Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#7070
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38

сөздер  деп  аталады.  Екіншіден,  еліктеу  сөздер  көбінесе  көмекші  етістіктермен  (негізінен  ет) 
тіркесіп  немесе  қайталанып,  қосарланып  келіп  қолданылады»[13, 155], «Табиғатта  заттардың 
қозғалуы,  бір-бірімен  қақтығысуы,  соғылуы  сияқты  алуан  түрлі  қимыл,  амал-əрекеттердің 

№2. 2014 
 
 
183 
нəтижесінде  əртүрлі  дыбыстар  пайда  болады.  Оларды  біз  құлақпен  естиміз.  Сол  дыбыстарға 
еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады» [13, 157], «Бейнелеуіш сөздер 
–  табиғаттағы  заттардың  қозғалысын,  күйін  көру  арқылы  сипаттайтын,  бейнелейтін  сөздер»[13, 
158]. 
Оқулықта  еліктеу  сөздер  құрамына  қарай  дара  жəне  күрделі  түбір,дара  еліктеу  сөздер 
тұлғасына  қарай  негізгі  жəне  туынды  түбір  болып  бөлінеді.  Олардың  жасалу  тəсілдері,  олардан 
жұрнақ арқылы басқа сөз таптары  (негізінен зат есім мен етістік) жасалатындығы көрсетіледі[13, 
160-161].  
Академиялық  грамматикаларды,  жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқулықтар  мен  ғылыми 
еңбектерді,  мектеп  оқулықтары  мен  түсіндірме  сөздікті  қарастыра  келе,  мына  мəселелерге  назар 
аудардық:  
1) терминдік əркелкілік: а) бұл категорияны əр автордың түрліше атауы: «еліктеу одағайлары» 
(А.Байтұрсынұлы), «еліктеу  сөздер» (еліктеуіш  (еліктеме)  жəне  бейнелеуіш  (бейнелеме)  сөздер
(1954 жылғы грамматика, А.Ысқақов), «еліктеуіш» (дыбыстық еліктеуіш сөздер жəне бейнелеуіш 
сөздер) (1967 жылғы  грамматика,  авторы – Ш.Сарыбаев), «еліктеу  сөздер» (еліктеуіш  жəне 
бейнелеуіш  сөздер) (С.Исаев), «еліктеуіш  сөздер» (дыбыстық  еліктеуіш  жəне  бейнелеуіш  сөздер
(Н.Оралбаева,  А.Салқынбай), «еліктеуіш  сөздер» (еліктеу  сөздер  жəне  бейнелеуіш  сөздер
(Н.Оралбай),  дыбыселіктеуіш  сөздер  (К.Хұсайын),  дыбыс  еліктеуіш  (Г.Исаева);  ə)  бұл  категория 
бір  автордың  еңбектерінде  түрліше  аталады,  мысалы,  А.Ысқақовтың (1991) еңбегінде  бірде 
еліктеуіш, бірде еліктеу, Н.Оралбаеваның бір еңбегінде «еліктеуіш сөздер»(дыбыстық еліктеуіш 
жəне бейнелеуіш сөздер), екінші бір еңбегінде «еліктеуіш сөздер» (еліктеусөздер жəне бейнелеуіш 
сөздер)  түрінде  бөлінеді.  Ал 2002 жылғы  «Қазақ  грамматикасында»  бұл  сөз  табы  А,Ысқақовтың 
кітабынан  атынды  деп  көрсетілгенімен,мынадай  айырмашылықты  байқадық:  А.Ысқақов  бұл  сөз 
табын  «еліктеу»  деп  атап,  еліктеуіш  (еліктеме)  сөздер  жəне  бейнелеуіш  (бейнелеме)  сөздер  деп 
бөлсе, 2002 жылғы  грамматикада  «еліктеуіш  сөздер»  деп  аталып,  еліктеуіш  сөздер  жəне 
бейнелеуіш сөздер деп бөлінген, сонымен қатар мəтін ішінде «еліктеу сөздер» деп те қолданылған. 
2)  еліктеу  сөздерді  морфологиялық  сипатына  қарай  бөлудегі  айырмашылықтар:  а)  негізгі, 
туынды, күрделі (А.Ысқақов, С.Исаев), ə)негізгі жəне туынды (А.Салқынбай); б) құрамына қарай 
дара  жəне  күрделі  түбір,  дара  еліктеу  сөздер  тұлғасына  қарай  негізгіжəне  туынды  түбір(6-
сыныпқа арналған оқулық (С.Исаев). 
3)  академиялық  грамматикада (1967) еліктеуіш  сөздер  ретінде  берілген  кейбір  сөздердің 15 
томдық  «Қазақ  əдеби  тілінің  сөздігінде»  басқа  сөз  табы  ретінде  берілгенін  жəне  кейбіреулерінің 
берілмегенін  байқадық.  Мұндай  сəйкессіздіктерге,  біріншіден,  аталған  сөздердің  мағынасын 
автордың  дəл  көрсетпеуі,  екіншіден,  жеке  авторлық  қолданыстан  туындаған  сөздердің  еліктеу 
сөздер қатарында аталуы, үшіншіден, кейбір сөздердің аталған сөздікке енбей қалуы себеп болуы 
мүмкін деп санаймыз. 
Еліктеуіш сөздердің академиялық грамматикалар мен ғылыми еңбектерде, мектеп оқулықтары 
мен түсіндірме сөздікте берілуін салыстыра қарастыра отырып, төмендегідей ұсыныстар айтқымыз 
келеді: 
1) қарастырылып отырған категорияға берілген терминдік атауды біріздендіру керек; 
2) еліктеу сөздерді морфологиялық сипатына қарай бөлуді нақтылау керек; 
3) еліктеу сөздердің академиялық грамматикалар мен түсіндірме сөздікте берілуін қайта қарау 
керек; 
4)  еліктеу  сөздердің  табиғаты  мектеп  оқулығында  біршама  ашылғандықтан,  оларды  терең 
таныту  үшін  қазіргі  академиялық  грамматикалар  мен  жоғары  оқу  орындарына  арналған 
оқулықтарға 
соңғы 
жылдардағы 
(мысалы, 
Ə.Қайдардың, 
К.Хұсайыновтың, 
С.Өткелбаеваның,Б.Жонкешовтің, Б.Оспанованың, Қ.Шотаның, А.Мақұлбектің, Ш.Зукайдың жəне 
т.б.) зерттеулердің нəтижелерін енгізу керек. 
 
ƏДЕБИЕТ 
 
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі. 1992. –446 б. 
Ысқақов А. Еліктеу сөздер //Халық мұғалімі. –Алматы, 1948. № 6. 
3 Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика, грамматика). –Алматы, 1954. –564 б. 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
184  
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –2-басылымы. Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. –Алматы: 
Ана тілі, 1991. –384 бет. 
5. Қазақ тілінің грамматикасы. І. Морфология. –Алматы: Ғылым, 1967. –264 бет. 
6. Қазақ əдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. І-XV томдар. –Алматы, 2011. 
7. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы, 2007. –336 б. 
8.  Оралбаева  Н.,  Əбдіғалиева  Т.,  Шалабаев  Б.  Практикалық  қазақ  тілі.  Жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне 
арналған оқулық. –Алматы, «Ана тілі», 1993. –272 бет. 
9. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. –Алматы: Інжу-Маржан, 2007. –390 бет. 
10. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет. 
11. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2008. –340 б. 
12.  Қайдар  Ə.Т.  «Имитатив  теориясына»  қатысты  жаңаша  көзқарас // Қазақ  грамматикасының  өзекті  мəселелері. –
Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2007. –126-142-бб. 
13. Исаев С., т. б. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы, өңделген/ 
С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дəулетбекова. –Алматы: Атамұра, 2011. –208 бет. 
 
Кулманов С.К. 
 
Старший научный сотрудник Института языкознания имени А.Байтурсынова, канд.филол.наук, доцент 
 
ВЗАИМОСВЯЗЬ В ИНТЕРПРЕТАЦИЙГРАММАТИЧЕСКИХ  КАТЕГОРИЙ 
(отражение подражательных слов в академических грамматиках, научных работах, толковом словаре и 
школьных учебниках) 
 
Анализируя  подражательные  слова  в  академических  грамматиках,  научных  работах,  школьных  учебниках  и 15-
томном  толковом  словаре  казахского  языка,  автор  приходит  к  выводу  о  необходимости  унифицирования  термина 
(еліктеу сөз, еліктеуіш сөз, дыбыстық еліктеуіш, дыбыселіктеуіш, дыбыс еліктеуіш), об уточнений их классификаций по 
морфологическим  признакам,  о  пересмотре  представления  их  в  академических  грамматиках  и 15-томном  толковом 
словаре  казахского  языка,  о  внедрений  к  академическим  грамматикам  научных  инновации,  которые  представленыв 
исследованиях последних лет. 
 
Kulmanov S.K. 
 
Senior Researcher, Institute of Linguistics named A.Baitursynov, kand.filol.nauk (PhD), Associate Professor 
 
RELATIONSHIP IN THE INTERPRETATION OF GRAMMATICAL CATEGORIES 
(imitative words reflected in academic grammars, scientific papers, dictionaries and textbooks) 
 
Analyzing imitative words in academic grammars, scientific papers, textbooks and 15-volume explanatory dictionary of the 
Kazakh language, the author comes to the conclusion that the term of alignment (elіkteu soz, elіkteuіsh soz, dybystyh elіkteuіsh, 
dybyselіkteuіsh, dybys elіkteuіsh), refinements of their classifications morphological characters to revise their representation in 
academic grammars and 15-volume explanatory dictionary of the Kazakh language of introductions to the academic grammar 
scientific innovations, which are presented in recent studies. 
 
 

№2. 2014 
 
 
185 
ƏӨЖ 37.013:004.032.6(574) 
 
Г.А.ОМАРОВА 
 
(Алматы технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан) 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПƏНДЕРДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  
ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ 
 
Аннотация 
 
 Бұл  мақалада  педагогикалық  жəне  ғылыми-əдістемелік  кешен  жасау  бөлімі,мұғалім  өз  білімін 
жетілдіріп,оқушыларға  педагогикалық  пəндерді  инновациялық  технологиялар  арқылы  оқытып,оларды 
қызығушылық,жан-жақытылық,шығармашылық,танымдық қасиеттерін дамыту мəселесі қарастырылған. 
Тірек  сөздер:  технология,инновациялық  технология,  педагогикалық  технология,  инновациялық  климат, 
модельдік оқыту. 
 Ключевые слова: технология, инновационная технология, педагогическая технология, инновационный  
климат, модельное обучение. 
Keywords: technology, innovative technology, pedagogical technology,innovative climate, model training.     
 
Қазіргі  заман  ағымы  болашақ  ұрпақтың  ой  –өрісінің  шыңдалуын  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуына  талап  етуде.  Біздің  еліміздің  алғаш  шарттары  бəсекелі  елдер  қатарына  көтерілу 
болса,  бəсекеге  жету  үшін  жан – жақты  дамыған  рухани  бай  тұлғаны  жетілдіруіміз  керек.  Жас 
ұрпақтың  бойындағы  қабілеттерін  көру,  оны  жетілдіру,ізденгіштік  қасиетін  дамыту,  мұғалімнің 
шеберлік  қасиетіне  байланысты.  Біздің  ұлы  жазушымыз  Ж.Аймауытов  айтқандай  «Сабақ  беру 
үйреншікті  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер» - деген,  яғни  оқу  үрдісін 
жаңаша  ұйымдастыру  болып  табылады.  Елбасы  Н.Назарбаев  халыққа  жолдаған  жолдауында 
«Біздің  міндет  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  көзқарастарды  пайдалана  отырып,  білім  мен 
бəсекеге  қабілетті  ұрпақ  тəрбиелеу»  ұстаздар  қауымына  міндеттеледі  деп  айтқан  болатын.  Жаңа 
технологиялардың  басты  мақсаттарының  бірі  баланы    оқыта  отырып,  оның  ізденімпаздыққа, 
белсенділікке  қалыптастыру  болса,  өз  бетінше  еркін  шешім  қабылдауына  ықпал  жасайды. 
Педагогикалық  пəндерді  оқыту  кезінде  иновациялық  технолгиялардың  жақсы  меңгерудің  өзі 
шеберлік.[1] Жаңа технологияларды пайдалана отырып, баланың  қызығушылық қабілетін, білімге 
деген құштарлығы мен құлшынысын күшейтеді. Білімнің сапалы болуы мұғалімнің білім дəрежесі 
мен ізденімпаздық шеберлігіне байланысты. Инновациялық технолгия – білім сапасын арттыратын 
бірден –бір кепіл. «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жаңартып отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, 
ізденуді  тоқтатқанмен  оның  мұғалімділігі  де  жойылады»  деп    орыс  педагогі  К.Д.Ушинский 
айтқандай қазіргі заманға сай əр мұғалім өз білімін жетілдіріп, бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа 
талапқа  сай  инновациялық  технолгияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  ол  сабақтың 
мəнді  де  тартымды  да  болатыны  сөзсіз.  Инновациялық  технология    -мұғалімнің  кəсіби  қызметін 
жаңартушы  құрал  болып  табылады.  Педагогикалық  технологиялардың  міндеті  оқушының  оқу 
танымдық  əрекетін  жандандыратын  жəне  алға  қойған  мақсаттарына  жеткізу.Қазіргі  жас  ұрпақты 
жаңаша технологияларды  біліп үйренуге үйрету. Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық 
қызметтің  басқа  салаларымен  бірлесе  отырып  қана  аяғынан  тұрып  кетеді.  Өйткені  инновациялар 
бір  мезгілде  қайта  құрудың  əрі  негізгі  нəтижесі,  əрі  ең  тиімді  тəсілі  болып  табылады.  Еліміз 
егемендік алып,оның алғашқы  жылдарында білім саласына  көп мəн берілді. Əсіресе,инновацияны 
басқару  бағдарламасы  орындаушылардың  алға  қойған  мақсатқа  жету  жолындағы  іс  –əрекеттер 
кешенін  қамтитын  жоспар  болып  табылады.  Педагогикалық  пəндер  арқылы  инновациялық  білім 
беру  жүйесін  дамыту  үшін  ұйымдық – педагогикалық  жəне  ғылыми-  əдістемелік  жағдайлар 
кешенін жасау қажет. Соның ішінде мыналарды  бөліп айтуға болады: 
-
 
гуманистік білім беру парадигмасы тұрғысынан əзірленген тұжырымдаманың болуы; 
-
 
оны оқу – тəрбие процесі субъектілерінің түгелдей қабылдауы; 
-
 
қазіргі заманның жəне болашақтың талаптарына жауап бере алатын жаңа мазмұндағы білім 
беру ісі мақсаттары мен міндеттерін айқындау. 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
186  
-
 
инновациялық процестің технологиясы көрсетілген бағдарламаның болуы; 
-
 
дамудың ғылыми – əдістемелік, материалдық – техникалық жəне қаржылық экономикалық 
базасын қамтамасызу ету жəне т.б. 
Инновациялық  климат  дегенге  анықтама  беретін  болсақ,  бұл  адам  өзін  еркін 
сезінетін,творчествалық  жұмыстарға  əзірмін  деп  білетін,  соған  қолайлы  мүмкіндіктер  жасалған 
жағдай. Оның шарттарын қамтамасыз ету қажет. Инновациялық ұйымдық қарым –қатынастың өз 
белгілері  бар.  Ол:  инновациялық  қызметтің  басшылық  тарапынан  қолдау  табуы;  эксперименттер 
жүргізуге  көмектесуі;  коммуникациялық  байланыстың  жоғары  деңгейі  жəне  оның  тұрақты  түрде 
жетілдіріліп отыруы жəне т.б[2] 
Қазіргі  уақытта,  жоғарғы  оқу  орындарында  модельдік  оқыту  кең  өріс  алып  жатыр.  Міндетті 
нəтижелерге  негізделген  оқыту  технологиясы  мынадай  ерекшеліктерімен - білімнің  базалық 
деңгейінің  барлық  оқушылар  үшін  міндеттілігі,  оқушыларға  берілген  тапсырманың  саралануы, 
тапсырма  оқушының  күші  жететіндей  жəне  қолайлы  болуы  шарт,  білімнің  базалық  деңгейі 
оқытудың  жаңа  технологиясының  механизмі  ретінде  оқушының  бірте-бірте  өрістей  дамуына 
мүмкіншілік  жасауы  тиіс,  оқушыға  оқу  деңгейін  таңдауға  ерік  беру,  оқушы  өз  мүмкіндігіне  орай 
тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады. 
 Модельдік  технология  дамыта  оқыту  идеясына  негізделген  оның  мақсаты - оқушының  өз 
бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігін  дамыту,  оқу  материалын  өңдеудің  жекелеген  тəсілдері 
арқылы жұмыс істеуге үйрету. Модельдік оқытудың өзегі - оқу моделі. Оқу моделі - ақпараттардың 
аяқталған блогынан, бағдарламаны іскер мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-əрекетінің мақсатты 
бағдарламасынан тұрады.  
 Ал,  мектептерде  оқушылардың  қызығушылығын  ояту,  шығармашылық  ізденіске  үйрету 
инновациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  жүзеге  асып  отыр.  Оның  дəлелі  мұғалімдер 
инновациялық  технологиялар  арқылы  топтық,  каучинг  сабақтарын  өткізіп  жатыр.  Педагогикалық 
пəндердің  маңызы,  инноавциялық  технологияларды  жақсы  игеруге  көмектеседі.  Қазіргі  кезде 
педагогикалық  технология  ұғымы  біздің  педагогикалық  пəндерімізге  еніп  келеді.  Орыс  ғалымы 
Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияға мынандай анықтама береді: Педагогикалық технология 
–  оқу  процесіне  белгілі  бір  мақсат  көздей  əсер  ететін  педагогтық  ықпал  деп  түсіндіреді. 
Педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады. 
Педагогикалық  технологияның  өзіндік  ерекшеліктері - қойылған  мақсатқа  жету  мүмкіндігіне 
кепілдік  беретін  оқыту  үрдісін  құрастыру  жəне  оны  жүзеге  асыру.  Оқытылатын  пəн  мазмұны, 
мұғалім  мен  оқушының  өзара  байланыс  іс-əрекеті,  оқушының  ішкі  даму  үрдісі  негізінде 
анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. 
Қазақстанның  тəуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  барысында  орта  білім  берудің  жүйелі 
реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың 
жəне бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен 
туып отыр.  
 Осыған  орай,  соңғы  кезде  оқытудың  əр  түрлі  педагогикалық  технологиялары  жасалынып, 
мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С.Н.Лысенкова алдына ала оқьггу, Шаталовтың интенсивті оқыту 
(тірек  сигналдарын  пайдалану  арқылы),  Эрдниевтің  ірі  блоктан  оқыту,  мəселелік  оқытудың 
белсенді əдісі, т.б Инновациялық технолгия -бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы 
қолданатын  барлық  қисынды  ілім  амалдары  мен  əдіснамалық  құралдарының  жүйелі  жиынтығы 
жəне жұмыс істеу реті деп анықтайды орыс ғалымы М.В.Кларин. [3] 
Қорыта  айтқанда,жаңа  технолгияларды  пайдаланудың  тиімділігі  көп.  Оқушылардың  
шығармашылық ізденіске ат салысуы,өз ойын еркін жеткізе білуіне, пəнге деген қызығушылығын 
арттырады.  Осы  орайда  елдің  бəсекеге  қабілеттілігін  арттыруда  инновациялық  даму 
мүмкіндіктерін  қолдану  бұл    ХХІ  ғасыр  талабы  болып  отыр.  Себебі  қатаң  бəсекелестің  жағдайға 
тек  инновациялық  процестер  жаңа  технологиялар  ғылыми  зерттеулер  арқылы  ғана  төтеп  беру 
мүмкін. 
 
ƏДЕБИЕТ 
 
1
 
«Инновациялық технология –білім сапасын арттыруға кепілі».Баяндама. Зейнолдина Гулмира Нұрайқызы 2011 
ж. 

№2. 2014 
 
 
187 
2
 
«Білім  берудегі  менеджмент:  инновациялық  процестерді  жүйелі  басқару.,К.З.Жақсылықова»  Журнал  «Білім 
беру мекемесі басшыларының анықтамасы» 2013ж [19-20б] 
3
 
 http:kk.convdocs.org   
 
REFERENCES 
 
1.
 
«Zalog dlya uluchsheniya kachestva obrazovaniya –innovacionnaya technologya».Doclad.Zeinoldina Gulmira 
Nuraykyzy 2011 god. 
2.
 
«Menedjment v obrazovanii.Sistemnoe upravlenie innovacionnyh processov.,K.Z.Zhaksylykova» Zhurnal «Spravka 
rukovoditelei obrazovatel’nogo uchrejdeniya» 2013 god [19-21 str] 
3.
 
http:kk.convdocs.org   
 
 
РЕЗЮМЕ 
(Г.А.Омарова) 
(Алматинский технологический университет, Алматы, Казахстан) 
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИИ  
ПРИ ПРЕПОДАВАНИИ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ДИСЦИПЛИН 
 
В данной статье рассматривается:раздел педагогических и научно-методических комплексов,преподаватель повышая 
квалификацию  обучает  учеников  педагогическим  предметам  используя  инновационные  технологии  для  развития 
разносторонних,творческих,познавательных качеств. 
Ключевые  слова:  технология,  инновационная  технология,  педагогическая  технология,  инновационный    климат, 
модельное обучение. 
 
SUMMARY 
(G.A.Omarova) 
(Almaty technological university, Almaty, Kazakhstan) 
USE OF INNOVATIVE TECHNOLOGY IN TEACHING PEDAGOGICAL SUBJECTS 
 
 In this article it is considered: section of pedagogical and scientific and methodical complexes, the teacher increasing 
qualification trains pupils in pedagogical subjects using innovative technologies for development the versatile, creative, 
informative qualities. 
Keywords: technology, innovative technology, pedagogical technology,innovative climate, model training. 
 
 
 
 
 
 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
188  
УДК 773.261 
  
А.Е. МАМУНОВА 
 
Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық yниверситеті 
 
ƏЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІ 
 
Аннотация 
 
Мақалада əлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі туралы айтылады. Қоғам мүшелерінің қалыпты 
өмір  сүруін,  олардың  қажеттіліктерін  оңтайлы  қанағаттандыруға  жəне  жеке  адамның  шығармашылық 
əлеуетін  іске  асыруды  қамтамасыз  ететін  тұрақты  дамушы,  реттелген  əлеуметтік  жүйе,  əлеуметтік  қорғау 
институтының экономикалық қатынастар өркениетті қоғамда материалдық жəне рухани игіліктерді əділетті 
өмір сүруін қамтамасыз етуде сенімді кепілдікке негізделген түрде құрылуы тиістігі қарастырылады.   
 
Тірек  сөздер.  əлеуметтік  топ,  əлеуметтік  ұйым,  нарықтық  экономика,  əлеуметтік  жұмыс,  əлеуметтік 
кеңістік, экономика, заң, нарық, əлеуметтік қызмет, жүйе.  
Ключeвые слова. социальная группа, социальная организация, рыночная экономика, социальная работа, 
социальное пространство, экономика, закон, рынок, социальная деятельность, система.  
Keywords. social group, social organization, market relation, social work, economics, market, law, social space, 
social Activities, system 
 
Əлеуметтік  кеңістікте  экономикалық  байланыстар  іске  асырылады,  əлеуметтік  субъектілердің 
(жеке  адам,  отбасы,  еңбек  ұжымы,  қауым,  топ  жəне  т.б.)  арақатынасының  экономикалық 
формалары өзіндік экономикалық кеңістік жасай отырып көрініс табады. Əлеуметтік жұмыс бүкіл 
əлеуметтік  кеңістікке  кіретін  белгілі  экономикалық  кеңістікте  іске  асырылады.  Ғалымдардың 
(Яковлева  А.И.,  Холостова  Е.И.,  жəне  т.б.)  пікірінше  əлеуметтік  кеңістік  қоғамдық  тұрмыс 
формасы  ретінде  қызмет  етпейді.  Бұл  процесс  уақыт  аралығында  барлық  құрылымдық 
элементтердің үздіксіз қозғалысында болады. 
Əлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі (ƏЖЭК) – бұл қоғам мүшелерінің қалыпты өмір 
сүруін,  олардың  қажеттіліктерін  оңтайлы  қанағаттандыруға  жəне  жеке  адамның  шығармашылық 
əлеуетін іске асыруды қамтамасыз ететін тұрақты дамушы, реттелген əлеуметтік жүйе, əлеуметтік 
қорғау  институтының  экономикалық  қатынастар  өркениетті  қоғамда  материалдық  жəне  рухани 
игіліктерді  əділетті  өмір  сүруін  қамтамасыз  етуде  сенімді  кепілдікке  негізделген  түрде  құрылуы 
тиіс.  Бұл  əлеуметтік  жұмыстың  тиімді  экономикалық  негізін  құрудың  қажетті  алғышарты  болып 
табылады. 
Əлеуметтік  кеңістік  құрылымы  өте  күрделі.  Оның  экономикалық  байланысы  тек  əлеуметтік 
қолдаумен  көмек  көрсетуді  қажет  ететіндерге  жəне  сонымен  қатар  мемлекеттің  бүкіл  халқына 
қызмет көрсетуге бағытталуы тиіс. Əлеуметтік жұмыс пен əлеуметтік қызмет көрсету жұмыс жəне 
тұрғылықты  орын  бойынша,  еңбек  мекемелерінде,  əлеуметтік  қызмет  көрсетудің  əртүрлі 
станционарлық  емес  мекемелерінде  (ЦСО,  мейманхана,  қызмет)  яғни  қарттар,  мүгедектер, 
жетімдер,  босқындар,  үйі  жоқ  немесе  табиғи  апатқа  ұшыраған  адамдар  тұратын  жерлерде  іске 
асырылады. Бұл салалардың əрқайсысында əлеуметтік жұмыстың өзіндік құрылымы болады.  
«Əлеуметтік жұмыстың  экономикалық кеңістігі» түсінігі «əлеуметтік сфера» түсінігімен оның 
экономикалық,  саяси  жəне  рухани  сфералармен  арақатынасы  арқылы  байланысты.  Əлеуметтік 
саланың  басты  міндеті  субъектілердің  (жеке  адам,  отбасы,  ұжымдар  жəне  т.б.),  сол  сатыдағы 
қоғамның ғылыми негізделген нормалары мен экономикалық əлеуетін айқындау болып табылады 
[1].  
Бұл  салалардың  əрбір  экономикасының  өзіндік  ерекшеліктері  болады  жəне  ерекше  қызметтер 
атқарады.  Кəсіпорындарда  əлеуметтік  қамтамасыз  ету  жəне  əлеуметтік  сақтандыру  қорларына 
аударымдар  есебінен  халықты  əлеуметтік  қорғаудың  материалдық  базасы  құрылады,  жұмыс 
орындары  мен  еңбек  жағдайлары  қалыптасады,  тұрғын-үй  құрылысы  іске  асырылады, 
жұмысшылардың  əлеуметтік-тұрмыстық  қызмет  көрсетуі  жəне  олардың  материалды-
экономикалық  қолдауы  іске  асырылады.  Өндірістік  кəсіпорындар,  мекемелер,  өз  қызметтерінің 

№2. 2014 
 
 
189 
демалысы, емделуіне, квалификациясын арттыруына көп көңіл бөлінеді. Қызметкерлердің кəсіптік 
одақтары экономикалық қатынастарда белгілі роль атқарады. Рыноктық қатынас жағдайында қоғам 
мүшелерінің  мүдделерін  анықтаушы  жəне  қорғаушы  ретінде  оның  мəні  арта  түседі.  Меншікті 
мемлекет  иелігінен  алу  жəне  меншік  формасын  өзгерту,  халық  құрамындағы  жұмыссыздардың 
көбеюі, қарт адамдар үлесінің артуы салдарынан тұрғылықты жер бойынша əлеуметтік жұмыстың 
ролі күрт артады. Бұл оның экономикалық базасын нығайтуды талап етеді.  
Сонымен  қатар  мақсатты  əлеуметтік  бағдарламаларын  қаржыландыруда,  тұрғын-үй  қоры  мен 
əлеуметтік  инфрақұрылым  объектілерін  құру  мен  жөндеуде,  шағын  жəне  орта  кəсіпкерліктің 
экономикалық  қызметін  белсендетуде,  халықтың  өзін-өзі  қамтамасыз  ету  үшін  қолайлы 
экономикалық жағдай құруда олардың ролі арта түсуде.  
 
Əлеуметтік 
кеңістікте 
пенитенциарлық 
мекемелердегі 
əлеуметтік-экономикалық 
жағдайымен қамтамасыз ету міндеті мəселесі күрделене түседі. Оның шешімі əлеуметтік сфераның 
көптеген  субъектілеріне тəуелді, ішкі істер министірлігі, еңбек жəне əлеуметтік даму, білім беру, 
денсаулық  сақтау  жəне  мəдениеттану  министірлігі,  сондай-ақ  қайырылымдылық  ұйымдары. 
Əлеуметтік  кеңістіктің  бұл  сигментінің  қызмет  етуін  қамтамасыз  ету  үшін  адамдармен  жұмыс 
істеудің  жаңа  əлеуметтік-экономикалық  конститутциясын  жасау  қажет.  Əлеуметтік  жұмыстың 
экономикалық  кеңістігінің  ажырамас  бөлігі  əлеуметтік  қорғау  сферасы,  қарттар  мен  мүгедектер 
үйі, балалар үйі жəне т.б. болып табылады. Оларды материалдық жəне қаржылық қамтамасыз ету, 
кəсіпкерлік қызметті дамытуды қайта құру жəне жетілдіру талап етіледі [2].  
Əлеуметтік  жұмыстың  экономикалық  кеңістігінің  құрамдас  бөлігі  денсаулық  сақтау  болып 
табылады.  Мемлекеттік  жəне  жергілікті  мекемелердегі  медициналық  көмек  бюджетке  сəйкес 
қаражаттары,  сақтандыру  жарналары,  басқа  да  түсімдер  есебінен  азаматтарға  тегін  көрсетіледі. 
Халықтың  денсаулығын  болжауда  ең  басты  оның  қоғамдық-экономикалық  қатынастар  мен 
құрылымға  тəуелділігі,  қоғамдық  даму  сипаты  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  денсаулық 
қалыптасуына қатынасатын  экономикалық,  əлеуметтік мемлекеттік, құқықтық, экологиялық  жəне 
басқа да құрылымдар арақатынасының жаңа формасын іздеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл үшін 
халық денсаулығын қорғау ісінде бүкіл жұмысты ұйымдастырудың жаңа тəсілі қажет. Соның бірі 
елімізде халыққа медициналық-əлеуметтік көмек көрсететін ұйымдар құру болып табылады. 
Қазіргі  кезде  медико-əлеуметтік  көмек  халықты  əлеуметтік  қорғау  мен  қолдау  саласында  іс 
жүзінде  мемлекеттік  саясат  жүргізу  болып  табылады.  Денсаулықты  экономикалық  категория 
ретінде  қарастыру  қажет. «Қоғамдық  денсаулық»  түсінігі  халықты  жəне  жеке  адамдардың 
денсаулық  деңгейіне  мемлекеттің  ықпалы,  қоғамдық-экономикалық  қатынас  жөніндегі  сұраққа 
жауап  ретінде  пайда  болған.  Қоғамдық  денсаулық – бұл  жұмысшы  күшін  ұлғаймалы  ұдайы 
өндіруге  тікелей  ықпал  ететін,  сондай-ақ  мемлекеттің  қоғамдық  байлығын  материалдық  өндіру 
процесіне  ықпал  ететін  макроэкономикалық  көрсеткіш.  Басқа  сөзбен  айтқанда  ол  халық 
денсаулығының жоғары көрсеткішіне жетуге ынталандырады.  
Бұл  тұрғыдан  денсаулық  сақтауды  реформалау  келесі  негізгі  принциптер  негізінде  іске 
асырылуы тиіс, профилактикалық бағыттылықты жоғарылату, медициналық ғылым мен денсаулық 
сақтау  тəжірибесінің  бірлігі,  денсаулық  сақтаудың  қаржылық  мəселелерін  шешуге  халықтың 
қатысуы,  медициналық  қызмет  көлемі  мен  сапасына  сəйкес  халықтың – денсаулығын  сақтау 
жүйесінде  қаржыландырудың  көп  арналылығы,  медико-əлеуметтік  профилактика  жəне  т.б. 
Нарықтық экономикаға өту денсаулық сақтау жүйесі экономикасында реформалауды талап етті. Ең 
басты  бағыттардың  бірі  Қазақстан  халқының  барлығына  міндетті  медициналық  сақтандыруды 
енгізу  болып  табылады.  Ол  тегін  қажетті  медициналық  көмектің  минимумын  алуға  кепілдігін 
береді.  
Мемлекет  халақ  денсаулығын  қорғау  мен  нығайтудың  федералды  бағдарламасын 
қаржыландырады. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік, муниципалдық жəне жеке жүйелерін сақтау 
мен дамыту бойынша шаралар қолдануға арналады. Сонымен қатар мемлекет игілігінен алу жəне 
осыған  байланысты  мемлекеттің  ресурстық  жəне  қаржылық  мүмкіндіктерін  азайту  əлеуметтік 
сфера  қажеттіліктеріне  деген  қаражаттың  қысқаруына  алып  келеді.  Сондықтан  денсаулық  сақтау 
сферасына  қаржы  ресурстарының  мемлекеттік  кепілдікке  адекваттылығын  қамтамасыз  етуге 
маңызы зор. 
Қаржыландыру жүйесін жетілдіру ең алдымен қолда бар қаржылық ресурстардың рационалды 
пайдалануына жəне олардың көрсетілетін медициналық көмек көлемін сəйкестендіруге бағытталуы 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
190  
қажет.  Бұл  медициналық  мекемелерді  олардың  көрсететін  қызметінің  көлеміне  тəуелсіз  ұстау 
принципінен  бас  тартуды  талап  етеді.  Мұнда  денсаулық  сақтауды  қаржыландыру  жүйесі  қаржы 
ресурстарын  əлеуметтік  жəне  медициналық  көмекті  арттырудың  экономикалық  құралы  ретінде 
пайдалануға негізделеді.  
Медициналық сақтандыру жүйесін қайта құрудың басым бағыттары емханалар мен отбасылық 
дəрігерлер  үшін  ішінара  «қор  ұстау»  жүйесі  болып  табылады.  Мемлекеттің  денсаулық  сақтауға 
бөлген  қаражаттарын  мақсатты  жəне  тиімді  пайдалануды  қамтамасыз  ету  үшін  міндетті 
медициналық  сақтау  қаражаттарының  жұмсалуына,  денсаулық  сақтау  жүйесінің  муниципалдық 
жəне  жергілікті  ұйымдардың  қаржылық-шаруашылық  қызметіне  тиімді  бақылауды  қамтамасыз 
ететін шараларды заңдылыққа енгізу қажет.  
Міндетті  медициналық  сақтау  негізгі  бағдарламасын  қаржылық  қамтамасыз  ету  мақсатында 
концепция  федералдық  бюджетте  қаржыландыру  көзін  қосымша  құн  салығынан  түскен  түсімнің 
үлесі ретінде бекітуді жəне міндетті медициналық сақтандырудың (ММС) қорына аударуды талап 
етеді [3]. 
Денсаулық  сақтау  саласындағы  мемлекеттік  жəне  жергілікті  саясатты  жүргізудің  басты 
элементі  қазіргі  жағдайда  денсаулық  сақтау  ұйымының  жүйесін  рационалды  құруды  қамтамасыз 
ететін  стратегиялық  жəне  ағымды  жоспарлаудың  біртұтас  жүйесі  болып  табылады. 
Конституциялық  кепілдікті  орындау  үшін  шектеулі  қаражаты  бар  əлеуметтік  бағытталған 
салаларда  мақсатты  жоспарлаумен  бағдарлама  жасаудың  қазіргі  əдістерін  кеңінен  қолдану 
ресурстарды  жұмсау  тиімділігін  арттыруға  жəне  халықтың  медициналық  көмекке  деген 
қажеттілігін дұрысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Жоспарлау  мемлекеттік  медициналық  көмек  көрсетумен  денсаулық  сақтау  жүйесінің  дамыту 
міндеттемелерінің  нақты  мақсаты  мен  оны  қаржылық  қамтамасыз  етуді  бекітуді  талап  етеді. 
Басқару  жүйесін  жетілдіру  жəне  оның  тиімділігін  арттыру  денсаулық  сақтау  органдары  мен 
мекемелердің жетекшілері үшін келісімшарттық қатынастар жүйесін енгізуге мүмкіндік беруі тиіс. 
Əлеуметтік  жұмыс  экономикалық  кеңістігінің  субъектілерінің  бірі  білім  беру  жүйесі  болып 
табылады, əрбір адамның білім алуға деген құқығы бар, мемлекеттік жəне жергілікті мекемелерде 
мектепке  дейін,  негізгі  жəне  тегін  болуына  кепілдік  беріледі,  əрбір  адам  конкурстық  негізінде 
мемлекеттік немесе жергілікті мекемелерде жоғарғы білімді тегін алуға құқығы бар [4].  
Тəрбиелеудің  экономикалық  концепциясының  ерекшелігін  ескере  отырып  оны  іске  асыруға 
қызығушылық тудыратын институттың келесідей негізгі қызметтерін атап өтуге болады: 

 
отбасында:  отбасы  мүшелерін  еңбекке  тарту,  отбасы  бюджетін  енгізуге  үйрету  арқылы 
экономикалық  қасиеттер,  дағдылар  мен  қабілеттерді  қалыптастыру  жəне  бекіту,  материалдық 
құндылықтарға,  табиғи  ортаға,  отбасылық  жəне  қоғамдық  жетістіктерге  экономикалық  сапалы 
қатынас  жасауға  тəрбиелеу,  орынды  қажеттіліктерді  жасап  жəне  оларды  қоғамдық 
мүмкіндіктермен сəйкестендіре алуға үйрету;  

 
мектепте:  оқу  процесі  мен  сыныптан  тыс  жұмысты  экономикалық  мазмұнға  толтыру, 
шаруашылық  қызмет  нəтижесін  экономикалық  есептеу,  бақылау  жəне  талдау,  жоспарлау 
саласында  экономикалық  қабілеттер  мен  дағдыларды  қалыптастыру.  Əлеуметтік-педагогикалық 
тəрбиелеу  жүйесінің  мақсаты  экономикалық  сауатты  əлеуметтік  белсенді  жеке  адамды 
қалыптастыру болып табылады.  
Экономикалық кеңістіктің құрамдас бөліктері мəдениет жəне өнер болып табылады. Қоғамның 
рыноктық  қатынастарға  өтуі  жағдайында  мемлекеттік  қаржыландыру  көлемін  қысқарту  жүріп 
жатыр.  Сондықтан  да  федералдық,  аймақтық  жəне  жергілікті  бюджетті  қалыптастыру 
принциптерін  өзгертудің  маңызы  зор.  Мемлекет  қажетті  нормативті  жəне  заң  базаларының 
болмауына, салық жүйесінің жетілмегендігіне, əлеуметтік-мəдени сферасында құрылымдық қайта 
құрудың  баяу  қарқынына  байланысты  уақытша  тоқтап  қалған  отандық  мəдениет  пен  өнерді 
қолдауға экономикалық жағдай жасау тиіс.  
Əлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігіндегі басты орында еңбек жəне тұрмыс сферасы 
тұрады.  Еңбек  қатынастарының  мəні  халық  шаруашылығында  бүкіл  халықтың 49% 
қамтылғанымен  анықталады.  Қызметкерлердің 40% астамы  мемлекеттік  емес  сектордың  үлесіне 
тиеді.  Бұл  жағдайда  мемлекет – монополист  əрі  жалдаушы,  əрі  заң  шығарушы,  əрі  заңды 
орындаушы ретінде болған жағдайда еңбек заңы еңбек қатынастарын реттеуші ролін тиімді атқара 

№2. 2014 
 
 
191 
алмайды. Еңбек қатынастарын реттеу базасы жаңа экономикалық жəне əлеуметтік жағдайға сəйкес 
келмейді.  Мемлекет  өзінің  адамның  еңбекке  деген  құқығын  қорғау,  қалыпты  еңбек  жағдайы  мен 
өзінің еңбек қызметінен табыс алуын қамтамасыз ету функциясын атқармайды.  
Экономикада  іске  асырып  жатқан  қайта  құру  жəне  акционерлік  меншік  формаларының  пайда 
болуына  байланысты  қалыптасқан  еңбек  қатынастары  табиғатына  нақты  анықтама  берілмеген 
еңбек  заңдылығында  бейнеленбеген.  Жеке  жəне  кооперативті  кəсіпорындар  жұмысшыларына 
еңбек  кепілдігін  беру  мəселесі  өзекті  болып  отыр.  Олардың  көпшілігінің  билікте,  саудада, 
қоғамдық тамақтануда, тұрмыстық қызмет көрсетуде өкілетті орындары жоқ.  
Еңбек  қатынастары  сферасындағы  өтпелі  кезең  бірнеше  негативті  жағдайларға  алып  келді, 
еңбек  құқығын  бұзудың  көбеюі  жəне  оны  орындауға  мемлекеттік  бақылаудың  əлсіреуі.  Ең 
алғашқы орында халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мəселесі тұр, ол азаматтардың өмір 
сүру  жағдайын  жақсартудың  басты  шарты  болып  табылады.  Бұл  айдың  жəне  жасырын 
жұмыссыздықтың  өсуімен  бейнеленеді.  Жасырын  жұмыссыздықтың  жұмысшыларды  қайта 
мамандандыру  үшін  олар  одан  əрі  рационалды  пайдалану  мақсатында  қолданылмайтындығы 
қауіпті деп саналады.  
Жұмыссыздардың  адрестік  жəне  əлеуметтік  бағытталған  мемлекеттік  қолдау,  жұмыссыздық 
жəрдемақысы  мен  өмір  сүру  минимумының  көлемін  сəйкестендіру  мəселесі  өзекті  болып 
табылады.  
Бұл  жағдайда  еңбек  қатынастары  сферасында  мемлекеттің  əлеуметтік  саясатының  басты 
бағыттары төмендегідей болады:  

 
мемлекеттің  еңбекақы,  еңбек  режиміне  кепілдендіру  саласында  заңның  орындалуына 
бақылау жүйесін қалпына келтіру жəне нығайту; 

 
халықаралық  еңбек  ұйымының    (ХЕҰ)  жалдамалы  жұмысшылардың  құқығының 
халықаралық стандартын белгілейтін конвециясын ратификациялау; 

 
жаңа еңбек  заңын, ұжымдық еңбек  туралы, кəсіподақ  мəселесі  туралы  жəне т.б. заңдарды 
қолдау [5].  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет