ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
153
дарламасы бойынша оқушылардың білім-
ділігін тереңдетеді және де пәнге деген қы-
зығушылығын аттыратыны сөзсіз.
Тарих сабағында ақпараттық – ком-
муникациялық интерактивтік технология-
ларды қолдану – жеке тұлғаның ақпа-
раттық – коммуникативтік құзырлығын қа-
лыптастырудың негізі болып табылады,
сонымен қатар, ақпараттық технология –
қазіргі компьютерлік техника негіздерінде
ақпараттарды жинау сақтау өндеу және
тасымалдайтын
математикалық
және
кибернетикалық тәсілдер мен техникалық
құралдар жиынтығы.
Ақпараттық – коммуникативтік тех-
нологияның оқу үрдісіндегі функция-
ларына оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпарат-
тық болжамдау және шығармашылық қа-
білеттерді дамыту болып табылады. Оқы-
тудың ақпараттық – коммуникативтік және
интерактивтік технологияларының бағыт-
тарын 4 бөлікке бөлуге болады: а) элек-
трондық
оқулықтар;
ә)
телекомму-
никациялық технологиялар; б) мультиме-
диялық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтан оқыту (басқару) Интернет.
Сабақта ақпараттық технологияны
пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын
арттырып, білім берудің табысты болуын
ықпал етеді. Ақпараттық – комму-
никативтік технологияны барлық деңгейде
жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақ-
тарда алған білімге талдау жасай білегі.
Ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін
қалыптастырып және өз бетінше жұмыс
істеуге дағдыландырады. Оқушының ком-
пьютерде жұмысты салауатты орындауы
ақпарат көздерін ала білуі жеке тұлғаның
қалыптасуына әсер етеді. Ақпараттық –
коммуникативтік технологияларды пайда-
ланып өткізілетін сабақтарды жоспар-
лаудың талаптары: ақпараттық – комму-
никативтік технологиялармен жұмыс істей
білуге үйрету, тарих пәніне деген қызы-
ғушылығын туғызу, өз бетінше орын-
далатын жұмыстарға жауапкершілікпен
қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеу-
ге, үйрету. Өзіндік пікір, тұжырым келтіру,
салыстырмалы жұмыс істеу, тұжырымын
дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру
болып табылады.
Ақпараттық технологияларды пайда-
ланып оқытудың артықшылықтары:
1) оқу үрдісіндегі тақырып шеңбе-
ріндегі мәліметтер көлемі кеңейеді;
2) білімге қашықтықта орналасқан әр
– түрлі оқу орындарында отырып қол жет-
кізуге болатындығы;
3) оқу жүйесіндегі көп деңгейді же-
тілдіруі олардың оқу сапасын артты-
ратындығы;
4) білім алушының өз бетінше және
топпен жұмыс істеуіне мүмкіндік ала-
тындығында;
5) білім алушының танымдық іс-әре-
кетінің күшеюі, өздік жұмыстарды тез
орындау мүмкіндіктерінің артуы болып та-
былады.
Жалпы оқу процесінде компьютерлік
технологияны қолдану оқушы шығарма-
шылығын арттыра отырып, ақпарат көзде-
рін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына
зор үлес қосады. Компьютер оқушы үшін
қоғамды, қоршаған ортаны танудың табиғи
құралы болып табылады.
Сонымен қатар оқыту құралдарының
бір түріне электрондық оқулықты жатқыза-
мыз. Білім беруде электрондық оқулықты
пайдалана отырып, үлкен жетістікке жетуге
болады. Электрондық оқулықты пайдалана
отырып екі жақты білім алады: пәндік және
компьютерлік білім. Осылайша оқушы өз
бетінше шығармашылық жұмыс жасап,
теориялық білімін практикамен ұштас-
тырады. Сонымен қоса қосымша мәлімет-
тер алып,алған мәліметтерін есіне жақсы
сақтайды (компьютерден көргендіктен), өз
бетімен жұмыс жасауға ынтасы артады.
Электрондық оқытудың нәтижесі:
алған білімін өзі тексереді; түрлі ақпарат-
тық анықтамалар; сараманды тапсырмалар
орындайды; көрнекілік, сурет, сызбалар,
компьютермен іске асырылады; тест тап-
сырмаларын орындайды; ойлау қабілетін
дамытады; пәнге деген қызығушылығы
артады; оқу бағдарламасы тез меңгеріледі.
Сонымен қатар тарих пәнінде оқу-
шылардың танымдық қызығушылығын,
белсенділігін арттыру мақсатында ойын са-
бақтар, сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық
оқыту, тірек сызбалар, хронологиялық таб-
лицалар құрастыру, тірек конспектілер тә-
сілдері, Венн диаграммасы арқылы жұмыс
істеу әдістерін қолдану арқылы оқушылар
тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бе-
тінше талдап, салыстырып, қорытынды жа-
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
154
сап баға береді.
«Сыни тұрғысынан ойлау» жобасын
пайдалану жаңа оқу мағлұматтарындағы
негізгі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды
оқушылар өздері байқап, талдау жасауына
мүмкіндік алады. Яғни оқушыға білім дай-
ын күйінде берілмей, оқушылар әртүрлі
тапсырмалар арқылы қол жеткізе алады.
Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқу-
шылар мынадай мүмкіндік алады:
- оқытушыдан тәуелсіз өзінің білім
беру қызметін өздері басқаруға;
- білім алуда қажетті іс-әрекетті бел-
сене және өз бетінше орындауға;
- жеке ерекшеліктері мен қабілет-
теріне сәйкес тапсырмаларды өзі таңдап, із-
дестіріп, белсене орындауға;
- тек мағлұмат алумен шектелмей, са-
бақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұх-
бат жүргізуге;
- ой-өрісімен қатар рухани және әлеу-
меттік жағынан өздерін – өздері дамытып,
тәрбиелеуге.
Сын тұрғысынан ойдау бағдарла-
масының әдістері арқылы оқушылардың ой
– пікірлері, дүниетанымы, көзқарасы қа-
лыптасады.
Ж. Қараевтың технологиясына кел-
сек, оқушыны мәжбүрлеп оқыту емес, оқу-
шы өз бетінше ақпаратты іздеп, жеке өзі
шешім қабылдауға дағдыланады. Тақырып
бойынша деңгейлік тапсырмалар беріліп,
оқушының өзіндік даму динамикасы, пәнге
деген ынтасы, ойы, еске сақтау қабілеті,
оқу сапасы арта түседі. Деңгейлік оқы-
тудың ерекшелігі оқушылар бірнеше дең-
гейде жұмыс істей алады.
Бірінші деңгейде - тапсырмалар са-
бақта алған білімге, оқулықтағы мәселерге
байланысты құрылады, сондықтан бұл сұ-
рақтар көп ойлануды қажет етпейді, оқу-
шылар тез арада орындай алады. Екінші
деңгей - жаңа қабылданған білімді пайда-
лана отырып, өз бетімен жұмыс жасау. Бұл
оқушының ойлау, таным дағдыларын қа-
лыптастырады. Үшінші деңгей - оқушы
талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын
атқарады. Яғни бұл деңгейде қосымша әде-
биеттерді пайдалана отырып, дұрыс жауап
табуға дағдыланады. Төртінші деңгейде -
оқушы шығармашылығымен байланысты,
жаңа тақырыпты оқушылар шығармашы-
лық ізденіс үстінде түрлі тапсырмалар
орындайды.
Деңгейлік тапсырмалар бере отырып,
оқушылардың ақыл-ойы дамыды, өзіндік
дүниетанымы қалыптасады, сабаққа деген
ынтасы артады.
Қазіргі оқыту үрдісінде оқушыны
пәнге қызықтыру қатар, саналы ойлауға
тәрбиелейтін, қоғамда өз көзқарасын қа-
лыптастыра алатын, өзінің жеке пікірі бар,
еркін сөйлеп, пікірін ашық айта алатын са-
налы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы
зор. Әрбір ұстаз өз сабақтарын тартымды
өткізіп, түрлендіріп отырып, жаңа техно-
логияларды өз ыңғайына, пәніне лайықтап
қолданып отырса,сонда ғана ұстаз өз мақ-
саттарына жете алады. Мұғалімнің шебер
сабақ беруі ізденіс нәтижесі болып та-
былады.
Қорыта келгенде оқу сапасын арт-
тыру үшін, оқу үрдісінде жаңа технология-
ларды пайдалану қажет. Сабақ беру ба-
рысында тек білім беру, дамытушылық
мақсат қана емес, тәрбиеге зор мән беру ке-
рек, өйткені тәрбиесіз берген білімнің зия-
ны туралы ұлы ғұламалар айтып кеткені
баршамызға белгілі. Оқушының санасына,
сезіміне әсер етпей, оған терең білім мүм-
кін емес, сондықтан да ұлттық тарихы-
мызды оқыта отырып, рухы таза, өз халқы-
ның тарихын қастерлей білетін тұлғаны
тәрбиелеу және білім беру қажет деп тү-
сінемін.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Біздің
міндетіміз - бәсекелестікке лайық ұрпақ
тәрбиелеу», - деген ойын басшылыққа ала
отырып, ұстаздар міндеті қазіргі заманға
сай бәсекелестікке қабілетті, білімді, құзі-
ретті тұлғаны тәрбиелеу керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының 2015 ж.
дейінгі білім беруді дамыту Тұжырым-
дамасы. Егемен Қазақстан, 23 желтоқсан,
2003 ж.
2. Мұхамеджанова С.Т., Жартынова Ж.Ә.
Интерактивті
жабдықтармен
жұмыс
жасаудың әдіс-тәсілдері. - Алматы, 2008.
3. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақ-
параттық технологиялар. - Алматы, 2003.
4.
Ахметова С.Р. Пікірсайыс техно-
логиясын педогогикалық үрдісте пай-
далану. - Семей, 2005.
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
155
УДК 911 : 004
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Нұрбекова Н.С.
Қазіргі заман талабына сай адам-
дардың мәлімет алмасуына, қарым – қа-
тынасына ақпараттық - коммуникативтік
технологиялардың кеңінен қолданысқа
еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде
ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті
шартқа айналып отыр. Келешек қоғамы-
мыздың мүшелері – жастардың бойында
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қо-
ғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Білім берудің маңызды шарты оқу
процесінде оқушылардың пәнге деген қы-
зығушылығын арттыра отырып, өздігінен
білім алу құштарлығын дамыту болып
табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа
жету үшін оқушылардың өз бетінше білім
алу дағдыларын қалыптастыруға бағыттал-
ған ақпараттық-коммуникациялық техноло-
гияны география пәнінде қолданамын.
Жаңа ғасырда білім берудің ал-
дындағы міндет – егеменді еліміздің жас
ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәр-
биелеу. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен
ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұр-
пақты жан-жақты, терең білімді, интеллек-
туалдық деңгейін жоғары етіп қалыптасты-
рудың бірден бір жолы – оқушыға білімді
терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін
іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл
ретте оқытушының терең біліктілігі қажет.
Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі,
берілген білімді меңгертудегі бейімділік,
құндылықты бейнелейтін жалпы қабілет-
тілік.
Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне
оның білімімен және мәдениетімен анық-
талады. Сондықтан, білім жүйесін құру,
қоғамды мына күнде дамып отырған ком-
пьютерлендірілген әлемге дайындау –
бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мә-
селесі.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан
қорғанған адам – ол технология ауысуына
және нарық талабына сай терең білімді, әрі
жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің
ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып
қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта
отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қа-
жеттілік тудыру керек. Еліміздің білім беру
жүйесінің дамуына ақпараттандыру ісінің,
оның ішінде интернет арқылы өздігінен
білім алудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде
интернет желісінде жергілікті аймақтардың
зиялы қауымдары туралы мәліметтер
жеткіліксіз.
Адамның жас шығында жетiлдiрiл-
меген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып
қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақ-
параттық қоғамдағы өмірге балаларды
дайындау үшін олардың тек ойлау қа-
білетін, анализ бен синтез жасау мүмкiн-
дiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту про-
цессiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық
мәдениет элементтерін бойларына сiңiрiп,
ұғындыру керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен
табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ
оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жас-
тар санасын улайтын да нәрсеге айналып
кетуі мүмкін.
Компьютер және ақпараттық техно-
логиялар арқылы жасалып жатқан оқыту
процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін
қалыптастырып, оларды жүйелік байланы-
стар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нә-
тижесінде - өздерінің кәсіби потенциал-
дарының қалыптасуына жол ашады.
Бiлiм беру жүйесі қоғамның әлеу-
меттік – экономикалық дамуында жетекшi
роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай
айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып,
дамуының жалпы шарттары философияның
негiзгi мәселесi – рухтың материяға, са-
наның болмысқа қатынасы тұрғысынан
зерттелетін iлiм таным теориясы деп ата-
лады. Таным теориясының басқа ғылыми
теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол
бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң
жалпы ұстанымдарын, объективтiк қаты-
настарды қалыптастырады
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім
беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сон-
дай-ақ жеке тұлғаның кәсіпшілігінің қа-
лыптасуын және даму болашағының қа-
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
156
жеттілігін анықтайтын әлеуметтік кате-
гория. Білім беру сапасы білім беру меке-
мелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу
қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің
жиынтығы, яғни білім беру мазмұны,
оқыту формасы мен әдістері, материалдық
техникалық базалары, т.б. бойынша анық-
талады.
Ю.К. Бабанский оқытушының сабақ
үстіндегі шығармашылығын 4 деңгейге бө-
леді:
- оқытушының топпен өзара әрекеті,
нәтижеге жетуге ұмтылуы;
- оқытушының сабақтағы қызметі, яғ-
ни жоспардан бастап оқытудың мазмұны,
соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы;
- оқушы шығармашылығын қалып-
тастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;
- оқушылармен өзара қарым – қаты-
наста толық дербестік таныту, оқыту мен
тәрбиелеуде.
Ал, мұның барлығы оқытушының кә-
сіптілігі байланысты болмақ. Ол бірінші-
ден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу бі-
ліктілігі мен қызметінде сапалы көрсет-
кішке жетуі. Екіншіден, практикалық қыз-
метте педагогтің сапалық көрсеткішін зерт-
теу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің, шы-
ғармашыл педагогтің өз қызметіне , оның
нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін
көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау
жасауда:
Неге жеттім? Неге ұмтыламын? Не
кедергі жасайды? сұрақтарын басшылыққа
алуы тиіс.
Педагогтің өз еңбегіне, сапалы көр-
сеткішіне зерттеу және талдау жасау білік-
тілігіне қарай шығармашылық мынандай
деңгейлерге бөлінеді:
1. Ақпараттық – өндірушілік: педагог
басқаның тәжірибесін ескере отырып, нәти-
жеге жету жолындағы педагогикалық мін-
деттерді шешеді, нақты ситуацияларды ше-
шудің тиімділігін талдауды біледі. Бұл пе-
дагогикалық шығармашылықтың төменгі
деңгейі болып табылады.
2. Бейімділік - болжаушылық: педа-
гог өзіне белгілі ақпараттан оқушылардың
потенциялы мүмкіндіктері мен өзіндік жеке
қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет
әдістерін, құралдарын, тәсілдерін іріктеп,
өзгертіп пайдалана біледі. Бұл деңгейде
пәнаралық байланыс, саралап оқыту, білім,
білік дағдыларын меңгерту жұмыстары
жүреді. Бірақ әліде болса оқушының жеке
басын дамытуды оптималды болжау жағ-
дайы жетіспейді.
Бұл педагогикалық шығармашылық-
тың І деңгейі.
3. Ұтымдылық: педагогтің құрасты-
рушылық – болжаушылық қабілеті байқа-
лады, яғни жаңашылдық, педагогикалық
үрдісті мақсатты, ұйымдастыру, педаго-
гикалық міндеттерді шешудің қалыптан
тыс түрлерін қолдану, т.б. Бұл І І деңгейі.
4. Зерттеушілік: педагог өзінің із-
денісінің тұжырымдамалық негізін анықтай
біледі, оларды еркін қисындады. Оның нә-
тижесін зерттеу негізінде өзінің жүйесін
дайындайды. Бұл деңгейде педагог шы-
ғармашылықтың жоғары категориясына
жақын. Бұл педагог өзінің тәжірибесін жи-
нақтай біледі. Егер оны әріптестері мойын-
даса, оның идеясы басқа мұғалімдердің
жұмысында тиімді нәтиже беруі мүмкін.
Бұл педагогикалық шығармашы-
лықтың «жоғары » деңгейі.
5. Креативтік. (шығармашылықты
елестете білу) – болжаушылық: педагог жо-
ғары міндеттерді ұсыну және оларды ше-
шудің әдістерін негіздеу қабілеттерін көр-
сетеді. Мұндай қызмет нәтижесінде өмірлік
шығармашыл инновациялық тұлға қалып-
тасады. Бұл деңгейде педагог қызметінде
өзара әрекет жасау әдісі орын алады. Прин-
цип бойынша бұл әдістерді оның оқушы-
лары да меңгереді. Олар тұрақты жағдайда
өз мүмкіндіктері бойынша өзіне – өзі іштей
жарысқа түсу үрдісінде нәтижеге жетуге
тырысады.
Ақпараттық технологиясының негізгі
мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті
өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни із-
денімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі
компьютерлендірілген ғасырда есептеу тех-
никасының өте жылдам дамып, оны ғы-
лымның кез-келген салаларына қолданып,
одан нақтылы нәтижелер алуымызға бай-
ланысты ғылым мен білімді одан әрі терең
меңгертуде ақпараттық технологияларды
қолданғанымыз аса маңызды.
XXI ғасыр – ақпараттық технология
ғасыры. Қоғамды ізгілендіру оның білім
мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде
ақпаратты технологиялар маңызды рөл
атқарады.
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
157
География ғылымы өте қызықты да
күрделі. Пәнге қызықтыру арқылы, оқу-
шыға табиғаттың күрделі құбылыстары
мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы
білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті,
оған қоса ғылым мен техника жаңалық-
тарын, яғни жаңа педагогикалық техноло-
гияларды әр сабағында тиімді қолдануды
талап етеді.
Жаңа ақпараттық технологияны са-
бақта пайдалану, оқушының шығарма-
шылық интеллектуалдық қабілетінің да-
муына, өз білімін өмірге пайдалана білу
дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.
Электронды оқулықтар оқушының
білім қорымен қаруландырып қана қоймай,
танымдық белсенділігін арттыруда алатын
орны ерекше. Мектебімізде география пәні
бойынша барлық сыныптарға арналған оқу-
лықтар бар. Бұл оқулықтар Білім стандарты
мен оқу бағдарламасының талаптарына сай
жасалынған.
География пәні басқа пәндермен са-
лыстырғанда, картамен жұп жазбас бірлес-
тікте екенің ескеріп, оқушылардың геогра-
фия сабағында материкпен дүние бөлігін-
дегі және аралдағы елдер мен халықтар
жайында, қызғылықты деректерді тек оқу-
лық мәтіндегі берілген карта, сызба, сурет
немесе диаграммаларды пайдаланумен ғана
шектелмей, электрондық оқулықта көрсе-
тілген бейне арқылы пайдаланған тиім-
дірек.
Материктердің қалыптасуын, дамуын
және қазіргі табиғат жағдайындағы ұқсас-
тықтарын, солтүстік және оңтүстік жарты
шар материктерін көзбен көріп, есте сақтау
үшін, интернет арқылы қашықтықтан оқы-
ту жүйесін пайдаланған жөн .
Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу
барысында географиялық әдебиеттер мен
карталар, сызбалар, суреттер және қосым-
ша кестелерді пайдалану арқылы білікті-
ліктерін арттыратын болса көзбен көріп,
электрондық оқулықтың көмегімен есте
сақтау қабілетін және пәнге қызығушы-
лығын арттырады. География сабағын ин-
форматикамен тығыз байланыстырып, ком-
пьютерде ақпараттық технологияларды жә-
не электрондық оқулықтарды пайдалану
оқушылардың білімін одан әрі жетілдіреді .
Қазіргі заманауи ақпараттық техно-
логиясының негізгі мақсаты – қолдану-
шыны керекті мәліметті өздігінен іздеп
табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа
үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютер-
лендірілген ғасырда есептеу техникасының
өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-
келген салаларына қолданып, одан нақ-
тылы нәтижелер алуымызға байланысты
ғылым мен білімді одан әрі терең мең-
гертуде ақпараттық технологияларды қол-
данғанымыз аса маңызды.
Бүгінгі білімді ақпараттану үдерісі
болашақ мамандардан ұдайы ізденуді,
ақпараттық-коммуникациялық технология-
ларды кәсіби саласында қолдана білуге ма-
шықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көз-
дерінен таба білу мен өңдеуді, шығарма-
шылықпен ойлауды және шешім қа-
былдауды талап етеді. Білімді ақпарат-
тандыру
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың білім мақсатындағы құ-
ралдарын жасау, сараптау мен қолданудың
ғылыми негіздерін қамтиды.
География пәнін оқытуда сабақтың
сапасын арттыруда, сабақ түрлері мен
әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге
жеткізуді негізгі мақсат ретінде қарастыра
отырып, география пәні мұғалімдері сабақ
өту әдістерін толықтырып, әр уақытта
ізденісте болуы керек. География пәнін
оқытуды қалыптастыру тек дәстүрлі тех-
нологиямен ғана тоқталмай, пәнді қазіргі
заманда ақпараттық технологиялары тұр-
ғысында дамытуды ескере отырып, жаңаша
үлгіде, оқушылардың пәнге деген қызы-
ғушылығын және зейінін қалыптастыруда
мультимедиялық көрсетілімдерді, интер-
активті тақталарды қолданып оқыту мол
мүмкіндіктерге жол ашады.
География сабақтарын компьютер
көмегімен оқытуда дүниежүзілік халық-
тардың географиялық орналасуы, көрнекті
құндылықтарын,
тарихи
жолдарын
түсіндіруде мультимедиялық презентация-
ны қолдану баға жетпес дүние. Сабақта ви-
деофильмдер, көркем фильмдердің фраг-
менттері, боялған таблицаларды, карталар-
ды анықтап көрсету арқылы оқушылардың
қызығушылықтарын арттыруға болады.
География ғылымы өте қызықты да
күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы,
оқушыға географияның күрделі құбылыс-
тары мен заңдылықтар мен заңдылықтарын
ұғындырып сапалы білім беру мұғалімнен
|