Арақашықтық - интервал деп биіктігі әр түрлі екі дыбыстың ара қашық-тығын айтамыз. Олардың өздеріне тін аттары бар: секунда - екі, ең жақын екі дыбыстың ара қашықтығы, терция - үш дыбысты қамтиды, кварта - төрт дыбыстан, квинта - бес дыбыстан, секста - алты дыбыстан, септима - жеті дыбыстан, октава - сегіз дыбыстан алынып, екі дыбыстың арасын мелодия-лық үнмен жалғастырады. Арақашықтықтың мелодияға беретін әсемдік қасиеттері шексіз. Мысалы, «Қазақстан Республикасының әнұраны», «Интернациянал» мен «Морсеьеза» әндері де осы төрт дыбыстан басталады. Қазақтың халық әні «Япурай» екі дыбыстықтан басталса, композитор «Қы-зыл сарафан» романсы алта дыбыспен, сазгер А.Жұбановтың «Қарлығашы» бес дыбыстықпен әуендете жөнеледі. Саздық - лад деп тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндеуінен пайда болған үндеу қатынасын айтамыз. Жоғарыдағы айтқан негізгі дыбыстар тұрақты және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Әрбір мелодия сол тұрақты, тұрақсыз дыбыстардың байланысынан түрады. Түрлі әндерді ырғағына келтіріп ойнау үшін оның заңдарын білу керек болады. Біздің күнделікті айтып жүрген әндеріміз, тыңдап жүрген музыкалық шығармаларымыз көңілді, шатты, марш екпінімен, көтеріңкі немесе көңілсіз, күңгірт, қайғылы және мұңды болып орындалады. Міне, осыған байланысты музыкада негізгі екі саздық бар. Біріншісі - мажор (қатаң) дыбыстар үндестігі арқылы шатты сезімді, ашық көңілді білдіретін саздық. Екіншісі - минор (ұяң) дыбыстар үндестігі арқылы күңгірт, жұмсақ, мұңды ой туғызатын саздық. Глинканың “Руслан және Людмйла” операсы-ның увертюрасы, Бизенің “Кармен” операсының увертюрасы, Хамидидің “Қазақ вальсі” мажор ладтарымен жазылса, Чайковскийдің “Алтыншы симфониясының” соңы, Вердидің “Травиата” операсының кіріспесі, Абайдың “Қараңғы түнде тау қалғып ”, Соловьов - Седойдың “Москва маңындағы көшелер” сияқты шығармалары минор саздығымен жазылған.
Көп дыбыстық - гармония және аккордты көп дыбыстардың бір - бірімен үндесуін айтамыз. Мелодияға көркемдік үн беретін - гармония. Ертеден келе жатқан қазақтың музыкалық халық шығармашылығы жеке дауысты ән, домбырада екі, үш дауысты ән, күй болып келсе, қазіргі ойналып жүрген әндер мен күйлер, музыканың негізгі бір әсемдік тірегі гармониямен үндесіп, бояуы қоюлай, әсемденіп ойналып жүр. Мысалы, жеке дауысты марияның “Дударай” атты әнінің негізімен жазылған сазгер Е.Брусиловскийдің симфо-ниялық поэмасы оркестрдің ойнауында сол гармониялық әсем дыбыстардың көмегімен ойды толық білдіретін үлкен көркемдік шығарма болып естілеті-нін тыңдай түсінеміз. Күнделікті естіп жүрген әндер мен хорларды немесе аспаптарға арналып жазылған түрлі шығармаларда бірнеше аккордтардың қосындысын байқаймыз. Олар бір – бірімен өз заңдарына бағынып, өте тығыз байланысты болып отырады. Осы аккордтардың байланысының арқасында бізге естілетін әндер, хорлар, музыкалық шығармалар көп дауысты әсем ән-дердің қосындысы сияқты тыңдалады. [9]
Музыкалық шығармалардың барлығына кең дауыс, әсем үн беріп тұрған музыкалық әсемдік тілінің бірі - гармония. Гармония үлкен - кішілі музыка-лық шығармалардың эмоциялық жалынды мазмұнын терең түсініп сезінуге көмек береді. Сазгер Григтің “Пергюнт” атты драмасынан Соловейдің әнін гармониялық сүйемелдеу аккордынсыз ойнап, тыңдасақ, құлақ құрышы қанбай, көп кемшілікке әкеліп соғатыны сөзсіз. Ал сол секілді П.И.Чайковс-кийдің “Неаполитандық әннің” мелодиясын жеке ойнап көріңдер. Ал осы автор жазған гармониялық сүйемелдеу аккордтарымен ойнасақ, әннің тамаша мелодиясының ролі одан әрі арта түседі, адамға шабытты ой туғызады. Адам музыка үніне тербеліп шаттыққа бөленгендей болады. Күнделікті пайдаланып жүрген аккордтар екіге бөлінеді:
1) аккорд үндерінің үйлесуі ,
2) акорд үндерінің үйлеспеуі.
Осы аккордтың бірінші бөлімі құлаққа өте жағымды, сүйкімді болып келсе, екіншісі құлаққа жағымсыз, сүйкімсіз болып естіледі. Сондықтан аккордтар мелодиямен өзара тығыз байланыса отырып, адам сезіміне әсер етеді. Сол себептен де гармонияның музыкалық шығарманы әсемдеудегі орны өте үлкен де, түрлі образдарды көрсетуге атқаратын орнының шегі жоқ екені даусыз. Биіктік - тональность деп саз дыбыстарының өзара бірлестігінің қандай биікте тұрғанын білдіретін ұғымды айтамыз. Қандай музыкалық шығармалар болмасын, әр уақытта бір биіктікте мажорлы немесе минорлы болып келеді. Музыкалық шығарманың биіктіктерінің аты сол шығарманың ішіндегі дыбытардың негізгі тұрақтылықтарының атымен аталады. Мысалы, Шопеннің ноктюрні до - минор биіктігінде десек, бұл шығарманың негізгі тұрақты дыбысы до болады да, саз жағынан минорлық саз болады. Міне, музыкалық шығармаға әсем және көркемдік сән беріп, оны толықтырып отыратын әсемдік тілдің биік шыңы боп есептеледі.
Ырғақтың музыкада атқаратын орны өте жоғары. Біздің күнделікті ай-тып жүрген немесе естіп жүрген әндеріміздің дыбысын бір қалыпты ұзақтықпен айтатын болсақ, ол ән емес, ешбір мелодияға ұқсамайтын жай дыбыстар жиынтығы болып шығар еді. Осыған орай, әрбір мелодияны құратын дыбыстар ырғақ жағынан түрлі ұзақтықтарда болып келуі заңды-лық жай. Адам сөйлегенде, жүргенде, өзінің үйренген сөз ырғағымен сөйлейді, жүреді. Жазушы өлең шығарғанда немесе өлеңді дауыстап оқы-ғанда, әр уақытта сол өлеңнің ырғағымен оқиды. Екінші сөзбен айтсақ, ол - ырғақпен сөйленіп, ырғақпен оқылып тұр деген сөз. Ал сол секілді, музыка-ның да өзіне тән ырғағы бар. Айтылып немесе ойналып жатқан музыкалық шығармаларды зер сала тыңдап отырсаңыз, онда қатты және жай шығатын дыбыстар қосындысын байқайсыз. Осы қатты және жай шығып тұрған дыбыстар такт деп аталатын бір бөлшектің ішінде болып келеді. Көпшілікке жақсы таныс вальстің ырғағын байқасақ, ол әр уақытта үшке саналады да, бір, екі, үш деп айтылып, бірге келетін дыбыстың күштілігі, екі үштік ыбыстардан қаттырақ шығады. [10]
Музыка үйренуге негізгі көңіл аударатын нәрсенің бірі - ырғақ. Адамның күнделікті өмінрінің бәрі әр түрлі ырғақтан тұрады. Адам жүрісінің, сөзінің қозғалыстарын нотаға түсіретін болсақ, музыка ырғағы әртүрлі болып келеді. Мысалы, бұған М.И.Глинканың “Камаринская ” атты симфониялық поэмасы мен М.Төлебаевтың “Біржан – Сара ” операсының би екпінін салыстырсақ та жеткілікті. Ырғақ музыкалық шығарманың тамыры деп аталады. Ырғақты теңіз толқынымен салыстыруға болады. Ол да тынымсыз. Үлкен, кіші жай, екпінді болатыны секілді ырғақта ұзақ, қысқа дыбыстардан тұрады. Сазгер Шопеннің “Вальсі” мен Глинканың “Иван Сусанин” операсынан “ Краковяктың ” ырғақтарын мысалға айтуға болады. Музыкада ырғақ пен музыка бір – бірімен өте тығыз байланыста болып келетіндіктен, оның ерекшелік қасиетіне тоқталып өтуге тиістіміз. Жылдамдық, шапшаңдық - темп деп музыкалық шығарманың ойнау жылдамдығы, желісін айтамыз. Сазгер қандай музыка жазбасын, әр уақытта оның ойналу немесе айтылу жылдамдығын шығарман басында көрсетеді. Музыкалық шығармалардың ойналу барысында жылдамдық өте көп болғанмен, олар негізгі үш бөлімге бөлінеді. Бірінші - өте жай салмақпен ойналатын шығармалар. Екінші – орта жылдамдықпен орындалатын, үшінші - шапшаң және тез жылдамдық-пен орындалатын шығармалар. Жоғарыда айтылған үш түрлі жылдамдық-тардың өзі бірнеше бөлімге бөлінеді. Музыкалық шығарманы сазгер көрсет-кен жылдамдықпен ойнауы шарт. Себебі сазгердің тыңдаушыға айтайын деген түпкі ойы бұзылмас үшін , автордың өзі көрсеткен жылдамдығында орындалған жөн. Ал автордың көрсеткен жылдамдығынан тыс кету ойнала-тын шығарманың мазмұнын, көркемдік қаблеті мен идеясын төмендетіп жібереді. Мысалы, сазгер Брусиловскийдің “Шолпан” әні орта екпінмен орындалатын болса, біз оны екі рет жайлатып орындайтын болсақ, оның тіпті әндік қасиеті қалмайтыны сөзсіз. Сол секілді Құрманғазының “Алатау” атты күйі жай салмақпен, Алатаудың образын домбыраның үнімен көрсетсе, ал “Балбырауын” күйі жылдам екпінмен ойналып, қазақтың ертеден келе жатқан ойын - сауықтары “ат шаптыру ”, “бәйге”, “көкпар тарту”, “теңге алу”, “қыз қуу”, т.б. күй ішінде араласып жүргендей болады. Бұл екеуінде жылдамдықтың екі түрлі екенін көреміз. Бұл жағдай адам сезіне екі түрлі әсер етеді. Ол - жылдамдықтың, шапшаңдықтың арқасында іске асады. [11]
Сыр, әсем - тембр деп музыкалы аспаптар мен адам дауыстарының өзде-ріне тән әсемдік ерекшеліктерін айтамыз. Қандай да музыкалық аспаптар болмасын, оның өзіне тән әсемдік ерекшелігі бар. Атап айтсақ, қобыз бен домбыра, фортепиано мен аккардион, балалайка мен гармон, труба мен кларнеттің өздеріне тән дыбыс әсемдігін тіпті музыканы түсінбейтін адам-ның өзі де ажыратып бере алады. Музыкаға мәнерлі үн беретін қасиеттің бірі - сыр, әсем. Ал адам даусына келетін болсақ, мұнда да сондай; әрбір адамның өзіне тән әсемдік ерекшелігі бар. Атап айтсақ, қазақтың халық арти-сі Күләш Байсейітованың тамаша даусын радиодан тыңдаса, екінің бірі бұл айтып тұрған - Күләш деп таниды. Сазгер үлкен-кіші дауысқа немесе музыка аспаптарына көркемдік шығарма жазғанда, үнемі белгілі адам дауыстары мен музыка аспаптарының әсем ерекшеліктерін еске ала отырады. Мысалы, Моцарттың “Свадьба Фигаро” атты операсындағы Фигароның ариясы орташа дауыс баритонға (еркектің орта қоңыр даусы) арналып жазылса, Чайковскийдің “Пиковая дама” операсындағы Лиза мен Полинаның дуэті сопрано (әйелдің жіңішке даусы) мен контралетке (әйелдің жуан даусына) арналыпжазылған. Ал, симфониялық, халық аспаптар оркестрлеріне орында-латын музыкалық шығармаға қатысты барлық аспаптардың сыры бар. Сондықтан үлкен оркестрді “Әсемдіктің энциклопедиясы” деуге болады. Міне, осы жоғарыда айтылған оркестрлік үлкенді - кішілі музыкалы аспап-тардың әр біреуіне тән оркестр үніне қосылып, ерекше зор әсемдік пайда болуын әзірлеп береді. Егерде радиодан симфониялық оркестр, қазақтың халық аспаптар оркестрі, орыс халқының оркестрі мен өзбек халқының оркестрі ойнайтын болса, тыңдаушы көп ойланбай – ақ, әрбіреуін ажыратып айтып бере алады. Себебі осы айтылған оркестрлердің өзіне тән оркестрлік дыбыстар сыры бар.Соның арқасында біз оларды тез ажырата аламыз. Осы секілді хорда және түрлі оркестрлік ансамбльдерде өздеріне тән жалпы дыбыстар сыры болады. Әсемдік үннің адамға әсер ететін орны күшті. Дауыстың төмен, орташа, биік болуына қарап, шығарманың мазмұнын да ажырата аламыз. Әрқайсысы сезімге әр түрлі әсер етеді. Біз күнделікті өмір-де адамдардың бір – бірімен тілдесіп сөйлесетінін білеміз. Адам сөйлескенде аздыкөпті сөздерді, сөйлемдерді пайдаланады. Музыканың негізгі, мелодия-ның құрылысы да дәл осындай болып келеді. Музыканы тыңдап отырып, мелодияның өзі бірнеше бөлімдерден құралатынын байқаймыз. Музыкалық тілмен айтқанда, осы мелодиялардың бөлімдерін бөлшек деп атаймыз. Мело-дияның әсемділігі мен көңілгеқонымдылығы, сезімділік әсері сөйлемнің құрылысына байланысты болып отырады. [12]
Музыкалы күрделі аспаптарға жазылған шығарманың мелодиялық сөйлем-дер жеке дауысқа жазылған әннің сөйлемдерінен қиындау екенін байқаймыз. Ал тыңдаушы ойналып жатқан шығарманы қандай бөлшекке бөліп және оларды қалай ойнайды деген сұрақ беруі мүмкін ? Бұл сұраққа қысқаша жауап берсек, сазгерлер шығарманы жазғанда, түрлі сөйлемдерді сол өзінің ойлағанындай ойналсын деп әртүрлі музыкалы сөздіктер мен белгілеп көрсе-теді. Мысалы, “жай”, “қатты”, “жылдамдата”, “жайлатып”, “екпіндете”, “ өте жай”, “өте жылдам”,“әндете”, “жалынды”, “қайғылы”, “жүрекпен”, т.б. ойналатын сөздер жазып көрсетіп отырады. Екінші бір айта кететін жағдай, осы жоғарыда айтылған музыкалық сөздіктер көпшілігінде латын тілінде жазылады.