Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет29/41
Дата21.01.2017
өлшемі2,86 Mb.
#2361
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41

Әдебиеттер 
 
1 Бондарко А.В. Теория значения в системе функциональной грамматики. – М., 20002. 
2 А. Жаңабекова Функционалды граммаиканың метатілі. – Алматы: « Елтаным» баспасы, 2012. – 156 б. 
3 Қ.Рысалды. Тілді функционалдық тұрғыда зерттеудің қазіргі ұстанымдары  Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. 
– Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2007. – 482 б.  
4 Теория функциональной грамматики: Качественность. Количественность. – СПб., 1996. 
5  Жаңабекова  А.Ә.  Қазақ  тіліндегі  функционалды-семантикалық  темпоралдылық  категориясы. – Алматы: «Елтаным 
баспасы», 2012. – 154 б. 
6  Байтұрсынов А. Тіл – құрал. – Алматы, 1991. 
7 Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Семей: Толер – Пресс, 2006. 
8 Ұйықбаев И. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері. – Алматы, 1958. 
9  Жұбаева  О.  Ұлттық  тіл  білімі  қалыптаса  бастаған  кезеңдегі  функционалды-грамматика  көріністері. «Тілтаным» 
журналы. −Алматы, 2009. –  № 2. – 75 б. 
10 Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. – Алматы, 1955. 
 
References 
 
1 Bondarko A.V. Teoriya znacheniya v sisteme funktsional'noy grammatiki. – M., 20002. 
2 A. Zhaңabekova Funktsionaldy grammaikanyң metatіlі. – Almaty: Eltanym baspasy, 2012. – 156 b. 
3  Қ.Rysaldy. Tіldі funktsionaldyқ  tұrғyda zertteudің  қazіrgі  ұstanymdary \\ Қazaқ grammatikasynyң  өzektі  mәselelerі. – 
Almaty: «Kie» lingvoeltanu innovatsiyalyқ ortalyғy, 2007. – 482 b.  
4 Teoriya funktsional'noy grammatiki: Kachestvennost'. Kolichestvennost'. – SPb., 1996. 
5 Zhaңabekova A.Ә.  Қazaқ  tіlіndegі funktsionaldy-semantikalyқ temporaldylyқ kategoriyasy. – Almaty: «Eltanym baspasy», 
2012. – 154 b. 
6  Baytұrsynov A. Tіl – құral. – Almaty, 1991. 
7 Әdebiettanu. Terminder sөzdіgі. Semey: Toler – Press, 2006. 
8 Ұyyқbaev I. Қazіrgі қazaқ tіlіndegі etіstіktің kөrіnіsterі. – Almaty, 1958. 
9 Zhұbaeva O. Ұlttyқ  tіl bіlіmі  қalyptasa bastaғan kezeңdegі funktsionaldy-grammatika kөrіnіsterі. «Tіltanym» zhurnaly. 
−Almaty, 2009. –  № 2. – 75 b. 
10 Қordabaev T. Қazіrgі қazaқ tіlіndegі etіstіktің shaқ kategoriyasy. – Almaty, 1955. 
 
 
 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 
Функционалды грамматикалық категория ұғымдары туралы кейбір мәселелер 

184 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
 
 
 
ӘОЖ 316.77:001. 121.18; 070:001.121.18 
 
Ж.Б. Есенбек 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс PhD докторанты, 
Қазақстан, Алматы қ.  
E-mail: 
esenbek.zhumagaly@gmail.com
 
 
Қазақстан Республикасындағы Қоғаммен байланыс қызметі 
 
Автор  өз  мақаласында  Қазақстан  Республикасындағы PR қызметінің  қалыптасуын  зерттейді. PR қыз-
метінің  еліміздегі  жалпы  тарихына  тоқталады.  Қазақстан  Републикасының  білім  саласындағы PR қыз- 
метін  түсіндіреді.  Еліміздің  жоғары  оқу  орындарында:  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті,  
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Халықаралық бизнес университеті (UIB) ҚМЭБИ 
университеттерінде PR мамандығы бойынша студенттерге білім беретіндігіне тоқталады. Қазақстан Респуб-
ликасының  қоғаммен  байланыс  саласында  қызмет  атқарып  отырған  ұйымдар,  компаниялар,  агенттіктер 
туралы  ақпараттар  келтіреді. Tayniy Sovetnik Ogilvy PR агенттігінің
 
қызметімен  таныстырады.  Сонымен 
қатар  Қазақстан  Республикасында PR саласында  білім  беру  мен PR қызметінде  қалыптасқан  мәселелерге 
тоқталады. 
Түйін сөздер: PR қызметі, агенттік,  Tayniy Sovetnik Ogilvy. 
 
Zh. Esenbek 
Public relations activity in the Republic of Kazakhstan 
 
Author in his article considers how PR activity was created in the Republic of Kazakhstan and pays attention to 
PR history in our country. The author explains PR activity of the Republic of Kazakhstan in educative sphere. Pauses 
on teaching the students of educational institutions such as Kazakh National University named after Al-Farabi, 
Kazakh Economical University named after T. Ryskulov, University of International Business, KIMEP under PR 
major. The author gives information on organizations, companies and agencies of the Republic of Kazakhstan, 
working in public relations field. Hereby familiarizes with operation of PR agency – Tayniy Sovetnik Ogilvy. As well 
as pauses on problems, arising in PR educative field and PR activities.   
Keywords: PR, PR activities, Tayniy Sovetnik Ogilvy. 
 
Ж. Есенбек 
Связь с общественностью в Республике Казахстан 
 
Автор в своей статье рассматривает, как создавалась PR деятельность в Республике Казахстан, и уделяет 
внимание  истории PR  деятельности  в  нашей  стране.  Объясняет PR  деятельность  Республики  Казахстан  в 
образовательной  сфере.  Останавливается  на  преподавании  студентам  высших  учебных  заведений,  как 
Казахский  национальный  университет  имени  аль-Фараби,  Казахский  экономический  университет  имени  
Т.  Рыскулова,  Университет  международного  бизнеса,  КИМЭП  по  специальности PR.  Автор  дает  информа-
цию  об  организациях,  компаниях,  агентствах  Республики  Казахстан,  работающих  в  сфере  связь  с  общест-
венностью. Знакомит с работой PR  агентства Tayniy Sovetnik Ogilvy.
 А также останавливается на проблемах 
в PR деятельности и образовательной сферы PR  Республики Казахстан.   
Ключевые слова: PR

PR 
деятельности
,  Tayniy Sovetnik Ogilvy. 
__________________________________
 
 
ХХI  ғасыр – ғылыми  технология  мен  ақ-
параттық 
коммуникациялардың 
қарыштап 
дамыған  кезеңі  саналады. «Public relations» PR 
қызметі  (қоғаммен  байланыс)  ақпараттық  ком-
муникациялардың құрамына кіреді. Баршамыз-
ға  белгілі, PR әрбір  мемлекеттің  маркетинг 
жүйесінде  ғана емес, қоғамның барлық салала-
рында маңызды  рөлге ие. Қазақстан Республи-
касындағы PR қызметінің  қалыптасыуы  мен 
даму  барысындағы  бірнеше  мәселелерді  анық-
тауды  ғылыми жұмысымыздың басты обьектісі 
ретінде  қарастырдық.  Олай  дейтініміз,  мемле-
кеттік,  саяси  немесе  мәдени  әр-түрлі  коммер-
циялық  ұйымдардың,  мекемелер  мен  фирма-
лардың,  корпорациялар  мен  компаниялардың 
бет-бейнесін  қалыптастыруда  таптырмас  ма-
ңызға ие PR қызметі өзге алпауыт мемлекеттер 
мен қоса біздің тәуелсіз елімізге де әбден сіңіс-
ті.  Алғашында  сайлау  науқандарында  кезде- 
сіп жүрген «сайлау технологиялары», «лас тех-
нологиялар», «имидж», «имджмейкер», «про-
моушн», «промаакция», «спиндоктор», «спич-
райтер», «адвертайзинг», «үгіт-насихат»  деген 
т.б толып жатқан батыстан келген келме сөздер 
біздің  қоғамымызға  толық  қанды  кірікті.  Бұл 
терминдердің PR саласының  әртүрлі  қызмет-
Ж.Б. Есенбек 

185 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
тері екенін түсіндік. Алайда бұл салада қалып-
тасқан өзіндік мәселелерде жоқ емес. 
Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі  мен  мақ-
саты. PR қызметін  тереңдете  зерттеу  күн  тәр-
тібіндегі  басты  мәселелердің  бірі.  АҚШ  мем-
лекетінде  ХIХ  ғасырдың  ортасында  қалып-
тасқан PR қызметі  ғасырлар  өте  біздің  мемле-
кетімізге  де  табан  тіреді.  Бұл  қызмет  басқа 
мемлекеттермен  салыстырғанда  біздің  елімізде 
едәуір  артта  қалды.  Жас  мемлекетіміздің  кел-
бетін  әлемге  таныту  үшін  осы  бір  қызметтің 
түріне жүгінетініміз шындық. Біздің елімізде де 
аталмыш  қызметті  ары  қарай  дамытуымыз 
шарт.  Қазақстан Республикасының Президенті 
- Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050 стра-
тегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында 
«Біз  бүгін – өзіндік  бет-бейнесі  бар,  өзіндік 
ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табыс-
ты  мемлекетпіз» - деп  атап  көрсетті. [1].  Әрі 
қарай болашақта Қазақстанды төрткүл дүниеге 
таныту  саясаткерлердің,  БАҚ  өкілдерінің  ғана 
емес  қоғаммен  байланыс  мамандарының  енші-
сінде.  Сол  себептен  де  біздің  зерттеп  отырған 
обьектіміз өзекті саналады.  
Тақырыптың  зерттелу  деңгейі.  Қоғаммен 
байланыстың Қазақстанда  пайда болуы  ғалым-
дардың  қызығушылығын  тудырып  отырса  да 
кешенді  ғылыми-теориялық  деңгейдегі  арнайы 
реттелу жағынан толық зерттелмеген.   Қоғам-
мен  байланыстың  мәселелерін  зерттеу  бағы-
тында  алыс  және  жақын  шетелдік  зерттеуші-
лер  мен  біршама  отандық  ғалымдар    өз  еңбек-
терінде тоқталып  өтті. Олардың қатарына  атап 
айтқанда: 
В.Г.Королько, 
Г.Л.Тульчинский, 
Е.Шаймерденулы, Ж. Бекболатұлы, Г.С. Сұлтан-
баева, сондай-ақ, алыс шетел елдегі A.A. Wirthlin 
сынды т.б. зерттеушілерді жатқызуға болады.  
PR  қызметін  зерттемес  бұрын  алдымен  бұл 
қызметтің шығу төркініне тоқталғанымыз жөн. 
PR  қызметі  Ежелгі  Рим  мен  көне  Қытайда 
пайда  болған  деген  даулы  ақпараттар  да  жоқ 
емес. Деректерге сүйенсек, PR ұғымының негізі 
Америка  Құрама  Штаттарында  қаланған.  Бұл 
ойымызды  АҚШ  пен  Ресейдің  бірнеше  зерт-
теуші  ғалымдары  қуаттайды. PR терминін  ең 
алғаш  рет  ХІХ  ғасырдың  басында  АҚШ-тың  
үшінші президенті Томас Джефферсон VІІ кон-
гресте  халыққа  арналған  өз  жолдауында  қол-
данды.  Кейіннен PR өз  алдына  ғылым  ретінде 
қалыптасты. 1975 жылы «Foundation for PR 
research and Education» атты Америкалық қоры 
500-ге  жуық PR анықтамаларын  зерттеп,  өз 
анықтамаларын  шығарды.  Қоғаммен  байланыс 
ардагері доктор Рекс Харлоу PR мәнін ашатын 
472  анықтама  қарастырды.  Қазіргі  таңда PR 
мазмұнын ашатын мыңнан астам ғалымдардың 
анықтамалары  бар.  Зерттеу  барысында PR 
анықтамаларын  жұртшылық  толық  білетіндік-
тен,  тізбектеп  жатуды  артық  санадық.  «Public 
relations»  терминін 1882 жылы  заңгер  Дорман 
Итон Йель университетінің студенттерін қоғам-
ға қызмет етуге шақыру мақсатында қолданыс-
қа енгізді деген ақпараттар  кездеседі.  
Ал, PR қызметі Қазақстан Республикасында 
ең  алғаш  рет  еліміз  Тәуелсіздік  алғаннан  бері 
қалыптасты  деген  қорытындыға  сенімді  түр- 
де  келе  аламыз.  Баспасөз  қызметін  атқарған 
Е.Шаймерденовтың  пікірінше,  Қазақстан  Ком-
партиясы  ОК-нің  баспасөз  орталығын  ұйым-
дастыру  туралы  шешім 1990 жылы 7 тамызда 
қабылданды.  Баспасөз-мәслихаттары  мен  бри-
фингтер  өткізу  орындары,  Алматы  қаласын-
дағы  «Достық»  мейманханасы  болды. PR-дағы 
баспасөз  мәслихаттарын  ұйымдастыру  айына 
бір рет, қалған уақыттары қажеттіліктерге бай-
ланысты қарастырылды. Баспасөз хатшысының 
жетекшісі  және төрт  кеңесшіден  тұратын жаңа 
құрылымдық  бөлімшенің  штаты  бекітілді.  
1990  жылдың 12 қыркүйегінде  ең  алғаш  рет 
саяси  биліктің  баспасөз  хатшысы  тағайындал-
ды. [2, 7].  
Қазақстан Республикасында PR қызметі жа-
ңадан қалыптасуына байланысты фирмалар мен 
ұйымдардың  маркетингтік,  консалтингтік  жар-
нама  агентіктері  мен PR агенттіктерінің  саны 
едәуір  аз.  Бірақ,  даму  қарқыны  бұрынғыға  қа-
рағанда  өсіп  келеді.  Зерттеуші  ғалым  Ж.  Бек-
болатұлының  пікірінше,  Қазақстандық PR 
агенттіктердің  саны  өсе  түсуде.  ҚР-да  Жұрт-
шылықпен  байланыс  жөніндегі  ұлттық  ассо-
циациясы және Қазақстан PR кәсіпқойларының 
«PR-шы»  клубы  сияқты  алғашқы  қоғамдық 
бірлестіктер пайда болды. [3, 22].  
2001 жылы  Қазақстан Республикасында қо-
ғаммен байланыс ұлттық қауымдастығы құрыл-
ды.  Қоғаммен  байланыс  ұлттық  қауымдасты-
ғының  негізгі  мақсаты – Қазақстанда PR на-
рығын қалыптастыру және дамыту болып табы-
лады. Ал, 2008 жылы қаумдастық мүшелерінің 
қолдауымен  ар-намыс,  этикалық  кодексі  қа-
былданды.  Елімізде  қоғаммен  байланыс  сала-
сында  қызмет  атқарып  отырған  ұйымдар  мен 
компаниялардың,  агенттіктердің  саны  артты. 
Олар: Қазақстан баспасөз-клубы www.pressclub.kz, 
Қазақстан  журналистер  Одағы,  Ұлттық  баспа-
сөз-клубы, PR Managment агенттігі www.media-
club.kz,  Ренесанс  агенттігі www.renessans.kz,  
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 
Қазақстан Республикасындағы Қоғаммен байланыс қызметі 

186 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
Медиа-систем  агенттігі www.medisystem.kz, 
БРИФ  агенттігі www.brif.kz, Репутация  комму-
никативтік 
технология 
орталығы 
www.imagekz.com,  ІnfoPrim  шығармашылық 
сараптау тобы www. infoprim.kz, Public relations 
& Promotion Central Asia www.prp.ru,  PRИ-
ОРИТЕТ  мектебі www.prioritet.kz, Маркетинг  
товаров  и  услуг  журналы www.marketing-
tovar.kz, Advertizing журналы www. reklama.kz 
[4, 117-118.] Жоғарыда  келтірілген  мысал-
дардан Қазақстан Республикасында 
PR өндірісі 
институт  болып  қалыптасты  деп  айтуымызға 
болады. 
Қазақстан  Республикасының  PR  нарығында 
жетістіктерге жетіп үлгерген агенттіктердің бірі 
- Tayniy Sovetnik Ogilvy PR агенттігі.  Орталық  
Азияның  нарығында 2004 жылдан  бері  қызмет 
атқаруда.  Штаб  квартирасы  Нью-Йоркта  орна-
ласқан. 2006 жылдан  бастап  компания  әлем 
бойынша 60  кеңсесі  бар  халықаралық  жүйе 
Ogilvy Public Relations World wide құрамына 
кіру  мәртебесіне  ие  болды.  Сонымен  қатар, 
Tayniy Sovetnik Ogilvy PR агенттігі WPP Group-
тің  бір  бөлігі  және  әлемдегі  ең  ірі  коммуни-
кациялық холдингтердің қатарына жатады. Бұл 
агенттік  өз  қызметін  Қазақстанда  сәтті  атқару-
да және  PR саласында стратегиялық кеңес беру 
бойынша  қызмет  етіп  келеді.  Басты  мақсаты - 
корпоративті және қаржылық коммуникацияда, 
әлеуметтік маркетингте, қоғамдық және мемле-
кеттік  ұйымдарда  серіктестіктік  бағдарламалар 
бойынша,  денсаулық  сақтау  бөлімі  және  ақпа-
раттық  технологиялар  саласындағы  маркетинг 
коммуникациясы  бойынша  өз  қызметтерін 
көрсетеді. Tayniy Sovetnik Ogilvy PR агенттігі 
туризм  саласында  да  тығыз  жұмыс  жасайды. 
Әуе  тасымалдау,  темір  жол,  көлік,  қонақ  үй 
бизнестерінде  де  үлкен  табыстарға  ие. Tayniy 
Sovetnik Ogilvy PR агенттігі Дағдарысқа қарсы 
қалыптасқан  мәселелерді    шешуді  жолға  қой-
ған.  Кез  келген  клинет  дағдарысқа  ұшырауы 
мүмкін. Клиенттер дағдарысқа ұшырамас үшін 
агенттік  ақыл  кеңес  берумен  айналысды. 
Агенттіктегі  барлық  жобалар  топ  арқылы 
жүзеге  асырылады.  Агентік  тобында  консал-
тингтік  фирмаларда,  халықаралық  және  шетел 
компанияларында,  іскерлік  және  қоғамдық 
саяси  басылымдарды  жүргізетін,  сол  сияқты 
халықаралық  агенттіктерде  өте  үлкен  жетіс-
тіктерге  жеткен  кәсіби  мамандар  қызмет  ат-
қарады.
 
[5]. Алайда, бұл агенттік Халықаралық 
болғандықтан  ұлттық  мәселер  туралы  жоба-
ларды  қамтымайды.  Республикалық  және  жер-
гілікті  басылымдарға  ешқандай  толық  қанды 
мағлұматтар бермейді. Тек қана Tayniy Sovetnik 
Ogilvy PR агенттігінің инетернет сайтында ғана 
агенттік  туралы PR мақалалары  мен  әр-түрлі 
ақпараттар алуға болады.  
Қоғамдағы білім беруде PR-дың алатын рөлі 
зор.  Өйткені, PR-шы  болу  үшін  тек  қана  білім 
алу  жеткіліксіз.  Білім  мен  қоса  адам  бойында 
жоғары  деңгейде  ұйымдастыра  білу  қабілеті, 
таланты, еңбекқорлығы, талдау дағдысы болуы 
шарт.  Осы  дағдыларды  үйрету  мақсатымен 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйе-
сінде    қоғаммен  байланыс  саласы  бойынша    4 
жылдық  бакалавриатура, 2 жылдық    магистра-
тура  ғылыми  дәрежесін  алу  жолға  қойылды. 
Қазақстан  Республикасында 1992 жылдан  бас-
тап  жас  мемлекетіміздің  әр  саласында PR 
қызметі  еліміздің  бет-бейнесін  жағымды  қа-
лыптасытыру  мақсатында  құрыла  бастады.  Ең 
алдымен  еліміздің  жоғарғы  оқу  орындарында: 
әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  универ-
ситеті,  Т.Рысқұлов  атындағы  Қазақ  экономи-
калық  университеті,  Халықаралық  бизнес  уни-
верситеті (UIB) ҚМЭБИ  университеттерін  де 
PR  мамандығы  бойынша  білім  алған  алғашқы 
түлектер  бітіріп  шықты.  Қазіргі  таңда PR ма-
мандығын  иеленген  түлектер әр  түрлі салалар-
да:  банктер  мен  кәсіпорындарда,  компаниялар 
мен  фирмаларда,  баспасөз  қызметі  мен  БАҚ 
салаларында,  түрлі  агенттіктерде  қызмет  жа-
сап жүр. Алайда білім саласының өзнде PR ма-
мандарын дайындауда шұғыл түрде шешуді та-
лап  ететін  бірнеше  өзекті  мәселелер  баршы-
лық.  
Біріншіден,  Қазақстан  Республикасы  қоғам-
мен байланыс ұлттық қауымдастығы маманды-
рын  жүйелі  түрде  ЖОО-на  дәрістер  өтікізу 
үшін  тартуға  тиіспіз.  Себебі,  олар  өз  тәжіри-
бесін студенттермен бөлісуді жөн санамайды. 
Екіншіден  кәсіби PR мамандары  білім  алу-
шы  студенттерге  жүйелі  түрде  семинар,  лек-
циялар,  тренингтер,  ашық  сабақтар  өткізуге 
құлқысыз.  Өйткені,  олар  бұл  мәселені  қаржы-
ның аз төленетіндігімен түсіндіреді. 
Үшіншіден,  қоғаммен  байланыс  бойынша 
дәріс  беретін  Қазақстандық  оқытушы-профес-
сорлардың  құрамы  мен  үзідік  талантты  сту-
денттерді PR саласы  жоғары  дамыған  АҚШ, 
Франция,  Ұлыбритания,  Ресей  сынды  алпауыт 
мемлекеттердің  мектептерінен  тәжірибеден  өт-
кізу керек. 
Төртіншіден,  қоғаммен  байланыс  саласын-
дағы  оқыту  құралдары  толығымен  батыстан 
келген. PR жөнінде  отандық  оқу  құралдары 
саусақпен санарлық. Қазақ тіліндегі оқу құрал-
Ж.Б. Есенбек 

187 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
дары  мүлде  жоқтың  қасы. PR туралы  отандық 
оқу құралдарын арттыруымыз шарт. 
Алтыншыдан,  қоғаммен  байланыс  саласын-
да білім беру жүйесін кеңейту керек. PR маман-
дары  тек  қана  елімізде  Алматы,  Астана  қала-
ларында  дайындалмау  тиіс.  Еліміздің  басқа  да 
аймақтарында PR мамандарын шұғыл түрде да-
мытуды қолға алу керек. 
Жетіншіден, PR мамандары елімізде өкініш-
ке орай тек қана коммерциялық бағытта жұмыс 
атқаруда. PR мамандары  еліміздің  даму  стра-
тегиясына,  идеологиясына  қызмет  атқаруы 
шарт. 
Сегізіншіден,  елімізде  кәсіби PR маманда-
рының  басын  қосатын  форумдар  мен  конфе-
ренциялардың санын арттыру қажет.  
Елімізде PR мамандарының алдында шешуді 
талап ететін бірнеше мәселелер бар.  
Біріншіден, Қазақстан Республикасында саяси, 
коммерциялық  (жарнама  нарығы,  тәуелсіз  бұ-
қаралық  ақпарат  құралдары),  қаржылық PR 
түрлері  жақсы  қалыптасқан.  Қалған  салаларда 
PR-дың дамуы бәсең.  
Екіншіден,  әсіресе  біздің  мемлекетімізде 
туризм  салаларындағы PR қызметі  толық  қа-
лыптаспаған.  Алайда,  Қазақстан  топырағында: 
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  Ақсу-Жаба-
ғылы,  Алматы  облысында  Алматы,  Қостанай 
облысында  Наурызым,  Қызылорда  облысында 
Барсакелмес,  Ақмола  облысыда  Қорғалжың, 
Шығыс  қазақстан  облысында  Марқакөл,  Маң-
ғыстау  облысында  Үстірт,  Оңтүстік  Қазақстан 
облысында  Қаратау  таңғажайып  табиғи  мем-
лекеттік қорықтары бар.  Елдігімізді танытатын 
мемлекеттік  маңызы  бар  ескерткіштер  мен  та-
рихи мавзолейлер жеткілікті. Табиғи құндылы-
ғын жоғалтпаған ландшафтар мен таулар, өзен-
дер  мен  көлдер  өте  көп.  Жоғарыдағы  келтіріл-
ген  обьектілер  толықтай  ғылыми  тұрғыдан 
тұжырымдалғанымен елімізге келетін туристер-
ге  толығымен  танылып  отырған  жоқ.  Туризм 
саласында PR қызметін  жандандырсақ,  шаш 
етектен  пайда  табуға  толық  мүмкіндігіміз  бар. 
Оны  кейбір  мемлекеттердің  тәжірибесінен 
анық көруімізге болады. 
Үшіншіден, медицина, дағдарыс салаларын-
да PR қызметі жоқтың қасы. 
Төртіншіден, PR-ды  баспасөз  орталықтары 
қызметімен  шатастырмауымыз  керек.  Қоғамда 
болып  жатқан  әртүрлі  жаңалықтарды  баспасөз 
релиздерін  беру  арқылы  таратып,  журналистер 
қауымымен  байланыс  орнатушы  құрал  дең-
гейінде  қалдырмауымыз  керек.
 
PR  қызметінің 
ауқымы анағұрлым кең. 
Қорытындылай 
келе
, 
Президентіміз  
Н.Ә.  Назарбаевтың  идеясымен  және  қолдауы-
мен  елімізді  әлемге  паш  етуде  бірнеше  ірі
 
PR 
шаралары  жүзеге  асырылды. 2010 жылы  Қа-
зақстан  Республикасы  Еуропадағы  Қауіпсіздік 
пен  Ынтымақтастық  Ұйымына  төрағалық  жа-
сады.  Алматы  қаласында 2011 жылы 17 мем-
лекет  қатысқан VII Қысқы  азия  ойындары 
ұйымдастырылды.  Еліміздің мүмкіндігін әлем-
ге  көрсету  үшін  халықаралық  қауымдас-
тық   Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халықаралық 
көрмесін өткізу орны ретінде таңдап алды. Со-
нымен  қатар,  Қазақстан   Ислам  Ынтымақтас-
тығы Ұйымына және Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйы-
мына төрағалық  етті.  Әрине  осының  бәрі,  сараб-
дал  саясаткерлер  мен  БАҚ  қызметкерлерінің 
табанды қызметінің арқасы. Мұндай ірі ауқым-
ды шаралар алдағы уақытта PR мамандарының 
тарапынан  ұйымдастырылуы  тиіс  деген  пікір-
деміз. PR теоретигі  Ашли  Вертлиннің  «Сіздің 
компанияңыз, фирмаңыз үшін PR өзінің негізгі 
қабілеті болып табылатын  төмендегі артықшы-
лықтарды  бере  алады»  деген  пікірін  ескерсек 
[6,10], PR
 
қызметі
 
сіздің брендіңізді,
 
сіздің көр-
сететін қызметіңізге немесе өніміңізге деген сұ-
ранысты  арттырады.
 
Қызметкерлердің  мораль-
дық  жағдайын  жақсартады,  жаңа  таланттарды 
сіздің компанияңызға қарай тартады, компания-
ңыздың  құндылығын  сезінуге  көмектеседі. PR 
қызметі - билік  пен  қоғам  арасындағы  байла-
ныстырушы  алтын  көпір,  ұйым  мен  қоғамның 
арасындағы  коммуникацияны  орнықтырудағы 
басқарудың  түрі.  Олай  болса,  мұндай  құралды 
игеруге баршамыз мүдделіміз. Күнделікті бұқа-
ралық  ақпарат  құралдары  мен  әдебиеттерден 
және  өмірден  байқағанымыздай, PR-дың  әлем-
дік аренада алатын рөлі ерекше. Алдағы уақыт-
та біздің мемлекетте PR қызметін барлық сала-
ларда дамытуды жолға қою керек деген пікірді 
айтуды жөн санаймыз.  
 
 
Әдебиеттер 
 
1  Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаев. 
«Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы.
 
2  Е.Шаймерденулы.  Из  истории  первых  пресс-служб  Казахстана. «Актуальные  проблемы  функционирования  пресс-
служб  и PR-структур  государственных  и  коммерческих  организации  Казахстана».  Материалы  международной  научно-
практической конференции. – Алматы.
 
 –  2011.  – С. 7. 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 
Қазақстан Республикасындағы Қоғаммен байланыс қызметі 

188 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
3  Бекболатұлы Ж. PR және жарнама. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 22 б. 
4  Сұлтанбаева  Г.С.  Қоғаммен  байланыс  саласында  кампанияларды  жоспарлау  мен  жүзеге  асыру.  Қазақстандағы PR 
мен БАҚ ғылыми еңбектер жинағы. – Алматы: Елнұр, 2005. – 117-118 б.  
5  Tayniy Sovetnik Ogilvy PR агентігінің ресми сайты. 
6  Wirthlin A.A. Guide to Public Relations Best Practices, Social Media and PR Careers. Public Relations Blogger, 2009. – 10 р. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет