Функционалды грамматикалық категория ұғымдары туралы кейбір мәселелер
Мақалада – грамматикалық категория компоненттерінің арасындағы және функционалды грамматика-
дағы айырмашылық қатынас жоспарға сай мазмұнды түрде талқыланды. Жоспарлы негізде айтылуы қажет
принцип бойынша мазмұнды мағына бірлігі және сөйлеу негізі қарастырылады. Осы грамматикалық
категория компоненттері тілде түбір негіздерінен құралған объектілерді айқындап және бұл қатынасқа сай
объективтілігі бар (тілдік жоспар онтологиясы) құрылым, лингвистика саласында көрсетілуі тиіс
лингвистикалық маңызы бар тұжырым ретінде алынады.
Түйін сөздер: функционалды грамматикалық категориялардың негізгі ерекшеліктері, олардың жұмса-
лымдық қызметтері.
А.
Zhunisova
The functional categories of grammatical terms of some issues
The article deals with current problems of grammatical categories. Our chosen direction is determined by the
desire to consistently interpret inguistic categories as categories with linguistic content and linguistic expression. To
explore the mountain range of functional languages to date basic question soberly. Kazakh linguistics itself on the
functional level the field of grammar, but objects that are still under investigation, scientists, enough. And Kazakh
linguistics news that opened, the famous Russian scientist who examines the functional grammar and according to
semantic meta pasture was to explore AV Bondarko spacious written, he boldly explore creates functional. Functional
grammar of traditional grammar ayyrmashylyғy, from the first grammar in unity (unity of grammar). unitylіk
grammatical element except language means tight I think I was one-one binding sit tight a one component system
paradigm and grammatical unity themselves serve middle link go down, the impact of the activities and sprucing up.
Key words: functional grammar main features of categories, they embedding.
А.
Жунисова
Некоторые проблемы функционально грамматических категорий
В статье рассматриваются актуальные проблемы грамматических категорий. Избранное нами направ-
ление определяется стремлением последовательно трактовать рассматриваемые категории как категории
языковые имеющие языковое содержание и языковое выражение. В казахском языкознании функциональна
грамматика рассматривает объекты, которые все еще исследуются. Известный русский ученый, который
рассматривает грамматику согласно семантической метатеории выгона, был А.В Бондарко. Он исследовал
функциональную грамматику и функционально-семантическое поле.
Ключевые слова: функциональная грамматические основные особенности категорий, вложение.
_______________________________
Тілді функционалдық қырынан зерттеу бү-
гінгі таңда өзекті мәселе екендігі анық. Қазақ
тіл білімінде функционалды грамма тика
саласы өз деңгейінде қарастырылып жатыр, де-
генмен әлі де ғалымдардың зерттейтін нысан-
дары жетерлік. Функционалды грамматика мен
функционалды семантикалық өріс теориясы
бойынша қарастыратын белгілі орыс ғалымы
А.В Бондарконың зерттеулерінде кеңінен жазы-
лып, оның ашқан жаңалықтары қазақ тіл білі-
міне де тың зерттеулер туғызуда.
Тілдік бірліктердің сан алуан функционал-
ды-семантикалық қырларын ашып, олардың
сөйлеу әрекеттеріндегі түрлі қызметтерін ай-
қындайтын функционалды грамматиканың ір-
гесін қалаған профессор А.В. Бондарко болса,
оның жасаған теориясы бүгінгі таңда кеңі-
нен дамып келе жатқан ғылым саласы ретін-
де танымал болып отыр [1]. Сондай-ақ, бұл
бағыт бойынша И.И. Мещанинов, О. Есперсен,
И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.В. Виноградовтар-
дың еңбектерінен бастау алады. Ал, қазақ тілі-
нің функционалды грамматикасы А. Байтұр-
сынұлы атындағы Тіл білімі институтында
іргелі зерттеу тақырыптарының бірі болды.
Осы бағытта институттың жас ғалымдары
Б.Қапалбеков таксис категориясын, О.Жұбаева
персоналдылық категориясын, А. Жаңабекова
темпоралдылық категориясын, А. Солтанбекова
«Шақтық локалдылық бейлокалдылық» катего-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Функционалды грамматикалық категория ұғымдары туралы кейбір мәселелер
180
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
риясын зерттеп, аталған функционалды-семан-
тикалық категориялардың жеке мәселелеріне
байланысты ғылыми мақалалар жариялады.
Соңғы кезде тіл білімінде грамматика жеке
деңгей ретінде морфология мен синтаксисті
ғана қарастырумен шектелмей, тілдің лексика,
сөзжасам салаларын да қамтитын, кең ауқымды
функционалды-семантикалық категорияларды
зерттей бастады. Бұл категорияларды О. Есперсен
ұғымдық категория деп атаған болатын. Ұғым-
дық категориялардан бастау алатын бұл семан-
тикалық категориялар ақиқат өмірдегі, болмыс-
тағы жалпы халыққа ортақ ұғымдарды жалпы
тілдік категорияларға біріктіріп, ұғымның тіл-
дегі көрінісін сипаттайды. [2, 27].
Тіл білімі аумағында грамматика әр кезде де
функционалды болған. Тілдік тұлғалар әрқа-
шанда да екі жақты: материалдық пен идеал-
дықтардың диалектикалық ажыратылмас бір-
ліктері. Материалдық жағы дыбыстық көрініс
тапса, идеалдық жағы белгілі бір мағыналық
сипат алады, оны көпшілік жағдайда қызметі
(функциясы) тұрғысынан айқындалған. Сон-
дықтан да кез келген тілдік бірлік форма (түр)
мен функциядан (мағынадан) қалыптасады да,
ол тұлғалық жағынан да, оның қызметі жағы-
нан да сипатталады. Тіл білімінде тілдің ішкі
жүйесін өзіне тән бірліктері негізінде әр алуан
деңгейге жіктей отырып зерделейді. Соның
ішінде ұзақ зерттелген деңгейі – грамматика.
Грамматика шектеулі тар мағынасында мор-
фология мен синтаксис деңгейлерін қамтып,
тұлғаларының қызметтері мен мағыналарын
ашу мақсатын алға қойды. [3, 109]. Қ. Рысалды
тілдегі грамматика саласының маңызына тоқ-
талып, функционалды грамматикадағы ұста-
нымдардың негізгі қырларын ашуға тыры-
сады.
Функционалды грамматика теориясын орыс
тіл білімінде А.В. Бондарко бастаған лингвис-
тер жүйелі түрде дамытып келеді. Бұл ғалым-
дар зерттеген аспектуалдық, темпоралдық, так-
сис, персоналдық (жақ), етіс, модальдық, субъек-
тілік, объектілік, белгілік, белгісіздік, сандық,
сапалық, мекендік категориялар жеке-жеке мо-
нографиялық еңбектерде жарық көрді.
А.В.Бондарко грамматикалық категорияның
семантикасына баса назар аудара отырып, кез
келген функционалды-семантикалық катего-
рияны анықтауда оны негізгі тірек ретінде ұс-
танады. Ғалым функционалды-семантикалық
категорияны тілдік категорияның ерекше түрі
ретінде сипаттап, принциптерін, берілу жолда-
рын: «мағынадан – тұлғаға қарай, яғни мағына-
дан осы мағынаны беретін түрлі деңгейдегі құ-
ралдарды анықтайды [1]. Ғалым функционал-
ды-семантикалық категориялардың өзегі (доми-
нанты) белгілі бір деңгейге (морфологиялық,
синтаксистік не лексикалық) тән болатынын
айтады. Зерттеуші морфологиялық құралдарды
синтаксистік құралдармен тығыз байланыста
қарастыра отырып, контекстің түрлі комбина-
цияларын сөз етеді. Алайда функционалды-се-
мантикалық категорияның өзіндік ерекшелігін
анықтау үшін түрлі деңгейдегі категориялар-
ды, барлық тілдік құралдардың қызметін тал-
дау қажет. Ғалым функционалды-семантика-
лық категорияның жалпы сипаты мен лингвис-
тикалық сипатын дәйектеді. Бұл көптеген функ-
ционалды-семантикалық категориялардың бір
теориялық негіз бойынша жоспарлы зерттелуі-
не жол ашады. Сонымен қатар белгілілік/бел-
гісіздік функционалдық-семантикалық катего-
риясын жан-жақты зерттеуге, оның қызмет ету
заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңдегі тіл білімінің функционал-
дық бағытының қарқынды даму кезеңінде тіл-
дік зерттеулердің жүйелік-құрылымдық аспек-
тілерін коммуникативтік аспектілермен тығыз
байланыстыру өте маңызды әрі өзекті мәселе
болып отыр. Осы тұрғыда сан салалы функцио-
налды-грамматикалық бағыттардың ішінде проф.
А.В. Бондарко мектебінің ұстанымы қазақ тілі-
нің функционалды грамматикасын зерттеп, қа-
лыптастыруға, оны басқа тілдермен салғастыра
зерттеуге ғылыми тұрғыдан үлгі боларлық. [4,
293-294].
Функционалды грамматиканың негізгі прин-
ципі – тілдік бірліктердің қолданылуындағы
мағыналық, мазмұндық жағын, яғни қызметін
басшылыққа алып, әртүрлі тіл деңгейіндегі тіл-
дік бірліктерді қарым-қатынас процесімен, сөй-
леу жағдаятымен тікелей байланыста қарас-
тыру. Бұл зерттеу әдісінде тілдік категория-
лардың ішкі мағынасын жан-жақты ашып көр-
сетуде дәстүрлі лингвистиканың әдіс-тәсілдері
де қолданыстан тыс қалмайды. Себебі кез
келген тіл белгілі бір лексикалық, грамматика-
лық парадигмаға түскен тұтастық болып табы-
лады.
Функционалды грамматиканың дәстүрлі
грамматикадан айырмашылығы, біріншіден,
грамматиканың бірліктілік (единства грам-
матики) принципінде. Бірліктілік түрлі грамма-
тикалық элементтердің басқа тілдік құралдар-
мен тығыз байланыстығынан көрінеді, олар бір-
бірімен байланыса отырып, тығыз қарым-қа-
тынаста бір парадигмалық жүйе құрайды да
А. Жүнісова
181
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
грамматикалық бірліктер өздері қызмет ететін
ортамен қарым-қатынасқа түседі, солардың
ықпалымен қызметін де түрлендіреді. Функ-
ционалды грамматиканың екінші бір айырма-
шылығы оның жүйелік – интегративтік принци-
пінде, атап айтқанда, түрлі тілдік деңгейлердің
бірліктерін белгілі бір ортақ қызмет аясында
біріктіреді, тілдік жүйелікті көрсетеді, ал
дәстүрлі грамматикада граммаикалық бірліктер
морфология, синтаксис салаларына тарап ке-
теді. Осы соңғы айырмашылық мына бір жағ-
дайды айқындай түседі; функционалды грам-
матика дәстүрлі грамматиканы толықтырады,
ол тілдік тұтастықты, жүйелікті толыққанды
көрсете алады және де оның сөйлеу тіліндегі
қызметін ашады [4, 293-294]. Толықтырушы-
лық қатынас тілдік деңгейлердің ара байланы-
сынан көрінеді. Мысалы, морфологиялық шақ
категориясының формалары – шақтық қатынас-
ты осы шақ, келер шақ, өткен шақ деп жалпы-
лап білдірсе, оны нақтылай түсіп, мағынасын
толықтыратын – лексикалық, лексика-грамма-
тикалық бірліктер. Жеке тілдік деңгейлік тұл-
ғалар өз алдына жеке дара қызмет етпейді, олар
бірлесіп, бір жүйеге бірігіп, тілдік ортада бірі-
нің мағынасын бірі түрлендіріп, толықтырып
тілдің негізгі когнитивтік, коммуникативтік
қызмет атқарады.
Грамматикалық (морфологиялық) шақ ка-
тегориясы білдіретін шақтық грамматикалық
мағынамен мәндес, осы категорияны бастау
негіз етіп алатын темпоралдылық семантика-
лық категория деген ұғым бар. Бұл екі ұғым-
ның арасындағы айырмашылық бірінің өрісінің
тар, екіншісінің өрісінің кеңдігімен байланысты.
Бірінің өрісін шақ категориясының граммати-
калық көрсеткіштері құраса, екіншісінің өрісін
осы грамматикалық көрсеткіштермен қоса, шақ
мағынасын білдіретін лексикалық бірліктер
(үстеу), синтаксистік конструкциялар құрайды.
Шақтың грамматикалық көрсеткіштері өздері
жалғанған етістіктерге тек грамматикалық ма-
ғына үстеп, тілдің статикалық күйін танытса,
темпоралдылықтың функционалды-семантика-
лық категориясының білдіретін мағынасы грам-
матикалық формалардың мағыналық аясына
сыймайды, шақтың семантикалық категориясы
сөйлеудегі тұтас берілетін сөйлем мағынасын
қамтиды. [5, 7].
Шақ категориясы – етістіктің басты көрінісі.
Бұнда болатын формалардың басым көпшілігі –
іс-әрекеттің әр түрлі шақта болуы. Сондықтан
да ондай формалардың құбылыс сырын, мағы-
налық ерекшелігін қарастыру – шақ категория-
сының басты объектісі. Шақ категориясы бел-
гілі бір формалар арқылы беріледі. Ондағы қи-
мылдың, жай-күйдің өзі белгілі бір уақытта,
мерзімде болатыны, болғандығы не болып
жатқандығы сол етістік бойынан аңғарылады.
Лингвистика мұндай етістіктің берілу жолын
ашық рай деп те атайды. Істің сөйлеп тұрған
уақыттан бұрын, не соң, не сол кезде істелуін,
не істелмеуіне қарай етістіктер белгілі бір
жақта, шақта тұрады. Бұл – етістік категория-
сының басқа сөз таптарынан негізгі бір ерек-
шелігі. Тыңдап отыр, тыңдамақшы, айтты
етістіктерінде субъектімен, мезгілмен және
басқа жағдайларға қарай, күрделі (тыңдап
отыр, көтеріліп келе жатыр), дара етістікте де
(айтты) шақ көрінісі байқалады. Осындай етіс-
тіктердің шақ көріністері белгілі бір морфе-
малар арқылы беріледі де (айт-ты), содан кейін
қимыл есім жағдайына қарай жіктеледі.
А.Байтұрсынов «Тіл-құралда» етістіктің шақ
көрсеткішін ашық раймен байланыстыра қарас-
тырады. Ғалым осы шақтың екі түрін көрсетеді
де, айтулы қалып етістіктерінің жіктелген түрін
нағыз осы шақ деп бөліп айтады. Ал өткен
шаққа етістіктің – ды, (-ді, -ты, -ті) жұрнақ-
тары арқылы жіктелген түрін ж
ә
не есім-
шенің – ған, (-ген, -қан, -кен) тұлғалы түрін
келтіреді. Келер шаққа -ар тұлғалы етістіктің
жекелеген дара, күрделі түрлерін жатқызады.
Ғалым есімшені үш топқа бөліп, осы шақтық
есімше, өткен шақтық есімше, ұйғарынды
есімше деп айқындайды. А. Байтұрсынов ең-
бектерінің құндылығы да тілдің типологиялық
ерекшелігін біліп, тілдік тұлғаларды дұрыс
ажыратуы және қазақ тілі ғылымына қа-
тысты терминдерді ана тілімізде беруі. [6].
Т. Қордабаев 1950 жылдары шақ катего-
риясының зерттелу тарихына шолу жасайды.
Ғалым онда түркі тілдеріндегі шақ катего-
риясы туралы ХІХ және ХХ ғасырдың бас
кезінде жарыққа шыққан еңбектерге талдау
жасай келе, өзінің ой-пікірін білдіреді. «Ескере
кететін бір нәрсе – түрік (кітапта осылай
көрсетілген. - А.Б.) тілдерінің бұрын-соңды
жарыққа шыққан грамматикалық құралдары-
ның негізгі көпшілігінен етістіктің шақтары
деген жеке тараулар кездеспейді. Оларда шақ
категориясы етістіктің есімше, көсемше, рай
салаларының семантикалық көп белгілерінің
бірі ретінде алынған да, сол салаларды анық-
тауға арналған бөлімдерде ғана сөз болған»
дейді [10, 9].
Темпоральдылықты түсіну үшін алдымен
көркем шығармадағы, мәтіндегі уақыттың
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Функционалды грамматикалық категория ұғымдары туралы кейбір мәселелер
182
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
суреттелуін, зейінге алынуын, қабылданудың
өзгеше сипат-ерекшелігін анықтау керек. Шын
өмірдегі нақты (реалды) уақыт – объективті
уақыт. Реалды уақыт тек алға, бұрыннан
болашаққа жүріп отырады. Осы уақыттың
өзін адам өз сезімдерімен әр түрлі қабылдайды.
Адам сезінуінде уақыт кейде ақырын, кейде
жылдам өтіп отырғандай көрінеді. Ал әдеби
шығармаларда уақыт кейде алға жылдам,
кейде артқа жылдам, кейде өте баяу қозғалса,
кейде үзіліп кетіп отырады. Шығармада жазу-
шының таңдап алған тақырыбына, автордың
қалауына орай оқиға соңынан басына қарай
жылжуы, бірнеше кезеңдерді аттап өтуі, бір
ғана сәттік уақытты кең көлемде суреттеуі
мүмкін. Осыларға қарай отырып, шығарма-
дағы уақыттың физикалық уақыттан әлде-
қайда кең, сиымдылығы мол екенін аңғаруға
болады. Осы орайда әдебиеттану ғылымын-
дағы «лирикалық шегініс» деген термин еске
түседі. «Лирикалық шегініс - әдеби шығарма-
ларда (мысалы поэмада, не романда) уақиға
желісін кенет үзіп, өзі жайлы, не өзінің көңі-
ліндегі басқа бір нәрсені баяндап беру. Мұның
негізі уақиғаға тікелей қатысты бола қой-
майды. Дегенмен, бұл әдістің де өзгеше ұтым-
ды жағы бар» [7, 227].
Қазақ тіліндегі темпоральдық (уақыттық)
категория біздің санамыздағы Уақыттың физи-
калық сипатының бейнеленуі арқылы айтыл-
мақ ойдың мазмұндық аспектісін қалыптас-
тырады. Осы сипаттардың молдығы мезгілдің
функционалды-семантикалық өрістерінің көп-
теген сегменттерінің барлығын көрсетеді. Іс-
әрекет сәтінің сөйлеу мезгіліне сәйкестігі
(коммуникативтік сәт) немесе мәтіндегі сәтпен
(хабарлау сәті) – сәйкестігі субъективтік шақ
сегментін қалыптастырады. Кез-келген сөйлем,
айтылмақ ой белгілі бір уақыт шеңберінде ха-
барланатындықтан, онда етістік пен есімдердің
темпоральдылығы да түрлі деңгей мен кезең-
дерде түрліше өтеді. Етістік заттың амалын, іс-
әрекетін білдірсе, жалпы түбір етістіктер қи-
мылды білдіреді, ал қимылдың қалай, қандай
тәсілдер арқылы жүзеге асатынын білдіре ал-
майды. Сөйлемде етістік қолданылғанда, тек
қимылды ғана білдіру жеткіліксіз. Өйткені
өмірде қимылдың жасалуы түрліше. Соған орай
ол қимылдың жасалуындағы әртүрлі ерекше-
ліктерді білдіретін әдіс-тәсілдер, түрлі көрсет-
кіштер мол. Қимылдың жасалуындағы әр алуан
ерекшеліктер мен олардың өту кезеңін білдіре-
тін тілде арнайы категория бар. Ол - қимылдың
белгілі бір уақыт шеңберінде өту сипатын
танытатын темпоральдық категория. Етістіктің
темпоральдық категориясының жалпы мағы-
насы қимылдың қандай мезгілде қалай жасал-
ғандығын суреттеу, қимылдың қандай сатыда
екенін көрсету, іс-әрекеттің уақыт шеңберінде
қамтылуы мен шақтардың мағыналық реңкін
ажырату болып табылады. Қимылдың мезгіл
аясында өту сипаты категориясының жалпы ма-
ғынасымен қоса, оның өзіне тән, ішкі мағына-
лары толып жатыр. Темпоральдық категория-
ның өзіне тән ішкі мағыналық ерекшелік-
терінің бірі – белгілі уақыт мерзімінде қимыл-
дың басталуы, ортаңғы кезеңі, тез, қысқа жа-
салуы, созылыңқылығы, қимылдың соңғы
сатысының көрсеткіштері, мерзім ішіндегі бол-
ған оқиғаның тиянақтылығы, тиянақсыздығы,
аяқталғандығы, аяқталмағандығы, нақтылығы
мен күмәндылығы және эмоционалды-экспрес-
сивті, т.б. белгілері. Сондықтан да етістіктің
шағы мен көрінісі темпоральдылықты анықтай
түсуге әсер етеді. Қазақ тіл білімінде көрініс
категориясы бар деп арнайы еңбек жазған -
ғалым И.Ұйықбаев. Ол қазақ тілінде қимылдың
жасалу қалпына қарай көрініс аяқталған,
аяқталмаған күйді білдіретіндігін, олардың
іштей бірнеше реңкті болып келетіндігін айта
келіп, былай деп көрсетеді: «Аяқталған көрініс
қимылдың тиянақтылығын, шапшаңдығын,
бағытын, басталғанын, жете болғанын, жол-
жөнекей жасалғандығын, жалған істі, немқұ-
райды жасалған істі, бір-ақ рет болған қимыл-
ды білдіреді» [8, 77].
Предикативті қатынастар уақыт, модальді-
лік, персоналдылық концептілері арқылы бері-
леді. Соның негізінде шақ, рай, жақ морфоло-
гиялық концептілері қалыптасады. Уақыт –
концептуалды жүйедегі ең күрделі концепті-
лердің бірі. Онтологиялық тұрғыдан алғанда,
уақыт категориясын философиялық және физи-
калық жағынан сипаттауға болады. Соған сәй-
кес нақты уақыт екі түрлі сипатқа ие: метри-
калық және топологиялық уақыт. Уақыт кон-
цептінің метрикалық ерекшелігіне ұзақтық
және созылыңқылық сипат тән. Уақыттың
метрикалық сипаты кеңістікпен байланысты
болады.
Уақыт мәнінің күрделі, алуан қырлы сипаты
оның концептуалдануынан да, шақ қатынас-
тарының тілдегі көрінісінен де байқалады.
Уақыт мәні – адамның таным әрекеттерінің
негізінде адамзат дамуының кейінгі сатыла-
рында түзілген концептілердің бірі. Қозғалыс,
кеңістік пен оқиғалар туралы түсінік уақыт
мәнінің қалыптасуына негіз болады. Яғни,
А. Жүнісова
183
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
уақыт мәні кеңістік, қозғалыс, оқиға сияқты
мәндердің негізінде түзілген. Уақыттың тілде
концептуалдануы қабылдау, жады, елес сияқты
танымдық әрекеттермен тығыз байланысты.
Уақыттың өткен шақ, келер шақ, осы шақ тү-
ріне жіктелуі адамзат дамуының кейінгі саты-
ларында пайда болған. Дәл қазір, сөйлеушінің
көз алдында өтетіндіктен, осы шақ тұлғалары
арқылы сипатталатын іс-әрекетті бақылауға
болады, ал өткен шақтағы оқиғалар сөйлеуші
өз көзімен көріп, басынан өткерген әсерлерінің
негізінде түзіледі. Ал әлі орындала қоймаған,
жоспарланған келер шақтағы іс әрекетті елес-
тетуге болады. Келер шақ жалпы, дерексіз
мәнде болатындықтан, осы шақ пен өткен
шақпен салыстырғанда, кейінірек қалыптасқан.
Шақ тұлғаларының жіктеліп, сипатталуынан,
яғни метатілінен де бірқатар ерекшеліктер
байқалады. Келер шақ тұлғалармен салыстыр-
ғанда, өткен шақ тұлғалары, мәндері әлдеқайда
көп. [9].
Функцияналды грамматикалық категория
кемінде екі не одан да көп грамматикалық фор-
малардан тұрса, функционалды грамматика құ-
рамында сөйлеу мен мазмұндық жоспар жиын-
тығы болады. Сондықтан синтаксис, морфоло-
гия, лексика мен фонологиялық деңгейлер, бар-
лық саланы бір тілдік жүйеге келтіріп, теорияға
негізделуі керек.
Функционалды зерттеулердің негізгі мақ-
саты тіл жүйесінің түрлі деңгейлеріне жатқан-
мен, бір мақсатқа жұмсалатын құрылымдар
мен грамматикалық формалардың қолданылу
ережелерін сипаттауға бағытталған. Функцио-
налды грамматика тілдің грамматикалық құры-
лымын тексеріп, сипаттайды. Грамматикадағы
функционалды зерттеулер екі кезеңнен тұрады.
Атап айтқанда, бірінші кезең – тілдегі семан-
тикалық категорияларды берілу жолдарын
зерттеу, екіншісі – тілдің түрлі деңгейлеріндегі
элементтермен айтылу барысындағы граммати-
калық бірліктердің қызметін зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |