Научный журнал



Pdf көрінісі
бет24/37
Дата12.03.2017
өлшемі2,58 Mb.
#8988
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37

1-қадам: Берілген тарау, блок немесе 
тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі 
тиіс  деп  көрсетілген  міндетті  білім,  білік 
және  дағдыларды,  сондай-ақ  оқыту  мақ-
саттары мен міндеттерін айқындау. 
2-қадам:  Берілген  модуль  бойынша 
негізгі  мағынаны  білдіретін  түйінді  ұғым-
дарды,  тақырып  бойынша  негізгі  ақпарат 
беретін  рельефтікі  (код  сияқты)  сөздерді 
табу . Олардың өзара байланысы мен өзара 
бағыныштылығын анықтау. 
3-қадам: Тұтас тақырып бойынша ті-
рек сызбаларын құрастыру (анықталған тү-
йінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде) 
4-қадам:  Оқу  модулінің  тұтас  маз-
мұны  бойынша  тестілік  тапсырмалар  құ-
растыру (15-20 тапсырма шамасында) 
5-қадам:  Берілген  модульдегі  оқу 
материалының  тұтас  мазмұны  бойынша 
сынаққа  қажетті  сұрақтар  ме  тапсырмалар 
блогын  құрастыру  (оқу  пәнінің  өзіндік 
ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, ба-
қылау жұмысымен алмастыруға болады). 
6-қадам:  Сөйлесу  бөлімін  әзірлеу. 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
147 
Оқытудың  белсенді  формаларын  таңдау. 
Оқу  модулінің  құрылымдық  бөлімдерінің 
әрқайсысына  кеңінен  тоқталып,  қарасты-
райық. 
Оқу модулінің кіріспе бөлімі. Психо-
логтардың пайымдауынша, әрбір дербес та-
рауды (тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі 
кезеңнен: кіріспе - қызықтырушылық, опе-
рационалдық  -  танымдық  және  рефлек-
циялық - бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс. 
Аталмыш  модульде  қызықтырушы-
лық  кезең  кіріспе  бөлімінде  іске  асы-
рылады. 
Бұл  кезеңде  оқушылар  бағдар-
ламаның  осы  тарауын  неге  және  не  үшін 
оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені 
меңгеріп,  үйренулері  тиіс,  алдағы  жұ-
мыстың  негізгі  оқу  міндеті  қандай  екенін 
түйсінуі қажет. 
Оқуды  басқарудың  психологиялық 
сенімді  түрі  –  ең  алдымен,  оқушының  қа-
жеттіліктерін, қызығушылығы және қызмет 
мақсаттарын дамытуға жағдай жасау. 
Оқуды  басқарудың  икемді  болуы 
тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүр-
генде  ғана,  балалардың  білім  дәрежесінің 
артуына қарай мүмкін болады. 
 
Оқытудың модульдік жүйесі 
Модульдік оқытудың құрылымы. 
Оқытудың  модульдік  жүйесі  -  оқыту 
бағдарламасы  бірнеше  бөліктерге  (модуль-
дерге)  бөлінетін  технология  болып  табы-
лады,  оны  төмендегі  схема  бойынша  жүр-
гізуге болады. 
 
Модульдік  оқыту  тәсілінде  пәннің 
барлық материалын қарастырып, оның тео-
риялық  және  практикалық  тапсырмаларын 
құрастырып,  жеке  тақырыптарға  арналған 
әдістемелік  материалдардың  бірнеше  нұс-
қаларын  жасап  шығу  керек.Оқушылардың 
білім  деңгейін  және  олардың  өзіндік  тап-
сырмаларын орындауын бағалау үшін Рей-
тингтік жүйе элементтерін пайдаланған аб-
зал.  Модульдер  санын  таңдау  үшін  бағ-
дарламаны  бірнеше  жеке  тақырыптарға  – 
мәліметтердің аяқталған толық блогына бө-
ліп шығу керек, олар бір - бірімен сабақтас 
болып,  өте  үлкен  немесе  өте  шағын  бол-
мауы тиіс. 
Модульдің  практикалық  бөлігі  оқу-
шыларға орындайтын практикалық, өзіндік 
және лабораториялық жұмыстар тізімін то-
лық  қамтуы  тиіс.  Практикалық  жұмыстар 
мен  жеке  тапсырмалар  оқушылар  модуль 
тақырыптарын өткен соң жауап беретін сұ-
рақтарымен  толықтырылады.  Практикалық 
тапсырмалар  теорияны  толық  қарастырып, 
модульдің  тапсырмаларын  тиянақты  түрде 
меңгеруге  көмектесуі  тиіс.  Оған  қоса  мо-
дуль оқушылардың сол тақырыптарды иге-
руін,  өз  білім  деңгейлерін  тексере  алатын 
өзін  -  өзі  бақылау,  тексеру  тапсырма-
ларымен,  мысалы,  тестермен  толықты-
рылуы  керек.  Әрбір  модуль  нәтижелік  ба-

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
148 
қылау  жұмысымен  аяқталады.  Модульдік 
жүйені  енгізудің  нақты  нәтижесі  ретінде 
оқушылардың  өзіндік  жұмыстарға  көптеп 
көңіл  бөле  бастағанын  үлгерімдерінің  өсуі 
анық көрсетеді. 
Оқытудың  модульдік  жүйесі  әрбір 
оқушыны  керекті  материалдармен  қам-
тамасыз  ететін  мұғалімнің  өте  көп  дайын-
далуын талап етеді, ал бұл оңай іс емес. 
Оқушылардың  білімге  деген  ын-
тасын,  пәнге  деген  қызығушылығын  арт-
тыратын, соның салдарынан білім деңгейін 
де көтеретін тағы бір тәсіл – жобалар тәсілі 
болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде 
бүкіл  әлемде  кең  таралып  келеді.  Жоба 
ұғымы  дидактикалық  мақсатқа  жету  үшін 
бір  идеяны,  белгілі  бір  бұйымды  немесе 
өнімді жасауды,  есеп шығаруды, схема құ-
растыруды  жүзеге  асыратын,  жұмыс  нә-
тижесі  практикалық  бір  жазба,  схема  не-
месе  есеп  түрінде  көрсетілетін  жұмыс  бо-
луы  керек.  Жобалар  тәсілі  негізінде:  прак-
тикалық  немесе  теориялық  бір  мәселені 
бастан  аяқ  қарастырып  шығатын  жобаның 
түпкі  идеясын  жүзеге  асыру,  бір  нәтижеге 
қол  жеткізу  ісі  жатады.Бұл  тәсіл  практи-
калық  бір  нәтиже  беретін  іздеу,  зерттеу, 
таңдау  тәсілдерінің  кең  спектрін  пай-
даланып, оған сыртқы факторлардың әсерін 
қарастыру  болып  табылады.  Осындай  жұ-
мысты  орындау  барысында  балалар  алған 
білімін  толық  пайдаланып,  өздері  де  жаңа 
бастама,  идея  берулері  керек.  Жобалар  тә-
сілін  сауатты  түрде  қолдана  бөлу  үшін  ал-
дын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жо-
баны  жетілдіру,  толықтыру  ісін  жүргізе 
білу қажет. Жобалар әр түрлі типте – зерт-
теу, шығармашылық жұмыстары, ойындық 
түрде,  ақпараттық  (мәлімет  жинақтау,  оны 
талдау,  өңдеу,  орналыстыру,  безендіру) 
жұмыстар,  практикаға  бағытталған,  істер 
сияқты  болып  құрастырыла  береді.  Пәндік 
–  мазмұндық  аймағына  байланысты  моно-
жобалар (бір пән аясында) немесе пән ара-
лық  жобалар  бола  береді.  Үйлестіру,  қада-
ғалау сипатына қарай тікелей (нақты) неме-
се  жасырын  координациялы  жобалар  бол-
ды. 
Педагогикалық  технология  негізінде 
оқу  циклін  қайта  жаңғырту  идеясы  алын-
ған. 
Оның мазмұнына: 
1) оқытудың жалпы мақсатын қою; 
2)  жалпы  құрылған  мақсатты  нақты-
ланды руға көшу; 
3)  оқушылардың  білім  деңгейін  ал-
дын ала (диагностикалық) бағалау; 
4)  оқу  әрекеттерінің  жиынтығы  (бұл 
кезеңде  жедел  кері  байланыс  негізінде  тү-
зету жүргізілуі тиіс); 
5) нәтижені бағалау енеді. 
Осының  арқасында  оқу  процесі  “мо-
дульдік”  сипат  алып,  құрылымы  ортақ,  бі-
рақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жа-
салады. 
Модульдік  оқыту  технологиясының 
осы  нұсқасын  құруда  біз  толық  меңгеру 
әдістемесінің  негізгі  шарттарын,  құрылып 
жатқан  технологиялардың  негізгі  қағи-
даларын  ұстандық.  Сонымен  қатар,  дида-
ктиканың  қазіргі  танаптарына  байланысты 
бірқатар  өзгерістер  енгіздік:  балаларды 
оқытуға  емес,  тұлғалық  бағытталған,  та-
нымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу про-
цесін  өзара  сөйлесу  негізінде  құруға  және 
т.б. ұмтылдық. 
Осыдан  келіп  мұғалімнің  оқу  про-
цесін  құрудағы  жұмысының  өзгеруі  туын-
дайды.  Толық  меңгеру  әдістемесінде  (Дж. 
Блок, Л. Андерсен және басқалар) әрбір оқу 
бірліктері  ауқымында  мұғалімнің  қызметі 
төмендегіше құрылады: 
1)  Балаларды  оқу  мақсаттарымен  та-
ныстыру. 
2)  Сыныпты  берілген  тарау  (оқу  бір-
лігі)  бойынша  жалпы  оқыту  жоспарымен 
таныстыру. 
3)  Оқытуды  жүргізу  (негізінен  мұға-
лімнің  оқу  материалын  өзі  баяндауы  тү-
рінде). 
4)  Диагностикалық  тестіні  ағымдағы 
тексеру. 
5) Тексеріс нәтижелерін бағалау және 
тарау  мазмұнын  толық  меңгерген  оқушы-
ларды айқындау. 
6) Толық меңгере алмаған оқушылар-
мен түзете оқытуды жүргізу. 
7)  Диагностикалық  тест  өткізу  және 
оқу  бірлігін  толық  меңгерген  оқушыларды 
айқындау. 
 
 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
149 
Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа енгізу) 
Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру) 
Қорытынды бөлімі (бақылау) 
 
Оқу  мазмұнына  “өсу”  бағытымен  – 
қарапайымнан  күрделіде,  репродуктивті 
тапсырмалардан  шығармашылық  ізденіске 
(кей  жағдайларда  –  зерттеушілік  қызмет 
элементтеріне)  қарай  бірнеше  мәрте  қайта 
оралу  әрбір  оқушының  оқу  материалын 
қарапайым  білім  деңгейінен  “білімді  ба-
ғалау”  деңгейіне  дейін  меңгеруіне  мүм-
кіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық 
процесс негізінен сыныпты шағын топтарға 
(4-7  адамнан)  бөлу  арқылы  оқушылардың 
өзара  әрекеті  негізінде,  осы  бөлімге  түрлі 
ойын  технологияларын  енгізе  отырып  құ-
рылады.  Мұғалім  негізінен  фасилитатор, 
кеңесші  және  оқушылардың  танымдық 
процесін ұйымдастырушы рөлінде болады. 
Оқу  модулін  құрудың  тағы  бір 
ерекшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі. 
Мұғалім  бір  оқу  модуліне  бөлінетін 
сағат  санын  анықтап  алғаннан  соң,  оның 
мақсатын,  мазмұнын  және  нәтижелерін, 
сондай – ақ осы модуль сабақтарын ұйым-
дастырудың  формасын  ойластырып,  оқу 
модулін құрады. 
 
Модульге бөлінген сабақтардың түрлері 
Оқу модулінің кіріспе бөлімі 
Психологтардың  пайымдауынша,  әр-
бір дербес тарауды (тақырыпты) оқып – үй-
рену  үш  негізгі  кезеңнен:  кіріспе  –  қызық-
тырушылық,  операционалдық  –  танымдық 
және рефлексиялық – бағалау кезеңдерінен 
тұруы тиіс (Л.М. Фридман). 
Аталмыш  модульде  кіріспе  –  қызық-
тырушылық  кезең  кіріспе  бөлімінде  іске 
асырылады. 
Бұл  кезеңде  оқушылар  бағдарлама-
ның осы тарауын неге және не үшін оқып – 
үйренулері  керек,  өздері  нақты  нені  мең-
геріп,  үйренулері  тиіс,  алдағы  жұмыстың 
негізгі  оқу  міндеті  қандай  екенін  түйсінуі 
қажет. 
Психологтар  дәлелдегендей,  білімді 
неғұрлым  тиянақты  меңгеру  үшін  оқушы-
лардың  мақсатты  түйсінуі  (мақсаттың  қоз-
ғаушы,  қызықтырушы  күш  нені  үйрену), 
оның мағынасы (бұл не үшін қажет) нақты 
айқын  белгіленіп,  мақсатқа  жету  тәсілдері 
көрсетілуі керек. 
Сөйтіп,  оқу  модулінің  кіріспе  бө-
лімінде мұғалім: 
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы 
құрылымымен және мазмұнымен танысты-
рады; 
ә) оқушылардың осы оқу содуліндегі 
танымдық қызметінің мақсаттары мен мін-
деттерін  анықтайды,  әсіресе  бұл  мақсаттар 
мен  міндеттерді  әрбір  оқушының  “қабыл-
дауына”, түсінуіне ерекше көңіл бөледі; 
б) тірек сызбаларға (“орамалға”, бел-
гілілік  үлгілерге)  сүйене  отырып,  модуль-
дің тұтас тақырыбы бойынша оқу материа-
лын  қысқаша  (15-20  минут  ішінде)  түсін-
діреді. 
 
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі 
Оқу  модулінің  сөйлесу  бөлімі  тарау-
ды  (тақырыпты)  тұтас  оқып  үйренудің 
екінші  –  операционалдық-танымдық  кезе-
ңін іске асыру болып табылады. 
Бұл  бөлімді  құрастырғанда  Л.  Фрид-
манның  төмендегідей  ережелерге  негіз-
делген тұжырымдамасына сүйенсек: 
1.  Оқу  оқушының  жеке,  топтық, 
ұжымдық  жұмыс  барысындағы  түрлі  қыз-
метінің жүйесі ретінде құралады. Олар оқу-
шының  қисынды  ойлауын,  қабілеттерін, 
көзге  елестету  қабілетін,  жадын,  шығарма-
шылығын  және  т.б.  дамытуға,  яғни  білім 
берудің  мақсаттары  болып  табылатын  тұл-
ғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған. 
2. Оқуды басқарудың психологиялық 
сенімді  түрі  –  ең  алдымен,  оқушының  қа-
жеттіліктерін,  қызығушылығын  және  қыз-
мет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау. 
3.  Оқуды  басқару  икемді  болуы  тиіс, 
бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде 
ғана,  балалардың  білім  дәрежесінің  артуы-
на қарай мүмкін болады. 
4.  Оқушылар  нақты  оқу  қызметінің 
мақсаттарын  анықтауға  тікелей  қатысуы 
керек,  яғни  басқару  тұлғалық  бағытталған 
болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару 
дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып 
отыруы  және  оқудың  жоғары  сатысында 
жалпылама сипат алуы тиіс. 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
150 
5.  Оқу  процесін  басқару  балалардың 
ішкі  қуатын  және  мүмкіндіктеріне  негізде-
ліп жүруі тиіс. 
Оқу модулінің  сөйлесу бөлімін даяр-
лағанда  мұғалім  оқу  материалының  негізгі 
мазмұнын бөліп, құрылымдайды. 
Мұнда  оқушылар  оқу  материалына 
қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның 
әр  сабақта  жеке  бөліктерімен  берілетінін 
есепке  алу  керек,  бұл  бөліктерде  қысқаша, 
сиымды  түрде  тұтас  тараудың  (тақырып-
тың) мазмұны беріледі. 
Пысықтауды  қажет  ететін  материал-
ды  мұғалім  үш  күрделілік  деңгейінде  (қа-
рапайым,  орташа  дәреже,  күрделі)  дайын-
дайды.  Үш  деңгейдің  қайсысын  таңдайты-
нын әр оқушының өзі шешеді. 
Бұның  бір  маңызы  –  күрделі,  ізде-
нушілік,  шығармашылық  сипаттағы  тап-
сырмаларды  кез-келген  күрделілік  дең-
гейдегі бағдарламалық материал тапсырма-
ларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде 
бәріне де беруге болады. 
Бұл  бөлімінің  сабақтарын  жоспарла-
ғанда  мұғалім  оқушылардың  өзара  сөй-
лесуін  қамтамасыз  етуге  баса  көңіл  бөлуі 
тиіс. 
 
Оқу модулінің қорытынды (бақылау) 
бөлімі 
Бұл  бөлім  тарауды  немесе  тақырып-
ты оқытудың тұтас циклін аяқтайтын, соң-
ғы бөлімі (рефлексиялық - бағалау кезеңі). 
Ол  оқушылардың  сөйлесу  бөлімін-
дегі  танымдық  қызметі  барысында  қалып-
тасқан білім, білік,  дағдыларын бақылауға, 
тексеруге және бағалауға арналған. 
Нақ  осы  бөлімде  оқушылар  өз  қыз-
метін  талдайды  –  яғни,  баға  алады,  бұл 
соңында  әр  оқушының  танымдық  қызме-
тінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды. 
Оқу  модулінің  қорытынды  бөліміне 
біз бақылаудың бірнеше түрлерін енгізсек. 
Біріншісі – міндетті – тестілеу. 
Екіншісі  –  мұғалімнің  өз  таңдауы 
бойынша  (пәннің,  тақырыптың,  тараудың 
өзіндік  ерекшелігіне  орай)  –  сынақ,  ба-
қылау жұмысы. 
Біз  екі  немесе  одан  да  көп  бақылау 
түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өй-
ткені  оқу  материалын  игеру  дәрежесін  бір 
ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес. 
Білім деңгейін тексеру және бақылау 
тәсілі  ретінде  тестілеу  оқыту  нәтижесінің 
мөлшерлік  көрсеткіші  болып  табылады, 
бұл  аса  маңызды.  Сонымен  қатар  тестілеу 
тұлғаның  психологиялық  қорғануын  қам-
тамасыз  етеді,  ішкі  кедергілерін  жояды, 
өйткені  бақылаушымен  (мұғаліммен)  қа-
тынас  жанама  түрде  жүреді.  Бұл  осындай 
бақылау  түрінің  жағымды  жағы.  Алайда 
мұнда  дұрыс  жауаптың  кездейсоқ  берілу 
мүмкіндігі бар. 
Қорыта  келе,  біз  тестілеуді  Бақы-
лаудың  қажетті  түрі,  бірақ  ол  бақылаудың 
басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді 
деп есептейміз. 
Оның мақсаты: 
а) білім деңгейін әділ бағалау; 
ә)  бағасын  жақсартуға  (жоғарырақ 
балл алуға) мүмкіндік беру; 
Қалай  айтқанмен,  егер  бақылаудың 
бір  түрінен  нашар  баға  алынса,  бақылау-
дың басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік бе-
реді.  Тестілеуден  жақсы  өткен  оқушы  ке-
лесі  бақылаудан  (немесе  керісінше)  нашар 
баға  алса  да,  оның  қорытынды  бағасының 
нашар  болмауына  мүмкіндік  бар  екенін 
атап өткен жөн. 
Пәннің  өзіндік  ерекшелегені  орай 
тапсырмалар  жазбаша  немесе  ауызша  си-
патта (болмаса, олардың қосылған түрінде) 
болуы мүмкін. 
Бақылаудың  бұл  негізгі  екі  түрінен 
басқа: 
• бақылау жұмысын; 
• диктант; 
• семинар; 
•  оқу  (пән)  конференциясын  жүргі-
зуге болады. 
Оқушылардың  білім,  білік,  дағ-
дыларын тұтас модуль бойынша бағалаған-
да, нақты осы бағалар есептеледі. Олар ба-
яндама,  хабарлама,  реферат  түрінде  болуы 
және  оқушылардың  ғылыми  қоғамына 
(ОҒҚ),  конкурстарға  және  т.с.с.  (оқушы 
жүргізген  зерттеудің  құндылық  және  мән-
ділік дәрежесіне қарай) ұсынылуы мүмкін. 
 
Қорытынды 
Сонымен қорыта келгенде, оқытудың 
тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім 
парадигмасына  сүйене  отырып,  мен  оқыту 
технологиясының  өзіндік  нұсқасын  қара-
стырып шықтым. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
151 
туралы»  Заңында  оқыту  формасын,  түр-
лерін,  технологияларын  таңдауда  көп  нұс-
қалық қағидасы бекітілген, бұл білім меке-
мелерінің  мұғалімдеріне,  өзіне  оңтайлы 
нұсқаны  қолдануға,  педагогикалық  про-
цесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үл-
гімен  құруға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан 
мен  Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту 
технологиясы» нұсқасын қолдандым. 
Кез-келген  елдің  экономикалық  қу-
аты,  халқының  өмір  сүру  деңгейінің  жо-
ғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы 
орны мен салмағы сол елдің технологиялық 
даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам 
дамуы  мен  жаңа  технологияны  енгізу 
сапалылығы  осы  елдегі  білім  беру  ісінің 
жолға  қойылғандығы  мен  осы  саланы 
ақпараттандыру  деңгейіне  келіп  тіреледі. 
Экономикалық  күшті  дамыған  елдердің 
тәжірибесі  білім  жүйесін  ақпараттандыру 
экономика,  ғылым  және  мәдениеттің 
қарқынды дамуының негізгі кілті  екендігін 
көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақ-
параттық  технологиясын  игеру  міндетіміз. 
Модульдік  оқыту  технологиясы  әлі  тү-
бегейлі зерттеуді қажет етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Қазақстан  Республикасының  Білім  ту-
ралы Заңы. // Қ.М, 2/6 шілде, 1999 ж. 
2.  Қазақстан  Республикасы  «Білім»  мем-
лекеттік  бағдарламасы.  //  Қ.М,  28  қазан, 
2000 ж. 
3. Қазақстан Республикасының 2015 8 жыл-
ға дейінгі білім беруді дамыту тұжырым-
дамасы //ҚМ, №1, 2004 ж. 
4.  Педагогика.  Дәріс  құралы.  Алматы: 
«Нұрлы әлем», 2003, /Абай атындағы қа-
зақ ұлттық Педагогикалық Университеті. 
5.Әбиев  Ж.,  Бабаев  С.,  Құдиярова  А.  Пе-
дагогика . – Алматы: Дарын, 2004. 
6.  Қоянбаев  Ж.  Б.,  Қоянбаев  Р.М.  Пе-
дагогика - Алматы, 2000. 
7.  Бұзаубақова  К.Ж.  Жаңа  педагогикалық 
технология. - Тараз: ТарМу, 2003. 
8.  Ахметова  А.К.  Принципы  технологий  и 
содержание 
образовательной 
про-
граммы. – Алматы, 1995. 
9.  Инновационное  обучение:  Стратегия  и 
практика  /  Под.  ред.  В.Я.  Ляудие.  –  М., 
1994. 
10.  Керимбаева  М.Р.  Инновационные  про-
цессы в школе: проблемы, перспективы , 
поиск. - Алматы, 1995. 
 
 
 
УДК 93 : 004 
ТАРИХ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ 
ТИІМДІЛІГІ 
Сегизбаева Ж.Б. 
 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қа-
зақстан  Республикасының  2015  жылға 
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдама-
сында:қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі 
мәселе - білім мазмұнына жаңалық негіздің 
тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен олар-
ды  жүзеге  асыра  алатын  болашақ  маман-
дарды  даярлау  деп  айтылған.  Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  заңында 
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлт-
тық  және  жалпы  азаматтық  құндылық-
тардың,  ғылым  мен  практика  жетістік-
терінің  негізінде  жеке  адамды  қалыптас-
тыру және дамыту, оның кәсіби шеберлігін 
шыңдауға  бағытталған  білім  алуға  қажетті 
жағдайлар  жасау»  деп  көрсетілген.  Қазіргі 
заманда  ғылым  мен  техника  жедел 
дамыған,  ақпараттық  мағлұматтар  ағымы 
күшейген кезеңде қазіргі замандағы өмірге 
бейімделген,  бәсекелестікке  қабілетті,  шы-
ғармашылықпен  ойлайтын  азаматты  қа-
лыптастыру қажет. 
Тарих  ғылым  және  пән  ретінде  аса 
маңызды білім  саласына жатады. Ол адам-
зат  тарихын,  жинаған  тәжірибесін  баян-
дайды,  тарихи  оқиғаларды,  құбылыстарды 
талдай  отырып,  олардың  біртұтас  тарихи 
қозғалысқа  жататынын  түсіндіруге  кө-
мектеседі  және  де  өз  халқы  мен  өзге  ха-
лықтардың  тарихы  мен  мәдениетін  құр-
меттей  білу  сезімін  қалыптастырып,  мәде-
ни  мұраны  сақтауға  және  байытуға  үлес 
қосуға тәрбиелейді, сонымен қатар дүниеге 
деген  көзқарас  қалыптастырып,  адамзат 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
152 
жинаған  әлеуметтік,  рухани,  адамгершілік 
тәжірибесін меңгереді. 
Қазіргі  таңда  сабақта  жаңа  техно-
логияларды  тиімді  пайдалану  оқушылар-
дың  пәнге  деген  қызығушылығын  арт-
тырып,  шығармашылық  қабілеттілігін  арт-
тыратыны сөзсіз. 
Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа техноло-
гияларды енгізу мынадай кезеңдер енеді: 
1  -  жаңа  идеяны  енгізу,ақпаратты  із-
деу; 
2 - жаңалықтарды ұйымдастыру, оқу-
тәрбие  үрдісінде  жаналық  енгізулерді  ал-
ғашқы байқаудан өткізу; 
3 - жаңалықтарды енгізу, оқу - тәрбие 
үрдісінде  инновациялық  әдіс-тәсілдерді 
қолдану; 
4  -  жаңалықтарды  бекіту,  оқу-тәрбие 
үрдісінде  енгізілген  жаңалықтардың  нә-
тижесін бағалау. 
Осы  жаңа  технологиялардың  педаго-
гикалық негізі қағидаларды: 
- оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау; 
- оқушының танымдық күшін қалып-
тастыру және дамыту; 
- оқу мен тәрбие бірлігі; 
-  оқушыны  өз  бетімен  әрекет  жасау-
ын меңгерту; 
-  оқушының  танымдық  және  шығар-
машылық икемділігін дамыту; 
-  барлық  оқушылардың  дамуы  үшін 
жүйелі жұмыс істеу. 
Оқушыларда тарихи жаңа білім білік-
тілік,  дағдыларды  қалыптастыру  үшін  кі-
ріспе  лекциялар,  оқу  семинарлары,  қай-
талау сабақтары, оқулықпен жұмыс, өзіндік 
жұмыстар  арқылы  оқу  құралдары,  элек-
трондық  оқулықтарын,  көрнекіліктерді, 
техникалық  жабдықтарды  пайдалана  оты-
рып,  тәжірибелік,  зерттеу  әдістері  арқылы 
жүзеге асады. 
Қазіргі  нарықтық  экономикада  қа-
зіргі  жастардың  бәсекелестік  қабілеттерін 
қалыптастыру  үшін,  бүгінде  «Пікірсайыс» 
бағдарламасы  оқытудың  басқа  түрлерімен 
қатар  қанат  жайды.  Пікірсайыс  арқылы 
оқушылардың  білім  деңгейін  жоғарлату, 
сөз  байлығын  молайту,  сауатты  сөйлеу, 
шыншылдықпен  қарау  және  сын  көзбен 
қарау т.б. мақсаттарға жетуге болады. Пікір 
сайыста  оқушының  тәртібіне,  ынтасына, 
оқу іс – әрекетіне игі әсер береді. 
«Пікірсайыс»  технологиясы  арқылы 
мынадай жетістіктерге жетуге болады: 
-  шешендік  дағдыны  қалыптасты-
рады; 
- қоршаған ортаға сын көзбен қарауға 
үйретеді; 
-  бір  уақытта  жазу  және  ойлау,  айту 
қабілетін жетілдіреді; 
-  пікір  сыйлау,  сыйластық,  достық, 
жылылық  танытып,  пікір  таластыруға  үй-
ретеді; 
- нақты, әсерлі сөйлесуге баулиды. 
Пікірсайыс  технологиясын  оқу  үр-
дісінде  қолданудың  пайдасы  зор,  өйткені 
«пікірсайыс»  -  философиялық,  психо-
логиялық,  саяси,  лингвистикалық  ғылым; 
«пікірсайыс» - пікірталас, шешендік өнер. 
Тарих сабағының педагогикалық түр-
леріне  жататын,  жиі  қолданатын  бұл  мә-
селелік  оқыту,  жобалау,  сын  тұрғысынан 
ойлауды дамыту т.б. әдістер жатады. Жоба 
әдісіне  ізденіс,  мәселелік  әдістер,  зерттеу 
және  шығармашылық  жұмыстарды  жатқы-
замыз.  Жобалау  әдісінде  оқушылардың 
үнемі жеке іс-әрекетіне бағытталып – жеке 
дара, жұптық және топтық болып іс-әрекет 
етеді. Жобалау әдісінің негізіне – мәселенің 
нәтижесіне  болжау  бағыттылығы  жатады. 
Нәтижеге теориялық және тәжірибелік ше-
шім  арқылы  қалыптасады  және  сол  нә-
тижеге жету үшін оқушылар жеке ойланып, 
берілген  мәселенің  шешімін  табуға  үй-
ренеді. 
Жобалау әдісінің негізгі талаптарына 
мыналарды  жатқызамыз,  олар  біріншіден, 
мәселе  мәнді  болуы  тиіс,  оны  шешу  үшін 
зерттеу  ізденісі  жөнінде  оқушылардың  бі-
ліктілігі;  екіншіден,  ұсынылған  нәтиженің 
тәжірибелі,  теориялық  және  танымдылық 
маңыздылығы  болып  табылады.  Мынадай 
зерттеу  әдістерін  пайдалануға  болады,  мы-
салы  «ми  шабуылы»,  «дөңгелек  стол»  ар-
қылы  мәселені,  зерттеу  міндетін  анықтау; 
шешу  жолдарын  болжау;  зерттеу  әдістерін 
(статистик, бақылау, эксперимент т.б.) тал-
қылау;  презентация,  қорғау,  шығарма-
шылық  есептер,  көріністер  арқылы  нә-
тижелерін рәсімдеу әдістерін талқылау; ал-
ған мәліметтерді талдау және жүйелеу, жи-
нау;  қорытындылау  және  зерттеудің  жаңа 
мәселелерін шығару болып табылады. 
Жобалау  әдісінің  тақырыптары  оқы-
тылатын пән бойынша немесе сабақтан тыс 
іс-шараларға  байланысты  беріліп,  оқу  бағ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет