Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Ж.Әбдірәшевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы лирикалық кейіпкердің бейнесін талдап жазыңыз



бет20/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Жаратылыстану-метематикалы ба ытта ы эссе жиынты ы «Адамзат бал

22. Ж.Әбдірәшевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы лирикалық кейіпкердің бейнесін талдап жазыңыз

Жарасқан Әбдірашев – қазақ әдебиетінде, әсіресе поэзия жанрында, өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті қазақ ақыны. Ақынның «Дала, сенің ұлыңмын» атты поэмасы ақын шығармашылығындағы ең кесек туындыларының бірегейі. 1975 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген бұл туынды «Туған дала... Сенсің биік тұғырым! Сенсің менің абыройым, мақтаным!...» -деген асқақ үнмен басталады. Поэмада туған даласы туралы жырлаған лирикалық кейіпкер, бас қаһарман – автордың өзі. Осы поэмасындағы лирикалық кейіпкердің бейнесін талдап, ашып көрейік.


Жалпы «дала» - поэтикалық образ және символдық бейне болып саналады. Бұл бір ғана, 4 әріптен ғана тұратын сөздің астарында бүкіл қазақ даласы, кең байтақ Отанымыз, байтақ өлкеміз деген ұғым толығымен сиып кеткен. Ақын аталмыш поэмасында:
Бірге жылап,
Бірге күліп ұлы елмен,
Кең төсіңде мәңгі бақи жүрер ме ем!
Ол да – жалғыз,
Сен де – жалғыз,
Бірақ та,
Оны – сен деп,
Сені – ол деп білем мен! – деп лирикалық кейіпкерді ақын даламен егіз етіп бейнелейді. Ақынның лирикалық кейіпкерді оқырманға танытуда қолданған тәсілдері, асқақ үні, ақынның пафосы өзгеше әрі ерек. Бұдан әрі ақын:
Туған дала,
Менсіз талай қамалдар
Алыныпты!...
Сенің арың –
Маған да ар, - деп лирикалық қаһарманның асқақ бейнесін ерекше танытады. «сенің арың – маған да ар» - деген жолдар арқылы шығармадағы лирикалық кейіпкердің өзі екенін оқырманға танытады. Ақын поэмасында «кешір мені, кеш келіппін өмірге!» - деп өкініш білдіреді. Алайда, Жарасқан ақын көне замандардағы әл-Фарабилардай білім-ғылым іздеп қиырға сапар шекпей ақ, Махамбет,Амангелді батырлардай ақ білектің күшіне, ақ найзаның ұшына сеніп жауға шаппай ақ, атақты Рақымжан атамыздай Рейхстагқа ту тікпей ақ халқының қалаулысына, елінің елеулісіне айнала алды. Ақынның жан тебірентер рухты жырлары, парасатты поэзиясы туған халқы мен ақынды байланыстырар алтын көпір болды десек, қателеспейміз. Аталмыш поэмасында ақын туған даласы үшін көп нәрсе істей алмай өкінгендігін білдіру арқылы лирикалық қаһарманды, яғни өзін алдыңғы планға шығарып, лирикалық кейіпкер бейнесін тартымды аша түседі.
Қорытындылай келе, Жарасқан Әбдірәшев – «ұлы даланың» тарау-тарау тарихын, тарам-тарам болған ауыр да азапты жолын түсініп, туған даласының алдындағы, туған Отанының алдындағы балалық, перзенттік парызын асқан жауапкершілікпен сезіне алған ақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет