Осында-
ғы «былтырлар» сөзі ешқандай да мезгілдік
ұғымды білдіріп тұрған жоқ. Көптік жалғау-
лардың жалғануындағы ірілі-ұсақты ерекше-
ліктерді А. Ысқақов былай санамалап береді:
«Көптік жалғаулар көп адамға тән я ортақ бола
алатын заттардың (адамның, нәрсенің) атаула-
рына қосылғанда, сол заттың көп (бірнеше)
адамға бірдей (ортақ) екенін білдіреді. Мы-
салы, Әкелерін қатты сағынып,еркелеп отыр-
ған балалардың үшеуі де Абайдың сөздерін
қостады. (М. Әуезов); Екінші, көптік жалғау-
лар мекен атауларына қосылғанда, сол сөздің
көптігін білдірмейді, оған «сол жақ», «сол ма-
ңай» (айнала,төңірек) деген сияқты қосымша
рең үстейді» [1, 45]. Бұл жерде де жоғарыда
айтылғандай болжалдық мағынасының рөлі
басымырақ болып тұр. Осы жіктеулерден бай-
қағанымыз, көптік жалғаулар әрқашан жалған-
ған сөздеріне көптік мағына үстей бермейтін-
дігінде. Аталмыш заңдылықтар тіл ғылымы-
ның, тіл саласының әр алуан қырлары көп
екендігін көрсетіп тұр.
Сондай-ақ көптік жалғаулардың граммати-
калық қызметінен басқа стилистикалық қыз-
метінің де рөлі зор екенін білеміз. Көптік ұғым-
ның бірден-бір грамматикалық көрсеткіші –
көптік жалғау болғанымен, әртүрлі тәсілдер
арқылы жасалуының өзі оның қызметінің
сипатына қарай семантикалық-стилистикалық
мағынасының сан алуан көрінісін айқындайды.
Мұны лингвист Д. Әлкебаева өз зерттеуінде
әдемі әрі түсінікті ашып береді.
«Мен орманға барғанда,
Неше түрлі гүл ұстап.
Қайтушы едім қолыма
Гүлдер түгіл бұл күнде
Шөп дағы жоқ маңымда (А. Мицкевичтен – Абай )
Осы өлең жолында гүл бір тармақта жеке-
ше формада, екінші тармақта көптік жалғауы-
мен келіп тұр. Бір қарғанда мұнда ешқандай
өзешелік жоқ сияқты болғанымен,стильдік өз-
гешелік бар екенін аңғаруға болады. Стильдік
өзгешелік бірнеше мағынаға құралған көркем
шығарманың грамматикалық құрылысындағы
біркелкілік пен бірізділік – сөз, сөйлем құра-
мындағы нақты бір-бірімен қиысып жатса,олар
өзара үйлесімділікке негізделеді. Кейде грам-
матикалық ауытқулар болуы да заңдылыққа,
яғни мағыналық өзгешелікке әкеледі. Жоғары-
дағы өлең жолдарында бірінші гүл сөзінің же-
кеше тұлғасы көптік мағынанаы да қамтып
тұр. Ал екінші көптік –лар жалғауымен келген
гүлдер интонацияға ұласып,өкініш мағынасын
аңғартқандай. Сонда бірінші жекеше гүл көп-
тік мағына ғана аңғартпайды, әрі көңілді еркін-
дік мағынасын аңғартып тұрғанын байқауға
болады. Егер соңғы гүлдердегі –дер көптік
жалғауын алып тастасақ,өкініштің мағыналық
салмағы жеңілдеп, ойға тереңдеу әсер етпей-
тіндігін де көруге болады» [2, 100]. Бұл ғы-
лыми тұжырымнан көптік жалғаулардың сөй-
лем ішіндегі стилистикалық қызметі мен мағы-
налық реңктерінің әрқилы болатындығына
Қазақ тіліндегі көптік жалғаулары, оның ерекшеліктері
186
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
көзіміз жетті. Аталмыш жалғаудың стилисти-
калық қызметі жайлы ілгеріде А. Ысқақов та
сөз етіп өткен болатын: «Көптік жалғау (-лар)
бір сөйлемде (кейде іргелес,құрмалас сөйлем-
дердегі) біріне-бірі қатысты бірнеше сөзге
(мүшеге) жалғана береді. Ондайда көптік жал-
ғау, бір жағынан сөздерді бір-бірімен қиыс-
тыру үшін қолданылса, екінші жағынан, олар-
ды сараландырып, айқын ашық етіп ажыратып
айту үшін қолданылады» [1, 46]. Сонда көптік
жалғауларының грамматикалық та, стилисти-
калық та қызметінің өте жоғары деңгейде бо-
латындығын көрдік.
Сондай-ақ көптік жалғауларының мағына-
лық реңктерінің әртүрлілігі олардың (көптік
жалғаулар) сөйлемдегі стилистикалық қызметі-
нің алуандығын байқатады. Мысалы, сын есімге
жалғанған –лар, -лер көптік жалғаулары айтыл-
ған ойға мысқыл, кекесін мағынасын жамайды.
Мысалы, білгіштер, данышпандарым, оқымыс-
тылар, маңғаздар сынды сөздер контекстік ма-
ғынасына қарай кекесін, әжуа мағынасын үсте-
мелейді. Сын есімге көптік жалғаулардың жал-
ғануы арқылы зат есім сөздер жасалып тұр. Яғни,
сөз болып отырған білгіштер, маңғаздар, оқымыс-
тылар сынды сөздер «адам» мағынасында жұм-
салып тұр. Жағымсыз мағынаны беруде де көп-
тік жалғаудың рөлі айрықша. Мұндай сөздер,
көбіне, Абай өлеңдерімен, кейінгілерден Мұхтар
Шаханов өлеңдерінде өте жиі қолданысқа ие.
Көптік жалғаулары туралы сөз болғанда мін-
детті түрде ескеретін жәйттер бар. Ол – тіліміз-
дегі барлық сөздердің бәрі бірдей көптік жал-
ғауын қабылдай бермейтіндігінде. Мысал үшін,
табиғат құбылыстары мен дене мүшелерінің
көбісі көптік жалғауын қабылдамайды. Айталық
күнделікті сөйлеу тілінде болсын, әдеби тілде
болсын шаштар, мұхиттар, тырнақтар, өзендер,
күндер, айлар, аспандар деп қолдана алмаймыз.
Өйткені, ол тілдік заңдылықтарға бағынбайды.
Күн, аспан, ай деген ұғымдар дүниедегі бір ғана
жеке ұғымдар. Айталық, «Әлемде қанша мұхит-
тар бар?» деп қолдану – үлкен қателік. Ал, «шаш»
ұғымы көптік жалғауын қажет етпей-ақ көптік
мағынаны білдіреді. Сондай-ақ бір сөзде бірнеше
жалғау қабаттасып келгенде, көптік жалғау әдет-
те орын жағынан өзге жалғаулардың бәрінен де
яғни тәуелдік жалғауынан да, септік, жіктік жал-
ғауларынан да бұрын, тікелей түбірден я негіз-
ден соң жалғанады. Осыны сөйлем құрастыру
барысында ұмытпау керек. Олай болмаған жағ-
дайда грамматикалық заңдылыққа нұқсан келеді.
Көптік жалғаулардың беретін сан алуан
мағыналарына байланысты айтылар деректер,
әрине, орасан. Бұл мәселе төңірегінде зерттеу-
ші М. Нұрғалиева былай дейді: «Көптік мағы-
на тудырудың лексикалық жолы арқылы кей-
бір жалпылау мағынадағы есімдер түбір күйін-
де-ақ көптік ұғым білдірумен қатар мұндай зат
есімдерге көптік ұғым жалпы айтылмай, сара-
ланып айтылғанда, көптік жалғау жалғана береді.
Олардың бастылары:
Ұлт аттары. Ұлт аттары түбір күйінде тұрып,
сол ұлтқа жататын бірнеше адам жайында ұғым
береді. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті.
(Абай). Мұнымен қатар ұлт аттарына көптік жал-
ғауы жалғанып та айтыла. Белгілі бір ұлт жайын-
да да дараланбай тұтас, жалпы айтылса,олар же-
кеше тұлғада тұрады да,жалпы болмай, сол ұлт-
қа жататын бірнеше адам жайында ғана айтыл-
са, көптік жалғауы жалғанады. Мысалы, орыс
поселкелерінің малын бағуды кәсіп қылатын
қазақтарды ел қазағы «жатақ» деп атайды. (С. М.)
Мал, құс, аң түрлері жинақтау мағынада
жұмсалатындықтан көптік жалғауы жалған-
бай-ақ сол мағынада жұмсала береді. Мысалы,
Қойды, сиырды, жылқыны айнала жусатамыз
да, барлық бала асыр сап ойнаймыз.
Қос сөздер. Негізінде қос сөздерге көптік
жалғауы жалғанбай-ақ сол ұғымды білдіреді.
Мысалы, Арыстан қарт кәдімгідей бойы жеңіл-
деп, кең залға жиналған жас-кәрінің ортасында
қуақы тартып отыр. (Ғ. Сл.)» [3, 18]. Бұл еңбек-
те тілдік қолданыста болғанымен, көптік жал-
ғауды жұмсауда көбінің ескере бермейтін мәсе-
лелеріне маңызды ғылыми тұжырым жасалған.
Тұжырымдай келгенде, көптік жалғаулар-
дың тілдік қолданыстағы орны мен маңызды-
лығы өте жоғары екендігіне көз жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |