Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата21.01.2017
өлшемі2,86 Mb.
#2361
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41

Әдебиеттер 
 
1  Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б. 
2  Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б. 
3  Тебегенов Т. Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі: филол. ғыл. док. дис. – Алматы, 1998. – 345 б. 
4  Әбдіхалықова Л. Сыр сүлейлерінің жазба айтысы: Филол. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы, 2004.  – 30 б.  
5  Ізтілеуов Т. Назым. – Алматы: Жазушы, 1972. – 318 б. 
6  Байтұрсынов А. Шығармалар / Құрастырғандар Шәріпов Ә., Дәуітов С. – Алматы, 1989. – 320 б. 
7  Асанова Ұ. Қазақ халқының айтыс өнері арқылы оқушыларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд. 
дис. – Алматы, 1993. – 141 б.  
 
References 
 
1  Auezov M. Adebiet tarihy. – Almaty: Ana tіlі, 1991. – 240 b. 
2 Adebiettanu 
terminder 
sozdіgі. – Almaty: Ana tіlі, 1998. – 384 b. 
3  Tebegenov T. Akyndyk poeziyadagy fol'klor men adebiet dastүrі: filol. gyl. dok. dis. – Almaty, 1998. – 345 b. 
4 Abdіhalykova L. Syr sүleylerіnіn zhazba aytysy: Filol. gyl. kand. dis. avtoref. – Almaty, 2004.  – 30 b.  
5  Іztіleuov T. Nazym. – Almaty: Zhazushy, 1972. – 318 b. 
6  Baytursynov A. Shygarmalar / Kurastyrғandar Sharіpov A., Dәuіtov S. – Almaty, 1989. – 320 b. 
7  Asanova U. Kazak halkynyn aytys onerі arkyly okushylarga adamgershіlіk-estetikalyk tәrbie beru: red. gyl. kand. dis. – 
Almaty, 1993. – 141 b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Е. Карбозов 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 

77 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1-2(141-142). 2013 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 82:801.6; 82-1/-9 
 
Т.Б. Қастеева 
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың аға оқытушысы, Қазақстан, Алматы қ.  
E-mail: 
bauka1596@mail.ru
 
 
«Құлагер» ән-өлеңі туралы 
 
Мақалада  «өнерінен  өмірі  сұлу»,  аса  көрнекті  әнші-композитор  Ақан  сері  Қорамсаұлының  жүйрік  ат, 
құмай  тазы,  қыран  бүркіт  ұстаған  өзгеше  өмірі,  ерекше  өнері  және  серінің  қанаты  болған  жүйрік  аты – 
Құлагер туралы сөз болады. Үш жүздің басын қосқан  Сағынайдың асында үш жүз жиырма үш ат қосылған 
аламан  бәйгенің  алдында  қара  үзіп,  оқ  бойы  алды  келе  жатқан  ерен  жүйрік  Құлагерді    көре  алмаған 
дұшпандары  Батыраш,  Қотыраштың  қастандықпен  мерт  қылғаны  белгілі.  Осы  ауыр  қайғыға  арнаған  Ақан 
серінің мұңға, зарға толы «Құлагер» ән-өлеңі мақалада талқыланады.  
Түйін сөздер: Ақан сері, Құлагер, аламан бәйге, аңшылық-саятшылық. 
 
T.B. Kasteyeva 
The poems of Akan seri dedicated to Kulager 
 
This article discusses the poems and songs of the famous poet, composer and singer Akan Seri people dedicated 
to his horse Kulager. Akan Seri was invited to the funeral of a famous person named Sagynai, but he did not want to 
go, because he knew that there will come many of his enemies. But the influential people of the village persuaded 
him to go with them. There came  his enemies named Batyrash, Kotyrash who had fast horses. They have heard that 
Akan seri is going to add his Kulager to the races. They prepared their people to wait in the reeds  in order to harm 
anything Kulager if their horses will be left behind. In those days, the races of horses allowed on the desert. Seeing 
that Kulager has done best, enemies waiting in ambush beat him to death with clubs. 
Death of a beloved horse Kulager had a huge impact on the work of the Akan Seri. This event, which occurred in 
the mid-80s of the XIX century., He devoted many poems, the most significant of which is called "Kulager” 
Keywords: Akan seri, Kulager, horse races, hunting. 
 
Т.Б. Кастеева 
Стихотворения Акана сери, посвященные Кулагеру 
 
В этой статье рассматриваются стихи, песни знаменитого поэта, композитора и певца қазахского народа 
Акана сери, посвященные его скакуну Кулагер. Акан сери был приглашен на поминки известного человека 
по имени Сагынай; он не хотел ехать, так как знал, что туда съедутся многие его завистники. Но влиятельные 
люди аула уговорили его поехать вместе с ними. На эти поминки приехали дети богачей по имени Батыраш, 
Котыраш,  у  которых  были  быстроходные  кони.  Они  слышали,  что  Акан  собирается  выставлять  своего 
Кулагера  на  скачки,  которые  устраивались  после  этих  поминок  в  память  о  знатном  человеке.  Они 
приготовили в засаде, в камышах, своих людей с целью навредить чем-либо Кулагеру, если их лошади будут 
отставать.  В  те  времена  на  скачках  лошадей  пускали  по  степи.  Увидев,  что  Кулагер  идет  впереди  всех, 
ожидавшие в засаде забили его насмерть дубинками. 
Смерть любимого скакуна Кулагера оказала огромное влияние на творчество Акан сери. Этому событию, 
происшедшему в середине 80-х годов XIX в., он посвятил множество стихотворений, самое значительное из 
которых носит название «Құлагер». 
Ключевые слова: Акан сери, Кулагер, скачки, охота с ловчими птицами - соколом, беркутом, орланом. 
___________________________________
   
 
 
Қазақ  халқы  әнші-ақындар  шоғырының  аса 
көрнекті  өкілдерінің  бірі – Ақан  Қорамсаұлы. 
Жасынан  ән-жырға  үйір  ол  қолына  домбыра 
алып  ән  салады, өлең  шығарады. Жігіттік, сал, 
серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік 
ат,  құмай  тазы,  қыран  бүркіт  ұстайды.  Қасына 
өнерлі  жігіттерді  жинап,  ел  аралайды,  сауық-
сайран  құрады.  Қалың  елді  ғажайып  әнімен 
баурайды.  Бір  уақ  сейіл-серуенге  шығып, 
саятшылық  құрады.  Осындай  өзгеше  өміріне, 
өнеріне  риза  болған  халық  «сері»  атандырады. 
Жүйрікті бәйгеге  қосып, аңшылық-саятшылық 
құру  ерте  кездегі  халық  өмірінен  елеулі  орын 
алған.  Адам  үнемі  бір  қалыпты-бұйығы  тірлік-
пен өмір өткізе бермеген. Арасында тіршіліктің 
қызығы  мен  шыжығын  көруді  де  парыз  са-
наған.  
Ақан сияқты көп қырлы өнері бар сері адам 
үшін  бұл-басты  қажеттілік  болған.  Ақын  дү-
ние-байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпе-
ген. Оның есесіне Құлагердей ат,  Қараторғай мен 
Базар  ала  сияқты  қыран  құс  пен  тазы  ұстаған. 
 
Т.Б. Қастеева 

78 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 1-2(141-142). 2013
 
Ақан сал-серіліктің салтанатын аңшылық-саят-
шылық,  құсбегілік  мергеншілікпен  ұштастырып, 
бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит 
жүгіртіп  көңілін  көтеріп,  жанын  жадыратқан. 
Сондықтан бірқатар туындылары осы тақырып-
қа  арналған.  Солардың  ішінде  қалың  елге  кең 
тарағаны «Құлагер» ән өлеңі.  
Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, 
даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер 1876 жылы 
Сағынайдың  асында  қастандықпен  өлтірілгені 
белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қо-
сылады.  Осынша  аттың  алдына  қара  үзіп  келе 
жатқан  қанатты  жүйрік  Құлагерді  Ақмоланың 
алпауыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық 
жасап, айбалтамен  басынан ұрып өлтіреді. Осы 
бір  қарабет-қастандық  сезімтал  ақын  жанын 
жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа 
халық  ерекше  мән  берген. «Бұл  көшпелі  өмір-
дің  өзінен  туған  қажеттілік  болатын...  Қазақ-
тардың  ғасырлар  бойындағы  тіршілік  өткелде-
рінің куәгері – аттың орны мен қызметін ешбір 
ақын,  шешен,  жыршы  айтып  тауыса  алмаған» 
[1, 79]. Осы дәстүрден Ақан сері де шет  қалма-
ған.  Оның  үстіне  қапияда  мерт  болған  атының 
өлімі  де  Ақан  серіге  орны  толмас  өкініш  әке-
леді. «Құлагер» ән өлеңін өлген атының басын-
да  отырып  айтады.  Сондықтан  бұл  өлең  ақын-
ның ауыр жан күйелісі, терең тебіренісінен ту-
ған.  Өлеңде  озбырлықтан  зәбір  көрген  ақынның 
көкірегін  кернеген  қайғы-мұңы  бар.  Сондай-ақ 
ақынның көңіл-күйіндегі сан түрлі психология-
лық  өзгерістер  де  айқын  байқалып  отырады. 
Құлагерді  қарап  тұрған  Ақан  сері  алдыңғы  ат-
тың  түсінің  өзге  екенін  байқап  мазасыздана 
бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады.  
 
Жел соқса қамыс басы майда деймін, 
Атыңды, ат айдаушы, қайда деймін. 
Алдыңғы ат баран болмай қылаң болды 
Жығылмаса , Құлагер қайда деймін?! [1, 45]. 
 
деген  жолдарда  бір  үміт,  бір  күдік  тай-таласқа 
түскендей  болады.  Ат  айдаушыға  қарата  тіл 
қатып,  алыстан  көрінген  алдыңғы  аттың  баран 
болмауы  Ақан  көңіліндегі  күдікті  көбейте  тү-
седі. «Жығылмаса, Құлагер қайда деймін?!».  
Ақан  сері  Құлагердің  өлгенін  естігенде  есі 
ауысқандай  басқа  күйге  түседі.  Оның  ой-сезі-
мін бір сәт шарасыздық билегендей болады.  
 
Өлді деп Құлагерді естігенде, 
Бір тұрып, бір отырып ойбайладым,- 
 
дейді.   
Басқа  не  істесін?  Көңілі  суып,  үміті  үзіледі. 
Үрей  билеп  шошынған  Ақан  «Сарыаласына 
мініп тұра  шабады». Енді оның  психолгиясын-
да  басқа  өзгеріс  байқалады.  Ыза  мен  кекке 
булығып  ашынған    ақын  іштегі  мұң-зарын  өк-
сік атқан  ән өлеңмен шырқайды. «Намаз шам, 
намаздігер»  арасында  мұңлы  ән  бүкіл  Ерей-
ментаудың алқабын күңіренткендей болады.  
 
Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім, 
Салбырап саптаяқтай төменгі ернің. 
Баспа-бас қызға бермес жануарым 
Басылмас бір шырқамай менің шерім,- 
 
деп аяулы Құлагерін жоқтайды. 
Құлагердің  бүкіл  топтан  озған  жел  жетпес 
жүйріктігі,  бірде  тұлпарға  лайық  сыны,  тіпті 
өлген жеріне дейін өлеңнен көрініс тапқан. 
 
Құлагер топтан озған жүйрігім-ай, 
Жарасар келте жібек құйрығың-ай. 
Түбіне Ерейменнің айдап келіп 
Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай [1, 46] 
 
Ақанның  өкінішінде  шек  жоқ.  Өлеңнің  әр  
шумағы  оның  жан  күйігіне  толы.  Құлагер  дү-
бірлі  бәйгеге  қосылған  сайын  Ақан  серінің  де, 
елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан 
оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүй-
рік  ретінде  жоқтайды.  Елдің  де,  ердің  де  даң-
қын  асырған  тұлпардың  қапияда  мерт  болуы 
жалпақ жұртқа да оңай болмаған.  
 
Ор болып қалушы еді шапқан жерің, 
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің. 
Атығай, Қаруылға олжа  салған 
Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім 
Құлагер құнанында керім еді, 
Нағашым сұрағанда беріп еді. 
Ат қоса Ерейменге барғанымда, 
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді. 
 
Көкшетау,  Атбасар  өңіріндегі  ас-тойларда 
үнемі  жеке-дара  келіп,  атағы  алыс  елдерге – 
Арқаға  кеңінен  тараған  Құлагерге  Атығай-Қа-
рауыл  елі  тілекші  болады.  Тіпті  Құлагерді  бір 
көруге қаншама адам ынтық болып құмартады. 
Өйткені  тобылғы  түстес  Құлагердің  мүсіні  де 
ерекше болады.  
 
Құлагер айналайын тұлпарым-ай, 
Бір көрмей, тұра алмаймын сұңқарым-ай. 
Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып 
Бір көрсек деп тұратын іңкәрім-ай! [1, 47] 
 
Ақаң  серінің  көңіліндегі  көлеңкені  кетіріп, 
жан  серігіне  айналған  сәйгүлігіне  деген  ынты-
зар  ықыласында  шек  жоқ.Шошына  аласұрған 
Ақан: 
 
 
«Құлагер» ән-өлеңі туралы 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 

79 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1-2(141-142). 2013 
 
 
Өлді деп, жануарым естігенде,  
Шықпады уақыт жетпей шыбын жаным. 
 
Не: 
 
Өлді деп, Құлагерім естігенде 
Ойбайлап орнымнан тұра алмадым, - 
 
дейді.  Бұл  оның  сәт  сайын  сан  құбылып,  сан 
өзгерген  көңіл  күйі,  жан  қиналысы  екені  аян. 
Ақанның аз ғана уақыт ішіндегі психологиялық 
мезеттері шынайы көрініс тауып отырады. Кей-
де сезімді ақыл жеңіп, өзін-өзі жұбатады.  
 
Құлагер, шешең-сұңқар, әкең-тұлпар, 
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар. 
Сен өлсең орның басар көк бесті бар 
Болады құдай қосса о да тұлпар,- 
 
дейді.            
Ендігі  үмітті  алдан  күткендей  болады.  Сабыр 
сақтап есін жияды. Бұдан кейінгі берекет-қайыр-
ды Көкбестіден болсын деп өзіне-өзі дем беріп 
жұбанғандай болады.  
Өлеңде  көңіл  жадыратып,  көз  тойдыратын 
Құлагердің  нағыз  тұлпарға  тән  сұлу  мүсіні 
ажар ашар баяумен көркем бейнеленген. Мәсе-
лен: «Жарасар келте жібек құйрығың -ай», «Сал-
бырап саптаяқтай төменгі ернің», «жібектей күл-
теленген  құйрық-жалың», «қой  мойын,  қоян 
жақты  сандал  керім», «Хазірет  Ғали  дүлдүлі 
тұлпар  керім», «ор  болып  қалушы  еді  шапқан 
жерің», «бота  тірсек,  қыл  сағақ,  сандал  керім» 
т.б.  деген  тармақтар  осы  айтқанымызға  толық 
дәлел болады.  
«Құлагер» өлеңін  оқып  отырғанда  Ақан  сері-
нің жанына жара салған күйзелісі, мұң мұнары 
басып тығырыққа тірілген ауыр да, азапты сәт-
терінің  шыны  мен  сырына  қаныға  түсеміз. 
Ақынның  азалы  үнінен  сырт  қалу  мүмкін  де 
емес. Қызғаныштың қызыл итін жүгіртіп, әділ-
дікке  жымысқылық  пен  қол  көтерген қараниет 
қарақшылардың  зұлымдығына  басылған  лағы-
нет таңбасы. 
 
Құлагерді өлтіргендей алдым несін, 
Әркімнің тәңірім берген несібесін. 
Қас қылған жануарым Құлагерге, 
Жауызға бар тілегім өлім берсін [1, 48],- 
 
деген  жолдар  Ақан  серінің  ғана  тілегі  емес, 
қара  ниет  жауға  деген  бүкіл  халық  қарғысы  
деп  ұқсақ  болады. «Құлагер»  ән-өлең  бір  ғана 
жүйрік  тұлпарға  ғана  арналмаған.  Мұнда  әді-
летсіздікке  деген  Ақан  серінің  жан  ашуы  жа-
тыр.  Ат  өлімі  ақын  жүрегіндегі  ашу-ыза,  кекті 
тұтандырып,  намысын  жани    түскен.  Сондық-
тан Ақан сері сол тұстағы заманның ащы шын-
дығын ашып,  қанды қол қарақшыны да, кеуде-
сіне  нан  піскен  озбырларды  да  өлтіре  сынап 
оларға қарсы үн көтереді, өлім тілейді.  
«Маңмаңгер»  ән–өлеңі  де  Құлагерге  арнап 
шығарылған көрінеді. Сейдалының  асында (үш 
жүз ат шапқан) озып келгеннен кейін Ақан сері  
бір  уақ  атының  маңдайынан  сипап,  оны  ары-
бері  жетектеп жүрсе керек. Құлагердің жайлы 
мінезі  мен  маң-маң  басқан  жүрісіне  қарап  осы 
ән  өлеңін  шығарыпты: «Маңмаңгер»  өлеңінің 
алғашқы шумағы мынадай болып келеді: 
 
Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда, 
Жүйрік жоқ сенен озған құнан, тайда. 
Жүрісің  желмаядай, жануарым 
Көрейін қызығыңды осындайда [1, 51] 
 
Өлеңнен  ақынның  атына  деген  ризалық  се-
зімі  аңғарылады.  Әзірше  бұдан  озған  жүйрік 
жоқ екенін айтады. Сондай-ақ келте кекіл, май-
да  жал,  желмаядай  жүріс  нағыз  жүйрікке  тән 
сипат.  
Осы  арада  профессор  Ж.Дәдебаевтің  «Тұл-
пардың  сыны  мен  бабы»  кітапшасындағы  ат 
сындарына  назар  аударған  артық  болмайды. 
Кей – Қауыстың  сыны: «Төменгі  ерні  салпы, 
құйрығы  сүзіліп  бітеді.  Түр-түсінің  ең  жақсы-
сы-торы,  құрма  түс».Күреңбай  сыншының  үл-
гісі: «Құлағы  тік», «Қамыс  құлақ»  болғанда, 
жұтқыншағы  қойдың  жұтқыншағына  ұқсайды. 
Сағағы  кең,  ерні  салбырап  тұрады.  Тілерсегі 
желмаяның  тілерсегіндей,  құйрығы  қою  да 
емес,  сұйық  та  емес,  қоқанның  жібегіндей  же-
ңіл келеді». 
 
Күреңбай көріп тұрып артын, алдын: 
-Жануар жүйрігі екен жылқы малдың, 
Жері ұзақ, күші алдында, өрен жүйрік, 
Бітімі өзі айтып тұр жануардың. 
Келіскен кескін мынау, омыраудың 
Өзі айтар: қаратам,- деп,- қазақ қауымын. 
Coм аяқ, быртық бақай, болат тұяқ, 
Тасындай шұбар ала Көкшетаудың. 
Тәует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ, 
Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ, 
Қоян жон, жазық жая, жауырынды, 
Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ. 
 
 Абайдың  үлгісі: «Ерні  салпы,  жағы  қоян-
ның жағындай, сағақтығы кең. Жүйріктің мой-
ны  жұмырланып  келеді» «Қой  мойын»  деп 
осындай  мойнынды  айтады.  Тілерсегі  ботаның  
тірсегіндей    майысып  бітеді»  Шоқан  Шөңкеев 
үлгісі: «Құлағы  тік,  мойнының    ұзындығы  ор-
таша, жал, құйрығы май да, жұқа бітеді». Киік-
 
Т.Б. Қастеева 

80 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 1-2(141-142). 2013
 
бай  сыншының  үлгісі. «Ақан  серінің  Құла-
герінің  сағағы  кішігірім  баланың  басы  сиып 
кететіндей  кең  болған. «Жүйріктің  тірсегі  майы-
сып келеді. Маймиған тірсекті жүйріктің артқы 
аяқтарының  серпіні  ғаламат  күшті  болады» [2, 
11]. Біз бес түрлі ат сынының ішінен тек Ақан 
сері  өлеңіндегі  Құлагерге  қатысты  айтылатын 
ат  сынын  теріп  қана  алдық.  Құлагердің  мүсін-
суреті  осы  бес  сыншының  айтқан  сын-сипаты-
на  дәл  келеді.  Ендеше  Құлагердің  дене  мүше-
лері  нағыз  жел  жетпес  жүйрікке  тән  екеніне 
көзіміз жеткендей болады.  
Ақан Қорамсаұлының «Көкжендет» өлеңі де 
өзінің  қаршығасына  арналған.  Бір  күні  Көк-
жендет  желдеп  ұшып  кетеді,  бірақ  қайта  кел-
мейді.  Мәпелеп  баққан  қаршығадан  айрылуы, 
сол  беті  табылмай  кетуі  Ақан  серіге  оңай  бол-
майды. «Жығылған  үстіне жұдырық тигендей» 
болады.  
 
Көкжендет, сені салдым дабыл қағып, 
Мойныңа әшекейлеп тұмар тағып. 
Қарасам жан-жағыма Көкжендет жоқ 
Айрылдым қапияда сенен нағып?! [1,49], - 
 
деп  өкініш  білдіреді.  Оның  қыран  құс  екенін 
еске алады. 
  
Көкжендет, тұғырың алтын, маржан баулы, 
Тұрушы ең ағаш үйде асыраулы.. 
Алпыс қаз, тоқсан үйрек бір күнде алған 
Құс қайда Көкжендеттей қыран шәулі 
 
«Алпыс  қаз,  тоқсан  үйрек  бір  күнде  алған» 
қырандығына  ризалық  білдіреді.  Әу  баста  құс 
салып,  ит  жүгірту  күн  көрістің  бір  түрі  болса, 
кейінірек  бой  жазып,  дем  алу  үшін  қолданған. 
Ал  серілер  үшін  жүйрік  ат,  қыран  құс  ұстау 
әдетке айналған. Құлгер де, Көкжендет те Ақан-
ның даңқын асыра түскен. Ол сейіл-серуен үшін 
ұстаған. А.Қорамсаұлының Құлагерге арналған 
тағы бір өлеңі «Ішінде орта жүздің жүрмін шал-
қып»  деп  аталады.  Бұл  өлеңінде  Ақан  сері  
Құлагерді  нағашысына  бағалатып  сатып  алға-
нынан хабар табамыз. 
 
Құлагер дөненің де алдым сатып, 
Қызыққа ойнап-күліп жүрмін балқып. 
Бас қосса неше жиын қандай топта, 
Келесің, Құлагерім, таңырқатып. 
 
Бұл  кезде  де  Құлагер  жүйрік  ретінде  таны-
лып,  бүкіл  жалпақ  елге  даңқы  жайылған  атқа 
айналады.  Ақан  өнерімен  халыққа  танылса, 
Құлагер жүйріктігімен мәшһүр болады.  
 
Мінгенім, Құлагерім, өзің тұлпар, 
Қолыма ұстағаным  тағы сұңқар. 
Жастықтың арқасында қылдым сайран 
Өзім сал, өзім ақын, емеспін зар. 
Алып ем жиырма бесте дөненің де, 
Көруге қызығыңды болып іңкәр. 
Бәйгіден үш жүз аттан озып келдің 
Артыңнан жете алмаған талай тұлпар [1, 71] 
 
Бұл Сайдалының асы болатын. Үш жүз аттан 
суырылып    шығып,  небір  менменсіп  күпінген-
дердің аттарынан қара  үзіп келеді. Мұның бәрі 
Ақанның көңілін көтере түседі. «Өзім сал, өзім 
ақын,  емеспін  зар»  дейтін  себебі  осы  болса 
керек. Осы бәйгеде озып келген Құлагер жалау-
дан үркіп, астынан өтпегендіктен, жүрт Үркек-
кер деп ат қояды. Сондықтан Ақан сері «Құла-
гер»  өлеңінде  «Қарағым  айналайын  Үркекке-
рім»  деп  елжірейді.  Бұл  өлеңдерді  ақынның 
құстан  жүйрік,  адамнан  есті,  жан  серігі  болған 
Құлагеріне қойған жыр-ескерткіші деуге болады.  
Ақан  серінің  «Қараторғай»  өлеңі  бір  кезде 
Зілқараның  Әлібегі  сыйлаған  Қараторғай  атты 
бүркітіне  арналған.  Беріректе  қартайып,  құй-
рықтарының қауырсыны түсіп азаяды. Бұл құс-
тың қонуына кедергі болады. Жерге жақындап 
келгенде  қона  алмай  біраз  уақыт  шырылдап 
айналады  екен.  Мұны  көрген  Ақан  бір  кездері 
қасқырға  түскен  қыран  бүркіттің  әбден  кәр-
тейіп,  шырылдаған  аянышты  күйіне  толқиды, 
жаны ашиды. Сөйтіп «Қараторғай»ән-өлеңі дү-
ниеге  келеді.  Оның  үстіне  Ақанды  талай  қуа-
нышқа батырып, олжа түсірген құсы  бір түнде 
өліп қалады. Өлеңде:  
 
Ұшады қараторғай қанат қағып, 
Астына қанатының маржан тағып. 
Бірге өскен кішкентайдан, қараторғай 
Айрылдым қапылыста сенен нағып [1,88], - 
дейді. Бұдан соң: 
Қараторғай, 
Ұштың зарлай. 
Бишерай,шырылдайсың 
Жерге қонбай!- 
 
деп бүркітінің хал-жайын нақтылы бейнелейді. 
Ақынның  өкініш – мұңы  көрінгендей  болады. 
Біз талдап отырған Ақан сері өлеңдерінің («Құ-
лагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Қаратор-
ғай»т.б.)  бәрі  де  әнмен  айтылған.  Өйткені 
белгілі бір поэтикалық туынды композитордың 
әдемі  әуенімен  әрленіп  айтылғанда  әсері  ар-
тады, көптің  жадында  сақталады және  ғұмыры 
ұзақ  болады.  Халық  арасына    тарау  мүмкіндігі 
де  арта  түседі.  Ақын  әлеуметтік  өмірдің  сан 
түрлі  қасиет-қырларына  сын-сарап  жасайды, 
барлау-байлам  айтады.  Ақан  сері  өз  ойын  көр-
 
«Құлагер» ән-өлеңі туралы 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 

81 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1-2(141-142). 2013 
 
 
кем  кестелеп,  әсерлі  жеткізе  білетін  талантты 
суреткер. 
Қазақ халқының көрнекті ақыны Ілияс Жан-
сүгіров  «Құлагер»  поэмасында  ақын  трагедия-
сының  себептерін  жан  тербетерліктей  нәзік, 
асқан шеберлікпен айтты: 
 
Күн батты, көлеңке алды Арқа жерін, 
Кешкі жел жыбырлатгы Қусақ көлін. 
Қоштасып Құлагерге күңіренді Ақан, 
Қайғыртып қасындағы қалған елін... 
Ұзын жол, жұлдыз жарық, жазғы түнді 
«Құлагер» деген әнмен күңірентті. 
Әнімен шығаруға ішкі дертті, 
Шырқатып ащы үнімен шерін шертті. 
Болады салған әні су сепкендей, 
Сөндіре алмаса да жанған өртті. 
Ащы зар, ауыр шері айғайлатты. 
«Құлагер» айтқан сайын қайғы ойлатты. 
 
Ақан  өмірінің  соңғы  кезін  оңашалану  жағ-
дайында  өткізген.  Серілік  өмірден  ада  болған, 
жастық  армандарының  көбіне  қолы  жетпеген, 
жер-суынан  айрылған,  ел  басшылары  мен  пи-
ғыл-ниеті  бұзыла  бастаған  пысықтардан  жәбір 
көрген  ол  қасына  жалғыз  мылқау  баласы 
Ыбанды  алып  Қоскөл  жағасында  оңаша  өмір 
кешкен.  Ақын  дұшпандары  ол  туралы  неше 
түрлі  өсектер  таратқан.  Сөйтіп  жүріп  ол 1913 
жылы 70 жасында қайтыс болған. 
 
Тегінде тегін бе екен Ақан сері, 
Бұл да бір емес пе екен елдің ері? 
Өз ұлы, өз ерлерін ескермесе, 
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді? - 
 
деп  І.Жансүгіров  жырлағандай  Ақан  серінің 
қазақ өнеріндегі орны ерекше. Сондықтан ақын-
ның мұрасын жан-жақты насихаттап, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастыру баршамыздың міндетіміз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет