Наханов Жамбыл дипломдыќ жўмыс


Мысалы: ленто - жай, лярго - кеңінен, анданте - салмақпен, асықпай, аллегретто - жылдамдата, аллегро - тез



бет17/26
Дата10.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#91695
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
dip -muzyka-tyndaudyn-manyzy-men-maqsaty 2

Мысалы: ленто - жай, лярго - кеңінен, анданте - салмақпен, асықпай, аллегретто - жылдамдата, аллегро - тез, престо - өте жылдам деп жазы-лады. Міне, әрбір орындаушы шығарманы орындар алдында сазгер жазған музының нотасын жақсылап үйреніп, автор көрсеткен барлық белгілерді дер мезгілінде іске асырып, ойнай білуі шарт. Сөздің соңында музыканы тыңдай, түсіне білуге жаттықтыру қамы. Ол үшін әр тыңдаушы – музыканы сүйіп тыңдап, жоғарыда айтылған музыканың көркемдік қасиеттерін білуі қажет. Музыканы тыңдап отырып , сол көрсетілгендей етіп музыканың әсемдік тіл қасиеттерін сезіп – байқаймын деуге болмайды. Бірақ осы айтылған кеңес-терді еске сақтау керек. Мысалы, дауысқа жазылған әндер мен хорға және үлкенді - кішілі музыкалық аспаптарға арналып жазылған шығармаларды тыңдап отырып, мелодиясының дамуын, гармония мен полифониялық әсемдік дыбыстар үндестіктерінің өзгеруін, қандай ырғақ пен жылдамдық-тарды және кейбір әсемдік қасиеттерін байқап, жалпы идеясын түсінген дұрыс. Сонда ғана адам музыка тыңдауға машықтанып алады да, орындау-шыға сын көзімен қарайтын болады. Орындалу тәртібін бақылаймын деп отырып, музыканың өне бойына терең бойлап кеткенін сезбей, музыка аяқталғанда рақаттанып, көңілденіп, риза болып қалады. Шынында музыка-лық сөздіктер мен әсемдіктерді, дауыс сыры мен ойналу, айтылу жылдам-дығын жақсы білген, тыңдап түсінуге жеңілдік туғызады. Әр адам, дауысты мелодияны түсіне білуге, жай әннен күрделі шығармаларды ажырата білуге міндетті. Музыка шығармаларының жанрлары көп. Ерте уақыттан келе жатқан жыраулық ән, айтыс, толғау, терме, жар - жардан бастап опера мен оркестрлік үлкен концертке дейін дамып жетілген жанрларымыз бар. Әрине, бұлардың бірқатары дүние жүзілік классикалық музыкалардың үлгі - өнеге ала дамыды. Сондықтан қазақ музыкасының өрістеуіне үлгі - өнеге болған классикалық және дарынды талан иелерінің шығармаларына да тоқталып, олардың өзіндік көркемдік құнын ашқан жөн. [13]
Музыка тілі-өнердің басқа салалрымен салыстырғанда күрделі тіл. Оның күрделілігі музыкалық шығармаларды мәнерлеу құралдарын, бейнелер мен суреттеулерді әдебиет, бейнелеу өнері мен театрдағыдай көрнекі түрде, көзбен көре алмайтындығымызда.
Музыка өнерінде айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Сондықтан музыканы қабылдауды оқушылардың бойында қалып-тастыру елеулі қиындықтар тудырып, жан-жақты ойластыруды қажет етеді. Музыка таза сезімге яғни эмоцияға әсер ете отырып, адамның қиялымен көңіл күйіне байланысты қабылданады.
Бүгінде білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка саласында да дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойы-лып, жаңартылған музыка бағдарламалары жасалуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында ұлт мәдениетіне көңіл бөлу, ұрпақ тәрбиесіне бағытталған халықтық педагогиканы зерделеу және оның дәстүрлерін орта мектептер мен орта және жоғары оқу орындарында пайдалануға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жазу ісінде шұғыл бетбұрыс басталды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен байланысты қоғамы-мыздағы экономикалық, саяси-тәуелсіздік мәдени өзгерістер жүзеге асуда. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы қабылданып, еліміз-дегі барлық жалпы орта білім беретін мектептерге арналған білім мазмұны айқындалуда. Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық мәдени мұра сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу арқылы әрқайсысының жеке тұлғалық саналарын жан – жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады.
Бұл аса маңызды педагогикалық мәселелер Ел басы Н.Ә.Назарабаевтың
«Қазақстан – 2030» халыққа жолдауында, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие», «Этномәдениет тәрбиесі», сияқты құжаттарда: «Білім беру жүйесінің міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны – Қазақстан Респуликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулау, қазақ халқы мен республи-каның басқа халықтарының тарихын, әдет–ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілін меңгеру»,- деп айырықша атап көрсетіл-ген. Бұқаралық ақпарат құралдарының жас ұрпақтың тұлғалық бейнесіне ықпал ету мүмкіндігінің артып отырған кезеңде оқушыларға рухани - мәдени тәрбие берудің зәрулігі барған сайын айқындала түсуде. Бұл мәселе Қазақстан Респубикасы әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасында Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы сияқты мемлекеттік құжаттарда көрініс тапқан. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп Реформасының негізі бағыттарында: «Әсемдік сезімін дамы-ту, жоғары эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші бар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстети-калық мүмкіндіктері жақсы пайдалан-сын»,- делінген. Мұнда өнер туынды-лары жас ұрпаққа көркемдік жайында білім берумен қатар адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру мәселесін жетілдіруде ықпалды тәрбие құралы ретінде қаралып өнерге ерекше көңіл бөлу талабы қойылған. Өнер шығарма-ларының идеясы жас ұрпаққа заманымыз бен замандастарымыз, олардың еңбектегі табыстары ой – арманы мінез – құлқы, адамгершілік қасиеттері туралы мәліметтер береді.Осыларды қабылдау арқылы, эстетикалық талғамы дамиды, өмір құбылыстарының мәнін ұғынып оған үңіле байыппен қарауды үйренеді, адамгершілік қасиеттері мен мінезқұл-қы қалыптасады.
Білім берудің бүкіл жүйесін қайта құру жағдайында бұл маңызды мінде-ттерді іске асыру үшін оқыту мен тәрбиенің жоғары сапасына қол жеткізетін білімнің жаңа ұлттық үлгісін жасау және дамыту көзделіп, ұлттық мәдениеттке, халықтық дәстүрге, олардың тарихы мен даму жолдарына қайта оралып, өнер мен мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр. Республикамыз егемендік алып жатқан жағдайда халқымыздың рухани өміріне қазақ халқының мәдени, тарихи мұралары қайта оралып жатқаны мәлім. Ол мұралардың қатарына халық музыкалық шығармашылығын толығымен жатқызуға болады. Сондықтан жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие ісінің мазмұны да жеткіншектің әр жақты дамуына даңғыл жол ашатын оны дүниежүзілік прогрестің жетістіктерімен қоса өз халқының ғысырлар бойы тұнып тұрған рухани мөлдір бұлағынан сусындатып, адамзат мәдениетінің биігіне жетелейтін сан – салалы әрі терең мағналы болуы шарт. Қазіргі заман білім беру жүйесінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі - ұлтық музыкалық өнерді одан әрі дамыта отырып, оқушылардың ұлттық танымы мен білім деңгейін көтеру қажет.
Егеменді еліміз, бүкіләлемдік эканомикалық мәдениет пен өнер саласындағы және информациялық болашағы – жас ұрпақтың, өнер арқылы, көркемдік білімі мен шығармашылық ой-өрісін, рухани мәдениетін «сұлулық заңдылықтарын» сәйкес дамыту, ұлттық педагогика негізінде-туған халық-тың тағылымдықдық салт – дәстүрлерін игерте отырып, ізгілікке, әдептілікке, туған ел мен жер тарихына, мәдениетіне деген өркениеттік көзқарасын тәрбиелеу, балабақшадан бастап, білім мен тәрбие беретін педагогикалық мекемелердің алдындағы кезек күттірмейтін өзекті мәселелер. Халыққа білім беру жүйесіне ұлттық мәдениетті енгізуге әлеуметтік қажеттілік туып отырғаны айқын. Сонымен бірге педагогикалық ғылым шеше қоймаған қайшылықтарда бар. Атап айтқанда: қазақ халық музыкалық шығармашы-лығының педагогикалық мүмкіндіктері мен оны мектеп жасына дейінгі мекемелерде пайдаланудың қазіргі деңгейі арасындағы; қазақ халық музыкалық шығармашылығын пайдалана отырып балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие беру үрдісін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамассыз ету қажеттілігі мен ондай жағдайдың тәжірибеде жасалмай отырғандылығы арасындағы қайшылықтар. Ұлттық сананы көтермей, жетілдірмей тұрып, ұлтымыздың рухын көтеру мүмкін емес. Ол үшін жас ұрпақтың ана тіліне, туған елінің рухыни мәдениетіне, өнеріне, бүкіл данышпандығын бойына жинақтаған ұлтымыздың эстетикалық, этикалық дәстүрлеріне деген ұлттық санадағы сапалы қатынасын тәрбиелеуіміз жөн. Халықтық дәстүрлі өнер, бейнелеу, би, музыка т.б. өнер түрлерін арқылы көркем - эстетикалық тәрбие жүйесін-этноэстетикалық, этнопедагогикалық тәрбие негіздерімен ұштасты-ры жүзеге асыру, жас ұрпақты ұлттық мәнде тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешуге зор ықпал жасайды. Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, көркемдік мәдениеті өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру, мектеп оқушысының әсемдікті түйсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан, мектепте қазақтың ұлттық музыкалық өнеріне деген қызығушылықты қалыптастыруда музыка жанрларының сан-алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді. Тікелей қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің әр түрлі салалары арқылы оқушыларға музыкалық–эстетикалық тәрбие беру проблемасын да бірқатар ғалымдар зерттеген. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына музыкалық – эстетикалық тәрбие беру Қышқашбаев Т.Ә, бастауыш сынып оқушыларының халық аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастыру өз еңбектерінде қарастырған.
Сонымен бүгінгі күннің кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелерінің бірі ретінде баланы музыкалық өнердегі, ерекшелікті сезіне білуге баулып, оның музыка шеберлерінің шығарған әсем де сырлы ән-күйлеріне үңіліп, сол өнерге деген қызығушылығын, талғамын талғамын қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Демек, жас жеткіншектердің қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіні ақиқат. Сол себептен жоғарыда айтылғанның негізінде оқушыларға музыкалық тәрбие беруде бұл мәселені шешуге жағдай жасау керек екендігін дәлелдейді. Осы аталған қажеттіліктер-дің шешімін табу біздің зерттеу проблемамызды анықтап, диплом жұмысы-ның тақырыбын: «Музыка сабағының тәрбиелік мәні» деп таңдауымызға себеп болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет