Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет8/46
Дата15.03.2017
өлшемі3,99 Mb.
#9386
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46

Түйін сөздер: қазақ халқы, қазақ диаспорасы, шетелдегі қазақ әдебиеті, Шынжаң қазақ әдебиеті, Ақыт 
Үлімжіұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Қажығұмар Шабданұлы.  
 
С. У. Такиров, А. Р. Акеева 
Сокровенное направление казахского словесного искусства (о казахской литературе в Китае) 
 
В статье рассматривается процесс развития и исследования казахской литературы зарубежья как важной 
части  нынешней  казахской  литературы.  Дается  описание  особенностьям  и   проявлениям  литературно-куль-
турных  достижении  казахов  проживающих  в  чужих  странах.  Взяты  под  руководство  ряд  трудов  иссле-
дователей,  работающих  во  благо  казахской  литературы.  Исследуются  научные  труды  в  которых  рассма-
триваются  направления  художественно-эстетического  развития  и  тематическо-идейной  основы  казахской 
литературы в Китае. В том числе в статье анализировались произведения таких поэтов как Акыт Улимжиулы, 
Танжарык Жолдыулы которые оставили неизгладимый след в казахской литературе, говорится о некоторых 
моментах  жизни  и  творчества  Кажыгумара  Шабданулы,  который  написал  шеститомный  роман  «Кылмыс», 
также  основал  казахскую  литературу  в  Китае.  Выделены  своеобразия  казахской  литературы  зарубежья, 
который вносит свою долю в художественное развитие нынешней казахской литературы.  
Ключевые  слова:  казахский  народ,  казахская  диаспора,  казахская  литература  в  зарубежье,  казахская 
литература в Шынжане, Акыт Улимжиулы, Танжарык Жолдыулы, Кажыгумар Шабданулы.   
 
Sarzhan U. Takirov, Ainur R. Akeeva 
Most Sacred direction of the Kazakh literary art (about the Kazakh literature in China) 
 
The article deals with the process of research and development of Kazakh literature abroad, as an important part 
of modern Kazakh literature. We give a description of the features and manifestations of literary and cultural 
achievements of Kazakhs abroad. Taken under the guidance of a number of works of researchers who work for the 
benefit of Kazakh literature. Studied scholarly works that examine the direction of artistic and aesthetic development 
and thematic and ideological foundations of Kazakh literature in China. Including in article analyzed the works of 
such poets as Akyt Ulimzhiuly, Tanzharyk Zholdyuly who left an indelible mark in the Kazakh literature, describes 
some of the moments of life and creativity Kazhygumara Shabdanuly who wrote a six-volume novel "Kylmys" also 
founded the Kazakh literature in China. Marked peculiarity of Kazakh literature abroad, which is making its share in 
the artistic development of the current Kazakh literature.  
Key words: Kazakh nation, Kazakh diaspora, Kazakh literature in abroad, Kazakh literature in Shynzhan, Akyt 
Ulimzhiuly, Tanzharyk Zholdyuly, Kazhygumar Shabdanuly. 
_________________________________________ 
 
Тарихи  отанынан  тыс  жерлерде  ғұмыр  ке-
шіп  жатқан  ұлт  өкілдерінің  бір  бөлігі  ирре-
дента,  ал  екінші  бөлігі  диаспора  деп  аталады. 
Бұл  жағдай  қазіргі  қазақ  ұлтының  да  басын-
дағы  жағдайлардың  бірі  саналады.  Ирредента 
деп – өздерінің ежелгі атамекенінде өз дәстүр-
лерін  сақтап  өмір  сүріп  отырған  біртұтас  ха-
лықтың  бір  бөлігін  айтады.  Алайда  өкінішке 
Қазақ сөз өнерінің асыл арнасы (Қытайдағы қазақ әдебиеті жайында) 

46 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
қарай,  отарлаушы  империялардың  өзара  келі-
сімдерінің  салдарынан,  қазақ  халқының  ата-
бабадан  қалған  біртұтас  жерлері  басқа  мемле-
кеттің құрамына өтіп кетті.  
Ал халықтың бір елден екінші елге еріктен 
тыс қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы 
диаспора  атауымен  аталады.  Осы  орайда,  ха-
лықтың өсу динамикасына қатысты зерттеулер 
жүргізуші,  көші-қон  саясатын  талдап  жасау-
шылардың  бірі,  сондай-ақ  шет  елдегі  қазақ-
тардың  ата  мекенге  оралуын  алғаш  ұйымдас-
тырушылардың бірі болып табылатын, әрі Қа-
зақстанда  демография  туралы  білімнің  негізін 
қалаушы, қоғам қайраткері, профессор Мақаш 
Байғалиұлы  Тәтімовтің  аталған  терминдер 
сияқты  бірқатар  атаулардың  ел  арасында  қол-
данысқа  еніп  кетуіне  зор  енбегі  сіңгендігін 
атап кеткен жөн. Бүгінгі таңда еуразиялық ке-
ңістікте орын алып жатқан күрделі үрдістердің 
әлемнің тағдыры үшін үлкен маңызы бар.  
Әрбір  халықтың  өмір  сүру  салтындағы  өз-
гешеліктер  жалпы  дүниежүзілік  тарихтың  даму 
үрдісін,  ішкі  тұтастығын,  жалпы  жүйесін  бұз-
байды. Қайта тереңдеп қараған сайын, ол ерек-
шеліктер жалпы тарихи санамызды гүлдендіре 
түсері  анық.  Міне,  қазақ  диаспорасы  мәселе-
сіне  деген  қызығушылық  осы  қырларды  ай-
қындай түсуге бағыттайды [1, 4]. Қазақтардың 
екі мемлекетке бөлініп қоныстануы 1864 жыл-
ғы  “Қытай-Ресей  батыс  солтүстік  шекараны 
өлшеп  айыру  тоқтамынан”  басталған.  Бұл  мә-
селе  тарихтан  белгілі  Шәуешек  келісімі  деген 
атқа ие. Аталған келісім – патшалық Ресей мен 
Қытайдың  Цинь  империясы  арасында 1864 
жылдың 7 қазанында Шәуешек қаласында қол 
қойылған  мемлекеттік  шекара  келісімі.  Ол 
«Қытай-Ресей  солтүстік-батыс  шекараны  бел-
гілеу  келісімі»  деп  те  аталады.  Келісім  онт 
тараудан тұрады. Онда шекара сызығын белгі-
леудің  принциптері  белгіленген.  Онда  “Шекара 
сызығы  тау  шоқылары,  үлкен  өзендер  және 
қазіргі  Қытайдың  тұрақты  қарауылдарын  жа-
ғалай  тартылады”  деп  көрсетілген.  Шекара 
сызығы  қазақ  жері  арқылы  өтетіндіктен  онда 
отырған  қазақтар  жөнінде  келісімнің  бесінші 
тарауында  «Қазір  шекараны  ақылдасып  бел-
гіледік,  Екі  ел  мәңгі  тату  болады.  Осыдан 
кейін  екі  мемлекет  осы  белгіленген  шекара 
маңындағы  өңірлерде  отырған  малшыларға 
таласпау үшін, осы келісім құжаттар бір-біріне 
тапсырған (күшіне енген)  күннен бастап, олар 
бұрыннан  бері  қай  жерде  мал  бағып  отырған 
болса,  сол  жерлерде  малдарын  бағып  отыра 
берулері керек.  
Олар сол ежелгі қоныстарда орнығып оты-
рып,  шаруашылықтарымен  шұғылдана  беру-
лері  үшін,  жер  қай  мемлекетке  бөлінсе,  онда 
отырған  адамдар  жерімен  қоса  сол  мемле-
кеттің  басқаруында  болады»  деп  жазылған. 
Осы  келісім  негізінде  Қытай-Ресей  мемлекет-
тік  шекара  сызығының  арғы  бетінде  қалған 
қазақтар  Қытай  азаматы  болды  да,  бергі  жа-
ғындағылар  Ресей  құрамындағы  қазақтар  бо-
лып саналды. Екі жақтық келісім бойынша Ер-
тіс  өзенінен  көлденеңдеп  Памирге  дейін  тар-
тылған бұл шекара сызығы қазақ жері мен елін 
алғаш  рет  екіге  бөлді.  Содан  бастап,  Ресей 
империясы  мен  Қытай  империясының  шека-
раны бөлісу келісіміне байланысты ерте дәуір-
лерден  іргесі  бөлінбей,  ауылы  аралас,  қойы 
қоралас болып келген қазақ халқы екіге жары-
лып,  Қытайдағы  қазақ  диаспорасы  мен  Ресей-
дегі қазақ диаспорасы қалыптасты [2, 3].  
ХХ  ғасырдың  басында  болған  көптеген 
тарихи төңкерістер мен оқиғалардың салдары-
нан  қазақтардың  біраз  бөлігі  туып  өскен  ата-
мекендерінен  ауып  кетті.  Әсіресе  империялық 
министр  Столыпиннің  Қазақстандағы  аграр-
лық  реформасы, 1914 жылғы  бірінші  дүние-
жүзілік соғыстың басталуынан туындаған 1916 
жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысы, 1917 жылғы 
Ақпан төңкерісі мен Қазан төңкерістері,  1918-
1920  жылдардағы  азамат  соғысы,  1921  жылғы 
ашаршылық  пен  қазақ  ұлтының  басына  өте 
қатты  ауыртпашылық  әкелген 1931 жылғы 
ашаршылық, атап айтқанда ұлтқа қарсы жүргі-
зілген  геноцид  осы  оқиғалардың  қатарында 
жатады.  Қазақ  ұлтынан  екінші  дүниежүзілік 
соғысқа қатысқандардың тұтқынға түскендері, 
отанына  оралмай  қалып  қойғандары  шет  ел-
дердегі  қазақ  диаспорасы  өкілдерінің  қатарын 
толықтырған.  
ХХ  ғасырдың  алпысыншы-тоқсаныншы 
жылдарындағы Батыс Еуропа, Америка сияқты 
елдерге  еңбек көші-қонның  жасалуы; кеңестік 
жүйе  жойылғаннан  кейінгі  өтпелі  кезеңде  Қа-
зақстан  экономикасында  орын  алған  уақытша 
тұрақсыздық;  діни  себептер:  патшалық  және 
кеңестік  билік  кезеңдерінде  мұсылмандардың 
қасиетті  жерлері  саналатын  Мекке  мен  Мәди-
наға  діндарлардың  қажылық  сапармен  баруы-
ның  қиындауы,  дінге  сенушілердің  қыспаққа 
алынуы  сияқты  жағдайлар  белең  алып,  ха-
лықтың өз жерінде өз елімен тыныш өмір сүруі-
не мүмкіндік болмады. Осы уақытта да қазақ-
тардың  көбісі  жер  аударуға,  шет  елге  көшіп, 
тұрақ  табуға  мәжбүр  болған.  Ата  жұрттан  ке-
тіп, сыртқа кете бастаған қазақ ұлтының көші 
“ақтабан  шұбырынды“  кезіндегі  жаугершілік 
С. У. Такиров, А. Р. Акеева

47 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
пен шапқыншылық салдарынан да басталған.  
Ал 1723 жылы  солтүстік-шығыстан  ша-
буыл  жасаған  жоңғарлардан  шегінген  көш-
пенді халықтың  оңтүстік-батысқа қарай ауып, 
қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуден бас-
қа  амалы  қалмаған.  Шапқыншылықтан  қатты 
күйзелген қазақтың шашырап не бірігіп кеткен 
ру-тайпалары  Ташкент  маңында  жасанды  құ-
рамалар  түрінде  қайта  құрылып,  сол  аймақ-
тарда қалып қойған. Олар бүгінде  қазақ-өзбек 
арасында  қалған  ирредент-маргиналдар  сана-
лады.  Тамды  аймағында,  Мырзашөлде,  Шыр-
шық  бойында  қазақтар  ертеден  тұрып  келген. 
Қазақ  даласының  одан  әрі  кең  жайылуына 
отаршылдық  тікелей  әсер  еткенін  тарихтан 
білеміз.  Алдымен,  Еділ  мен  Жайықтың  жаға-
сынан,  кейін  Есіл  мен  Тобылдың  бойынан 
және  Ертіс  өңірінен  зорлықпен  қуылған  көш-
пенді  қазақ  тайпалары  солтүстік-батыстан  оң-
түстік-шығысқа  қарай  үдере  көшкен.  Отар-
шылдық  тудырған  тауқыметті  кезең  шамамен 
алғанда 1650 жылдан 1916 жылға  дейін  жал-
ғасып  келді.  Азамат  соғысы  жылдары  Қазақ 
жұртының  Қытай  мен  Моңғолияға  қарай 
көшуі кең өріс алды. Себебі бұл кез саясаттан 
хабары  жоқ  момын  халық  шетке  қарай  ақ 
гвардияшылар  келгенде  бір  ығысып,  қызыл 
әскерлер  келгенде  тағы  да  жөңкілген  кезең 
болған.  Ұлт-азаттық  көтеріліс  пен  азамат  со-
ғысы  жылдарында  атамекеннен  екі  жүз  мың 
адам  жер  ауып  кеткен.  Ал  кеңестік  дәуірдегі 
әкімшіл-әміршілдіктен  туған  асыра  сілтеу  жыл-
дары (1930-1934) екі  миллионға  таяу  қазақтар 
шет  елге  үдере  көшкен  екен.  Ирандағы  қа-
зақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моң-
ғолиядағы  қазақтардың  соңғы  көші  Сібірге 
барып  паналағандар.  Қазақстанның  солтүсті-
гінде  қызылтабан  болған  қазақ  жұрты  екінші 
рет  бас  сауғалап  Қытайға  бет  алған.  Қызыл 
қырғыннан  қашқан  қазақтардың  ұрпақтары 
Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тә-
жікстанға,  Иран  мен  Ауғанстанды  паналаған 
[3, 674-679].  
Қазақтың  еріксіз  туған  жерден  тыс  жер-
лерге қоныс аударуы ХІХ-ХХ ғасырлар аралы-
ғында да жиі орын алған. Ол кезде қазақ дала-
сын  Ресейдің  еуропалық  бөлігінен  қоныс  ау-
дарып  келген  шаруалар  арқылы  жаппай  отар-
лау жүріп жатқаны тарихтан белгілі жайт. Қа-
зақтардың  ең  жақсы,  құнарлы  да  шұрайлы 
жерлерін  күшпен  тартып  алу  жайы  осы  тұста 
орын  алған.  Міне,  мұндай  жағдайда  қазақтар-
дың  өздерінің  ежелден  мекен  еткен,  дәстүрлі 
көшіп-қонып  жүрген  жерлерін  тастап,  сусыз, 
құнарсыз  жерлерге  қоныс  аударудан  өзге 
амалы қалмаған. Көптеген ұлт-азаттық көтері-
лістердің  салдарынан  аяусыз  басып-жаншыл-
ған  қазақтар  басқа  мемлекеттердің  аумағына 
көшіп  кетуге  мәжбүр  болған.  Мәселен, 1916 
жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға 
тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға 
көшіп  кеткен [3, 670-671]. Бүгінде  Қытайда 
қазақ  ирредентасы,  яғни  өзінің  тарихи  аума-
ғында  қоныстанып,  тіршілік  жасап  жатқан 
этникалық  қазақтар  да  тұрады.  Қытайда  бар-
лығы 56 ұлт өмір сүретіні белгілі болса, солар-
дың  ішіндегі  ең  көбін  біздің  шетелдегі  отан-
дастарымыз  құрауда  екен.  Қазақстан  Респуб-
ликасы  егемендігін  алғаннан  кейін,  қазақ 
диаспорасына байланысты мақсат-мүдделер де 
айқындала  түсті.  Оның  дәлелі  дүниежүзі  қа-
зақтары Құрылтайының 1992 жылдың 29 қыр-
күйегінде  Алматы  қаласында  Абай  атындағы 
академиялық опера және балет театрында тұң-
ғыш  бас  қосу  жасағаны  болмақ.  Бұл  құрыл-
тайға  Түркия,  Германия,  Франция,  Швеция, 
Норвегия,  Монғолия,  Ресей,  Қырғызстан,  Тү-
рікменстан,  Өзбекстан  және  басқа  елдерден, 
барлығы 33 елден, сондай-ақ Қазақстан облыс-
тарынан  келген  өкілдер – 800-ден  астам  адам 
қатысқан.  Осылайша,  Дүниежүзі  қазақтары-
ның  қауымдастығы  тәуелсіз  еліміздің  жаңа 
тарихындағы сара жолын 1992 жылы бастаған 
[4, 21].  
Дүниежүзі  қазақтарының  қауымдастығы 
айқын  мақсаттарға  сай  жұмыстар  атқарып 
жатқан бүгінгі күні қазақ диаспорасының, Қа-
зақстан Республикасы мен біздің отандастары-
мыз  мекендейтін  елдердің  өзара  қатынастары 
мен байланыс мәселелері мемлекетаралық дең-
гейде  қаралып,  алдыңғы  мәселелердің  бірі 
саналып отыр. Бүгінде қазақ диаспорасы біздің 
мемлекетіміздің  қазақтар  тұратын  елдермен 
сыртқы  саясатының  маңызды  бір  бөлігіне 
айналып отыр. 1999 жылы елімізде “Халықтың 
көші-қоны  туралы  заң”  қабылданып,  шет  ай-
мақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – 
тарихи  Отанына  көшіп  келу  үрдісін  реттеу  ісі 
қолға алынды. Қазақтардың Дүниежүзілік қауым-
дастығы  елімізге  шет  жұрттағы  қандастардың 
мәдени  мұраларын  жинақтау  бағытында  да 
белсенді жұмыс атқарып келеді.  
Рухани  қазынамыздың  бір  көзі – әдебиет. 
Ал, шет елдегі отандастарымызда бұл қазына-
ның мол екендігі де аян. Сондықтан қазақстан-
дықтарды  шетелдегі  отандас  жазушылар  мен 
ақындардың,  ғалымдардың  таңдаулы  шығар-
маларымен  таныстыруды  Дүниежүзі  қазақ-
тары  қауымдастығының  жанынан  құрылған 
«Атажұрт» баспа орталығы өз мойнына алған. 
Қазақ сөз өнерінің асыл арнасы (Қытайдағы қазақ әдебиеті жайында) 

48 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
ХХІ ғасырға аяқ басқаннан 2005 жылға дейінгі 
аралықта  «Шетелдегі  қазақтар,  Қауымдастық 
кітапханасы» сериясымен сериясымен 350 бас-
па  табақ  көлемінде 20-ға  жуық  кітапты  жа-
рыққа  шығарды.  Ол  кітаптардың  авторлары 
арасында  шетелдегі  қазақ  диаспорасының  қа-
дірменді  ақсақалдары  Дәлелхан  Жаналтайдың 
«Қилы  заман – қиын  күндер»,  көрнекті  дін 
қайраткері Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған 
ел»  атты  ғұмырнамалық  естеліктері,  Қытайда 
тұратын  белгілі  ғалым,  ұстаз,  тарихшы,  жазу-
шы  Сұлтан  Жанболатовтың  «Елжау  Күнби», 
Батырхан  Құсбегиннің  «Зуқа  батыр»  роман-
дары,  моңғолиялық  тарихшы-ғалым  Зардыхан 
Қиянатұлының «Монғолиядағы қазақтар», Жақ-
сылық  Сәмитұлының  «Қытайдағы  қазақтар» 
кәтаптары,  қытайлық  үлкен  ғалым,  бүкіл  са-
налы  ғұмырын  қазақ  тарихын  зерттеуге  жұм-
саған  Су  Бихайдың  «Қазақ  мәдениетінің  та-
рихы»  атты  еңбегі  айрықша  атап  көрсетуге 
тұрарлық кітаптар [4, 31].  
«Халық  талап-тілегіне  орай  кітап  бастыру, 
газет, журнал шығару бұл өңірлерде тәп-тәуір 
жолға  қойылған. “Шетелдегі  қазақ  әдебиеті – 
қазақ деген ұлы халықтың, қазақ әдебиеті ата-
латын әлем таныған өрелі әдебиеттің сырттағы 
бұлақтары» - дейді  Құлбек  Ергөбек  ағамыз 
“Арыстар мен ағыстар” еңбегінде [5, 291-297].  
Сондай-ақ  азаматтық  адалдығымен,  елінің 
сүйікті  ұлы  болып  мәңгі  есте  қалатын  тұлға, 
алты  томдық  «Қылмыс»  романын  жазған 
Қажығұмар  Шабданұлының  ғұмыры  әркімге 
де  үлгі. “Туған  жерім – Аягөздің  топырағы 
бұйырса,  елге  жетсем...”  деп  өмірінің  соңына 
дейін  армандап  кеткен,  өмірінің  соңғы  тұс-
тарында Қытайдың Шыңжаң автономиялы ау-
данына қарасты Шәуешек қаласында үйқамақ-
та  болған  ақын,  драматург,  жазушы  Қажығұ-
мар  Шабданұлының  бар  өмірі  аңдуда,  қатаң 
бақылауда  болса,  ғұмырының  қырық  жылдан 
астам уақыты Қытайдың тар қапас түрмесінде 
өткен.  Алаш  Азаттық  туын  көтергенге  дейінгі 
бодандықта өткен рухы биік ұлттың бар өмірі 
қай жағынан алса да “қылмыс” саналған. Отар-
лаушы  халық  қазақты  бұратана  атандырып, 
бүтіндей құрту мақсаты үшін қаншама аяусыз 
іс-әрекеттерге  барған.  Тіпті  қазақтың  жер  бе-
тінде жүруінің өзі ол кездері “қылмыс” санал-
ған. Демек, Қажығұмар Шабданұлының әйгілі 
«Қылмыс» романы – қанқұйлы ХХ ғасырдағы 
тұтас  ұлттың  аянышты  тағдырының  көрінісі 
саналмақ.  
Тағы  да  айта  кетерлік  жайт,  Қытайдағы 
қазақы  өнердің  отын  өшірмей,  жандандырып 
отырған қандастарымыз мүмкіндігінше тарихи 
отанға қарай жыл санап бағыт алып келетіндігі 
жөнінде. «Елге  ел  қосылса – құт»  дегендей 
қазақ  диаспорасы  өкілдерінің  ХХ  ғасырдың 
90-жылдарының  басында  атамекенге  ағылған 
ұлы көшінің нәтижесінде Отанымызда қандас-
тарымыздың үлес салмағы сан жағынан әжеп-
теуір  артты.  Шетелдегі  қандастарымыз  ара-
сында  осылай  сең  бұзып,  атажұртқа  бет  бұру 
көші  басталғанымен,  әлемдегі  күллі  қазақ  ке-
ліп жеткен жоқ» – дейді Қ.Шамақайұлы [6, 5].  
Шет  елдерде  өмір  сүріп  жатқан  қандаста-
рымыз  жайында  сөз  қозғағанда  талқыға  салы-
натын тағы бір өзекті мәселе, олардың төл әде-
би-мәдени мұраларымызды сақтап отыруы жө-
нінде  болмақ.  Осы  тұста  қазақ  әдебиеті  әлем 
бойынша қазақ ұлты қоныстанған барлық елде 
өз  өркенін  жайып,  тамыр  тартқанын  айтқан 
жөн  болар.  Әсіресе,  екі  милионға  жуық  қан-
дастарымыз қоныстанған қытай еліндегі қазақ 
сөз  өнері  өз  жетістіктерімен  өзгешеленеді,  әрі 
қазақ  әдеби  мұраларының  құнды  да  құнарлы 
қазынасы сақталған алып әдеби орта саналады. 
Қытай  топырағында  туылған  жазушылардың 
ішінен шығармасы тұңғыш басылым көргені – 
Ақыт  Үлімжіұлы.  Әйгілі  ақын  Ақыт  Үлімжі-
ұлының 1891 жылы  қазан  баспасынан  жеке 
кітап  болып  шыққан  алғашқы  кітабы  “Жый-
һаншаны”  Қытайдағы  қазақ  қаламгерлерінің 
тұңғыш  кітабы  деп  есептесек,  жазба  әдебиеті-
міздің  тарихы 123 жылды  құрайды.  Ақынның 
“Жиһаншахтан”  басқа  төрт  кітабы  толықтай 
1919  жылдан  бұрын  қазан  баспасынан  шық-
қан. Ақыт Үлімжіұлының халықты оқу-ағарту-
ға,  ғылым,  білім  үйренуге  үндеген  шығарма-
лары өте көп. Әсіресе адалдыққа үндеген өлең-
дері  сонау 30-40 жылдары  халықты  оятып, 
мәдениетке жетелеуде елеулі қызмет атқарған. 
Ал, Таңжарық Жолдыұлы, Асқар Татанайұлы, 
Дубек Шалғынбаев, Нығмет Мыңжанұлы сын-
ды қаламгерлердің  алды 1930 жылдардан  бас-
тап шығармалар жариялап, қазақ қоғамына ақын-
жазушы ретінде танылған. Шыңжандағы қазақ 
жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, 
көрнекті қаламгер Қажығұмар Шабданұлының 
«Сол  үшін»  деген  алғашқы    өлеңі 1943 жылы 
«Малшы»  газетінде  жарияланған. «Біздің  үй» 
поэмасы  және  басқа  да  өлеңдері  мен  дастан-
дары 1950 жылы  баспа  бетін  көрген.  Ал 1956 
жылы «Бақыт жолында» повесі басылып шық-
қан. 1978-1986 жылдардың аралығында Қажы-
ғұмар  Шабданұлының  көптеген  шығармалары 
жазылып  жарық  көреді.  Жазушының  «Өгей-
лер»  атты  романы 1985 жылы  «Тарбағатай» 
журналында  жарияланған.  Қажығұмар  Шаб-
данұлының  дүниеден  қайтқанда  отандық  бас-
С. У. Такиров, А. Р. Акеева

49 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
пасөздерде  көптеп  мақалалар  жария  болған 
еді. Солардың бірі, «Бодандықтың жасы» атты 
мақалада Армиябек Сағындықұлы: «Қытай қа-
зақтарының  жазба  әдебиетін  биік  белеске  кө-
терген қарымды қаламгер еді. Қажығұмар өмірі, 
тағдыры  бодандықта  жүрген,  құлдықта  жүр-
ген,  көрінгеннің  қол  астында  езгіге  ұшыраған 
қазақтың  типтік  образы»  дей  келе, «Қылмыс» 
романында  аумалы-төкпелі  тарихи  жағдайлар 
айшықты  суреттелді.  Өз  бастарынан  кешкен-
дерін жаза отырып, қаламгер екі империя ара-
сындағы  қазақ  тағдырын  терең  бейнелейді» 
деп жазады [7, 15].  
Қытайдағы қазақ жазба әдебиетінің алғаш-
қы өкілдерінің бірі Нығмет Мыңжанидың 1942 
жылы  «Шынжаң  газетінде»  жариялаған  «Қыз 
Жібек жөнінде» атты зерттеу мақаласы осы са-
ладағы алғашқы ізденіс саналған. Н.Мыңжани-
дың 1946 жылы жазған «Қазақ тарихы» («Шан-
хай»  журналында  қытай  тілінде  жарияланған) 
мақаласы толықтырылып қайта жазылып, 1949 
жылы  қазақша, ұйғырша, қытайша – үш тілде 
кітап  болып  шыққан.  Кейіннен  жазған  «Қазақ 
халқының  ауыз  әдебиеті» (1980), «Қазақ  тіл-
әдебиетінің  қалыптасу  және  даму  дәуірлері» 
(1981), «Қазақ  қиссасы  «Бақтияр»  және  оның 
қырық  бұтағы» (1982), «Қазақ  әдебиетінің 
қисса-дастан жанры» (1982), «Қорқыт ата» кі-
табы  және  қазақтың  Қорқыт  жыры  жайында» 
(1984), «Қазақтың  ел  аузындағы  екі  жүз  дас-
таны» (1986), «Қазақтың  мифтік  аңыздары» 
(1996)  атты  еңбектері  әдебиеттану  ғылымына 
қосылған  елеулі  еңбек  саналмақ [6, 23-31]. 
Тағы да алғашқы шығармалары 1949 жылдары 
жарияланған  Қаусылқан  Қозыбайұлы,  Рах-
метолла  Әпшеұлы,  Құрманәлі  Оспанұлы,  Ма-
ғаз  Разданұлы  сияқты  ақын-жазушылар  қата-
рының да қытайдағы қазақ әдебиетінің рухани 
арнасына  үлестері  тиген,  қытай  қазақ  әдебиеті-
нің өкілдері деуге әбден болады.
 
Аталған ақын-
жазушылардың  іргелі  еңбектері  мәдениет  зор 
төңкерісінен  кейін  жарық  көрді.
 
Әр  жазушы 
өмірдің  әр  қырынан,  әр  түрлі  жазу  тәсілімен 
жазады. Сол себепті де шығармаларды бір өл-
шемге салып  бағалауға келмейді. Қандай үлгі-
де,  өмірдің  қай  қырынан  жазылған  шығарма 
болса да, оның өзіндік артықшылығы әрі кем-
шілігі  болады.  Бірінің  кем  тұстарын  бірі  то-
лықтырып жатады. Жазу шеберлігі жетпей жа-
татын,  көркемдігі  төмен  шығарманың  да  жал-
пы  әдебиетімізге  аз  болса  да  қосқан  үлесі  бо-
лады.  Шетелдегі  қазақ  әдебиетінің  Қазақстан 
топырағындағы  әдебиеттану  ғылымы  ретінде 
зерттелуіне  көз  жіберсек, «Шынжаң  қазақта-
рының  әдебиеті»  төңірегінде  еңбектер  жазған 
Тұрсынбек Кәкіш, Зұфар Сейітжанов, Мұхтар-
хан  Оразбай,  Дүкен  Мәсімхан,  Омарәлі  Әділ-
бек, Бекқожа Жылқыбек секілді аз ғана топты 
көреміз.  Мұнын  өзі  аз  да  болса  жоғарыдағы 
ізденді  «ақтаңдақтарды»  толтыруға  арналған 
ұлағатты  еңбектер  саналатыны  ақиқат.  Әрі  әде-
биеттану  ғылымының  дәрежесіне  көтерілген 
маңдай тердің таза жемісі [8, 37-44].  
Алыс  және  таяу  шетелдегі  қазақ  арасынан 
ұлтына  білімді,  өнегелі  ұстаз,  ғалым,  өнер 
қайраткері  яғни  ұлт  зиялыларын  дайындап, 
оларға  жан-жақты  қолдау  көрсетуде,  сонымен 
қатар  атамекендегі  әр  түрлі  салалар  бойынша 
болып  жатқан  мәселелерінен  үзбей  хабардар 
етіп  тұруда  Дүниежүзі  қазақтарының  қауым-
дастығы  және  Көші-қон  комитеті  мұрындық 
болуда. Қазақтар тығыз орналасқан Қытай, Өз-
бекстан,  Ресей,  Түркия,  Моңғолия  тәрізді  ел-
дерден  халық  арасындағы  мұражайларындағы 
қазақтың тарихына, мәдениетіне, әдебиеті мен 
өнеріне қатысты қазына байлық барша халқы-
мыздың  игілігіне  қызмет  етуі  керек.  Бүгінгі 
қазақ халқы сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ 
тұлпарының  тұяғымен  дүниені  дүр  сілкіндір-
ген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байыр-
ғы түріктердің ұрпағы [9, 118].  
Әлемнің  әр  түрлі  мемлекеттерінде  ғұмыр 
кешіп жатқан,  өздерінің ұлттық негіздерін ұмыт-
паған  қазақ  диаспорасының  өкілдері  ерекше 
атап өтуді талап етеді. «Әр орманның бұлбұлы 
өзінше сайрайтындай Шынжаң қазақ әдебиеті-
нің  де  өзіндік  үні,  өзіндік  тобы  бар.  Бұлар  өз 
халқының  құлақ  құрышын  қандыруда,  көкей-
лерін  көбексітуде,  мұрындық  болып  жетелеу-
де.  Тарихының  өткеніне  айна,  келешегіне  құ-
быланама  болуда  мығым. Осы  мығымды  сөз  
ету – тайлаққа  емес, атанға жүк. Бұған  мақала  
емес,  үлкен    зерттеу    керек», –  дейді  Ахмет 
Жүнісұлы  «Әдебиетіміздің  Шынжаңдағы  бір 
отауы»  мақаласында [10, 2]. Тағдыр  тәлкегіне 
ұшырау  салдарынан  қазақ  ұлтының  бетке  ұс-
тар азаматтары мен ұлт жанды ұрпақтары әлем-
нің 40-тан  астам  елінің  түкпір-түкпірінде  ша-
шырап  жүр.  Ендеше,  қандастар  тағдырына  бей-
жай қарамай, зерттеу негізіне алу арқылы, олар-
ды  төл  сөз  өнеріміз  бен  төл  мәдениетімізге 
жақындата түсеміз.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет