Әдебиеттер
1 Абай және қазіргі заман әдебиеті (Құраст. Байғалиев Б.). – Алматы: Ғылым, 1994. – 336 б.
2 Қорамсаұлы А. Шығармалары (Құрст. Ә. Тәжібаев). – Алматы: Жазушы, 1963. – 236 б.
3 Дәдебаев Ж. Тұлпардың сыны мен бабы. – Алматы: Бастау, 1994. – 16 б.
References
1 Abay zhәne қazіrgі zaman әdebietі (Құrast. Bayғaliev B.). – Almaty: Ғylym, 1994. – 336 b.
2 Қoramsaұly A. Shyғarmalary (Құrst. Ә. Tәzhіbaev). – Almaty: Zhazushy, 1963. – 236 b.
3 Dәdebaev Zh. Tұlpardyң syny men baby. – Almaty: Bastau, 1994. – 16 b.
Т.Б. Қастеева
82
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 1-2(141-142). 2013
ӘОЖ:39:398.1(574)
Г.С. Оралова
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ф.ғ.к., аға оқытушы,
Қазақстан, Қызылорда қ.
E-mail:
korkytata@inbox.ru
Б. Өтепұлы мен Т.Үркімбаевтың жазба айтысындағы
ұлттық-этнографиялық болмыс
Әдебиеттану ғылымында жекелеген ақындар шығармашылығын қарастыру, оны ұлт қазынасына қосу
қашан да күн тәртібіндегі мәселе. Бұл мақалада шығармашылығын белгілі ортада қалыптастырған, бұрын-
соңды өткен ақындардан тәлім, дәстүр жалғастығынан нәр алған Б. Өтепұлы мен Т. Үркімбаев сынды
ақындардың жазба айтысындағы ұлттық-этнографиялық болмысы айқындалған.
Мақалада ақындық поэзия мұраларындағы жазбаша айтыс үлгiлерiнiң жанрлық қырларына талдаулар
жасалып, өзіндік дәстүрлі мектебі бар Сыр бойы ақындарының жазбаша айтыстары ақындық дәстүрдiң
көркемдiк жалғастығы негізінде зерттелген.
Ақындардың бұл жазбаша айтыстары уақыт пен кеңiстiк бiрлiгi аясында бағаланады. Себебi ақындардың
аталған айтыстары – ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы кезең шындығының шежiресi. Айтыста қозғалатын
ортақ тақырып – аудандарды құрайтын ауылдардың шаруашылық дамуының көрсеткiштерiн эпикалық
баяндаумен қамтып жырлау. Идеясы – ауыл шаруашылығындағы адамдардың еңбек майданындағы қажырлы
iс-әрекеттерiн, халықтың материалдық тұрмыс мәдениетiнiң жақсылықтарын мадақтау, кемшiлiктерiн сынау.
Шаруашылықтарды жетiстiктер мен кемшiлiктердi салыстыра тiзбелеудiң поэтикалық түйiндеуi –
адамдардың еңбек майданында ғана өсiп-өркендей алатынын дәлелдеу.
Б. Өтепұлы мен Т. Үркімбаевтың жазбаша айтыстары – қазақ тұрмысының ұлттық-этнографиялық шы-
найы болмысын поэтикалық көркем бейнелеген әдеби шығармалар. Ақындардың жазбаша айтыстарында
қазақ халқының төрт түлiк малды, әсiресе жылқыны күтiп-баптаудағы эстетикалық-гуманистiк көзқарастары
романтикалық-реалистiк дүниетаным сарындарымен жырланғандығы талданған.
Жазбаша айтыстар – ақындардың шығармашылық тұлғасын биіктетіп, өлең өнерiнiң көркемдiк-
эстетикалық тағылымын әдеби сын құралы тұрғысында жырлаған шығармалар екендігі байыпталған.
Түйін сөздер: айтыс, процесс, ақындық мектеп, пейзаж, өлең, фольклор, дәстүр, көркемдік ойлау, жырау,
нақыл өлеңдер, тарихи-баяндау, әдеби бейне, классика, романтика, көркемдік жинақтау, этнография, автор,
лирикалық кейіпкер, хат-өлең, арнау, толғау, патриот, идея, тақырып, жазбаша айтыс, лирикалық толғаныс,
ақындық поэзия, дастан, айтыс.
G.S. Oralova
National ethnographic contents of the written aytis of B. Otepuly and T.Urkimbayev
This article deals with the written aytis of the period of the Great Patriotic War of two akyns from Kazaly and
Karmakshy regions. The author touches on an issue of cultural values and the national and ethnographic contents in
the written aytis. The spiritual and informative space and philosophical depth of an esthetics of the Kazakh people is
defined on the basis of the written aytis.
The aytis of Baynazar Otepuly and Toleubay Urkimbayev is a sample of a poetic embodiment of the historical
truth during years of the Great Patriotic War. Baynazar’s and Toleubay’s poetic competition is an ethnographic work.
Both akyns compare economic achievements and indicators, define psychology of the nomad - the cattle-farmer and
sing about national traditions and system of cultural wealth of the Kazakh people in the form of a graphic art.
The theme of two akyns given in their aytis is connected with the life of people in the years of war. The idea of an
aytis is a caroling of a feat of the people in the war and in the rear. Songs- letters of two akyns published on pages of
newspapers reflect the given topic and idea in unity.
Key words: aytis, ethnographic work, the theme of war, idea, theme, lyrics, the patriot.
Г.С. Оралова
Национально-этнографическое содержание письменного айтыса Б. Отепова и Т. Уркимбаева
В данной статье рассматривается письменный айтыс периода Великой Отечественной войны двух акынов
из Казалинского и Кармакшинского регионов. Автор затрагивает проблему культурных ценностей и
национально-этнографического содержания в письменном айтысе. На основе письменного айтыса опреде-
ляется духовно-познавательное пространство и философская глубина эстетики казахского народа. Айтыс
Байназара Отепулы и Толеубая Уркимбаева – образец поэтического воплощения исторической правды в годы
Великой Отечественной войны. Поэтическое состязание Байназара и Толеубая – этнографическое произве-
дение. Оба акына сравнивают хозяйственные достижения и показатели, раскрывают психологию кочевника-
Б. Өтепұлы мен Т.Үркімбаевтың жазба айтысындағы ұлттық-этнографиялық болмыс
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
83
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1-2(141-142). 2013
скотовода и в художественно-изобразительной форме воспевают национальные традиции и систему
духовных ценностей казахского народа.
Тема айтыса двух акынов – жизнь и быт народа в годы войны. Идея айтыса – воспевание подвига народа
на войне и в тылу. Песни-письма двух акынов, опубликованные в на страницах газет, отражают в единстве
названную тему и идею.
Ключевые слова: айтыс, этнографическое произведение, тема войны, идея.
_____________________________________
Бұл жазбаша айтыс – қазақ сөз өнерiнiң адам-
гер-шiлiк, отаншылдық тәлiм-тәрбиесi, құралы
ретiндегi классикалық үрдiсiн дәлелдеген таны-
мал шығарма. Жалпы алғанда, қазақтың ақын-
дық поэзиясы Кеңес Одағы аумағында Ұлы Отан
соғысы болып аталған осы екiншi дүниежүзiлiк
соғыс жылдарында қанды шайқастар жүрiп жат-
қан алғы шептегi майдандарда да жеңiске де-
меу, тiрек болған тылда да, қоршауда қалған
қалаларда да халықтың қаһармандық жiгерiн
жанитын, жеңiске жiгерлендiретiн, жабыққан
көңiлдердi серпiлдiретiн оптимистiк-романти-
калық қуаттылықпен танылды.
Ақындық поэзияның көрнектi тұлғалары
Ж.Жабаевтың [1, 2], Н.Байғаниннiң [3], К.Әзiр-
баевтың [4, 5], Д.Әлiмбаевтың [6], Ш.Қошқар-
баевтың [7], А.Тәжiбаеваның [8, 9], Н.Бекежа-
новтың [10] және тағы басқалардың өлең-
толғаулары, айтыстары, дастандары халықтың
фашизм апатына қарсы кұресiне дем бердi. Мы-
салы, Ж.Жабаевтың «Ата жаумен айқастық»,
«Өмiр мен өлiм белдестi», «Ленинградтық өрен-
дерiм» және т.б. шығармалары [1, 2] болса,
Н. Байғанин «Капитан Гастелло», «Ер Талали-
хин», «Партизан», Кеңес Одағының Батырлары
Нарсұтбай Есболатовқа «Ер туралы жыр», Тө-
леген Тоқтаровқа «Жиырма бес» және т.б. [3]
көрнектi туындылар арнаған. Бұл өлеңдер адам-
затқа төнген фашизм зұлымдығына арналған
халықтық ашу-ызаны бiлдiрдi. Жазбаша айтыс
жанрының қамтылып отырған кезеңдегi дамуы-
на ақын Байназар Өтепұлының шығармашы-
лығы да қосылады.
Ақынның жазбаша айтыстары ұлттық сөз
өнерi тарихындағы өзiндiк сипатымен таныл-
ған. Ол Қуаныш Баймағамбетов (1895–1973),
Төлеубай Үркiмбаев (1898–1959), Мұзарап Жү-
сiпов (1905–1972), Нұғыман Молыбаев (1906–
1975), Нәби Жетiлгенов, Әбдiразақ Қаналиев
және т.б. ақындармен айтысқан. Осы айтыста-
рында халықтың қоғамдық-әлеуметтiк, тұрмыс-
тық өзектi мәселелерiн арқау етiп жырлады.
Фольклор мен әдебиеттiң көркемдiк ықпалдас-
тығы аясында қалыптасқан жазбаша айтыста-
рында өмiр шындығын көркемдiк жинақтау-
мен, шыншыл да сыншыл тiлмен өрнектедi.
Байназар мен Төлеубайдың жазбаша айтысы
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жүрiп жатқан кезде
Қазалы аудандық «Большевиктiк жол» (№53(971),
1943 жыл, қыркүйек), Қызылорда облыстық
«Ленин жолы» (17 қазан, 1943 жыл, №205(1625),
Сырдария аудандық «Ленин туы) (№39 (798), 1
қыркүйек 1945 жыл; 1 қазан 1945 жыл) газетте-
рiнiң беттерiнде жарияланған.
Адамзатқа зор қауiп-қатер болып төнген фа-
шизм апатына қарсы күресудiң алдыңғы шеп-
тегi шайқастарда да, елдегi еңбек майданында
да үздiксiз жүргенiн, жас балалардан бастап ең-
кейген қарттарға дейiн соғыс өртiн сөндiруге
жұмылған қажырлы қайраттың, арпалысқан кү-
рестiң шынайы болмысы ақындардың майдан-
нан жазған хаттарынан, елдегi ақындардың өнер
мен өмiр қимылдарын ұштастырған қызмет-
терiмен танылды. Ақындық поэзия өкiлдерiнiң
барлығы дерлiк майданда да, тылда да өлең-
дерiнiң қаһармандық ерлiкке жiгерлендiретiн
ықпалымен, патриоттық толғауларымен, арнау-
ларымен халықтың көңiлiн көтердi, жеңiске же-
тетiн үмiт шырағын жандырды. Байназар Өтеп-
ұлы мен Төлеубай Үркiмбаевтың жазбаша ай-
тысы – аталған кезеңдегi тарихи шындықтың көр-
кем поэтикалық сипатпен жырлануының үлгiсi.
Екi ақынның айтысындағы тақырып – соғыс
жылдарындағы халық тұрмысы. Идеясы – ха-
лықтың соғыс, еңбек майдандарындағы қаһар-
мандық тағылымын таныту. Екi ақынның ке-
зектесе жазып газет беттерiнде жарияланған
хат-өлеңдерiнде осы аталған тақырып пен идея
тұтастығы поэтикалық желi болып тартылған.
Мысалы:
1. Төлеубай:
Майданда қатты соғыс болып жатыр,
Ерлерiм жауды шөптей орып жатыр.
Мұзбалақ, болат топшы қызыл қыран,
Бүркiттей жау үстiне қонып жатыр.
Бiздiң елдiң қаһарман ұлдарының,
Ғажайып ерлiктерi толып жатыр [11, 5].
2. Байназар:
Майданнан хабарым бар қанды соғыс,
Сол жеңбек кiмнiң iсi болса дұрыс.
Г.С. Оралова
84
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 1-2(141-142). 2013
Ерлерiм қанды майдан жорығында,
Қаһарман қаруланған болат құрыш
Батырлар қазiр жауды еңселеуде
Қойсын ба адал ниет, тасқынды күш.
Қазiрде жазда жеңiс бiзге айналды,
Жеңiс жыл болуы анық алдағы қыс.
Жоқ етiп елдiң жауын ерлер келiп,
Шат тұрмыс, бақытты өмiр болар тыныш [11, 89].
Тақырып пен идея – ақындық поэзия шығар-
маларының, жалпы көркем өнер туындылары-
ның басты өзегi. Жазбаша айтыс – хат-өлеңнiң
күрделенген үлгiсi. Сондықтан, бұл жанрдағы
шығарманың лирикалық сыршылдығы да, ди-
дактикалық насихаты да, эпикалық сипаты да
тұтастана жырланады. Байназар мен Төлеубай-
дың осы жазбаша айтысындағы негiзгi тартыс
өзегiнде айтыстардың классикалық үрдiсiне тән
ерекшелiктерi сақталған. Яғни, негiзгi желi –
екi ақынның да өздерiнiң аудандарындағы ма-
териалдық және рухани мәдениет салаларын-
дағы жетiстiктерiн айтып желпiнуi және қарсы-
ласының ауданындағы кемшiлiктердi тiзбелеп
сынайтыны поэтикалық сайыстың негiзгi желi-
сiн құрайды.
Айтыстың тақырыптық-идеялық желiсiне
арқау болған Қазалы мен Қармақшы ауданда-
рының шаруашылық дамуының көрсеткiштерiн
салыстыра жырлауда екi ақын да тылдағы ха-
лық еңбегiнiң тұрпатын нақты деректерге сәй-
кестенген романтикалық көтерiңкi көңiл-күй-
мен өрнектеген. Бұл орайда, екi ақын да халық-
тың еңбек арқылы мәртебеленген биiктiгiн, май-
дандағы жеңiске жiгер қосқан үздiк көрсеткiш-
терiн мақтанышпен толғайды. Ақындардың жыр-
ларында халықтың еңбектегi ерен қимылдары
жыр өрiлiмiндегi бейнелiлiк өрнектермен тiзбе-
лене, түйдектеле берiледi.
Жазбаша айтыстардың лирикалық сипатын
танытатын басты ерекшелiгi – сайысу шумақта-
рындағы лирикалық қаһарманның – ақынның
өзiндiк тұлғасының даралана жырланатыны.
Ақын лирикалық «Мен» поэтикалық ұғымы-
ның жинақталған сипаты аясында халықтық
көңiл-күй, мiнез-құлық психологиясына тән
ерекшелiктерiн өз атынан тебiрене толғайды.
Ақынның лирикалық толғаныстары арқылы
көркемдiк жинақтаумен дараланған шығарма-
шылық тұлғаның әдеби бейнесi де айқында-
лады. Айтыс процесi үстiндегi автор бейнесiнiң
даралана танылуы – бұл жанрдың лирикалық
сипатын танытатын басты ерекшелiк.
Б.Өтепұлының жазба айтыстарынан ақын-
ның өзiндiк шығармашылық келбетiн байқай-
мыз. Ақындық тұлғаның бейнелi мағыналы сөз-
дердiң көркемдiк кестелермен өрнектелуi – шы-
ғармашылық тұлғалардың шеберлiк келбетте-
рiн де аңғартады. Мысалы:
Кiм бiлсiн кiмнiң жайын кездеспесе,
Жүйрiктiң аты шықпас озбай көпте.
Байқалар батыр жауда, палуан тойда,
Нарға сын ұзақ жолда, ауыр жүкте.
Дегендей: «Ер – егесте, ақын – тiлде»,
Бағасы барлығының көпшiлiкте.
Алтын, жез, мыс, қоланың нарқы мәлiм,
Болғанмен түсi сары бiр реңкте.
Ақындық атаққа ортақ iнiң болам,
Өзiңнен өзге емеспiн бiр тiлекте.
Қолға ұстап қалам-найза қаруыңды,
Iнiңдi шақырыпсыз күреспекке [11, 8].
2. ...Өлеңнiң егесi бiз болғанменен,
Аралар бiзден кетiп жұртшылықты.
Халық сыншы халықта нелер ойлылар бар,
Сонда өлең көрмей өтсiн көптен түрткi.
Көрнектi көркем болып маған шықсын,
Пайдасы халыққа тиетiн түпкiлiктi [11, 11].
Байназар ақынның жауап жырларында қар-
сылас ақынның айтқан кемшiлiктерi мойын-
дала отырып, өзiнiң ауданындағы жетiстiктерi
тiзбектеле баяндалады. Төлеубай ақынның ау-
данында орын алып отырған кемшiлiктердi
(мал жоспарының орындалмағаны, қырсыз бас-
шылар, сиырлардың өлiм-жiтiмге ұшырағаны,
төрт түлiктiң қысыр қалғаны, т.б.) атап көр-
сетедi. Отан соғысы деген атаумен Кеңес
Одағы бойынша тарихта қалған елдiк пен ерлiк
танылған сындарлы жылдарда азаматтық пара-
сат тұғырында болған қазақ халқының нар тұл-
ғалы адамдарының тұлғаларын даралап бейне-
лейдi. Мысалы, шопандар Сағымбаевтың («Ақ
иық бүркiт секiлдi», «Астына мiнiп тарланды,
үстiне киiп тай жақсы, қызыл жарғақ шалбар-
лы, ерiксiз еске түсiрер атақты батыр Қобылан-
ды») «Қойға шапқан жиырмаға тарта көкжал-
ды» өзi соғып алған Естанның («Бiр төл шығын
болмайды бағып жүрген қойынан») ұқыпты-
лығы, жас сауыншы Рабиғаның, басқарма Зия-
даның, ферма бригадирi Әлиманың, сиыршы
Зәуренiң, жылқышы Толыбаев Әйтпембеттiң,
егiншi Өтеубай Қуанышевтың, басқарма Қа-
шақбайдың және т.б. еңбекшiлердiң еңбектегi
ерлiк iстерi тарихи баяндаумен жырланған.
Ақындық поэзия өкiлдерi – халық әдебиетi-
нiң көркемдiк негiзiнен нәр алған шығарма-
шылық тұлғалар. Байназардың да, Төлеубай-
дың да жазбаша айтысу барысында шешендiк
толғаныстар, жыраулық нақыл өлеңдер үлгiсi-
Б. Өтепұлы мен Т.Үркімбаевтың жазба айтысындағы ұлттық-этнографиялық болмыс
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
85
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1-2(141-142). 2013
мен термелеп төге жырлайтын жерлерi де кез-
деседi. Мысалы, Байназардың екiншi жауап
сөзiндегi афоризмдiк сипаты бар тiркестер
(«Халық төрешi – халық әдiл», «Ұмтыл, ақын,
ар үшiн», «Өткiр сөздiң қылышын мен де
аянбай сермедiм», «Ақынға мiндет – әдiлдiк»)
және нақыл өлең тармақтары көрiктi ойдың
көркем кестесi болып төгiлген:
...Жүйрiк-жүйрiк бола ма,
Думанда озып шаппаса.
Дариядан не пайда,
Ойдағы жерге ақпаса
Батырлық атақ ала ма
Ер жауынан ықтаса.
Ақын ақын бола ма,
Үлгiлi кеңес таппаса.
Адал деуге бола ма,
Арам пiкiр сақтаса
Халық үшiн тудым дегенге,
Жұрт сенбес басын ақтаса.
Халық күлмей ме шешенге,
Өзiн-өзi орынсыз,
Құр көтерiп мақтаса.
Жарысуға бола ма,
Озғаның жұртқа жақпаса.
Халық та бөтен демейдi,
Жеңiлген жерде тоқтаса [11, 26].
Ал, Асан Қайғының, Шалкиiздiң, Қазтуған-
ның, Доспамбеттiң, Марғасқаның, Жиембеттiң,
Үмбетейдiң, Бұқардың, т.б. (ХҮ–ХҮIII ғғ.),
Дулаттың, Махамбеттiң, Сүйiнбайдың, Мұрат-
тың, Бiржанның, Ақанның, Балуан Шолақтың
және т.б. (ХIХ–ХХ ғғ.) ақын-жыраулардың тол-
ғауларындағы бейнелiлiк оралымдарында жыл-
қыға, тұлпарға байланысты поэтикалық қолда-
ныстардың мол кездесетiнi мәлiм. Сондықтан
Байназар мен Төлеубайдың жазбаша айтысын-
дағы бейнелiлiкпен өрнектелген жылқыға, тұл-
парға арналған кестелi тармақтар арқылы ақын-
дардың ұлттық-этнографиялық тұрмыс дәстүрi
аясындағы көркемдiк-эстетикалық көзқараста-
рын көремiз.
Ақындық поэзияның барлық жанрларында
да ұлттық мiнез-құлық психологиясын таныта-
тын осындай сәттерде шабытқа қозғау салатын
дала адамының қызу қанды, желпiнiстi көңiл-
күй әуендерi айқын сезiледi. Мысалы, Байна-
зардың да, Төлеубайдың да өз аудандарындағы
жылқы туралы бейнелеулерi екеуiнiң де көр-
кемдiк-эстетикалық таным деңгейлерiн дәлел-
дейдi. Мысалы:
1. Байназар:
...Ат бердiк асыл тұқым арғымақтан,
«Тұлпар ат – деген нақыл-ерге серiк».
...Аттар бар ауданымда аты шыққан,
Таңлағы таңырқатқан көрсе көптi –
Барғанда Қазалыға көрсетемiн,
Бәйге алған ұлы дуда не жүйрiктi.
Бiреуi сол жүйрiктiң елiмдегi
Ақын дос, таныстырам Қаракөктi.
...Қой мойын, құлын сауыр, құлан шеке,
Салық төс, қамыс құлақ, қоян сыртты.
Шаңына iлеспейдi ат шабысқанда,
Тұлғасы таңдандырған бүкiл жұртты.
Шын таза ақалтеке тұқымынан,
Жасында түрiкпеннен келтiрiптi.
Қыс бағып, жаз үйiрге жiбередi
Тұқымы қазiр оның жүзге жеттi...
Нар бар ма сауса бұлақ мiнсе көлiк.
Қажымай көтеретiн бүтiн жүктi.
Ат бар ма ауызға алып ардақталған,
Талассыз шабыста озған, мiнсе мықты [11, 11-12].
2. Төлеубай:
...Атым бар әр тұқымнан алуан-алуан,
Жаясы жая құлаш, жал бiлектей.
Сымбатты сағақтары сала құлаш,
Иiлген алма мойын, ақ үйректей.
Шапса жүйрiк, мiнсе көлiк жануарлар,
Күшi бар бүтiн жүктiк нар үлектей.
Әрқайсысы екi жүз пұт жүк тартады,
Екi елi екпiнiнен кейiн кетпей.
Екi жүз шақырымнан шаң бередi,
Шаптырып көрiп тұрсаң он минуттей.
Жүргiзiп көп желiп көр, шауып та көр,
Егер де күмәндансаң көзiң жетпей.
Атыңнан атым озса жарысқанда,
Сен қалай құтыласың тiзе бүкпей?
...Қазiр бар текежәумiт, күрең аты,
Қаз соққан қанаттарын бiр серметпей.
Сiлтiдей Сырдың бойын тындырып жүр,
Тұрады күрең десең ұйып сүттей [11, 19].
2. Байназар:
...Жылқы өсiрдiк жүйрiктен,
Ерге серiк болатын.
Кебеже құрсақ кең танау,
Бием көп тұлпар егесте,
Еңселеп жауды қуатын.
Соның бiрi кешегi,
Өзiңе айтқан көк тұлпар,
Сондай тұлпар жылқыны,
Көрмей сырттан сынадық.
...Iздегенiң табылар,
Жүйрiк пенен жорғадан [11, 32].
Айтыстың идеялық-композициялық желiсiн-
де жылқыдан басқа да түлiк түрлерi жырла-
нады. Ақындар түлiктiң басқа түрлерiн (түйе,
сиыр, қой) жырлауда да фольклорлық-этно-
Г.С. Оралова
86
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 1-2(141-142). 2013
графиялық бейнелеулердiң айшықты қолданыс-
тарын мол пайдаланған. Жалпы, ақындардың төрт
түлiк малға арналған тұрмыс-салт жырларының
поэтикалық болмысын айтыстың құрылысына
көркемдiк шешiммен енгiзетiнiн байқаймыз.
Төрт түлiк мал туралы жырлар – қазақтың
халық өлеңдерiнiң ең байырғы үлгiлерi. Зерт-
теушi Б.Уахатовтың арнайы жазылған еңбек-
терiнде [12, 1326] халық эстетикасының дүние-
танымдық кеңiстiгiн, тереңдiктерiн жинақтаған
болмысына баға берiлген едi. Жазбаша айтыс-
тың композициясында осындай халықтық-эсте-
тикалық дүниетанымды танытатын төрт түлiк
малға байланысты жақтары өмiрдiң шынайы
реалистiк болмысынан туындаған. Зерттеушi
Б.Уахатов түркi халықтары тұрмыс-салт жыр-
ларының еңбек, шаруашылық кәсiбiне сәйкес
туындаған ерекшелiктерiн атап көрсетедi: «Ха-
лық поэзиясы – халық өмiрiнiң айнасы. Өлең әр
халықтың арман-тiлегiнен, ойынан, мiнез қаре-
кетiнен, тұрмыс-тiршiлiгiнен тұрады. Және со-
ның бәрiн әр халық әр түрлi жолмен, әр ұлтқа
тән өзiндiк формада бейнелеп көрсетедi. Мы-
салы, қазақ өлеңдерiнде қазақ халқының көш-
пелi малшылық өмiрi, сонымен байланысты
туған ой-сана сезiмi суреттелсе, өзбектерде бау-
бақша өсiрген отырықшы халықтың тұрмысы
баяндалады. Ал, алтай, саха, буряттарда Сiбiр-
дiң қақаған аязды ақ қар, көк мұзы, мүйiзi қара-
ғайдай бұғысы мен құлжасы, аңшылық өмiрi
бейнеленген» [13, 81-82].
Бұл орайда, Байназар мен Төлеубай ақын-
ның айтысында Қазалы мен Қармақшы аудан-
дары халқының ата-бабалық дәстүрге сай төрт
түлiктiң жылқыдан да басқа түрлерiн өркендет-
кен шаруашылық тынысы өмiр шындығына
лайықты жырланған:
Жазбаша айтыста ақындардың төрт түлiкке
байланысты қолданған сөздерi халқымыздың
ұлттық-этнографиялық болмысына тән ойлау
тереңдiктерiн, тiлдiк қорымыздың дәстүрлi
өрнектерiн көрсетедi. Жинақтай айтқанда, Бай-
назар мен Төлеубайдың сайысы –этнография-
лық сипатты шығарма. Екi ақын да шаруашы-
лық көрсеткiштерiн салыстыра жырлағанмен,
төрт түлiктiң ата-бабалық дүниетаным өрiсiн-
дегi қасиеттерiн толық қамтуы, көркем бейне-
лiлiк кестелерiмен өрнектей жырлауы арқылы
ұлттық дәстүрлi көзқарастар, бағалаулар жүйе-
лене айқындалған. Әсiресе жылқы, түйе түлiк-
терiнiң қасиеттерiн әрi саралай, әрi даралай
жырлау арқылы жазбаша айтыстың ақындық
поэзияға тән фольклорлық-этнографиялық ерек-
шелiктерi айқындала түскен.
Ақындық поэзияда халықтың тұрмыс-салт
өлеңдерiндегi поэтикалық үрдiстердi желi етiп
жырлау арқылы қазақтың ұлттық көңiл-күйi
психологиясы танылады. Халықтың негiзгi күн-
көрiс тiршiлiгiнiң қайнар көзi болып саналатын
төрт түлiктi арқау еткен жырлар арқылы поэти-
калық бейнелiлiк астарларына мағыналық негiз
болған атаулардың, сөз тiркестерiнiң мәнi де
байқалады. Бұл арқылы жалпы халықтық тiлдiк
қолданыстардың ақындық поэзия арқылы көр-
кем сөз қорына қосылатын болмысы да аңғары-
лады.
XIX ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ға-
сырдың бiрiншi жартысындағы қазақ әдебиетi-
нiң дамуында фольклор мен әдебиет ерекше-
лiктерi сабақтасқан жанр ретiнде өрiстеген жаз-
баша айтыстардың ұлттық рухани мәдениетi-
мiздегi маңызы анық байқалды. Қоғамдық-әлеу-
меттiк оқиғалардың ақпараттық тұрғыда баға-
лануында жазбаша айтыстардың көсемсөздiк
мәнерi жалпы халықтық қабылдауға ие болды.
Сондықтан, сөз арқауындағы Байназар Өтеп-
ұлының жазбаша айтыстарын дәстүрлi өнердiң
жалғасқан көрнектi үлгiлерi ретiнде бағалай-
мыз.
Қорыта айтқанда, ақындық поэзия дәстүрi,
оның мектептiк жалғасы ұлттық мәдениетiмiз-
дiң көркемдiк мұрасы ретiнде рухани құнды-
лықтарымыздың маңызды саласы болып баға-
ланады. Ақындық поэзияның көркемдiк ойлау
негiзi болып саналатын мақал-мәтелдер, қара
өлеңдер, ой-шешендердiң толғаныстары, жы-
раулардың толғаулары – барлығы да өлең
өнерiнiң, қазақ сөзiнiң қарым-қатынастар мәде-
ниетiнiң құралы екендiгiн айқындайды. Ақын-
дардың дидактикалық-лирикалық өлеңдерi (ар-
наулар, нақыл, насихат өлеңдерi, табиғатқа,
атамекендерге арналған пейзаждық-топоними-
калық жырлар) этнопедагогикалық-этнопсихо-
логиялық сарынды қазақ поэзиясының ұлттық
сипатын көрсетедi. Ақындардың жазбаша ай-
тыстары фольклор мен әдебиет дәстүрлерi
тоғысында жырланды. Классикалық Шығыс
үрдiстерi жазбаша айтыстарда сабақтаса өрiлдi.
Қазақ тұрмысы, төрт түлiк, әдеби сыншылдық,
ақындық тұлға ұлағаты және т.б. тұрмыстық-
әлеуметтiк мәселелер жазбаша айтыстарда мол
қамтылды. Арал, Қазалы өңiрлерi ақындары-
ның лирикалық-дидактикалық өлеңдерi, айтыс-
тары жалпы ұлттық қазақ әдебиетi тарихының
дамуында эстетикалық-көркемдiк ұлағаты мен
ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан даму жолымен
келедi. Бұл – қазақ сөз өнерiнiң өмiршең өне-
гесi.
Б. Өтепұлы мен Т.Үркімбаевтың жазба айтысындағы ұлттық-этнографиялық болмыс
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
87
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1-2(141-142). 2013
Достарыңызбен бөлісу: |