Бірінші бағыт – балалардың дамуындағы кемшіліктерді анықтау және түзету-педагогикалық
жұмыстарды максималды ерте кезеңде ұйымдастыру. Мектепке дейінгі жаста дер кезінде көрсетілген
қажетті көмек, балалардың оқудың басталуына дейінгі дамуындағы негізгі кемшіліктерді жояды және
оны жалпы орта білім беру мекемесінде оқуға дайындауды қамтамасыз етеді.
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
280
Республикадағы арнайы білім беру жүйесінің алғашқы буыны, баланың білім беру, медициналық
және әлеуметтік қызметтерді алуға деген құқығын орнататын психологиялық-медициналық-
педагогикалық кеңес болып табылады және олардың арнайы білім алу мүмкіндіктерінде
қажеттіліктерін анықтайды (60 мың балаға бір ПМПК ашылады).
Қазіргі таңда мемлекетте 56 облыстық, қалалық, аудандық және бір республикалық ПМПК кызмет
атқарады.
ПМПК-тің қажетті саны Астана қаласында (3), Шығыс Қазақстан обл. (7), Ақмола обл. (4), Батыс
Қазақстан обл. (3), Қызылорда обл. (5), Павлодар обл. (4) және Солтүстік Қазақстан обл. (3) бар.
Алайда, кейбір облыстарда ПМПК саны жеткіліксіз. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында
1883,6 мың бала санына 15 ПМПК орнына екеу, Қарағанды облысында 362,2 мың балаға
қарастырылған 6 ПМПК орнына екеу, Алматы қаласында 283,6 мың балаға 5 ПМПК орнына екеу ғана
қызмет атқарады.
ПМПК жүйесінің кеңейтілуімен дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау
әлдеқайда жақсарды. Егер, 2002 ж. дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың анықталған саны
115,2 мың болса, 2009 ж. қаңтар айындағы мәліметтерде анықталу пайызы 30,2% - ға өсіп 149,246
баланы құрады, бірақ дамыған мемлекеттерде ол 10% - дан жоғары (Ресей - 4%, Германия,
Ұлыбритания, Швеция 10%-15%).
Дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтаудың жоғары көрсеткіші Астана қаласында
тіркелген – 555 бала немесе қалада анықталған дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы
санының 11,7%.
2008-2010 ж. арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мүмкіндіктері
шектеулі балаларды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізу үшін инклюзивті білім беру және
түзету үшін 380 кабинеттің ашылуы қарастырылған. Бүгінгі күні 5 облыста және Алматы қаласында 87
кабинет ашылды, ал 2009 ж. 6 облыста және Астана қаласында 46 кабинет ашылды.
Балаларға және олардың ата-анасына кешенді түзету-педагогикалық көмек көрсетуге арналған
білім беру ұйымдарының жаңа арнайы желісі дамып келеді.
Арнайы ұйымдар желісі 119 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінен, 15 оңалту
орталықтан және 283 логопедиялық пункттен тұрады. Өкінішке орай, олардың аудандар бойынша
дамуы біркелкі емес: Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан
облыстарында оңалту орталықтар, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан
облыстарында және Алматы қаласында логопедиялық пункттер ашылмаған, бұл әсіресе ауыл
аймақтарында тұратын түрлі категориядағы балаларға дер кезінде түзету-педагогикалық көмек
көрсетуде кері әсерін тигізеді.
Екінші бағыт – балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып барлық
категориялардағы балаларға білім беру құқығын жүзеге асыру үшін вариативті мүмкіндіктер жасау.
Қазіргі таңда Республикада мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін білім
берудің арнайы ұйымдардың дифференцияланған желісі бар, оған білім берудің түрлері мен типтері
бойынша арнайы (түзету) ұйымдар, жалпы типтегі балабақшалардағы арнайы топтар және жалпы білім
беру мектептеріндегі арнайы сыныптар:
35 арнайы балабақшада және жалпы типтегі балабақшалардағы 208 арнайы топтарда мектеп
жасына дейінгі 10 мыңнан астам балалар тәрбие алады;
101 түзету мектептерінде және жалпы білім беру мектептеріндегі 208 арнайы сыныпта мектеп
жасындағы 24 мыңға жуық балалар оқытылып, түзетіледі.
Мүмкіндіктері шектеулі оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін арнайы білім беру мақсаттары:
-
есту ауытқулары – сөйлеушінің ерін қимылдары арқылы және қалдық естуі арқылы ауызекі
сөйлеуді қабылдау дағдыларын меңгеру, сөйлеуді дамыту;
-
көру ауытқулары – оқу мен жазудың арнайы құралдарын және қоршаған орта кеңістігінде
дұрыс бағдарлануды меңгеру;
-
интеллект ауытқулары – барлық физикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік-
тұрмыстық бағдарлану, өз бетімен еңбек етуге дайындау;
-
тірек-қозғалыс аппаратының ауытқулары – өмір сүруді қамтамасыз етудің барлық дағдыларын
максималды деңгейде меңгеру;
-
сөйлеудегі күрделі ауытқулар – сөйлеу қарым-қатынасының коммуникативті дағдыларын
меңгеру.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
281
Дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында 2009 жылы
оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін және психофизикалық ауытқуларының дәрежесін ескеріп,
оқытудың вариативтілігін қарастыратын Типтік арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
жасалды:
1)
танымдық мүмкіндіктері жас ерекшелік нормасына сай келетін сенсорлық, ауызекі, қозғалыс
ауытқулары бар балаларға арналған мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай келетін білім беру;
2)
танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас ерекшелік нормасынан төмен, сенсорлық, ауызекі,
қозғалыс ауытқулары бар оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне бейімделген жеке оқу жоспары,
қысқартылған білім беруші оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылатын білім беру;
3)
интеллектуалды ауытқулары бар балаларға арналған мектептердің арнайы бағдарламалары және
жеке бағдарламалармен (күрделі ақыл-ой жетіспеушіліктері және көптеген ауытқулары бар балалар
үшін) жүзеге асырылатын білім беру.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін сапалы және қолжетімді арнайы білім беру қызметтері
медициналық және психологиялық-педагогикалық түзетудің кешенді жүйесін көрсету арқылы іске
асырылады:
-
сыныптың 8-ден 12 баламен ғана толтырылуы;
-
қорғаушы педагогикалық режим жасау;
-
арнайы психологиялық-педагогикалық, жекелей және топтық сабақтарды арнайы педагогтармен
жүргізу;
-
арнайы оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану;
-
Оқытудың арнайы техникалық және компенсаторлық (өтемдік) құралдарымен қаматамасыз ету.
Дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету мектептің
дамыған оқу-материалдық және техникалық базасына тәуелді.
Бүгінгі таңда көруінде бұзылыстары бар балаларға арналған білім беру түзету ұйымдары 60% -ға
оқу машиналарымен, тифлокешендермен (мультимедиалық компьютерлік сынып: желіге қосылуға
мүмкіндігі бар компьютерлер, экран қолжетімділігі және экранды үлкейту бағдарламалық жасақтамасы
бар брайл экран); есту ауытқулары бар балаларға арналған қосымша мектептер - 56% -ға сымсыз және
желілік оқу сыныптарымен, сенсорлы және жұмсақ бөлмелермен және 30% дамытушы ойындармен
қамтамасыз етілген.
Республика бойынша ақпараттық желіге 33,4 білім беру түзету ұйымдарында қолжетімділік бар,
орта есеппен 1 компьютерге 21,8 мүмкіндіктері шектеулі балалар саны келтірілген [2].
Өкінішке орай, арнайы жабдықтармен балабақшалар, сөйлеуінде ауытқулары бар, психикалық
дамуында тежеулері бар балаларға арналған арнайы мектеп, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы
сыныптар, ПМПК, оңалту орталықтар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері,
логопедиялық пункттер жабдықталмаған.
Осы категориядағы балаларға білім беру сапасын жақсартып, дамыту мақсатында 2005-2010 ж.
білім беруді дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңінде келесі мәселелер
қарастырылған:
-
Жергілікті қазына есебінен дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға арналған
білім беру ұйымдарын материалды-техникалық және оқу-әдістемелік құралдармен жабдықтаудың
минималды талаптар Ережесіне сай, түзету ұйымдарын жеткіліксіз жабдықтармен қамтамасыз етілсін;
-
«Білім беруді ақпараттандыру» бағдарламасы аясында білім берудің арнайы түзету ұйымдарына
заманауи мультимедиалық оқыту жүйелерін ендіру, ол дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды
тәрбиелеу мен оқытуға арналған сапалы программалар және программалық кешендер түрінде арнайы
білім беруді ақпараттық қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Үшінші бағыт – интегративті инклюзивті білім беруді дамыту.
Жақын арадағы жылдарда дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін дамытудың перспективасы, интеграцияланған
(инклюзивті) білім беру идеясы мен принциптерін жүзеге асыру болып келеді. Оның мақсаты,
балаларды қоғамнан оқшауландыру емес, керісінше оларды дамуы дағдылы балалар ортасына ендіру,
бірлесіп оқыту, олардың бос уақытын бірлесе отырып ұйымдастыру, оларға жұмыла қолдау көрсету
болып табылады.
Мысалы, Шығыс Қазақстан, Алматы және Астана қалаларындағы жалпы білім беретін мектептерде
орташа және күрделі дәрежелі ақыл-ой жетіспеушілігі бар балаларға (бұрын оқытуға жатпайтын және
білім алу мен құрдастарымен қарым қатынаста болу мүмкіндіктері болмайтын) арналған арнайы
сыныптар ашылды.
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
282
Сонымен қатар, оңалту орталықтар, түзету мектептерінде және балабақшаларда эмоционалды-
еріктік сфера және мінез құлықтың анық бұзулулары бар, дамуындағы күрделі құрама және өзге де
ауытқулары бар балаларға арналып экспериментальды топтар және сыныптар ашылды.
Арнайы мектепте сөйлеудегі күрделі бұзылуларынан арылған оқушылар жалпы білім беру
үдерісінде сәтті бейімделеді және қажет болғанға дейін логопед маманның көмегіне жүгініп отырады.
Тек осындай қолдау көрсетуде ғана сөйлеуінде бұзылулары бар балалар, сөйлеу ауытқулары жоқ
құрдастарымен бірге жалпыға міндетті білім беру стандартын меңгере алады. Мұндай тәжірибе,
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында аутизм дертіне шалдыққан
балаларды оқыту түрінде ұйымдастырылған.
Бүгінде тиімді әдіс ретінде, бұрыннан бар түзету білім беру ұйымдар желісін сақтау және
интегративті (инклюзивті) білім берумен параллель жетілдіру болып табылады. Түзету ұйымдары,
жалпы білім беру мектептерінің педагогикалық қызметкерлеріне әдістемелік көмек, оқушылар мен
олардың ата-анасына кеңестік және психологиялық-педагогикалық түзетуші көмек көрсетуді
қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік орталықтар қызметтерін атқарады.
Ақтөбе және Орал қалаларының қосымша мектептер базасында мүмкіндіктері шектеулі балаларды
оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған ресурсты (кеңес
беруші) орталықтар ашылды.
Барлық түзету мектептерінде медициналық-педагогикалық консилиумдар ұйымдастырылып,
қызмет атқарып жатыр.
Инклюзивті білім беруді ендіру үдерісі кешенді сипатта және оған мемлекеттік құрылымдар, ата-
аналар әлеуметі, отбасы, білім беру органдары мен ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар қатысу қажет.
Инклюзивті білім беруді ендіру үдерісінің алғашқы кезеңінде арнайы және жалпы білім беру
салаларындағы нормативті-құқықты базаның үйлесімдлігі қарастырылу міндетті. Осы мақсатта
мынадай жобалар жасалды:
-
"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытатын білім беру ұйымдарының ҚР мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыру шарттары" мемлекеттік стандарттар жобасы;
-
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту Концепциясы жобасы;
-
бірнеше оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар қабылданды;
-
оқыту нәтижелерін, бағалау үшін арнайы зерттеулер жүргізілді (Қазақстанның
әлеуметтанушылар және саясаттанушылар бірлестігімен "САТР" Орталығының техникалық тапсырма
аясында " Мүмкіндігі шектеулі балаларға, туғаннан мүгедек балаларға және мүгедек балаларға
инклюзивті білім беру мүмкіндіктері"атты әлеуметтік зерттеулер, САНДЖ, ЮНЕСКО және басқа да
үкіметтік емес ұйымдардың зерттеулері жүргізілді).
Дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі баларды арнайы білім беруші оқу бағдарламаларымен қамту
мәселесі облыс, Алматы және Астана қалаларының әкімдерінің рейтинг бағаларының көрсеткіштерін
мониторингіне енгізілген.
Бұл мәселенің оң шешімі келесі облыстарда табылды - Шығыс Қазақстан облысында анықталған
мүмкіндіктері шектеулі балалардың 80% арнайы білім беруқызметтерімен қамтамасыз етілген,
Қостанай - 61%, Қарағанды - 69%, бұл жалпыреспубликалық көрсеткіштің 38,0% құрайды.
Республикалық деңгейден төмен Оңтүстік Қазақстан - 11%, Маңғыстау - 14% көрсетеді.
Дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың сапалы білім беру қызметтерін алу құқықтарын
қанағаттандыру үшін келесі жұмыстар жалғастырылуда:
- арнайы және жалпы білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, арнайы оқулықтар және
құралдармен қамтамасыз ету арқылы "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзетуші қолдау көрсету туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
жүзеге асыру;
- балаларда психофизикалық ауытқулардың бар жоғын анықтауға арналған скиринигтер негізінде
ерте диагностикалау, түзетуші-педагогикалық қолдау көрсету және олардың психофикалық дамудағы
тежелуі анықталған жағдайда дер кезінде психологияқ-медицицналық-педагогикалық кеңес беруге
жіберу жүйесін жетілдіру;
- мүгедек балаларды түзетуші-дамытушы оқытуды ендіру үшін жалпы орта және кәсіптік білім
берудің вариативті және икемді жүйесін құру;
- дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды сүйемелдеу концепциясын жасау арқылы
инклюзивті білім беруді дамыту үшін мүмкіндіктер жасау;
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
283
- арнайы білім беруді басқару сапасын арттыру мақсатында арнайы білім беру үдерісіне
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды ендіру;
- дамуында мүмкіндіктері шектеулі оқушыларың тұлғасын әлеуметтендіру және тәрбиелеуге
бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды асыруда және қоғамда өз бетімен өмір сүруге дайындауда
бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болуы [3].
Бұл байланыстың тиімділігі, көбіне берілген жүйенің барлық түйіндерінің үйлесімділігі және күш-
жігерлігінің мақсатты бағыттылығына, сонымен қатар түрлі профильдегі мамандардың, денсаулық
және әлеуметтік даму, білім және ғылым министрліктерінің бірлескен әрекеттеріне тәуелді болып
табылады.
ЛИТЕРАТУРА
[1]
Закон Республики Казахстан от 11 июля 2002 года N 343 "О социальной и медико-педагогической
коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями"
[2]
Д.С.Ковалев. Место и роль компьютерных технологии в системе образования детей с ОВЗ., Коррекционная
педагогика. -2013., №3.- с.76-78.
[3]
Е.С. Дорохова, Организация инклюзивного образования в системе ДОД, Дополнительное образование и
воспитание. – 2010., № 1. – с. 27-33.
REFERENCES
[1]
Zakon Respubliki Kazahstan ot 11 ijulja 2002 goda N 343 "O social'noi i mediko-pedagogicheskoi korrekcionnoi
podderzhke detei s ogranichennymi vozmozhnostjami" (in russ)
[2]
D.S.Kovalev. Mesto i rol' komp'juternyh tehnologii v sisteme obrazovanija detej s OVZ., Korrekcionnaja pedagogika.
2013., №3. s.76-78. (in russ)
[3]
E.S. Dorohova, Organizacija inkljuzivnogo obrazovanija v sisteme DOD, Dopolnitel'noe obrazovanie i vospitanie.
2010., № 1. s. 27-33. (in russ)
ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СПЕЦИАЛЬНОГО И ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В КАЗАХСТАНЕ
Г.И.Салгараева, Ж.Б.Базаева
Казахский государственный женский педагогический университет, Алматы, Казахстан
Ключевые слова: специальное образование, инклюзивное образование, информационно-коммуникативные
технологии, обучение детей с ограниченными возможностями здоровья.
Аннотация. Специальное и инклюзивное образование в Казахстане является частью системы общего образования,
и государство создает условия для лиц, имеющих специальные образовательные потребности в получении образования.
Внедрение инклюзивного образования является комплексным и в этот сложный процесс должны вовлечены
государственные структуры, родители, семья, организаций образования и негосударственные организаций. Поэтому в
развитии специального и инклюзивного образования в государстве нужно немало сил.
Salgarayeva G.I.
Candidate of technical sciences, professor, Department of Computer Science and Applied Mathematics, Physics and
mathematics faculty
Kazakh State Women's Teacher Training University, Almaty, Kazakhstan
Development tendencies of special and inclusive education in Kazakhstan
Bazayeva Zh.B., Master of Pedagogical sciences, teacher
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
284
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 3, Number 301 (2015)
Almaty Institute of Foreign Languages in the war
(on the basis of archival and documentary materials)
N.T. Zhanakova
Kazakh Abylay khan University of international relations and world languages, Almaty, Kazakhstan
Key words: history, military commissariat, war, archive, teacher, Red Army, foreign languages
Annotation. The article analyzes the activities of faculty and staff of the Kazakh Teacher’s Institute of foreign
languages (modern Kazakh University of Internationals Relations and World languages) in the Great Patriotic War,
their contribution to the victory over fascism on the basis of archival and documentary materials.
Алматы шет тілдер институты соғыс жылдарында
(архивтік және құжат материалдары негізінде)
Н.Т.Жанақова
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем
тілдері университеті, Алматы, Қазақстан
Тірек сөздер: тарих, әскери комиссариат, соғыс, мұрағат, оқытушы, Қызыл армия, шет тілдері
Аннотация. Мақалада Қазақ мемлекеттік шет тілдер мұғалімдер институтының (қазіргі Абылай хан
атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) оқытушылары мен
қызметкерлерінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызметі, олардың ортақ жеңіске қосқан үлесі мұрағат
және құжат материалдары негізінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасындағы байырғы оқу орындарының бірі –Абылай хан атындағы Қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 1940 ж. 16 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік шет
тілдер мұғалімдер институты болып ашылған еді. Мемлекеттік маңызы бар осындай жоғары оқу
орнының құрылуы елімізде қалыптасқан күрделі саяси жағдайда жүргізілді. Себебі соғыс қаупі
туындап, барлық жұмыс осы қатердің алдын алуға жұмылдырылды. Соған қарамастан институт
директоры болып тағайындалған Х.К.Меликов [1,6] ұйымдастыру жұмыстарына жастық жалынмен,
үлкен іскерлікпен басшылық жасай білді. Соғыс жағдайына байланысты институттың қазіргі Төле би
және Наурызбай батыр көшелері қиылысында орналасқан жаңа ғимараты үкіметтің үкімімен
республиканың ішкі істер халық комиссариатының жоғары мектебіне берілді. Осылайшажаңада
ашылған институт кітапхана техникумының үйіне орналасуға тура келеді.
Ұлы Отан соғысының ауыр жағдайындағы тұрмыстық-материалдық және өндірістік қиын жағдайға
қарамастан институт өз жұмысын жалғастыра берді. Институтта еңбекке қабілетті профессор-оқытушы
құрамы қалыптасты. 1941- 1942 жаңа оқу жылында бір профессор, бірнеше доцент және 30-ға жуық
оқытушы жаңа оқу орнында қызмет етті. Алғашқы оқу жылында институтқа 231 студент қабылданды.
Оның ішінде 113 студенттен тұратын 6 топ ағылшын тілі факультетінде, 97 студенттен тұратын 6 топ
неміс тілі факультетінде, 21 студенттен тұратын 2 топ француз тілі факультетінде оқыды [2,5].
Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты институт Алматыдағы басқа оқу орындары сияқты
соғыс кезінің талаптарына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын қайта құруды жүргізді. Мәселен, институттың
оқытушылары мен қызметкерлері осы талаптарға сәйкес әуе шабуылына қарсы және химиялық
қорғанысқа қарсы нормаларды тапсырулары тиіс болды. Жаңа оқу жылы басталысымен оқытушылар
арасынан Қызыл Армия қатарына шақыру жүргізілді, ал сол 1941 жылдың қазан-желтоқсан айлары
аралығында әскери комиссариаттан студенттерге де шақырулар келді. Мұрағат деректерінде 1941 ж. 10
қазанда институт студенті Х.С.Галиакперов, 22 желтоқсанда институттың тағы бір студенті В.А.Якут
отан қорғауға аттанды [3]. 1942 ж. институттың тағы бірқатар студенттері әскери комиссариаттан
шақырту алған. Ал институттың оқытушылары қатарынан бірінші болып майданға институттың
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
285
тұңғыш директоры Ханахмед Қараоғлы Меликов аттанды. Кеңестік Отанын фашист басқыншыларынан
қорғауды патриоттық парызы деп есептеген ол, 1944 ж. сәуір айында украин жерінде майданда ерлікпен
қаза тапты.
1941 ж. 11 қазанда Х.Қ.Меликов орнына көрнекті тілші-ғалым М.Б.Балақаев институт директоры
болып тағайындалды[4]. Ол жұмысқа құлшына кірісіп, институттың жаңа құрылымдарын
ұйымдастыруға жете көңіл бөлді. 1941 ж. 13 қазанда Қазақ КСР Оқу ағарту халық комиссариатының
бұйрығына сәйкес институтта күшіне енген екі жылдық шет тілдер курсы туралы ереже іске асты[5].
1941 ж. 27 қазанда осы комиссариаттың бұйрығына сәйкес Абай атындағы ҚазПИ-ден неміс тілінің бес
тобы қазақ мемлекеттік шет тілдері мұғалімдер институтына берілді. Сонымен бірге институттың кешкі
курстарының штаттары да біршама кеңейтілді.
Ұлы Отан соғысы институтта студенттер арасында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға,
халықтар арасындағы достыққа және фашист басқыншылығына деген қарсы өшпенділікке тәрбиелеуге,
ерекше назар аударуды талап етті. Осыған байланысты институтта студенттер арасында ауқымды саяси
патриоттық тақырыптарда тәрбие жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 1942 ж. бойы институт
ұжымы Отан қорғау қорына 25,5 мың сом көлемінде түрлі заимдардың облигациялары жиналды, танк
колоннасын құрастыруға – 221 сом, Қызыл Армия жауынгерлеріне сыйлыққа – 941 сом, сол жылдары
Алматы әскери госпиталінде емделіп жатқан жаралы жауынгерлерге сыйлықтар ұсыну үшін 315 сом
жиналып берілді және т.б. [6,9]. Осының өзі институт оқытушылары мен қызметкерлерінің тылда жүріп
Отан қорғауға өзіндік үлес қосқандарын байқатады.
1941-42 оқу жылында тек қана ағылшын және неміс тілдері кафедралары жұмыс істесе, 1941
жылдың соңына қарай институтта үшінші кафедра марксизм-ленинизм негіздері кафедрасы (қазіргі
Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар кафедрасы) құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі
болып тарих ғылымының кандидаты Александр Федорович Сергиевский тағайындалды. Ол өз ісінің
білікті маманы болатын, 1905-1909 жж. Франциядағы Париж университеті жанындағы филология
ғылымдарының жоғары мектебінде білім алған. Алматыға келгенге дейін Одесса, Харьков, Ленинград,
Москва қалаларында француз тілінің аудармашысы, дүние жүзі тарихы пәнінің оқытушысы, «Кеңес
энциклопедиясының» редакторы болып қызмет еткен. Көптеген ғылыми жарияланымдар авторы
ретінде танымал болған. А.Ф.Сергиевский кафедра жұмысын жетілдіруге көп еңбек сіңірді. Оның
тыңғылықты әзірлеген дәрістері соншалықты мазмұнды да қызықты болды, семинар сабақтары да
әдістемелік тұрғыда өз дәрежесінде өтті. Сергиевский сабақтар кезінде студенттерді Отанға деген
шексіз сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойында герман фашизміне, гитлершіл басқыншыларға
деген өшпенділікті ұялатты. Алайда кафедра меңгерушісі болып ұзақ еңбек ете алмады. 1942 ж. кезекті
еңбек демалысынан кейін денсаулығына байланысты бұл қызметтен босатылған.
Институттың марксизм-ленинизм негіздері кафедрасы 1943 ж. ақпан айында ғана толық
жасақталды. Алматы қалалық партия комитеті бюросының шешімі негізінде А.Ф.Сергиевскийдің
орнына кафедра меңгерушісі болып Людвиг Германович Вайс тағайындалды. Венгрияда туып өскен,
жан-жақты білімді А.Г.Вайс 1923-41 ж.ж. Мәскеуде баспахана директоры, РКФСР ХКК кеңесшісі,
М.В.Фрунзе атындағы әскери академияның оқытушысы, түсті металдар және алтын институты,
марксизм-ленинизм кафедрасының меңгерушісі болып еңбек еткен.
1932-36 жж. Мәскеудегі қызыл профессура институтының тарих факультетінде оқып, тарих
оқытушысы мамандығын алған. Осындай үлкен тәжірибесі бар Л.Г.Вайс институттың жас
кафедрасының жұмысын тез арада дұрыс жолға қоя білді. Кафедра жұмысын қайта құрып, оқу үрдісіне
оң өзгерістер енгізді. Әдістемелік жұмысқа ерекше назар аударылды да, бірінші кезекте Ұлы Отан
соғысына байланысты семинарлық сабақтардың бес жоспары жасалып бекітілді.
Кафедра меңгерушісі ретінде Л.Г.Вайс барлық оқытушылардың дәрістері мен семинар сабақтарына
қатысып, оларды кафедра мәжілістерінде талқылатып отырды. Кафедраның мұндай жан-жақты жұмысы
жазғы сессия кезінде оң нәтижесін берді. Мәселен, бірінші курстың 135 студентінің 110-ы «4» және «5»
деген бағалармен тапсырды. [7].
Кафедра оқытушылары тәрбие, ғылым және қоғамдық жұмысқа жете көңіл бөліп, Отан қорғауға
арналған курстық жиналыстарға, комсомол комитеті мәжілістеріне, патриоттық рухтағы митингілерге
белсене қатысты. Мұның өзі институттағы көп ұлтты студенттердің патриоттық және
интернационалдық тәрбиесіне оң әсерін тигізді. Л.Г.Вайс сонымен бірге Қазақстан КП(б)ОК-нің
тапсырмаларын да орындап, жексенбілік марксизм-ленинизм университетінің лекторы болды, Алматы
әскери гарнизонының бөлімдерінде патриоттық тақырыпта баяндамалар жасады. Осы еңбегі үшін де ол
грамотамен марапатталды.[8].
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
286
1943 жылы 3 қыркүйекте Л.Г.Вайс Мәскеу қаласына қызметке ауысуына байланысты кафедра
меңгерушілігінен босатылған. 1943 жылдың соңынан бастап 1947 ж. наурызына дейін марксизм-
ленинизмкафедрасын Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультеті бөлімшесінің кеңестік
құқық мамандығын бітірген Л.Е.Костин басқарды. Осы соғыс жылдары кафедра және институтта
Мәскеуден келген көптеген белгілі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттар аспиранттармен
жұмыс істеді. Мәселен, кафедрада 1942 ж. 18 қыркүйектен бастап Алматы қалалық партия комитетінің
жолдамасымен келген Н.А.Гладышева осыған дейін Ленинград коммунистік университетінің
аспиранты болған [9].Сондай-ақ кафедрада Г.К.Майковская, Е.Н.Акулова, Н.А.Добрынский сабақ берді.
Оқытушылар кафедрадағы кадрдың жетіспеушілігіне, қажетті оқулықтар мен әдебиеттердің
аздығына және тұрмыстық жағдайдың қиындығына қарамастан студенттердің терең білім алуларына
бар мүмкіндіктерін жұмсады. Олар сабақтан тыс кездің өзінде қосымша кеңес беру сабақтарын өткізді.
Институт алғаш құрылған кезден бастап басқа жоғары оқу орындарындағыдай студенттер
құрамында қазақ ұлты өкілдерінің аз болуы республика басшылығын алаңдатты. Сол себепті 1942 ж. 24
наурызда Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі «Жоғары оқу орындарына қазақ қыздарын
дайындайтын 4 айлық курстар ұйымдастыру туралы» №165 қаулысын қабылдады [10]. Институтта
алғаш оқу жылында 9 қазақ қызы оқыса, 1942 ж. соңында институт директоры болып белгілі тарихшы
ғалым Б.Сүлейменов тағайындалғаннан кейін жағдай оңала бастады. Жас та, іскер басшы аз уақыт
аралығында біршама жұмыстар атқара білді. Мәселен, 1943 ж. 24 наурызда институт директорының
Қазақ КСР Оқу-ағарту халық комиссариатына берген ақпаратында 1942-43 жылғы оқу қорытындылары
баяндалған, сонда сессияны сәтті тапсырған бірінші және екінші курстың 123 студенті арасында 15
қазақ қызы стипендия алғандығы айтылған [11].
Институт оқытушылары мен қызметкерлері елдегі ауыр жағдайға қарамастан еңселерін еш
түсірген жоқ. Олар соғыс жағдайында өз қызметтеріне асқан жауапкершілікпен қарап, өздерінің негізгі
оқытылатын пәндерімен бірге студенттер арасындағы саяси-тәрбие жұмысына, әсіресе Отан қорғау
мәселесі мен патриоттық тәрбие ісіне ерекше көңіл бөлді. Әр оқытушы соғыстағы майдан жағдайы,
ұрыстар беталысы Кеңес әскерлерінің Отан қорғау жолындағы ерлік істері, ауыл еңбеккерлері мен
завод, фабрика жұмысшыларының жанқиярлық еңбектері туралы студенттерді хабардар етті, тіпті
арасында жергілікті басшылық тарапынан арнайы тапсырмалармен мекемелерде, кәсіпорындарда
майдандағы жағдайлар туралы нақты ақпараттарды хабарлады, арнайы дәрістер оқыды. 1942-43 оқу
жылында институтта майдандағы жағдайға байланысты Сталинград түбінде неміс фашист әскерлерінің
талқандауына байланысты, сондай-ақ Жоғары Бас қолбасшының бұйрықтарына байланысты бірқатар
митингілер мен жиналыстар болып өтті.
Институтта саяси тәрбие жұмысымен қатар жаппай қорғаныс жайлы әскери оқу жұмысы да бірге
жүргізілді. 1942-43 оқу жылының 1-ші семестрінде ғана бірінші курстың студенттері әскери сапқа тұру
дайындығынан өтіп, «Еңбекке және қорғанысқа дайын бол» белгісі сияқты нормаларды тапсырды.
Сондай-ақ екінші курста әскери сапқа жүру және шаңғы дайындығы, тактикалық оқу-жаттығу
жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа 128 студент санитарлық жасақшы нормаларын, 161 студент әуе
шабуылына қарсы және химиялық қорғаныс нормаларын тапсырды. Мергендер мен минометшілер
дайындау жұмысы жүргізілді. Осы жұмыстардың барлығы үлкен қиындықтармен іске асырылды.
Себебі институттың жеке ғимараты болмағандықтан арнайы жабдықталған спорт залы да, әскери
кабинеті де болған жоқ. Ал қыздардың санитарлық дайындығы қалалық ауруханада, госпиталдарда
және Алматы мемлекеттік медицина институтының анатомия музейінде жүргізілді. Оқытушылар
құрамымен әскери сабақтарды облыстық әскери комиссариат апта сайын 6 сағат көлемінде өткізді [12].
1944 жыл институтқа оң өзгерістер әкелді. Институтқа өзінің бұрын арнайы салынған ғимараты
қайтарылды. Сол жылы сәуірде КСРО ХКК мен БК(б)П ОК қаулысымен институт Алматы шет тілдері
педагогикалық институт болып өзгертілді. Ал 1944 ж. 9 тамызда ҚазКСР Халық комиссарлары кеңесі
«Алматы мемлекеттік шет тілдері педагогикалық институт жанынан шығыс тілдері факультетін құру
туралы» қаулы қабылдады. Осыған сәйкес жаңа факультетте студенттер құрамы 30 адам мөлшерінде
белгіленді. Алайда бұл факультет үш-ақ жыл жұмыс істеді.
Ұлы Отан соғысындағы жеңіс қарсаңында институт құрамында төрт факультет, кешкі бөлімше
және екі жылдық аудармашылар курсы жұмыс істеді.
Сонымен бірге университетте соғыстан кейінгі жылдары басшылық және оқытушылық қызмет
атқарған оқытушылар қатарында Ұлы Отан соғысына қатысып, майдан даласында фашист
басқыншыларымен қиян-кескі ұрыс жүргізген бір топ ардагерлерді де атап өту қажет. Бұл ретте
университетте ұзақ жыл қызмет еткен П.Ф.Шанин, Д.В.Комарёв, А.Хизбуллин, С.Ж.Кенжебаев.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
287
Л.А.Скопинцева, И.Ф.Назаров және т.б. есімдерін құрметпен атаймыз. Олардың қатарында бүгін
арамызда жүрген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сағындық Жүнісұлы Кенжебаевтың жас
шағында қолына қару алып, майданда ерлік көрсетуі, жеңімпаздар қатарында елге оралып, Отанына
адал қызмет етуі, бүгін де жас ұрпаққа білім беруі бізге қашанда үлгі-өнеге бола береді.
Қорыта айтқанда, университеттің 1941-1945 жылдарда қызмет еткен оқытушылары мен сол кезде
Қазақ мемлекеттік шет тілдері мұғалімдер институтында оқыған студенттері, яғни университет
тарихындағы алғашқы түлектер Ұлы Отан соғысындағы Кеңес халқының неміс-фашист
басқыншыларымен күрестегі жеңісіне өздерінің қомақты үлесін қосып, жарқын із қалдырды. Олар
тылда жүріп өздерін майдандағыдай сезінді, оқытушылар жастарды Отан қорғауға дайындап,
студенттер арасында үлкен қоғамдық саяси-патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізді. Осының өзі-ақ
олардың Отанға деген сүйіспеншілігін, өз істеріне деген жауапкершілігін айқын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |