Национальные стратегии развития тюркоязычных стран



Pdf көрінісі
бет37/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,46 Mb.
#6169
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58

ЛИТЕРАТУРА

1.    Гэллап  Дж.,  Гэллап  М.  Здоровье  планеты  –Социологические 

исследования, 1992. – № 12, с. 31.

2. Шелл Д. Среда и общество� или �инвайроментальная социология 

// Социологические исследования. 1992. № 11, с. 9, 10.

3. Человек и окружающая среда. – М., 1992. – С. 87.

4. Зуев В. Аральский тупик. – М., 1991. – С. 75.

5. Каххаров А.Г. Общественное мнение Узбекистана о проблемах 

охраны окружающей среды и социальной сферы. – М., 1992. – С. 55.

6.  Каххаров  А.Г.  Социология.  Окружающая  среда  и  общество.  – 

М., 1993. – С. 20–21.

7. Каххаров А.Г. Социология регионов. – М., 1996. – С. 30.



ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

372         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі



КАЗАХСТАН

ХАЛЫҚ ТАРИХЫНДАҒЫ РУХАНИ ДӘСТҮРДІҢ 

ҚОҒАМДЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ

Б.Ж. Абдрашева, 

әлеуметтану ғылымдарының кандидаты

Ж.Х. Кендирбекова, 

педагогика ғылымдарының кандидаты,

М.Т. Баймуканова, 

педагогика ғылымдарының кандидаты

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қазақ  тарихын,  салт-дəстүрін  зерттеудің  игерілмеген 

ғылыми жолдары əр түрлі. Көшпелілер қоғамының материалдық, 

қоғамдық  жəне  рухани  өмірінің  тұтастығы  фольклорды 

зерттеу  барысында  айқын  көрінеді.  Фольклор  деректеріне  көп 

көңіл  бөлген  зерттеуші,  шығыстанушы  В.  Бартольд  �Қорқыт 

ата�  кітабымен  танысып,  эпостың  жекелеген  мəселелеріне 

тарихи  жəне  əдеби  талдау  жасайды.  Революцияға  дейінгі 

орыс  фольклористикасында  қалыптасқан  дəстүр  кейіннен 

Кеңес  мемлекеті  фольклористикасының  негізінде  дамыды. 

Халықтардың этногенезі мен мəдени-этникалық байланыстарын, 

олардың  өткен  тарихын,  отбасылық  жəне  қоғамдық  өмірін 

зерттеуде  фольклорды  тарихи  дерек  ретінде  пайдаланудың 

əдістемесін  В.Я.  Пропп,  В.К.  Соколова  т.б.  сияқты  белгілі 

зерттеушілер жазған. Мұндай зерттеуші ғалымдар қазақ халқының 

тұрмыс-тіршілігін,  мəдениетін,  салт-дəстүрін,  қайталанбас  мол 

мұрасын  зерттеуде  көп  үлестерін  қосқан.  Ежелгі  қазақ  жерін 


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      373    



қоныс еткен түркі тілдес тайпалар арасында діни наным-сенімдер 

сақталған, өзгеріп жаңа мəн-мағынаға ие болған. Осы тайпалардан 

сұрыпталып шыққан қазақ халқының бүгінгі рухани болмысының 

сол  бір  алыста,  артта  қалған  замандармен  сабақтастығын 

дəлелдейтін салт-дəстүрлер, наным-сенімдер жетерлік.

Салт-сана  арқылы  санамызға  сіңіп  кеткен  кейбір  наным-

сенімдер  арқылы  арақатынастар  өзегіне  ара  байланыстар 

барысында, бір-біріне ықпал ете бастаған. Оның ішінде обал, сауап, 

бата  сияқты  кейбір  этикалық,  психологиялық  дағдылар  арқылы 

�жабайы�  қоғамдық  кезеңдердің  өзінде  адамдар  адамгершілік 

қасиеттерін сақтай отырып цивилизация кезеңіне іліккен. 

Халқымыздың  идеялық,  рухани  бірлігін  нығайту  үшін 

тарихи  тағылымдарын  еске  түсіріп  қана  қомай,  оның  тарихи 

иесін қалпына келтіру үшін, халықтың рухани құндылықтарына 

негізделген  ұлттық  дəстүрімізді  қайта  қарап,  тереңдей  зерттеу 

жүргізіп,  көне  мəдени  мұрасын  белсенді  игеру  мен  ұғыну 

егеменді елдің біртұтас мəдени саясатын жасау жəне өзгелерге 

таныту кезек күттірмейтін мəселе. 

Қазір баспасөз беттерінде қазақ халқы мəдениетінің тарихы 

Орхан-Енисей  жазуынан  бұрын,  II-III  ғасырларда  басталды 

деген  пікір  айтылып  жүр.  Алайда,  ол  туралы  ғылыми  зерттеу 

еңбектері  əзір  жарық  көрмегендіктен,  біз  қолда  барға  сүйене 

отырып,  көшпелі  қазақтардың  əлеуметтік  қарым-қатынастары, 

өзара көмек пен қамқорлық жайындағы, яғни VI-VIII ғасырдан 

бергі  қазіргі  түркі  тілдес  халықтардың  ата  дəстүріндегі 

салт-дəстүр  рəсіміндегі  əлеуметтік  тəжірибесін  жинақтап, 

зерттеу  жұмыстарын  жүргіздік.  Ежелгі  қазақ  жерін  қоныс 

еткен  түркі  тілдес  тайпалар  арасында  діни  наным-сенімдер 

сақталған,  өзгеріп  жаңа  мəн-мағынаға  ие  болған,  сөйтіп  осы 

тайпалардан  сұрыпталып  шыққан  қазақ  халқының  бүгінгі 

рухани болмысының сол бір алыста, артта қалған замандармен 

сабақтастығын  дəлелдейтін  салт-дəстүрлер,  наным-сенімдер  аз 

емес. Бүгінгі діндер қалыптасып, олар əлеуметтік идеологиялық 

санаға  айналғанға  дейін  адамдар  əр  түрлі  сенім-нанымдарға 

тəуелді болған. Олардың шығуына, дамып өріс алуына алғашқы 

адамдардың  табиғаттың  таңғажайып  сырларын,  ондағы  қым-

қиғаш құбылыстардың қандай күштер арқылы болып жатқанын 


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

374         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

түсініп,  оны  пайымдап,  ақылмен  қорыта  алмауы  себеп  болды. 

Күннің  күркіреуі,  аспанда  найзағайдың  жарқылдауы,  өзен, 

көлдердің жағасынан шығып тасуы, дамылсыз соққан дауылдар, 

зілзала болып жердің сілкінуі, от шашқан таулар, алапат апаттар 

осының  бəрі  қоршаған  ортадан,  табиғаттан  тыс  құдіретті 

күштердің бар екеніне адамдардың наным-сенімдерін туғызды. 

Осы сенімдер негізінде əртүрлі дін, діни ұғым, түсінік уағыздар 

пайда болды. Олардың өмірге келуі, таралуы, адамдардың ақыл-

санасын баурауы бірден іске асқан жоқ, ұзақ сонар жолдан өтті. 

Олар наным-сенім жүйесі ретінде қалыптасып, адамдар санасына 

орныққанша күнге, айға, отқа, суға табыну, оларға тəңір ретінде 

қарап, құлшылық ету, жаппар ием деп жалбарынуы орын алды. 

Әйтсе де олар тəңір туралы теріс түсініктердің мəнін білмеген. 

Сондықтан да табиғаттың тылсым күштерін жанды деп түсіну, 

оларға адам қасиетін телу дəстүрлері келіп шыққан.

Әйгілі  ғалым  Ш.Уəлиханов  шығармаларында  аталмыш 

мəселелер  тұңғыш  рет  жан-жақты  қарастырылды.  Бұл  ретте 

оның  ғылыми  еңбектерінің  алғашқы  кезеңіне  жататын  �тəңір� 

атты  мақаласын  айрықша  атап  өтуге  болады.  Ұлы  ғалым 

қазақтың  əдет-ғұрпын,  сенім-нанымына  ғылыми  баға  бере 

келіп,  себеп-салдарына,  түп-төркініне  де  тоқталды  [1,  112  б.]. 

Әруақтар  немесе  дүние  салған  бабалардың  рухына  мінəжат 

етуге  байланысты  наным-сенімдердің  əлеуметтік  сыр-сипатын 

мейлінше дəл көрсетіп, жаңсақ ұғымдардың төркінін білгірлікпен 

ашады.  Сөйтіп  ғұлама  ғалым  сенім-  нанымның  түп-төркінін 

анықтай  отырып,  діни  идеяларды  адамдардың  əлеуметтік 

қарым-қатынасымен  сабақтастыра  қарастырады.  Сондай-ақ  ол 

ислам  дініне  дейінгі  наным-сенім  мен  салт-сананы  халықтың 

ауыр тіршілігімен байланыстырады. Кеңес дəуірінің ғалымдары 

қазақ  халқының  көне  сенім-наным  мен  салт-  санасын  арнайы 

зерттеген  емес.  Өйткені  көптеген  ғалымдар  қазақтарды  ислам 

діні кең тараған өлке деп есептеген, байырғы, діни сенімдердің 

сарқыншақтарына мəн бермеген. 

Көне сенім-нанымдардың идеялық мəні мен тегі аса күрделі. 

Дəстүр адамның дүниетанымымен астарлас, өйткені дəстүр мен 

таным  үнемі  бірлікте  болады.  Ғасырлар  қойнауынан  жеткен 

ежелгі ескерткіштер қатарына жататын салт пен дəстүр əлеуметтік 


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      375    



социологияның негізгі саласы. Әрине бұл ескерткіштерден дін 

мен  білімді,  талғам  мен  танымды,  əлем  заңдылықтарын  игеру 

жолындағы  жеңіс  пен  жеңілісті,  қиял  мен  шындықты,  жарық 

жалғанның  болмысы  мен  бопсасын,  күйі  мен  құдіреттілігін 

таба аламыз. Ал тегінде халықтың салт-санасы мен əдет-ғұрпын 

балаңдық пен терең зерделі, диалектикалық əмбебап бастау мен 

метафизикалық өлекселікті, агностикалық сыңар езулікті қатар 

көруге болады. 

Адамдар  диалектиканы  ғылыми  таным  ретінде  білмей 

жатып-ақ қара дүрсін диалектикалық əдіспен ойлайтын болған. 

Халықтың  зердесі  философиялық  ақыл-ойға  дейінгі  білім 

мен  біліктіліктің  бірлігі-халықтың  рухани  болмысының  өзегі. 

Сондықтан  халықтың  кəдуілгі  дүниетанымында  діни  (əдет-

ғұрып пен наным-сенім), діни емес (фольклор, музыка, сəулет 

өнері)  жəне  дінге  қарсы  (заттар  мен  құбылыстарға  қатысты 

өмірлік  тəжірибе  жиынтығы  орнықтырған  білім)  түсінік-

ұғымдар  көрініс  беріп  отырады.  Дүниеге  дəстүрлі  қазақы 

қатынас ұжымды, өте күрделі, ол тарихтың əр кезеңінде туған 

əр текті идеялармен ұғымдар жиынтығынан түзіліп, əр дəуірдің 

таным  сатыларының  тоғысуы  нəтижесінде  пайда  болған 

сарқыншақтардан синтез құрайды да, халықтың рухани мəдени 

ескерткіштерінің қай саласынан болса да (əн, музыка, би, өнер, 

салт-сана т.б.) көрініс таба береді. Халқытың дүниеге дəстүрлі 

көзқарасында  діни  қағида  жоққа  тəн  екен,  ал  оның  есесіне 

ұзақ заманында көшпелі өмір салтымен қойындасқан, онымен 

үйлесім тапқан салт-сананың, ырым-жораның, əдеп-ғұрыптың, 

талғам-түйсіктің, наным-танымның айқын сипаты, белгілілері 

сараланған.  Дəстүрлі  зерденің  тек  тамыры  табиғаттылықтан 

бастау  алып,  заттар  мен  өмір  құбылыстарының  тіршілік 

талабымен  үйлесе  отырып  сұрыпталуынан  туындап  жатады. 

Халық  ілімнің  өмірдегі  көрнісі  де  мейлінше  қарапайым, 

əлем-жəлем.  Қазақтың  дүние  туралы  дəстүрлі  пайымдары 

белгілі  дəрежеде  адамның  дүниеге  көзқарасын  айғақтайды. 

Дəстүрлі сенім, əдетте, дəстүр, ғұрып, ырым-жора, салт-сана, 

тыйым, табыну, тасаттық беру, садақа жасау, құрбандық шалу 

тұрғысында  көрніс  тауып,  əлеуметтік,  моральдық-этикалық 

ниет мақсатымен астасып жатады.


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

376         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

Көшпенді  тұрмыс  пен  дала  табиғаты  адамға  қойылатын 

талап, тілектің аса қатал болуын керек етті. Мұнда қайратты да 

мығым аса төзімді құбылмалы табиғат жағдайына икемді, жан-

дүниесі кемел адамдар қажет еді. Көшпелі қауымда əр адамның 

қадір-қасиеті  оның  жасына,  əлеуметтік  ортасындағы  орнына 

қарай  белгіленді.  Осындай  қоғамдық  қатынастарды  көріп 

өскен  жағдайда  мүдделестік,  көзқарас  бірлігі,  кісілік  қарым-

қатынас  нормалары  айқындалып,  жеке  бастың  бұра  тартуына 

мүмкіндік  қалдырмады,  психологиялық  ахуалы  �бірауызды� 

болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене 

сіңіскен  салттар  мен  дəстүрлерді  ұстанады.  Осыған  орай  бата 

беру, ант ішіп ақталу, жора қылу, дау-шараға төрелік айту сияқты 

өзіндік дəстүрлер кең өріс алады. Мұндағы келтіріліп отырылған 

дəстүрлер  арқылы  ар-ождандыққа  тəрбиелеу,  сыйластықты 

қалыптастыру, қайырымдылық жасаудың бүгінгі күннің əлеуметік 

қызмет  көрсету  стилінің  көріністері  бола  алады. 

Қазіргі  қазақ 

руларының  ата-тегінен  қалған  рухани  мұра  үлгілеріне  Орхон-

Енисей бойынан табылған тасқа қашап жазылған ескерткіштер 

жатады. Мұндай көне мұралардың ішіндегі бізге кеңірек мəлім 

болғандары  түркі  көсемі  Білге  қаған,  Күлтегін  батыр  мен 

ақылгөй Тоныкөк құрметіне қойылған құлпытастар. Оларда Ұлы 

түрік  қағанаты  халықтарының  тұрмысы  мен  салты,  мəдениеті 

мен жаугершілік жортуылдары баяндалады. 

Қарақожаұлы  Қорқыт  –  өз  халқының  бақыты  үшін,  күллі 

адамзатқа өшпес ғұмыр іздеп, көптің мүддесін көздеген Қорқыт 

Ата  –  ақын,  жырау,  композитор,  əнші,  күйші,  қобызшы,  өз 

дəуірінің ойшылы, философы болған адам. 

Қорқыт  жеріндегі  философиялық  аңыздардың  бірі  –  оның 

ажалдан қашуы. Қорқыт өз ел-жұртының аянышты ауыр халін 

көріп,  одан  құтқарудың  жолын  іздейді,  мəңгі  бақи  өлмейтін 

бақытты  өмірді  аңсайды,  төңіректің  төрт  бұрышын  кезеді. 

Қорқыт  ажалды  дүниедегі  ең  жамандықтың  басы  деп  біледі. 

Ажалдың  ақыры  алмай  қоймайтынын  білген  ол  өлімнен 

қашып  құтылмақ  болады.  Қорқыттың  дала  кезіп  кетуіне  оның 

метафизикалық  көзқарасы  түрткі  болады.  Қорқыт  түс  көреді, 

түсінде аян береді, ажал алмай қоймайтынын айтады. �Қорқыт 

Ата  кітабы�  –  жай  дүние  емес,  даналықтың  адамдардың 



НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      377    



ортадағы  əлеуметтік  қатынасы,  табиғат  пен  адамның  өзіндік 

əрекеттесу қатынасының көрінісі [2, 45 б.]. Қыпшақ тайпасынан 

шыққан атақты жырау, күйші жəне философ Қорқыт ата туралы 

Ватихан архивінде мынадай дерек сақталған: �Расул пайғамбар 

(Мұхамед пайғамбар) заманына жақын кезде (ҮІІІ ғасырда) баят 

(Сырдария) бойында Қорқыт атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде 

барлық  уəлəйтты  өзіне  қаратып,  неше  түрлі  ғажайып  сөздер 

сөйлеуші еді. Қорқыт оғыз қауымның мүшкіл халі туралы сөйлер 

еді. Әрине, басына іс түскендердің бəрі оның алдына келіп кеңес 

сұрап, ол нені бұйырса, соны қабыл етер еді� [3, 344 б.]. Онда 

ертедегі оғыз қыпшақтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, қайғы-

қуанышы, қайырымдылық пен қаталдықтың, ерлік пен ездіктің, 

жақсылық  пен  жауыздықтың  көріністері  арқылы  этникалық 

əдет-ғұрыптардың  болмысын  көрсетеді,  мəдени-этникалық 

дəстүрдің  көрінісі  ретінде  бағалаймыз.  Қорқыт  атадан  қалған 

сөз мынадай: �Менмен тəккəппар адамды тəңірі сүймейді�, �қар 

қанша жауғанымен жазға бармас�, �атадан қалған малы болмаса, 

баланың күні қараң�. Қай-қай сөзін алып қарасаң да, неше ғасыр 

өтсе де, сөз құдіреті мен ой даналығы ұрпаққа ұлағат боларлықтай 

құнды да, нəрлі мұра. Біз мысалға тек үш қана дана сөзін айтып 

отырмыз. Адам өмірін үш үлкен кезеңге бөліп қарастырсақ, адам 

жасында тəккəппар, өрлі кейде өркөкірек те болады, ондағысы 

не  істесем  де  бəрі  де  қолымнан  келеді,  �тепсе  темір  үземін� 

деген оймен дандайсып, өзін жер құдайындай сезінетіні де рас, 

сөйтіп  жастыққа  мастанып  жүргенде  уақыттың  өтіп  кеткенін 

байқамай  да  қаласың.  Қорқыт  айтқандай  қыстай  қаһарланған 

менмен  кеуде  өрекпігенін,  жылы  жаққа  жазға  жете  алмайсың, 

ары  қарасаң  енді  өзің  үшін  емес  ұрпақ  үшін  жанталасып,  мал 

жинап, қор жинамасаң ұрпақ соңы күң менен құл болар, атаға 

одан  өткен  қорлық  бар  ма,  ұрпақ  үшін,  оның  болашағы  мен 

амандығы үшін қор жинаған біздің халық, əке мен бала бірлігі 

мен  татулығы  елдігіміздің  көрінісі-мəңгілік  өмір,  мəңгілік 

тіршілік. 

Өз  халқының  бақыты  үшін,  күллі  адамзатқа  өшпес 

ғұмыр іздеп, көптің мүддесін көздеген Қорқыт Атаның ой-пікірі 

адамзаттың  жер  бетінен  құрып  кетпеуінен  сақтандырған,  ата 

мен ұрпақ арасындағы əлеуметтік мəңгілік өмір мен əлеуметтік 

қатынас  мəселесін  (ядролық  қару,  экологиялық  апат  салдарын) 



ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

378         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

алдын  ала  сезіп  болжамдаған  ойын  əлемдік  əлеуметтік  мəселе 

ретінде ескеруіміз керек. 

Ел арасында айтылып жүретін обал ол табиғатпен қойындаса 

өскен қазақ қауымы үшін обал дегеніміз өзіңді қоршаған ортаның 

табиғи болмысында (жанды-жансызын алаламай) зиян келтіруге, 

жамандық  жасауға,  яғни  жандыны  жəбірлеуге,  жансызды 

бүлдіруге  тыйым  салатын  ұғымдар  жиынтығы.  Мысалы, 

жəндікті өлтірме, обал болады; көкті жұлма, обал болады; ақты 

төкпе, обал болады т.с.с. Бұдан да басқа ұлттық нанымдар мен 

ырымдар  да  бар.  Әкесі  бар  бала  қолын  төбесіне  қойып,  төр 

алдында  шалқасынан  жатпайды.  Бұлай  істесе-əкесіне  наразы 

болып,  өлім  тілеп,  зауал  əкелгелі  жатыр  деген  жаман  ырымға 

жорылады.  Қазақта  сыйлы  қонағына  бас  ұстатады,  бірақ  əкесі 

бар адамға бас ұстатпайды. Қандай қонақ қадірлі болғанымен, 

жасы  да  елуді  еңсерсе  де  əке  алдындағы  моральдық  борыш, 

кісілік  пен  кішіпейілділік  ұрпақтар  арасындағы  əлеуметтік 

қарым-қатынастың өзіндік рөлі, сыпайылық пен инабатылыққа 

əкеліп  тірелтеді.  Қазақи  тарихтағы,  қазақи  болмыстағы  ата 

дəстүрдегі, əке мен бала арасындағы адамдық үндестік, ешқайда 

жазылмаған халықтық əдеп, яғни этикалық принцип.



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Уəлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1986.- 27 б.

2. Касымжанов А.Х. Пространство и время великих традиций. – 

Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 475 с.

3. Айталы А. Жастардың этно-мəдени таңдауы: сабақтастық пен 

қайшылық //Ақиқат. – 1999. – №6. – 23-27 бб

4.  Сейдімбек  А.  Қазақ  əлемі.  Этномəдени  пайымдау.  –  Алматы: 

Санат, 1997. – 461 б.

5. Ыдырысов Ә. Бағдарымыз – өркениет өрісі. – Алматы: Атамұра, 

2000. – 128 б.

6.  Сатершинов  Б.М.  Қазақстан  мəдениетінің  тарихы  мен 

теориясының кейбір мəселелері. – Алматы: Атамұра, 2001. – 159 б. 

7. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы: Қазақ университеті, 

1992. -198 б.

8.  Сəрсенбаев  Т.  Ұлттық  сана-сезім  мен  ұлттық  қадыр-қасиет.  – 

Алматы: Білім қоғамы, 1990. – 50 б.



НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      379    



Резюме

В  статье  рассматривается  общественная  и  социальная  сущность 

духовной традиции народов. История существует не для того, чтобы 

только повторять, а для того, чтобы закрепить в подсознании каждого 

человека  идеи  и  духовные  ценности,  необходимо  пересмотреть 

национальные традиции основанные на духовных ценностях народа, и 

создать единую культурную политику независимого государства. 

Summary

The article deals with public and social essence of the spiritual traditi-

ons of the peoples. History is not there just to repeat, but in order to secure 

in the subconscious of each people ideas and spiritual values  , it is necessary 

to revise the national traditions based on spiritual values   of the people and 

to create a unified cultural policy independent state.



ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

380         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі



СУВЕРЕННЫЙ КАЗАХСТАН – ЛИДЕР ДВИЖЕНИЯ 

ЗА БЕЗЪЯДЕРНЫЙ МИР

М.А. Абишев,

Казахский национальный аграрный университет,

доктор социологических наук, профессор

Первым  шагом,  заложившим  основу  будущей  политики 

Казахстана в области нераспространения и ядерной безопасности, 

стало  закрытие  Семипалатинского  испытательного  ядерного 

полигона в 1991 г. 

Подписание Указа о закрытии Семипалатинского ядерного 

полигона Президентом Назарбаевым Н.А. для всех казахстанцев 

был  историческим  актом  осознание  своей  исключительной 

суверенности,  силы  и  мудрости,  уверенности  в  настоящем  и 

будущем.  Именно  этим  объясняется  проявленная  воля  народа, 

объединившегося  в  международное  антиядерное  движение 

�Невада – Семипалатинск�.

Инициатором  закрытия  семипалатинского  полигона 

и  запрещения  испытаний  ядерного  оружия  во  всем  мире 

выступило в 1989 году Международное антиядерное движение 

�Невада-Семипалатинск�. В 1992-м остановил работу полигон в 

Неваде, где испытывали свои �изделия� США и Англия. Вслед 

за  ним  замолчал  французский  полигон  на  атолле  Мороруа  в 

Тихом океане. И, наконец, в 1996 году – китайский в пустыне 

Лоб-Нор.  Международный  мораторий,  начавшийся  с  закрытия 

Семипалатинского, продолжается до сих пор.

Напомним,  что  Казахстану  досталось  поистине  �богатое� 

наследие  военной  индустрии  СССР  в  виде  испытательных 

полигонов  и  научно-технических  комплексов  по  разработке 

различного  рода  оружия.  Республика  обладает  самой  большой 


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      381    



численностью  ядерных  полигонов  на  душу  населения. 

Добавим  к  этому,  что  развитая  промышленность  по  добыче  и 

переработке  урановых  руд  остро  ставила  вопросы  хранения  и 

захоронения  радиоактивных  отходов.  Неудивительно  поэтому, 

что нераспространение ядерного оружия и оборонная конверсия 

вошли  тогда  в  стратегические  приоритеты  политики  молодого 

государства.

Для  Казахстана  идеалы  нераспространения  оружия 

массового  уничтожения  имеют  особое  значение.  Последствия 

испытаний на его территории ядерного оружия отразились как 

на жизни и здоровье населения, так и на экологическом балансе 

огромной  территории.  Широкая  общественная  поддержка, 

оказанная  антиядерному  движению  �Невада-Семипалатинск�, 

а  также  увенчавшаяся  успехом  борьба  за  закрытие  ядерного 

полигона  в  Семипалатинске  оказали  серьезное  влияние  на 

формирование политики Казахстан в сфере нераспространения 

ядерного оружия.

Необходимо отметить, что первоначально, после обретения 

независимости  в  Казахстане  все  же  рассматривали  ядерное 

оружие,  размещенное  на  его  территории,  в  качестве  средства 

сдерживания внешних угроз, с одной стороны, и как инструмент 

для  укрепления  международного  статуса  и  регионального 

престижа  –  с  другой  стороны.  Однако  уже  в  начале  1992  года 

ведущие политики пришли к выводу, что сохранение ядерного 

оружия  на  территории  Казахстана  ведет  к  дипломатической 

изоляции республики и помешает ей стать полноправным членом 

международного  сообщества.  Наиболее  критически  важный 

период переоценки казахстанской ядерной политики пришелся 

на февраль-апрель 1992 года.

И все же решающим фактором, повлиявшим на переоценку 

ядерной  политики,  стали  соображения  геополитической  и 

региональной  безопасности,  актуальные  и  сегодня.  Глубокое 

внутриконтинентальное  положение  Казахстана,  отсутствие 

прямого  выхода  к  мировому  океану,  соседство  с  севера  и  с 

юга  с  двумя  великими  державами,  обладающими  огромными 

ядерными  потенциалами,  –  все  это  начисто  нивелирует 

геополитическое  значение  обладания  Казахстаном  ядерным 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет