АММОНИЙ ХЛОРИДІ
1) Формула, әсер етуші заттың %-дық мөлшері.
NH4CI . Құрамында 24-25 % азот бар
2) Алу:
Сода өндірісінде алынады :
NH3 + CO , + H , 0 + NaCI = NaHCO3 + NH4CI
3) Физикалық қасиеттері:
Ол жақсы физикалық қасиетімен ерекшеленеді : ақ түсті , майда кристалды , суда жақсы еритін , гигроскопиялығы төмен , сақтағанда Онығыздалмайтын , физиологиялық қышқыл тыңайтқыш
4) Топырақтағы өзгеруі, олардың айналымы.
Хлорлы аммоний тыңайтқыштарды әр түрлі топырақтарға қолдануға болады. Бірақ физиологиялық қышқылды тыңайтқыштар болғандықтан, оларды бейтарап және сілтілі реакциялы топырақтарға енгізген тиімді. Қышқылды шымды-күлгін топырақтарда аммиакты тыңайтқыштардың тиімділігі төмендейді. Сондықтан енгізер алдында топырақтарды әктейді немесе аммоний сульфаты мен хлорлы аммонийге бор, әк, доломит қосып, бейтараптайды (1 ц тыңайтқыш: 1,3-1,4 ц CaCO3).
Топыраққа енгізгеннен кейін хлорлы аммоний тыңайтқыштары топырақ ерітіндісінде тез ериді, ал NH4 ионы топырақтың қатты фазасының иондарымен алмасу реакцияларына түседі. Еріген аммоний катиондарының едәуір бөлігі топырақ сіңіру кешеніне кіреді. Нәтижесінде иондардың эквивалентті мөлшері топырақ ерітіндісіне ығыстырылады.
Осы процестің нәтижесінде аммоний ионы жылжымалығын жоғалтады және өсімдіктерге жақсы сіңеді.
Аммоний иондарының барлығы өсімдіктерге сіңбейді, қалғандары нитрификация нәтижесінде нитраттар түріне айналады. Нитраттар өсімдік тамыр жүйесіне биологиялық сіңіру арқылы оңай енеді.
Нитрификация процесі топырақта азот қышқылының түзілуіне және тұз және күкірт қышқылдарының бөлінуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |