На праве хозяйственного ведения шымкентский высший


Дәрігер-медбике қарым-қатынасы



бет12/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
ҚРДСЖММ.1,6ж дайын

Дәрігер-медбике қарым-қатынасы:

  • Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;

  • Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;

  • Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тиіс;

  • Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.

Есте сақтау керек:
Орта медициналық қызметкер дәрігердің алдында өз білгенін, диагностикадағы біліктілігі мен икемділігін асыра көрсетпеген жөн;
Науқастың,оның туыстарының алдында дәрігер не медбикенің қателіктерін айтпау тиіс;
Дәрігерлер де қызметкерлер де өзара субординацияны сақтап, жасы, жынысына қарамастан “Сіз” деп араласқан жөн.
Медициналық қызметкер қандай қасиеттерге ие болуы керек:

  • Моральдік-шыдамдылық, батылдық, нәзіктік, шыншылдық, адалдық, қарапайымдылық, еңбексүйгіштік, қамқоршылық.

  • Эстетикалық-сөзсіз таза сырт келбет, жаман әдеттердің болмауы, тазалық.

  • Интеллектуалдық-эрудиция, инициативалық, логикалық, жоғары дәрежелі медициналық қызметкер болып қалыптасуға деген талпыныс.



Медбике мен науқастың арасындағы қарым-қатынас:
Қазіргі заманның медбикелері тек қарапайым дәрігердің айтқанын орындайтын медқызметкер ғана емес, ол барлық аурулардың шығу тарихын, емдеу жолын білетін, соның нәтижесінде науқасқа жоғары дәрежедегі қызмет көрсете алатын профессионал адам.
Медбике әрқашан жинақы, қарапайым, өз мақсатына жететін, салмақты, шешімді тез, әрі дұрыс шығаратын, бір беткей, ашуға жол бермей, бәрін ақылмен басатын сабырлы болуы тиіс.
«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:
Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет