Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет42/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,06 Mb.
#5909
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58

                                                           
ЛИТЕРАТУРА 
 
[1]    Абаева Ж.С. Русский язык. – Алматы, 2014. – 150 с. 
[2]    Брандес М.П. Жанры информационной литературы. – М., 1998. – 195 с. 
[3]    Воронина Д.Д. Обучение аннотированию и реферированию. – М., 2001, 250 с. 
[4]   Красильникова Л.В. Жанр научной рецензии: семантика и прагматика. – М., 1999. – 311 с. 
[5]    Мотина Е.И. Язык и специальность. – М., 2008, 320 с. 
[6]    Солганик Г.Я. Стилистика текста. – М., 2005, 260 c. 
[7]    Троянская Е.С. Обучение чтению научной литературы. – М., 2003. –  165 с. 
  
 
                                                             RЕFERENCES 
 
[1]    Abaeva Zh.S. Russkii yazik2014, Almaty, 150 s. (in Russ.). 
[2]    Brandes M.P. Zhanri informatsionnoi literaturi.  1998, M., 195 s.  (in Russ.) 
[3]    Voronina D.D. Obuchenie annotirovaniyu I referirovaniyu2001, М., 250 s. (in Russ.). 
[4]    Krasilnikova L.V. Zhanr nauchnoi retsenzii: semantika I pragmatika1999, M., 311 s.  in Russ. 
[5]    Motina E.I. Yazik I spetsialnost2008, М., 320 s. (in Russ.). 
[6]    Solganik G.Iy. Stilistika teksta2005, М., 260 s. (in Russ.). 
[7]    Troyanskaya E.S. Obuchenie chteniyu nauchnoi literature2003, M., 165 s. (in Russ.). 
 
ОРЫС ТІЛІ  САБАҒЫНДА ҒЫЛЫМИ СТИЛЬДІҢ ЖАНРЛАРЫН ҮЙРЕТУ 
Р.С.Төребекова 
tore.raushan@mail.ru 
                          
          Тірек  сөздер:    ғылыми  стильдің  жанрлары,  рецензия,  аннотация,  тілдік  моделді  дайындау,  аннотацияның 
түрлері, рецензияны дұрыс жазу ережесі. 
                                                                                             
          Аннотация.  «Орыс  тілін  кәсібі  бағдарлау»  пәнінің  бағдарламасы  бойынша  мақалада  ғылыми  стильдің 
жанрларын үйрету қараланады. Ғылыми стильде ерекше көніл бөлінетін жанрлар - аннотация және рецензия. Мектептік 
бағдарламада  бұл  жанрлар  кіргізілмегендіктен,  1-ші  курс  студенттері  жоспар,  реферат  және  конспектен  басқа  бұл 
жанрлар  туралы  айқын  түсініктері  жоқ.  Бұл  мақалада  аннотация  мен  рецензия  туралы  теориялық  анықтама  беріледі, 
сонымен  қатар  құрылымы  мен  тілдік  моделін  дайындау  және  оның  ерекшеліктері  туралы  айтылады.  Мақалада 
аннотацияның түрлері мен ғылыми рецензияларды құруда қиыншылық тудыратыны туралы айтылады. 
         Қазіргі  әдебі  орыс  тілінің  стилистикасың  оқу  барысында  ғылыми  стиль,  оның  тілдік  ерекшелігі  мен 
жанрларын  оқытуда,  студенттер  ғылыми  мәтіннің  құрылымдық-семантикалық  талдауы  бойынша  жан-жақты  мағлұмат 
алады.  Теориялық  білімді  қолдана  отырып,  студенттер  ғылыми  мәтіндерді  қысқырта  отырып  өздерінің  жеке  екінші 
мәтіндерін  ауызша  және  жазбаша  түрде  жазады.    Сонымен  студенттер  ғылыми  сөздерді  игере  отырып,  болашақта 
ғылыми-зерттеуші аталынады. 
 
 
TUREBEKOVA R.S. 
 
Department  of  the  Russian  philology,  Russian  and  world  literature  of  faculty  of  philology,  literary  criticism  and  world 
languages of Kazakh national university named by al-Farabi, Almaty, Kazakhstan. 
Study of genres of scientific style at the Russian language classes. 
 
 
Поступила 24.03.2015 г. 
 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
251 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015) 
 
Multilingual Education is the core of formation  
of the multicultural identity 
 
Shohaeva K.N. 
shohaeva1976 @ mail.ru 
Kazakh National Technical university named after K.I.Satpayev 
 
Key words:  International communication, modernization, global language 
Annotation.    Nowadays  to  speak  on  three  languages    in  business  communication  is  very  actual  ,  which 
regularizes  peoples  relations  and  has  the  main  significance  in  communicative  relations.  And  the  language 
peculiarities of business correspondence attract the attention of linguists. English language gives us the opportunity 
to realize your interests 
 The meaning of the English language as a means of international communication cannot be overestimated. It is 
difficult to imagine how there would be a world without the language. It means, that people have not opportunities to 
understand each other, no problem on the phone to discuss any questions, enter into partnerships and other business 
relationships with complex contracts or talk to each other over dinner. English language plays the important role in 
modern life. 
The value of the English language in the modern world is so great that his   knowledge is not a privilege and 
luxury.  
 
 
Көптілді білім көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі 
 
Шохаева Қ.Н. 
Қазақ Ұлттық Техникалық университеті 
shohaeva1976@mail.ru 
Тірек 
сөздер: 
үш 
тұғырлылық, 
социолингвистика, 
лингвистикалық 
белсенділік,көптілді 
коммуникативті құзырлылықтар  
Аңдатпа:  Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейтесті мәселелердің бірі болып саналады. 
Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.   
Халықаралық  қарым-қатынас  құралы  ретінде  ағылшын  тілінің  мағынасын  бағалау  мүмкін  емес.  Бұл 
іскер  адамдардың  бір-бірін  түсіну  үшін,  кез  келген  мәселелер  талқылауға  әріптестік  және  күрделі  келісім-
шарттарды, басқа да бизнес-қатынастарға түсуге және жай кешкі ас үстінде  сөйлесу үшін қажет. Ағылшын 
тілі заманауи өмірінде маңызды рөл атқарады. 
Қазіргі заманғы әлемде ағылшын тілінің мәні соншалықты үлкен болып табылады, тіпті ағылшын тілін 
білу мәртебе және люкс емес.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
252  
 
Адамның  ойын  жарыққа  шығаратын  құрал-тіл.Ал  тіл  адамдар  түсінетін  құрал  болып  қана 
табылмай,  сонымен  бірге  атадан  балаға  мирас  болып  келе  жатқан  өмір  тәжірибесін,  өнер-білімін 
жеткізуші құрал. Рухани байлығымыз-тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Кез-келген халықтың тілі сол 
халықтың  ұлттық  ерекшеліктерін  танытытын  қойма  тәріздес.  Сол  қойманы  ашып,  қазынасын  танып 
білу-бізге мұратты іс.Тілдердің қызмет етуіне мақсатты және ғылыми негізде басшылық ету және тілдік 
қатынас  құралдарының  жаңа  түрлерін  жасау  және  жетілдіру;  ұлт  мәселесі  бойынша  тілге  қатысты 
мемлекеттік  саясаттың  аспектілері.Тілдік  саясат  имплиципті  (  каулылармен  қабылданған  құжаттар,іс- 
шарасыз  және  практикалық  тұрғыдан  жүзеге  асырылатын  )немесе  эксплеципті  (заң  актілері, 
мемілекеттік  бағдарламалармен  жетілдірілген  )  болады  .  Мысалы,  тіл  саясаты  Канададағы  «әртекті 
мәдени  және  тілдік  нақыштар»  онда  бір  орталықта  бағындырылған  (Оттаваның  федералдық    үкіметі 
тарапынан  )саясат  жүргізіледі.Батыс  елдерімен  салыстырғанда,  Қазақстанда  тіл  саясатының  зерттелуі 
мен  қалыптасуында  мемлекеттің  рөлі  өте  зор,  керісінше  бейресми  ұйымдар,  мемлекеттік  емес 
ұйымдардың  тіл  саясатын  жүргізуі  тым  бәсең.Тілді  тұтынушылар  әрқилы,  әртүрлі  топтық  қарым-
қатынастың  субьектілерінің  арасындағы  жағдайлар  да  әрқилы.    Осыған  орай,  тіл  мәселесіне 
байланысты  тағы  да  пікір  айтушы  ғалым  А.Д.Швейцер:  «Тіл  саясаты  дегеніміз-  мемлекеттік  тілдің 
дамуы  мен  қалыптасуына  әсер ететін  әлеуметтік  фактор.Ол  тілде даму  эволюциясының жүйелік  және 
тармақтық  түріне  әсер  ететін  және  оның  саяси  жүйеде  жоғары деңгейге жетуіне  тікелей  ықпал  ететін 
басты элементтердің бірі»,- дейді. «Социолингвистика» деп аталатын монографиясында неміс ғалымы, 
тілтанушы М.Юсселер тіл саясаты мәселесіне қатысты өзгеше пікір айтады. Бұл ғалымның пікірінше: 
«Мемлекеттік  және  басқа  да  қоғамдық  мекемелер  тілдің  әлеуметтік  меселесіне  коммерция  құралы 
ретінде  қарауы  тиіс.  Мұнда  ұлттық  тілдің  қалыптасуының  әлеуметтік  бағасын  көтеру  және  ұлттық 
қалыптасуына  әсер  ететін  іс-шаралар  жүргізу  керек»,  -дейді.  В.А.Аврориннің  пікірі  бойынша,  шын 
мәнінде тіл саясаты дегеніміз – «Мемлекет арқылы саналы түрде жүргізілетін реттеушілік іс-қимылдар 
–  тілдің  функционалдық  жағын  жетілдіру  үшін  жүргізілетін  белгілі  бір  жағдайларда  тіл  құрылымына 
әсер ету». Ғалым тіл саясатына берген анықтамасында: «Тіл саясатын ғылыми негізделген, болашаққа 
бағытталған  қоғамды  басқару  саясаты»,  -дейді.  «Басқару  органдары  тап,  партия,  саяси  билік  арқылы 
функционалдық  және  құрылымдық  аспектіде  саяси  жүйені  басқару»,  -деп  атап  корсетеді. 
Н.Ә.Назарбаев тіл саясатында мемлекеттік тіл туралы былай деп атап көрсетті: «Қазақстан азаматтары 
елдің  мемлекеттік  тілін  құрметтеуге  және  оны  оқып-үйренуге,  білуге  тиіс.  Бұл  орайда,  бұл  тіл  ел 
халқының  басым  көпшілігінің  туған  тілі  екенін  және  болашақта  оның  мемлекеттік  тіл  ретінде  басым 
болатынын  ескеру  орынды».  Тіл  саясаты  –  бұл  қоғамның  тілдік  үдеріске  ұйымдасқан  түрде  араласуы 
және  ол  –  заңды,  объективті  құбылыс.  Тіл  саясаты  деген,  шын  мәнінде,  мемлекеттік  тіл  саласында 
орнатқан саяси өмірі. Тіл саясаты – тілді қолданушылар мен мемлекеттік биліктің өзара байланысының 
жемісі. Тіл заңын жүзеге асыру үрдісінде адамда үш мүдде – кәсіби, саяси, тілдік мүдде тоқайласады. 
Біздің  елде кез  келген  кәсіп  иесі  ана  тілінің қамын ойлайды. Ана  тілінің қамын жеген  адам саясаттан 
тыс  бола  алмайды.  Қазақстанның  тіл  саясатын  алайық.  Ол  игіліктілігімен  сипатталады  және  оның 
Конституциялық  тұжырымдамалық негізі төрт бағытта дамуда: Мемлекеттік тілдің қолданылуы, орыс 
тілінің қолданылуы, Ұлт тілдерін қолдану, ағылшын тілін үйрену. Мемлекеттік тіл мәселесі төңірегінде 
пікір алысу – өзекті мәселе. Алдымен айтпақ керек, мемлекеттік мәртебедегі қазақ тілі – бай, әлемдегі 
қазақ  көрген  құбылысты    «Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы-бұлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас 
ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. 
Тілдің  адам  өміріндегі  ең  шешуші  рөль  атқаратыны  әркімге  де  түсінікті.  Ол  танудың,  түсінудің, 
дамудың құралы. 
Көп  тіл  білу  біздің  мемлекетіміздің  халықаралық  байланыстарын  дамытуға  мүмкіндік  беретін 
тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  шетелдермен  халықаралық  байланыстары  күннен-күнге  арта  түсуде. 
Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ. 
 Көптілділік  —  заман  талабы.  Бір  халықтың  мәдениетін  басқаларымен  салыстыру  арқылы  ғана, 
әлем  суретін  әр  алуан  әрі  тұтас  көруге  мүмкіндік  беретін  ұлттық  мәдениеттің  барлық  ерекшеліктерін 
және құндылықтарын сезінуге болады. 
Көптілді  оқыту-  жас  ұрпақтың  білім  кеңестігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын,  әлемнің  ғылым 
құпяларына  үңіліп,  өз  қабілетін  танытуына  мүмкіншілік  беретін бүгінгі күнгі  ең  басты қажеттілік. Әр 
адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету 
үшін  жан-жақты  болу  қажет.  Осыған  орай,  бүгінгі  таңда  Қазақстанға  ақпараттық-технологиялық, 
ғылыми,  медициналық,  оқу-әдістемелік  т.б.  салаларда  жаңалықтарды,  әлемдік  ілгері  тәжірибелерден 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
253 
хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық 
байланыстарды  нығайтып,  әлем  аренасына  шығу  үшін  көп  тіл  білетін  мамандар  қажет.  Осы  бағытта 
балабақшалар, мектептер, ЖОО-дары өз үлесін қосуда. Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге 
қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа 
міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты 
талаптардың  бірі  —  өмірден  өз  орнын  таңдай  алатын,  өзара  қарым-қатынаста  өзін  еркін  ұстап,  кез-
келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы 
мен  пікірін  айта  білетін  мәдениетті  жеке  тұлға  қалыптастырып,  бәсекеге  қабілетті  маман  тәрбиелеу. 
Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік-мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, 
әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бөтен мәдениеттің ішіне сіңіп кетпей,өзінің 
елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру өмір талабы. 
Бүгінгі  Қазақстанға  технологиялық,ғылыми,  медициналық  және  басқа  да  салаларда  жаңалықтарды 
өзінің  ана  тілінде  халқының  игілігіне  пайдалану  үшін  халықаралық  байланыстарды  нығайтып,  әлем 
аренасына  шығу  үшін  көп  тіл  білетін  мамандар  даярлау  қажеттілігі  туындап  отыр.  Замана  ағымына 
лайықты  қазіргі  алдымызда  тұрған  міндет-халқымыздың  ұлттық  дербестігін  сақтай  отырып,  елімізді 
өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің 
ертеңгі  болашағы  жастарға  білім  мен  тәрбие  беретін-  мектеп.  Болашақ  Қазақстанның  азаматтары 
ескінің  көзіндей  жаңаның  ізіндей  болып  дүниежүзілік  мәдениетті  танитын,  өзінің  төл  мәдениетін 
сыйлайтын,  басқаға  өзін  таныта,  сыйлата  алатын  рухани  дүниесі  бай,  білімді,  білікті  болуы  шарт. 
Қазіргі  заманда  оқыған  зиялы  азаматтардың  бірнеше  тілде  сөйлеуі-  Қазақстанның  болашағынан  елес 
беріп тұрғандай. Бүгінде оқушыларымыз, студенттеріміз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш 
тілде  өткізе  алатын  деңгейге  жетті.  Сол  жас  өскіннің  өз  болмысын  тануға  ұмтылысына  көмектесіп, 
тереңде  жатқан  талап-  тілегін,  қабілеттерін  дамыту,  сол  арқылы  оған  толыққанды  өмір  сүру  үшін 
рухани  күш  беру-  бүгінгі  мұғалімнің  басты  мақсаты.  Бұл  мақсаттың  орындалуы  үшін  оқыту 
мазмұнының жаңартылуы, әдіс- тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, 
қабілеттерін  дамытып,  шығармашылығын,  талантын  ұштайтын  болып  ұйымдастырылуы  қажет. 
Көптілділік  заман  талабына  айналып  отырған  кезеңде  ана  тілімізді  ардақтай  отырып,  өзге  тілдерді 
білгеніміз  әлемдік  мәдениетке,  өркениетке,  білім  кеңестігіне  еркін  кірігіп,  болашақта  алдыңғы 
қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде өмірдің 
барлық  жағынан  бәсекелестікке  төтеп  беруге  мүмкіншілігімізді  арттырады.  Мемлекеттік  тілдің 
мәртебесі  әрдайым  биік  болуы  керек.  Әсіресе,  мамандар  шет  тілін  оқытатын  еліміздегі  оқу 
орындарының білім беру жүйесінде қазақ тіліне ерекше басымдық беруін қадағалауы керек. Сонда ғана 
өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақ  ұлттық  құндылығымызбен  терең  сусындайды.  Мемлекеттік  тілдің 
мәртебесін ойлағандар аталған жобаны қолдай отырып, «қазақ тіліндегі ақпараттық кеңістікті кеңейтуге 
күш салу қажет».Жалпы айқанда, өз тіліміздің қадір –қасиетін түсініп, мәртебесін көтерейік.Қазақстан 
кеңістігіндегі  үштілділік  бұл  заман  талабы  болып  отыр.  Егер  осы  үштілділік  тиімді  жұмыс  атқарсын, 
үштілділік  біздің  мемлекетіміздің  болашағына  жұмыс  істесін  десек,  онда  үштілділікте  басымдылық 
мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілден аспай, керісінше, сол мемлекеттік 
тілдің әрі қарай дамуына қызмет ету құралы ретінде пайдаланылуы керек. 
 
Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  Жолдауындағы  білім  беру  жүйесінде  үш 
тілдің   -  мемлекеттік  тіл  ретінде-қазақ  тілін,  ұлтаралық  қатынас  тілі  ретінде-орыс  тілін  және  әлемдік 
экономикаға  үйлесімді  кірігу  тілі  ретінде-ағылшын тілін  меңгерген,  бәсекеге  қабілетті  маман  даярлау 
міндетін  атап  көрсеткенін  білеміз.  Бұл  дегеніміз-оқу  орындарына  жаңа  міндеттер,  жаңа  талап,  жаңа 
мақсаттар  қойып  отыр  дегенді  түсіндіреді.  Негізгі  мақсаты  –  өмірден  өз  орнын  таңдай  алатын  өзара 
қарым  –  қатынаста  өзін  еркін  ұстап,  кез  келген  ортаға  тез  бейімделетін,  белгілі  бір  ғылым  саласында 
білімі 
мен 
білігін 
көрсете 
алатын, 
көптілді 
және 
көпмәдениетті 
құзіреттіліктерді 
игерген   полимәдениетті  жеке  тұлға  қалыптастыру.  Тек  қана  жоғары  оқу  орындарында  ғана  емес, 
сонымен   бірге,  мектептерде  де  көптілді  білім  беру  үшін  тілді  терең  меңгерген  мұғалімдер  дайындау 
жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту-бізде шешімін 
таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім  мен қазақстандық  патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру 
ең  басты  мәселелердің  бірі.  Орыс  тілінің  лингвистикалық  белсенділігін  сақтау  және  ағылшын  тілін 
жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту  негізгі тақырыбына айналды. 
   Еліміздің  басқа  мемлекеттермен  қарым-қатынасы  артып  отырған  шақта  ағылшын  тілін  еркін 
меңгерген,  келешекте  білімін  түрлі  саладағы  қарым-қатынас  жағдайында  пайдалана  алатын  адамды 
мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
254  
Бизнес,экономика  және  информатика  салаларында  іскерлік  тілдің  рөлі  өте  маңызды  болып 
саналады. Өнеркәсіптің жоғарғы деңгейде дамуы және материалдық игіліктердің таралуы,дүние жүзілік 
сауданың  пайда  болуы  мамандардың  тілдік  және  ұлттық  кедергілерді  жеңіп,шет  мемлекеттерде  еркін 
қарым  қатынас  жасап  жүруін  қажет  етті.  Тілдердің  әлеуметтік  қызметінің  шеңберін  кеңейту  бизнес 
бағыт филологизация талабына сәйкес , тіл үйренушілер дүние жүзінің обьективтік толық картинасын, 
яғни  тілді  жан-жақты  әр  түрлі  сала  бойынша  үйренумен  қатар,  сол  тілде  сөйлейтін  халықтың 
болмысын, әдет ғұрпын, салт дәстүрін,тіршілік ету тәсілін де білу қажеттілігін туғызады. 
Қазақстан Республикасындағы халықтар мәдениетінің өзара әсері ең алдымен олардың тілдерінің 
бір-бірімен қарым қатынасына негізделген. 
Біздің мемлекетіміздің саясаты еліміздегі барлық тілдердің гүлденіп өркендеуіне, өмірдің барлық 
саласында  қолданылуына  лайықталған  бағыт  ұстап  отыр.1997  жылы  11  шілдеде  «Қазақстан 
Республикасындағы  Тіл  туралы  заң»  қабылданып,  1998  жылы  5  қазанда  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  Жарлығымен  оны  жүзеге  асырудың  мемлекеттік  бағдарламасы  бекітілді.  Осы  заң 
бойынша  жоғарғы  оқу  орындары  мен  мектептерде,  колледждер  мен  лицейлерде  гимназияларда  қазақ 
және  орыс  тілдерінде  іс  жүргізу  пәні  арнайы  оқытыла  бастады.Қазақстан  Республикасының 
конституциясы(1995  ж.\  «Тіл  туралы  заң»  \1997ж.),  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламасы  \1998)республикадағы  тіл  мәселелерін  реформалауды  жүзеге  асыруға  негіз  болады,  әрі 
мүмкіндік  береді.Біздің  ойымызша,  солардың  ішідегі  ең  өзектісі,  ең  алдымен  қолға  алатыны-қазақ 
тілінің  конституциялық  мәртебесін  мемлекеттің  бүкіл  аумағында,  қоғамдық  қатынастардың  барлық 
саласында  іске  асыру  жарлығымен  бекітілген  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламасы»  тіл  саясатын іске  асырудың  алғашқы  кезеңінде  негізгі  4 бағытта  іс-шаралар жүргізеді. 
Соның бірі ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау. Қалай 
десек  те,  республикада  мемлекеттік  органдар  іс-қағазын  мемлекеттік  тілде  жүргізуге  бет  бұрды.Орыс 
тіліндегі  нұсқаларды  негізге  ала  отырып,  ана  тіліміздің  заңдылықтарын  сақтап,ұлттық  іс-қағаздарды 
жүргізуді қалыптастыру. 
Мемлекет  басшысы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында 
«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс» дегенді 
тілге тиек етті. 
Халқымыз  ежелден  тіл  абыройын  биік  көтеріп,  әдетте  тіл  жөнінде,  тіл  ــ  адамдар  ара  қарым-
қатынас  жасау  құралы  деп,  оған  жай-жадағай  анықтама  берілгенімен,  іс  жүзінде  тіл  тек  адамдар  ара 
қарым-қатынас жасау  құралы  ғана болып қалмастан,  қайта  онан  да маңыздысы,  ол  белгілі бір ұлттың 
ұлттық  сана-сезімі,  халықтың  халықтық  қасиеті,  оның  жалпы  тарихы,  әдет-ғұрпы,  мәдениеті 
қатарлыларды  тұтастай өз  бойына  қамтып  жататын күрделі  ұғым. Сондықтан тіл  мейлі қайсы  ұлттың 
болмасын  тарихы  мен  тағдырының,  тәрбиесі  мен  тағылымының,  бүкіл  халықтық  болмысының  баға 
жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген.  
Бүгінгі  таңда  елімізде  «Көптілділік»  мәселесі  көкейкесті  мәселелердің  бірі  болып  саналады. 
Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.  
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің 
бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.  
 Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Қазақстан  халықтары 
Ассамблеясының  12  сессиясында:      «Қазақстандықтардың  жас  ұрпағы  кем  дегенде  үш  тілді  білулері 
тиіс:  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  еркін  меңгерулері  қажет»-деп,  Еуропадағы  мектеп  түлектері  мен 
студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем 
дегенде үш тілді меңгеру-заман талабы. 
 Қазіргі  таңда  Қазақстан  қоғамының  әлеуметтік-экономикалық,  рухани  қалыптасуының  жаңа 
міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі- мектепте 
көптілді білім беруді жолға қою болып табылады.  
Бұл халықаралық тұрғыда бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде тікелей құрал болып есептеледі, яғни 
өзін өркениетті және тарихи субъект ретінде тани алатын, даму кезінде өз елінің және адамзат тарихын 
қабылдай алатын, өзі үшін, халқы үшін, мемелекеті үшін, адамзат болашағы үшін жауапкершілік жүгін 
сезінетін,  өзара  тәуелділік  пен  әлем  бүтіндігіне,  адамзат  өркениетінің  ғаламдық  мәселелерін  шешуде 
мәдениаралық қатынастың қажеттілігін жете түсінетін, адамның азаматтық құқықтарын (мәдениет және 
тілдік  құқықтарын  қоса)  мойындайтын  және  саяси  бостандыққа  ұмтылатын,  қоғамдағы  гуманизм 
идеалын  жасау  үшін  басқа  адамдармен,  қозғалыстармен,  қоғамдық  институттармен  қызмет  атқаруға 
дайындығы  мен  қабілеттілігін  көрсете  білетін  және  де  қоғам,  адам  және  табиғат  арасындағы 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
255 
ынтымақтастықты  қалыптастыратын  ұқыпты  да  тиянақты,  білікті  маман  мен  адамды  дайындау  осы 
заман оқытушылары мен ұстаздардың алдында қойылатын үлкен заман талабы деп білуіміз керек.  
Көптілді  білім  -  көп  мәдениетті  тұлғаны  қалыптастырудың  өзегі.  Бүгінгі  таңда  көп  тілді  оқыту  – 
жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз 
қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі 
мақсаты:  бірнеше  тілді  меңгерген,  әлеуметтік  және  кәсіптік  бағдарға  қабілетті,  мәдениетті  тұлғаны 
дамыту  және  қалыптастыру.  Қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл,  ал  орыс  тілі  мен  шетел  тілдерінің  бірін  білу 
тұлғаның  ой  -  өрісін  кеңейтеді,  оның  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  тұлға  болып  дамуына  жол  ашады, 
ұлтаралық  қатынас  мәдениетін,  толлеранттілігін  және  планетарлық  ойлауының  қалыптасуына 
мүмкіндік  туғызады.  Маманға  шет  тілін  меңгеру  кез  -  келген  шетелдік  ортада  өзін  еркін  ұстап,  жаңа 
кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Әр 
адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен 
шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны 
қалыптастыру  болып  табылады,  оған  шет  тілі  «өмір  заңдылықтарында»  және  «нақты  жағдаяттарда 
қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ.  
    Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени 
жобасын  іске  асыруды  жеделдету  тиістігіне  ерекше  мән  береді.  Сонымен  қатар  бүкіл  қоғамымызды 
топтастырып  отырған  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілін  оқытудың  сапасын  арттыру  қажеттілігіне 
ерекше назар аударады. Сондықтан,қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді 
жолға  қою-  бүгінгі  таңдағы  орта  білім  жүйесінде  педагогикалық  үрдістің  негізгі  бағыттарының  бірі. 
Әлемдік  білім  беру  іс-  тәжірибесінде  көптілді  және  билингвалды  білім  беру  жаңалық  емес. 
Қазақстандық  білім  беру  жүйесінде  көптілді  және  билингвалды  білім  берудің  халықаралық  іс-
тәжірибесінде  қолданыс  тапқан  моделдерін  енгізу-  жаңа  педагогикалық  проблема,  өйткені  ол  жаңа 
жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс.  
Өзекті  мәселелерді  жүзеге  асыру  үшін  басты  мақсатымызды  анықтап  алдық.  Ол  —  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  орта  білім  стандарттары  талаптары  деңгейінде  үш 
тілде  білім  меңгерген,  көптілді  коммуникативтік  құзырлылықтары  қалыптасқан,  көп  мәдениетті, 
рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.  
«Тілі  бірдің-тілегі  бір»,  «Тіл  тағдыры-ел  тағдыры»  екендігін  жадымызда  ұстай  отырып,  ел 
бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне 
деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы 
олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын 
ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу- басты міндетіміз.                                  
Қорыта айтатын болсақ,  көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру  тәжірибесін 
жинақтап,  әлемдік  деңгейде  көтерілуіміз  керек.  Бұл  оқушылардың  халықаралық  жобаларға  қатысуын 
кеңейту,  шетелдік  әріптестермен  ғылыми  байланыстарын  нығайтуға,  шетел  тілдеріндегі  ақпарат 
көздеріне  қол  жеткізуіне  мүмкіндік  береді.  Елдің  ертеңі  өресі  биік,  дүниетанымы  кең,  кемел  ойлы 
азаматтарын  өсіру  үшін  бүгінгі  ұрпаққа  ұлттық  рухани  қазынаны  әлемдік  озық  ой-пікірімен 
ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. 
Профессионалдық  әдіс  шетел  тіліне  професссионалдық  бағытта  үйретудің  интегративтік 
байланыстарын  айқындауға  негізделеді.  Бұл  арнайы  оқу  процесінде  көрініс  табуы  керек.  Оқу 
бағдарламалырындағы талаптарды орындау барысында болашақ мамандарға шетел тіліндегі біліктілік 
деңгейін  көрсететін  сертификат  беру  керек  деп  тұжырымдайды  Е.Б.  Яковлева  мен  Р.Волошин.  Бұл 
мәселелердің  қиындығы  осы  соңғы  уақытқа  дейін  шетел  тілін  үйрену  деңгейін  анықтайтын 
критерилердің бекітілмеуінен келіп туындайды. 
Қиындық  туғызатын  тағы  бір  мәселе-шетел  тілін  әр  түрлі  профессиональдық  сферада  қолданып, 
шетелдік  адаммен  сөйлесу  үшін  шетел  тілін  әр  түрлі  деңгейде,әр  түрлі  салада  білу  керектігі  болып 
табылады.  Кейінгі  кездері  біздің  еліміздің  Франциямен,  Бельгиямен,  Швейцариямен  экономикалық 
салада  қарым  қатынасының  күшеюіне  байланысты  ағылшын  және  қазақ  іскерлік  тілінің  іскелік 
бағыттағы сөз қорының кеңеюіне алып келеді. 
Кез келген қоғамдық жүйенің дамуы, өсуі бұл белгілі бір деңгейде қажеттіліктің туындауына алып 
келіп  отыр.  Сондай  қажеттіліктердің  бірі,  ол  Қазақстан  қоғамында,саясатында,экономикасында 
түбегейлі өзгерістерден кейін туындаған қазақ тілінің іскерлік бағытта қолданылуы. 
Мысалы,    қонақ  үйге  тапсырыс  беру,  валюта  айырбастау  сияқты  қызмет  көрсету  сфераындағы 
жұмысшылардың  қолданатын  сөздері,  диалогтық  репликалары  айтарлықтай  күрделі,  қиын 
емес.Телефонмен  іскерлік  әңгімелесу,келісім  шарт  жасау,келіссөздер  жүргізу  кезінде  шет  тілі  мүлде 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
256  
басқаша  қолданады.  Бұл  жерде  іс  әрекет  нәтижесі  информация,  интенция,  білім  ауыстыру  болып 
табылады.  Сондықтан  да  шет  ел  тілін  меңгерген  мамандарды  дайындауды  белгілі  бір  мамандыққа 
есепке  ала  отырып  функционалды  деңгейде  орындау  керек.Оқыту  процесін  шынайы  сөйлеу 
әрекеттеріне жақындату керек,яғни оқыту процесінде өмірдегі жағдайдағыдай атмосфера орнату керек. 
Кез  келген  тірі  организмнің  қызмет  етуі,  дамуы,  өсу  перспективалары,  кез-келген  қоғамдық 
жүйенің  дамуы,өзгеріп жатқан практикаға жауап беру қабілеттілігіне байланысты болып табылады. 
Қазақстандағы    қоғам  өмірінің  барлық  аспектісінде  сауда  қарым-қатынасының    енуі,  дамуы, 
қызмет  және  тауар  саудасында  бақталастардың  пайда  болуы,  тауарларды  жарнамалау  қажеттігі  және 
сатып  алушыға  жарнамалық  мәтіндер  арқылы  әсер  ету  және  тағы  басқа  адам  әрекетінің 
компоненттерінің  бірі-сөйлеу  қарым  қатынасының  маңыздылығын  мойындатты.Сөйлеу  -  іскерлік 
қарым  қатынас  этикетінің  негізгі  компоненті  болып  табылады.  Іскерлік  қарым-қатынастың  этикеті 
қазіргі  заманның  көкейтесті  мәселесіне  айналды.  Спецификалық  сөйлеу,  тілдік  және  сөйлеу  әдіс-
тәсілдерін жарнама мәтіндерде дұрыс, жақсы, әрі ұтымды, тиімді қолдану. 
Бүгінгі  таңда  іскерлік  ағылшын  тілі  ең  маңызды  пәндердің  бірі  болып  табылады.  «Іскерлік 
тіл»ұғымы  арнайы  анықтамасы  жоқтығына  қарамастан  іскерлік  салада  белгілі  мақсатқа  жету  үшін 
қолданылады. 
Іскерлік 
тіл 
«мета,подьязык» 
шағын 
тіл 
прагматикалық 
мақсаттарға 
қолданылады.Іскерлік  қарым  қатынас,  іскерлік  тіл  деген  ұғым  арнайы  анықтамасы  және  ғылыми 
негізінің  жоқтығына  қарамастан,іскерлік  ағылшын  тілі    әр  түрлі  деңгейде  ,әр  түрлі  мақсатта  оқитын 
топтарда  пән  ретінде  оқытылады.Іскерлік  ағылшын  тілі  ,іскерлік  қазақ  тіліне  қарағанда  толық 
зерттелген.  Ағылшын  тіл  білімінде  ағылшын  іскерлік  тілін  ,функционалды  стилистикалық 
ерекшеліктерін  зерттеумен  айналысқан  және  ағылшын  тіліне  салыстыру  жүргізу  барысында 
аудармамен  айналысқан  төмендегідей  ғалымдардың  еңбектерін  айрықша  атап  көрсетуге 
болады. Aimkulov  K.  «Doing  business  in  the  state  language.  Independent  Kazakhstan»,  Bogackii  I.S  . 
«Business English course. Dictionary reference». Осы оқулықтарда іскерлік тілдің көрінуі ерекше ғылыми 
қызығушылықты тудырады. 
Іскерлік  қарым  қатынас  тілі-ерекше  регистр  немесе  функционалды  стиль  ретінде  ұлттық 
варианттармен бірге беріледі,бұлардың арасында іскерлік ағылшын  тілі маңызды орын алады. Соңғы 
жылдары  Қазақстанның  Америка,  Ұлыбритания,  Франция,Бельгия,  Швейцария,Жапония  сияқты 
алпауыт  мемлекеттермен  іскерлік  серіктестігі  үздіксіз  кеңейіп  келеді.  Экономикалық,  қаржылық, 
коммерциялық лексиканы жақсы білу іскерлік келіссөздер, әңгімелесулер, телефонмен сөйлесу кезінде 
өзіңді  еркін  сезінуге  мүмкіндік  береді    яғни,  экономикалық  ,қаржылық  ,  коммерциялық  лексиканы 
жақсы  білсең,  ресми  кездесулер,  келісім  шарт  жасау,  шетелдік  клиентпен  әңгімелесу  кезінде  жақсы 
түсінісу, өз ойыңды ешқандай қиындықсық жеткізе аласыз. 
Практика  жүзінде  іскерлік  ағылшын  тілін  үйрену  үшін,  басқаша  айтқанда  экономикалық 
мақалаларды, іскерлік хаттарды оқу және аудару, келісім шартта әңгіме не жайында болып жатқанын 
аудармашының көмегінсіз  түсіну  үшін,  сонымен  қатар  әр  түрлі  іскерлік  немесе  күнделікті  тақырыпта 
сөйлеу үшін әр түрлі салада белгілі  көлемде арнайы терминдер мен сөз тіркестерін білу қажет. 
Жоғарыда  атап  өткеніміздей  Қазақстанның  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси  өміріндегі  соңғы  20 
жылдықта болған радикалды өзгерістер тіл білімінде де сондай түбегейлі өзгерістерге алып келді. 
Қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусының берілуі аударма сұраныстарын, аудармашы мамандардың 
қажеттілігін  тудырады.  Осы  қажеттілікке  байланысты  еліміздің  көптеген  жоғарғы  оқу  орындарынан 
шетел  тілінен  орыс,қазақ тіліне  аударатын аудармашы мамандар дайындайтын  факультеттер  ашылған 
болатын. 
«Бұрын  қазақ  тілінің  негізгі  және  жоғарғы  қызмет  ету  сферасы  көркем  әдебиет  болып 
табылды,басқалары қосымша  болып есептелініп келді. Сондықтан  көптеген филологтар  М.Әуезов,  М. 
Қаратаев,С.А.Аманжолов  көркем  әдеби  мәтіндермен  тәрбиеленді,  солардан  үлгі  алды  дейді»  өз 
еңбегінде  Ерғазиева  Н.А.    Ал,  бүгінгі  таңда  іскерлік  қарым  қатынас  сферасы  жазбаша  және  ауызша 
формада  бірінші  орында  тұр,ал  көркем  әдебиет  сферасы  тілдің  қолданылатын  аясы  кең  көп 
сфераларының  бірі  болып  табылады  деп  тұжырымдайды  Ахметжанова  З.К.,қазақ  тіл  біліміне  шолу 
жасай отырып. 
Сонымен  қатар  ол  кісі  тілдік  әрекетті  зерттеу  және  адам  әрекетінің  ажыратылмас  компоненті 
болып  табылатын  сөйлеу  қатынасын  зерттеу  қажеттілігін  түсіну  мәселесі  күшті  шиеленіскен  мәселе 
екендігін ,біздің лингвистердің тіл жүйесін зерттеуге бейім екендігін және олардың  сөйлеу қатынасына 
, комуникацияға, іскерлік тілді зерттеуге көңіл бөлмей келе жатқандығын  атап өтеді. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
257 
Қазақ  тілін  іс  жүргізуде  қолдану  практика  жүзінде  қиын  процесс  екендігін  көрсетті  (  басқаша 
айтқанда, қазақ тілін іс жүргізуде қолдану практикасы көптеген қиындықтар туғызып отыр.Осы күнге 
дейін  жақсы  мамандандырылған  аударма  кадрлары,  анықтама  әдебиеттері,  сөздіктер,оргтехникалар 
жеткіліксіз.  Сондықтан  да  ғалымдар,  аудармашылар,  баспахана  жұмысшылары  тілдің  тазалығы  үшін 
күресуі  керек  және  өздерінің  күнделікті  жұмысында  қазақ  тілін  ғылыми  терминдермен  байытып 
отыруға  тырысулары  қажет.  Бұл  үшін  ғылымның,  өмірдің  барлық  саласы  бойынша  орыс  қазақ 
терминологиялық сөздігін шығару керек  және қазақ тілі негізінде жасалған терминдерді жинап ретке 
келтіру қажет. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет