Литературa
1 Бахтин М.М. Сологуб // Диалог. Карнавал. Хронотоп. – Витебск, 1993, № 2-3.
2 Бройтман С.Н. Федор Сологуб // Русская литература рубежа веков (1890-е – начало 1920-х годов). Книга 1. – М., 2001.
3 Корецкая И.Б. Символизм // Русская литература рубежа веков (1890 – начало 1920-х годов). Книга 1. – М., 2001.
4 Лотман М.Ю., Минц З.Г. Символизм // Русская литература XX века. Школы, направления, методы творческой работы.
– М., 2002.
5 Мифологический словарь. – М., 1991.
6 Силард Л. Поэтика символистского романа конца XIX – начала XX вв. (В. Брюсов, Ф. Сологуб, А. Белый) // Проблемы
поэтики русского реализма XIX в. – Л., 1984.
7 Сологуб Ф.К. Мелкий бес. – М.: Худож. лит., 1988.
8 Фрэзер Дж. Золотая ветвь: исследование магии и религии. – М., 1998.
References
1 Bahtin M.M. Sologub // Dialog. Karnaval. Hronotop. – Vitebsk, 1993, № 2-3.
2 Broytman S.N. Fedor Sologub // Russkaya literatura rubezha vekov (1890-e – nachalo 1920-h godov). Kniga 1. – M., 2001.
3 Koretskaya I.B. Simvolizm // Russkaya literatura rubezha vekov (1890 – nachalo 1920-h godov). Kniga 1. – M., 2001.
4 Lotman M.Yu., Mints Z.G. Simvolizm // Russkaya literatura XX veka. Shkoly, napravleniya, metody tvorcheskoy raboty. –
M., 2002.
5 Mifologicheskiy slovar'. – M., 1991.
6 Silard L. Poetika simvolistskogo romana kontsa XIX – nachala XX vv. (V. Bryusov, F. Sologub, A. Belyj) // Problemy poetiki
russkogo realizma XIX v. – L., 1984.
7 Sologub F.K. Melkiy bes. – M.: Hudozh. lit., 1988.
8 Frezer Dzh. Zolotaya vetv': issledovanie magii i religii. – M., 1998.
Мифопоэтика романа Ф. Сологуба «Мелкий бес»
71
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1-2(141-142). 2013
ӘОЖ 82:316.3
Е. Карбозов
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ф.ғ.к., доцент, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail:erkhan_76@mail.ru
Т. Ізтілеуұлының жазба айтыстары
Мақалада жазба айтыс өнерінің шығу тарихы мен даму жолынан бастап, ауызша айтыстан
айырмашылығы, қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны айқындалады. ХХ ғасырдың басында жазбаша айтыстың
үрдіс алып суырыпсалма айтыспен қатар дамығанына тоқтала келе халық арасында ерекше қолдауға ие
болғаны сөз етіледі. Жазба айтыс өнеріне үлес қосқан ақындарды атай келе, Т. Ізтілеуұлының жазба
айтыстарының көркемдік қыры мен тәрбиелік мәні зерделенеді.
Түйін сөздер: айтыс, жазба айтыс, поэтика, жұмбақ айтыс,салыстырмалы талдау.
Y. Karbozov
Writing competitions of T. Iztleyuly
The history and stages of development of art of written aitys, its difference from oral aitys and its role in the
Kazakh literature are described in the article. At the beginning of the XX centuries written aitys along with oral
aitysis progressing rapidly and found a wide application among the people. In the article it is told about those akyns
who made a contribution to development of written aitys, literary and educational importance of written aitysof
national akyn T.Izteleuov. It is known that, being so-called teacher akynTurmaganbet made a huge contribution to
different types of written aitys as religiousaitys ("Aitys between Turmagambet and Ermurat"), letter- aitys("Aitys
between Turmagambet and Zhursin", "Turmagambet and Abdikarim"), aitys with riddles ("aitys between
Turmagambet and Shadi"), aitys on examples (on examples "Herons gray and titmouses"),
Key words: aitys, written аitys, poetics, aityswith riddles, the comparative analysis.
Е. Карбозов
Письменные состязания Т. Изтлеуулы
В статье описывается история происхождения и стадии развития искусства письменного айтыса, также
его различие от устного айтыса и его роль в казахской литературе. В начале ХХ веков письменный айтыс
наряду с устным айтысом развивался очень быстро и нашел применения среди народа. В статье говорится о
тех акынах, кто внес вклад развитию письменного айтыса, художественную значимость и воспитательный
характер письменного айтыса народного акына Т. Изтелеулы. Известно, что будучи названный учителемакын
Турмаганбет внес огромный вклад в разные виды письменного айтыса, как: религиозный айтыс (“Айтыс
между Турмагамбетом и Ермурат”), айтыс письмо (“Айтыс между Турмагамбет и Журсин”, “Турмагамбет и
Абдикарим”), айтыс с загадками (“айтыс между Турмагамбет и Шади торе”), айтыс на примерах (на
примерах “Цапли серой и синицы”).
Ключевые слова: айтыс, письменный айтыс, поэтика, айтыс с загадками, сопоставительный анализ.
_______________________________________
Айтыс – ауыз әдебиетіндегі ежелден қалып-
тасқан поэзиялық жанр екені белгілі. Көшпелі
елдің өмірімен бірге жасасып келе жатқан бұл
жанрдың халық мәдениеті мен өнеріндегі мәні
зор. Айтыс қазақтың жиын-тойының сәнін кел-
тірсе, екінші жағынан әлеуметтік мәселелердің
талқыға салынып, ел мүддесі таразыланып жа-
тады. Мұхтар Әуезов айтыс жанрының әлемдік
сөз өнері тарихында қазақ әдебиетіне ғана тән
екендігін атап көрсетеді де, оны әлемдік сөз
өнері дамуымен сабақтастыра бағалайды: “Те-
гінде қазақтағы айтыс өлеңдері – өзге жұрттың
әдебиетінде кез келмейтін, біздің әдебиеттің
байлығына дәлел болған айрықша бір түр”[1,
227]. “Айтыс” өнері мен “айтыс” атауының шығу
тарихы жөнінде М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұ-
малиев, Е. Ысмайылов, Р. Бердібаев, М. Жар-
мұхамедов, Ә. Қоңыратбаев сынды әдебиетші
ғалымдарымыз пікір айтып, оның түрлерін жан-
жақты зерттегендігі баршамызға мәлім.
Ал жазбаша айтыстар – өлеңдерін жазба
түрде жазған, оқымысты ақындардың ортақ
туындылары. Әрбір ақынның өзіне тән жазу
мәнері, қағазға түсіру барысында сұрыпталған,
екшелген, талғам таразысына салынған сырлы
толғаныстары болатындығы белгілі. Жазбаша
айтыстарда ақындар өмір келбеті, замана ағымы
туралы, адамдардың мінез-құлық, дағды қа-
сиеттерін саралап жырлайды. Өлеңмен заман-
дасын ой бөлісуге шақырады. Жазбаша айтыс-
тардың жазылуындағы дәстүрлі бағдар – сайы-
сушы ақындардың бірдей өлеңдік өлшем өрімін
Т. Ізтілеуұлының жазба айтыстары
72
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 1-2(141-142). 2013
қатаң сақтайтындығы, қара өлең үлгісіндегі он
бір буындық өлең өлшемін сақтамаған ақынды
сынайтыны. Жазбаша айтыстар қазақ поэзия-
сының көркемдік дәстүр тағылымын байқа-
тады. “Жазбаша айтыс – ерте заманда Шығыс
поэзиясында, атап айтқанда, араб, парсы, түрік,
моңғол әдебиеттерінде болған үрдіс. Осы Шы-
ғыс елдерінде көне заманнан келе жатқан айтыс
дәстүрі қазақ арасына кең тарады. Жазбаша
айтыс ауызша айтыстың қорынан пайда болды,
яғни соның заңды жалғасы. Егер ауызша ай-
тысқа екі адам қатысатын болса, жазбаша ай-
тысқа кейде бірнеше ақын араласады, айтыс
ұзап кетсе, сырттан біреу тоқтау сөз салып,
төрелік айтады. Мысалы, Ырысты мен он алты
ақынның айтысы да жазу түрінде хатқа түскен
айтыс. Мұнда қара өлең формасы мен ғазал
араласып келеді. Ырысты мен он алты ақын
адамгершілік, ізгілік, еңбек, әділдік, махаббат
жайлы толғайды”, – дейді [2, 142-143]. Жаз-
баша айтыс Қазақстанның бірнеше өңірінде,
әсіресе, Сыр бойында қарқынды дамыды. Сыр
бойындағы жазба айтыс мұраларын ғалым
Ә.Қоңыратбаев зерттеп, жүйелесе, зерттеуші
М.Байділдаев оларды жинақтауда үлкен еңбек
сіңірді. Сыр бойындағы жазба айтыс жөнінде
ғалым Т.Тебегенов өзінің зерттеу еңбегінде:
“Ақындардың жазып айтысу дәстүрі қазақ әде-
биетінің тарихында ХІХ ғасырдың екінші жар-
тысы ХХ ғасырдың бірінші жартысында ай-
рықша дамып қалыптасты. Әсіресе Сырдария
мен Әмудария аралығындағы қазақ, қарақалпақ
ақын-шайырлары мен Қаратау атырабындағы
Шығыстың классикалық әдебиетінің дәстүрле-
рін меңгерген ақындар шығармашылығында
жазбаша айтыстар тұрақты орын алды”, – деп
жазды [3, 292-293]. Демек, жазбаша айтысты
ауызша айтыстың заңды жалғасы ретінде ақын-
дарды сауаттылыққа, тапқырлыққа, көркем
бейнелеуге, ой ұшқырлығына тәрбиелейтін сөз
өнерінің ерекше жанрларының бірі деуге әбден
болады. Осы орайда зерттеуші Е.Әбдіхалықова:
“Қазақтың сөз өнерінде ақындардың бір-бірі-
мен жазбаша түрде айтысуы, хат арқылы сөз
додасына түсуі тек қана Сыр бойы емес, басқа
да өңірлерде кездесіп отырғандығы мәлім.
Ш.Құдайбердіұлының “Жайлаудың баласымен
айтысқаны”, М.Дулатұлының “Қарақұс һәм
адам”, Ж.Басығариннің “Ғылым мен надандық-
тың айтысқаны”, т.б. айтулы туындылары
жазба айтыстың көркем әдебиеттің бір түрінде
дамығандығын дәлелдей түседі”,– деп тұжы-
рымдайды [4, 10]. Біз бұл тұжырымды құптай
отырып, жазба айтыс үлгісінің бастауы көркем
әдебиетте ХІ ғасырдағы Махмұт Қашқари жа-
зып қалдырған “Жаз бен қыстың айтысы” және
ХІІ ғасырдағы Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани
хикметіндегі” “Жұмақ пен дозақтың айтысы”
туындыларынан, сондай-ақ Иасауи шәкірті Сү-
леймен Бақырғани жырларындағы діни ұғым-
дардың сөз сайысынан қылаң беретінін аңғара-
мыз. Мұнан жазба айтыс ХІ ғасырдан басталды
деген пікір туындамауы тиіс. “Жаз бен қыстың
айтысы” мен “Жұмақ пен дозақтың айтысы”
сондай-ақ ХХ ғасырда дамыған жазба айтыс
үлгілеріндегі ортақ ұқсастық қағаз бетіне түс-
кендігінде жатыр. Бірінде екі немесе бірнеше
адам бірі-бірімен хат арқылы айтысса, екінші-
сінде, жеке авторлар абстрактілі ұғымдарды
бір-бірімен айтыстырады.
Қазақ халқының айтыс өнері бүгінгі күнге
дейін ұрпақ тәрбиесінде үлкен рөл атқарады.
Әсіресе жастарды өнерге, еңбекке, адамгерші-
лік ізгі қасиеттер – қайырымдылық, бауырмал-
дық, ерлік, ар-ұят, ождан сақтау, елін, жерін,
Отанын қорғауға баулуда, қоршаған ортаға
деген сүйіспеншілік сезімін дамытуда айтыс-
тың орны ерекше. Айтыста тапқырлықпен қа-
тар сөз шеберлігі, шешендік, аталы сөзге тоқта-
ған бабалар өнегесі, ар-намысты қастерлеген
аталық ақыл-өсиет көрініс тауып жатады.
Қазақ ақындарында жазып айтысу дәстүрі
елеулі орын алған. Бұл әсіресе шығыстың клас-
сикалық әдебиетінен үйренген ақындар тәжіри-
бесінде жиі ұшырайды. Шығыс әдебиетін үлгі
тұтқан айтыскерлер сөз сайысында әйгілі “Мың
бір түн”, “Кәлила мен Димна”, “Шахнама” тә-
різді классикалық шығармалардан мысал-аңыз-
дар келтіріп отыруды да үлкен білімділік сана-
ған.
“Қазақ поэзиясындағы жазбаша айтыстар –
ақындық өнер шығармаларының көркем әде-
биет ұғымын құрайтын жанрлық түр” деген пі-
кірдің жаны бар [3, 289]. Сыр бойының дауыл-
паз ақыны Т.Ізтілеуұлы сөз өнерінде ежелден
келе жатқан ерекше дүние – айтыс жанрында да
қалам тербеген ақын. Тапқырлық сөз, шешен-
дік үлгідегі өлеңдерінен байқағанымыздай,
Тұрмағамбет ақынның суырыпсалма ақындық
қасиеті де көп айтыскер ақындардан кем бол-
маған. Бірақ көзбе-көз отырып айтысқандығы
жөнінде дерек бір жерде ғана көрініс тапқан
(Тұрмағамбет пен Нұрғалидың айтысы, 1934
жыл). Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік
үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба ай-
тыс мектебін қалыптастырушылардың бірі бол-
ған. Тұрмағамбет ақын жазбаша айтысып қана
қоймай, әр кезеңде болған ақындар айтыстары-
Е. Карбозов
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
73
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1-2(141-142). 2013
на аралық сөздер айтқан. Айтыс ұзап бара жат-
са, басу сөзбен тоқтатып отырған, айтыстың
тату түрде тәмамдалуына себін тигізген. Сөзі-
міздің дәлелі ретінде Тұрмағамбеттің Омар мен
Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға,
Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп
пен Даңмұрынға айтқан аралық сөздерін келті-
руге болады.
Тұрмағамбет шығармашылығында жұмбақ
айтысы мен хат арқылы жазбаша айтысу үрдісі
үлкен орын алған.
Жұмбақ айтыс – айтыстардың ішінде өзіндік
орны бар ерекше түр. Бұл айтыс адамзаттың
өмір құбылыстарын, табиғаттың тылсым құпия
сырын танып-білсем деген арман-тілегінен туын-
даған, тарихы тереңнен тамыр алатын өнер үл-
гісі. Ақындықпен қатар білгірлікті, тапқырлық-
ты қажет етеді (Әсет пен Ырысжан, Қожахмет
пен Әбубәкір, т.б.). Жұмбақ айтысы дүниета-
ным өрісін кеңейтіп, өмірді тереңірек білуге,
ой-сананы өрістете отырып, қиялды шарықта-
туға жетелейді. Жұмбақ айтыс ақындардың ой-
өрісінің, танымының кеңдігін, білімін, адамгер-
шілігін сынау, байқау құралы ретінде қызмет
атқарған. Жұмбақтау, жорамалдау, топшылау
сипатында болғандықтан тіршіліктегі өзара ұқ-
сас құбылыстар айтысқа негіз болады. Табиғат-
тағы егіз және қарама-қарсы кескінді заттар
мен құбылыстар жарыстырыла жырлану, са-
лыстыру секілді көркемдік тәсілдер арқылы жа-
сырылады. Мысалы, қыс пен жаз, күн мен түн,
жақсылық пен жамандық, аз бен көп, жер мен
көк, т.б. Әбубәкір мен Құлымбеттің, Қожахмет
пен Әбубәкірдің, Сапарғали мен Нұржанның,
Ырысты мен он алты ақынның, Шәкей сал мен
алты ақынның, Ешниязұлы Жүсіп пен Байма-
ғамбетов Қуаныштың, Көлдейбекұлы Ерімбет
пен Шораяқтың Омарының, Тұрмағамбет пен
Кенжебекұлы Даңмұрын және Ешниязұлы Жү-
сіптің, Тұрмағамбет пен Шәді төренің, Құдай-
бергенұлы Жүсіп пен Төлеген есімді ақындар-
дың жұмбақ айтыстары – осы жанрдың ұлттық
сөз өнеріндегі ерекше үлгілері.
“Тұрмағамбет пен Шәді төренің” жұмбақ
айтысы пішіні жағынан жазба айтыс түріне
жатады. Жұмбақты қоюшы – Тұрмағамбет, ше-
шуші – Шәді төре, екеуі де Сыр бойының саң-
лақ ақындары. 1906 жылдың қараша айында
Тұрмағамбет ақын он төрт шумақтан тұратын
жұмбақ-өлеңді жазып, Шәді төреге жібереді.
Шәді ақын жауабын дұрыс тауып, екі айдай
уақыт өткенде, қаңтар айында хат жазады.
Өлеңнің мазмұнынан байқап отырғанымыздай,
Тұрмағамбеттің жұмбағын Шәді төреге сол
кездің белгілі айтыс ақындарының бірі – Мансұр
Бекежанов жеткізген екен.
Тұрмағамбет жасырған жұмбақтың мазмұ-
нына қысқаша тоқталып өтсек, бір патшаның
бағында түстері бір тектес үш-төрт гүлі, одан
бөлегірек тағы бес-алты гүл мен ортасында
ертелі-кеш сайраған бұлбұлы, мешітінде жеті
молдасы мен оның сегіз-тоғыз жолдасы, он
жерде тәлім-тәрбие беретін ордасы бар екендігі
айтылады. Мұны Шәді төре:
“Ғажайып патша көрдім” деген сөзің,
Ол – туған бала емес пе адамзаттан? – [5, 106].
деп шешеді. Үш гүлдің шешімі – үш жасқа
дейін бөбектің гүлдей жұпар иісті болатынын,
төрт-бес жаста бұлбұлдай шырын тілімен ата-
анаға сүйкімді болатыны мен жетіде мектеп та-
балдырығын аттап, он жаста ғылымның дәмін
тататындығын мәлімдегені еді. Он бес жаста
ала-бұртқан көңілмен қызметке кіру мен жиыр-
ма жастағы аңғал жігіттік, айдаһардың айба-
тындай “ай-һай, жиырма бес!” пен қабыланның
қайратын еске түсіретін отыз жастың мән-ма-
ғынасы мен қадір қасиеті дөп баса жұмбақ-
талған. Қырық жаста ақыл тоқтатып, елу жаста
елге кеңесші болары, алпыста ақылдан сәл
адасып қалудың да болып тұратындығын қы-
рық ақылшы уәзірдің, елу кеңесші мен сары
тістене бастаған алпыс атан түйенің жұмбақ
ретінде жасырылуымен түсіндіруге болады.
Қазылған жетпіс жап бар ордасында,
Бау-бақша еккен миуа ол басында.
Бұл кезде су тартылып, сөлі кепкен,
Із қалған атыз-жаптың формасында...
Сарайда сексен дарақ құлап жатқан,
Ысрайыл соққан дауыл ғаламаттан
Оларды “тұрғызам” деп тоқсан кісі,
Әуре боп сілелері әбден қатқан.
Зынданға жүз кісіні байлап салған,
Олардан жоқ шығар жан тірі қалған [5, 107].
Жетпіс, сексен, тоқсан, жүз жастардың жұм-
бақ ретінде жасырылуы Тұрмағамбет ақында
жоғарыша көрініс табады. Бұл жұмбақтың
өлеңдік негізде құрылуы мен шешілуінде де
ақындық шеберлікпен қатар үлкен тапқырлық,
білгірлік жатқандығын байқаймыз. Ақын “Өмір
өткелдері” деген бір өлеңінде өмір белестері
туралы баяндаса, мұнда әрбір жас ерекшелігін
ескере отырып жұмбақ етіп жасырған. Жұмбақ
айтысы адам баласы санасының даму кезеңінде
әр алуан өмір құбылыстарын түсініп білуге
деген құштарлықтан туындағаны белгілі. Яғни
Т. Ізтілеуұлының жазба айтыстары
74
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 1-2(141-142). 2013
Т.Ізтілеуұлының жасырған жұмбағы адамтану
аясын қамтиды, адамгершілік мұраттарды сөз
ету барысында, алдыменен, адамның өзін-өзі
танып алуы қажет екенін мегзейді. Жұмбақта
адамның түрлі қасиеттері жас мөлшеріне сәй-
кестендіріле ашылады. Алғашында жайқалған
гүлге, сайраған әдемі үнді бұлбұлға теңеліп,
адамның балалық, періштелік шақтары әсем-
дікпен үйлесімді көрінеді. Біріншіден, жұмбақ-
ты шешу үшін ойланады, екіншіден, сол мөл-
шердегі жастардың өткен-кеткенге есеп беріп,
ойға шомуына өлеңнің себі тиеді. Жұмбақ
айтысқа тән композициялық құрылым жұмбақ
және шешіммен қатар бұл айтыста өмір туралы
ақындық толғаныс орын алған. Тұрмағамбет
ақынның сұрағынан да, Шәдінің жауабынан да
ақындық шеберліктің шыңдалуы, таным-талғам
мәселесінің кемелденуі байқалады, айтыстың
өмір жайлы философиялық толғамдарға толы
келетіндігін көреміз.
Айтыс ақыл-ой парасатын шыңдап, тапқыр-
лыққа тәрбиелейді. Ал жұмбақ адамның қиял-
дау қабілетін дамытып, ойды жетілдіруде зор
мәнге ие болады. Ол ойды тікелей емес, салыс-
тыру мен ұқсату арқылы жеткізеді. Жұмбақ
жайында А. Байтұрсынов былай деп түйін-
дейді: “Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан:
яғни қолдың ішінен бірнәрсені жасырып, жұ-
мып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұм-
бақта нәрсені қолда жұмып тұрып таптыр-
майды. Оны көріп айтпай қойып, сол нәрсеге
ұқсас нәрсені сипаттап айтып, ұқсастығы бойын-
ша таптыртады. Жұмбақ – зейінді ұстартуға
пайдалы нәрсе” [6, 233]. Өйткені заттың бел-
гісі, қасиеті, тұлғасы, түсі, жасалуы, үні, дауысы
мен ырғағы сияқты ұқсатуларды білу барысын-
да және жұмбақталған ойдың шешімін табуда
адамның ақыл-парасаты, білім деңгейі байқала-
ды деп ұқтырады халық педагогикасы. Астар-
лап сөйлеп, жұмбақтай айтудың әсері мен ық-
палын, тәлім-тәрбиелік мәнін айтыстан көбірек
байқаймыз. Осы жолда қазақ халқы адамгерші-
лік танымдарды дамытудың бірден-бір жолы
ретінде айтысты таныған.
Халықтық салт-дәстүрдің моральдық қағи-
даларын мейлінше сіңісті еткен өнер түрі ай-
тыстың қазақ халқы тарихында алар орны ерек-
ше. Бұл бір жағынан өнер сайысы, екіншіден,
адамгершілік тағылымды, тәлім-тәрбиені маз-
мұнына сыйдырған жақсылық жаршысы бол-
ғандықтан айтысушы екі жақ тақырыпқа орай
қоғамдық, әлеуметтік мәселені де, жеке адам-
ның іс-әрекеті, мінез-құлқы, келбет-пішіні,
адамдармен ара-қатынасы – бәрі-бәрін тапқыр-
лықпен сөз етеді. Айтыс халықтық тәрбие
мектебі, эстетикалық мәні зор өнер болуымен
бірге, сөз шеберлігін шыңдайтын, сөз зергер-
лерін халық талқысынан өткізетін орын. Ай-
тыстың мазмұн желісінде сөз болатын мейірім-
ділік, жомарттық, парасаттылықтан ұрпақ өне-
ге алып, шеберлікпен жеткізілген әсемдіктен
үйреніп, оны өзіне үлгі етеді. Ал дүмшелік пен
даңғойлықты, дарақылық пен парықсыздықты
кемшілік ретінде көрсеткен сөз сайысы ондай
мінез-құлықтан сақтандырады. Абыройға дақ
түсіретін келеңсіз мінезді ділмарлықпен жеткіз-
ген ақын сөздері тыңдаушысын толғандырары
анық. Айтысушы екі жақтың бәсекесіне мән
беріп, айтыстағы астарлы ой жөнінде толғанып,
әрбір тыңдаушы не оқырман өзінше пайымдап,
өзіндік таным қорытындысын шығарады, өне-
гелік түйіндеулер жасайды, тәлімдік тағылым
алады.
“Тұрмағамбет пен Жүрсіннің айтысы” осын-
дай тағылымды жазба айтыстардың бірінен са-
налады. Екі ақынның бір-біріне деген қошемет
сөзінен бастау алған айтыс Тұрмағамбет ақын-
ның қамқоршы аға болып, Жүрсіннің жасы кіші
іні ретінде сыйласқан ізгі ниетімен жалғасын
тауып, оқырманның жанын жадырата түседі.
Тұрмағамбеттің “қиғаш қас, құралай көз нағыз
һүр (сұлу) екенсің”, “кемеңгер, білімге бай
анық дүр (ақын) екенсің” деген мақтау сөзіне
алғашында Жүрсін сеніңкіремей, кері түсініп,
“жазуымды жөндей алмай жүргенімді айтқа-
ның ба?” дейді. “Зейінім сүйегіңді танып еді”
деген көреген сөзінен кейін барып Жүрсін ақын
ағасының адал көңіліне сене отырып:
Сөзіңе “дуа дарыған” адам едің,
Басыма кетпес онда бақыт қонбай, – [5, 115].
дейді. “Жақсы сөз – жарым ырыс”, “Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын” деген халық
нақылдарын өлеңдеріне өзек еткен халық ақын-
дары бір-біріне көлгірсуден аулақ. Жақсы қа-
сиеттерді әсем сөздермен жеткізу арқылы
оқырманын әдемілікке жетелейді. Жан мен
тәннің сұлулығын сипаттай келе адамдықтың
биік шыңын нұсқайды, адамгершілік мұраттар-
ды көздейді.
Басыңа ықпал орнап, бақыт қонса,
Қайырсыз қатарыңа болма онша.
Қазаның халық біткенге қайнап тұрсын!
Жаз салқын болсын үйің, қыс күн монша [5, 115].
Айтыс өнерінің тәрбиелік мәні жоғарыдағы
шумақтан барынша айқын көрінеді. Ықпалды
Е. Карбозов
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
75
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1-2(141-142). 2013
бола қалған жағдайда, биліктің бір ұштығына
қолың жетсе қатарыңа қайырсыз болма, жан-
жағыңа мейірім шуағыңды төге жүр. “Қазаның
халық біткенге қайнап тұрсын” дегені – көп-
шілдікке, қонақжайлылыққа үндегені. Үй-жайың
қай кезде де жұрттың жайын табатындай жағ-
дайда болсын деп елдің қамын ойлар ер-азамат
болуға шақырған өлең жолы “жаз салқын бол-
сын үйің, қыс күн монша” ретінде көрініс та-
бады.
Қарсыласы іні ретінде ізет сақтап, жауап
қатып қана отырады, негізгі сөздің тұтқасы
Тұрмағамбет ақында болады. Адамдық асыл
қасиеттерінің бірі – татулық болса, сөз көкпа-
рында тартысқан ақындардың мәреге жеткенде,
көңіліне кір сақтамай, құшақ айқастыруы өне-
гелі іс. Алайда жазба айтыста ақындардың көз-
бе-көз отырып, сөз таластыруы болмайтындық-
тан, татулық көрінісі айтыстың өне бойынан
байқалып отырады. Кей айтыстарда ақындар
бір-бірінің мінін теріп, сүрінер тұсын аңдып,
ұрымтал жерін іздеп, ұтуды мақсат тұтып
жатады, ал бұл айтыста ағалық риясыз көңіл
мен інілік ізет қатар өріліп, сөз сайысы жарас-
тықта аяқталады.
Тұрмағамбет ақынның жоғарыда сөз болған
айтыстарынан бөлек Әбдікәріммен айтысында
бозбалашылық, жігіттік жөнінде сөз қағыстыр-
са, Сәнбаламен жазбаша айтысында қыз бен
жігіт айтысының үлгісін көрсетеді.
Жалпы, жазба айтыста ақындардың бірін-
бірі жеңуі мақсат тұтылмайды. Ортаға тасталар
ой, пікірталас туғызар кейбір жағдаяттар ай-
тысты бастаушы ақынның өлеңіне өзек болады.
Ол ой бар ақынды да толғандырып жүруі
мүмкін. Мезгілі жетіп, пісіп жетілген ой қағазға
түсіп, хат болып жолданады. Демек, жазба ай-
тыс жеңу мұратын емес, ой, пікірталас туын-
дату мақсатын ұстанады. Жазба айтыста да,
суырыпсалмалық айтыста да халық мүддесі ал-
дыңғы қатарға қойылады. Суырыпсалма айтыс
пен жазбаша айтыстың айырмашылығы: суы-
рыпсалма айтыста екі ақын ғана сөз таластыр-
са, жазбаша айтыста екі немесе онан да көп
ақындар бір тақырыпта хат арқылы бір-бірімен
жауаптасып айтысады (“Ырысты мен он алты
ақынның айтысы”). Бұл турасында Ұ.Асанова
“Қос ақынның хат арқылы айтысу салтымен
қатар (“Молда Мұса мен Манат қыз”) көптеген
ақындардың бір күрделі тақырып төңірегінде
топтасып айтысу дәстүрі де кең орын алды.
Бұған Сыр бойында өріс алған сан-салалы
ақындар айтысы дәлел (Кете Жүсіп – Жұбанияз
– Құлназар айтысы, Алты ақынның өмір ту-
ралы айтысы)”, – деп түйіндейді [7, 35-36]. Зерт-
теуші мысал келтірген “Алты ақынның өмір
туралы айтысы” – Тұрмағамбеттің Шораяқтың
Омарына жазғанынан басталып, айтысқа Кете
Жүсіп, Кете Шахар, Керейт Шәді, Сарғасқа
Молдағали сынды ақындар қатысады. Мұндағы
ақындар есімінің алдында келіп, айқындауыш-
тық қызмет атқарып тұрған Кете, Керейт, Сар-
ғасқа атаулары – кіші жүздің ру аттары, ақын-
дардың шыққан тегінен хабардар етеді.
Келтірмес өлімді ойға нәпсіге ерсең,
Нәпсіге ер емессің, ерік берсең.
Тастайды ара шөлге адастырып,
Алдыңа “әуес” атты қойып керсең, –
деп басталатын Тұрмағамбет ақын сөзінде үл-
кен философиялық ой жатыр. Тұрмағамбет Ізті-
леуұлы өлеңдерінде “нәпсі” ұғымының сөз
етілуі бір бұл емес, бірнеше туындыларында
кездеседі. Адам табиғатында рух пен нәпсінің
тайталасып өмір сүретіндігін негіз еткен ақын
“нәпсіге ерік берсең ер емессің” дейді. Яғни,
рухтың биіктей түсуін жақтайды. Тұрмағамбет
“келтірмес өлімді ойға нәпсіге ерсең” деп ор-
таға сөз тастау арқылы айтысты діни дүиента-
нымға негіздейді. Өлімді әрдайым ойда ұстаған
жан ғана о дүниелік азаптың барын есте сақтап,
жамандықтан, қиянат жасаудан аяғын тартып
жүре алады. Ал нәпсі – қанағатсыздықтың
негізі, бастау алар көзі. Ол ешқашанда тоят
таба алмайды. Нәпсіге ерік берсең адамгерші-
ліктен ада болғаның. “Нәпсіге ерік берсең ер
емессің”, адам емессің, адам деген атқа лайық
емессің. Адам боп өмірге келгеннен кейінгі
баршамызға міндеттелер мақсат адам атына сай
өмір сүру, азғындамай, адам қалпында қалу.
Тұрмағамбет ақын нәпсінің екінші атауын
“әуес” деп беріп, атқа теңейді. Әуестікке ерсең,
шөлде адасасың дейді.
Барға қанағат етуге, мал-мүлікке қызықпай,
денсаулықты сақтауға, нәпсінің дегеніне көніп,
соңынан ілесе бермеуге шақырып, Тұрмағамбет
өлеңін Шораяқтың Омарына жолдайды. Айтыс-
қа қатысқан алты ақынның ішінде Шораяқтың
Омары мен Сарғасқа Молдағалидың өлеңдері
бір арнада тоғысады. Тұрмағамбет ақын қозғау
салған ойға тереңдеп бармай, кей ақындар
“қайғысын бұл жаһанның қабат ойлағанша,
ақылыңды екі бөлсең қайтеді” (Омар), “бәрінен
де ақ жеңешем қасында домбыра шертіп отыр-
саң” (Молдағали) жақсы емес пе деген сияқты
ойларын қысқаша қайырады. Керейт Шәді ақын-
ның қайырған жауабы өмірлік философияны
толғауы тұрғысынан Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
Т. Ізтілеуұлының жазба айтыстары
76
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 1-2(141-142). 2013
өлеңімен астасып, басқаларымен салыстырған-
да тақырып аясын кеңінен ашуға тырысады.
Шәді ақын тұрғыласы Тұрмағамбеттің ойын
дамытып, оқырмандарын әділ жолдан қия бас-
пауға, адалдықтың, адамдық ардың ақ жолына
шақырады.
Зерттеуші Л. Әбдіхалықова Т. Ізтілеуұлы-
ның “Көкқұтан мен шымшық” мысалын мысал
айтысқа жатқызады. Себебі мұнда көкқұтан
мен шымшық адам кейпінде бір-бірімен жауап-
тасып айтысады. Мысал айтыстың түріне жата-
тын осы туындыда көкқұтан мен шымшық ар-
қылы өмірдегі осындай мінезді бір қауым бей-
неленген”, – деп тұжырымдайды
3, 17. Осы
ойды жалғастыра келе Тұрмағамбеттің жазба
айтыстарын діни айтыс (“Тұрмағамбет пен Ер-
мұраттың айтысы”), хат айтыс (“Тұрмағамбет
пен Жүрсіннің айтысы”, “Тұрмағамбет пен
Әбдікәрімнің айтысы”), жұмбақ айтыс (“Тұр-
мағамбет пен Шәді төренің айтысы”), мысал
айтыс (“Көкқұтан мен шымшық” мысалы) деп
жіктеуге болады.
Қазақтың нағыз сөз мәйегін, терең сырлы ой
тұңғиығын, тұнық сөз тұмасын Т. Ізтілеуұлы
басқа туындыларымен бірге жазба айтыста да
молынан қолдана білген. Ақын шығармашылы-
ғының бағасын арттырып отырған да осы мән-
дес жырлары.
Достарыңызбен бөлісу: |