ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
158
үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен
техника жаңалықтарын, яғни жаңа педа-
гогикалық технологияларды әр сабағында
тиімді қолдануды талап етеді.
География сабағын қызықты өт-
кізудің негізгі талаптарының бірі мұға-
лімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсіл-
дерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып
оқытуына байланысты. Қазіргі таңда гео-
графия пәнінің мұғалімдері инновациялық
және интерактивтік технологияларды сабақ
барысында пайдалана отырып, сабақтың
сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын ти-
гізуде.
Соның ішінде география пәнінде ақ-
параттық технологияны қолдану тұлғаның
жан-жақта ашылуына жағдай жасайды,
шығармашылық әлеуетін арттырып, жо-
ғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге
үлес қосады.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені же-
тілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тә-
сілдерді, оқытудың жаңа технологияларын
енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қам-
тамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа
құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз
нәрсені ашуға тырысатын болған - дықтан,
бастауыш сынып мұғалімі олардың осы
талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс.
Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру
мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-
тәсілдерді енгізіп, оны ұйым - дастыру
формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің
басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағ-
дайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдасты-
рушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.
География пәнін оқытуда компьютер
оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін
жұмысшы болып табылады. Оның қол-
данылуы нәтижелі болуы үшін бағдар-
ламалық құралдар толық түрде мұғалімнің
және оқушының алдында қойған мақ-
сатына жетуін және шығару жолдарын
қамтамасыз ету керек.
География пәнін оқытуда компьютер
және ақпараттық технологиялар арқылы
жасалып жатқан оқыту процесі оқушының
жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып,
оларды жүйелік байланыстар мен заңды-
лықтарды табуға игеріп, нәтижесінде - өз-
дерінің кәсіби потенциалдарының қалып-
тасуына жол ашуы керек.
Қорыта келгенде, қазіргі кездегі
жалпы білім беруде оқу-тәрбие үрдісінде
әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің
жетістігін талап етеді, яғни оқыту мен
тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау
деңгейінен (бағдарлама, оқулық, оқу
курстары) өтіп, екінші саты-ақпараттық
технология деңгейіне көтерілу. Ақпараттық
технологияны қолданудың тиімді жақ-
тарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұ-
мыс жасау – білім субъектілерін дамытуда
үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен
қатар білім сапасын да арттырады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арнал-
ған даму бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасы жалпы орта бі-
лім берудің мемлекеттік жалпыға мін-
детті стандарты. - Астана, 2010.
3. «География және табиғат». № 6, 2008
жыл.
4. Қазақстан мектебі. №6, 2006 жыл.
5. Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде ком-
муникациялық технологиялардың көме-
гімен оқушылардың дүниетанымдық
көзқарастарын қалыптастыру // Вестник
Каз НПУ им. Абая, Алматы, №2(13),
2005 г., 161-165 б.
УДК 378.147
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Оралгазина Ж.О.
Болашақта өркениетті дамыған елдер
қатарына ену үшін заман талабына сай бі-
лім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанның
дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қа-
тарында терезесін тең ететін – білім. Сон-
дықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйе-
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
159
сінің алдына оқыту үрдісін технология-
ландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың
әр түрлі технологиясы зерттеліп, жаңашыл
педагогиканың іс-тәжірибесі зерттеліп,
мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны
меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы, бі-
лімі қажет.
Білім - болашақ бағдары, кез-келген
маман даярлайтын оқу орынның басты мін-
деттерінің бірі - жеке тұлғаның кұзірет-
тілігін дамыту. Құзірет- оқушының жеке
және қоғам талаптарын қанағаттаңдыру
мақсатыңдағы табысты іс-әрекетіне қажетті
білім дайыңдығына әлеуметтік тапсырыс.
Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін
жан-жақты игеруінен көрінетін білім
нәтижесі.
Оқушылардың түпкілікті кұзірет-
тіліктері - білім берудің жаңа нәтижелер.
Құзіреттілікті оқушының пән бойынша
игерген білім, білігінің жинағы деп қа-
былдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде
өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік,
дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті
болып табылатын жаңа сапа.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім және
Ғылым қызметкерлерінің III съезінде: «Мұ-
ғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жө-
нінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол
үшін жаңа формацияның педагогы қажет»
деген.
Мектеп өміріне еніп отырған педа-
гогикалық технологияның ерекшелігі өсіп
келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты
дамыту.
Педагогикалық технологияларға ал-
ғаш анықтама берген ғалымдардың бірі-
орыс ғалымы В.П. Беспалько. Оның жеке
аспектілері мен түрлері В.М. Монахов,
М.В. Кларин, П.И. Третьяков, И.С. Сеннов-
ский, Г.А. Монахова, М.А. Чошанов, т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
В.П. Беспалько «Педагогикалық техноло-
гияны - практикада іске асатын нақты педа-
гогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Ол
педагогикалық жүйе тұлғаны қалыпта-
стыруға ықпал ететін арнайы ұйымдасты-
рылған, мақсатты, бір-бірімен өзара бай-
ланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.
Сурет 1. Қазіргі мұғалімнің міндеті
Б.Т. Лихачев «Педагогикалық техно-
логияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат
көздей отырып, әсер ететін педагогикалық
нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі
ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп оты-
ратындығын айтады».
М.В. Кларин «Педагогикалық техно-
логия - бұл педагогикалық мақсатқа қол
жеткізу жолындағы қолданылатын барлық
қисынды ілім амалдары мен әдіснамалы құ-
ралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс
істеу реті» деген анықтама ұсынды.
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
160
Сурет 2. Педагогикалық технологиялардың түрлері
М.А. Чошановтың анықтамасы бой-
ынша «Оқытудың технологиялары – ди-
дактикалық жүйенің процессуалдық құ-
рамдас бөлігі». Ал В.М. Монахов «Педаго-
гикалық технологиялар – оқыту үрдісін жо-
балау, ұйымдастыру және өткізудің ойлас-
тырылған моделі» деп көрсеткен.
Педагогикалық технологияны қол-
дану негізінде келешек ұрпақтың еркін да-
муына, жан-жақты білім алуына, белсенді,
шығармашыл болуына жағдай жасалады.
Ынтымақтастық
технологиясы.
Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас
педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік
тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің
ажырамас бірлігі:
- мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім,
оқушы - оқушы, оқушы да - субъект, мұға-
лім де - субъект;
- оқушының жеке басына ізгілік қа-
рым-қатынас;
- оқушы мен мұғалім арасындағы
өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-
қатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы
(Ш.А. Амонашвили). Оқушыны азамат етіп
тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қа-
лыптастыру және дамыту, баланың жаны
мен жүрегіне жылылық ұялату.
Проблемалық (мәселелік) оқыту тех-
нологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге
үйрету, олардың танымдық және шығар-
машылық икемділіктерін дамыту. Атап
айтқанда:
- оқушының белсенділігін арттыру;
- оқу материалында баланы қызық-
тыратындай мәселе туғызу;
- оқушы материалы сезім мүшелері
арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге
деген қажеттілігін қанағаттандыру мақса-
тында меңгереді;
- оқытудың бала өмірімен, еңбегімен
байланыстылығы.
Тірек белгілері (сызбасы, сигналы)
арқылы оқыту технологиясы (Шаталов
В.Ф.) мынаны көздейді:
- білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- барлық баланы оқыту (жеке әлеу-
меттік өміріне қарамастан);
- оқытуды жеделдету (орта мектепті
9 жылда аяқтау).
Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік ба-
қылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық,
блокпен оқыту, тірек қолдану; жеке бағ-
дарлы қарым-қатынас, ықпал;ізгілік, еркі-
мен оқыту; әр оқушының жобасының жа-
риялылығы, түзетуге, өсіруге, табысқа же-
туге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиенің
бірлігі.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
161
(С.Н. Лысенкова). Барлық баланы табысты
оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүй-
елілігі; саралау, әр оқушыға берілетін тап-
сырманың қолайлылығы; бағдарламаның,
кейбір тақырыптардың қиыншылығын же-
ңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату
әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі
озаттар, сосын орташалар, ең соңында на-
шар оқушылар қатыстырылады; бірте-
бірте толық дербестікке жету; сыныпта қа-
лыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік,
өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қа-
тынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ
жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқу-
шының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім,
білік дағдыны дамыта меңгерту, түсін-
діруді қабылдау.
Міндетті нәтижелерге негізделген
деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Бі-
лім, білік, дағды меңгерту, мемлекеттік
стандарт көлемінде білім беру. Әр оқу-
шыны оның қабілеті мен мүмкіндік дең-
гейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың
әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес
бейімдеу, ыңғайлау. Білімнің базалық дең-
гейінің барлық оқушылар үшін міндет-
тілігі, оқушыларға берілген тапсырманың
саралануы, тапсырма оқушының күші
жететіндей және қолайлы болуы шарт.
Бағдарламалап оқыту технологиясы
(Б. Скинер, Н. Краудер, В.П. Беспалько).
Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негі-
зінде оқытудың тиімділігін арттыру, бала-
ны жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.
Оқыту құралдарының көмегімен бағдарма-
лаған оқу материалдарын кадр, файл сияқ-
ты оқыту бөлігі арқылы логикалық біріз-
ділікпен беріледі.
Оқытудың ақпараттық техноло-
гиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қа-
лыптастыру және қатынас қабілетін да-
мыту, жеке басты «ақпараттық қоғамға»
даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей
компьютермен қатынасы арқылы орын-
далады. Яғни, баланың жеке қасиеттеріне
қарай компьютерге бейімдеу. Информатика
мен есептеу техникасының негізгі ұғым-
дарын білу.
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғы-
сынан ойлау технологиясы (Л. Джинна
Стил, С. Куртик Мредит, Чарльз Тэмпл).
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылы-
мында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 дең-
гейден тұратын оқыту мен үйретудің мо-
делі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қа-
жетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпа-
ратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қа-
жеттісін алуға үйретеді. Сыни тұрғысынан
ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту,
мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен
түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді,
маңызды, әрекет болып табылады. Осы
сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін
саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда,
қалай қолдану керектігін ой елегінен
өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену
жолына қайта қарап, өзгерістер енгізіледі.
Өздігінен даму технологиясы (М.
Монтессори). Баланы жан-жақты дамыту,
дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәр-
селер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.
Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи
(жасанды емес) болуы керек, сонда бала
өзін-өзі дамытады. Монтессори педагоги-
касының ұраны баланың мұғалімге: «мы-
наны менің өзімнің жасауыма көмектесіп
жібер» деуіне жету. Баланың туғанынан
азамат болғанға дейінгі барлық өмірі -
оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы бо-
лып табылады. Онда оқытудың бірыңғай
бағдарламасы болмайды, әркім табиғат
берген даму жолымен жүреді. Мектепте са-
бақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан бас-
талады. Жиыннан кейін әркім өз еркімен
қалаған жұмысымен айналысады. Баға бол-
майды, бірақ әр бала өз еңбегіне орай үл-
кендердің не басқа бала тарапынан ба-
ғаланады. Ең бастысы оқушы өзін-өзі ба-
ғалайды.
Дамыта оқыту технологиясы (Л.С.
Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин,
В.В. Дывыдов). Баланы оқыта отырып,
жалпы дамыту. Яғни, бала бойында еркін-
дік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш се-
зім дербестік, адамгершілік, еңбексүй-
гіштік, белсенділік, т.б. қасиеттер дамыту.
Осының нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі ер-
туші субъект дәрежесіне көтерілуі көзде-
леді. Оқыту дамудың алдында жүруі керек,
дидактикалық құралдардың дамуға әсері
зор. Дамудың тиімділігі үшін: кешенді да-
му жүйесі негізінде мақсатты даму, маз-
мұнның жүйелілігі мен тұтастығы, тео-
риялық білімнің жетекші рөлі, жоғары қи-
ындық деңгейінде оқыту, материалды мең-
геруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін бала-
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
162
ның сезінуі, оқыту үрдісінің әртүрлілігі,
жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жо-
лындағы жұмыстар болуы керек.
Модульдік
оқыту
технологиясы
(В.М. Монахов). Оқытудың тұтас техноло-
гиясын жобалау, алға қойған мақсатқа же-
туді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу,
мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере
алатындай жүйені таңдау және құру. Оқу-
шылармен жүргізілетін қиындықтың алдын
алу және түзету жұмысының жүйесін жа-
сау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің
технологиялық сенімді даму динамикасын
жасау. Жобаланған технологияны іске асы-
ратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұға-
лімнің бүкіл оқу жылында пайдаланылатын
әдістерді жоспарлауына көмектеседі. Тех-
нология жобасындағы негізгі объект - оқу
тақырыптары, дидактикалық модуль.
Ойын арқылы оқыту технологиясы.
Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық,
әлеуметтенді мақсатқа жету. Ойындық іс-
әрекеттің психологиялық механизмі жеке
бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді.
Баланың бойындағы білімділік, танымдық,
шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көз-
дейді. Сабақта пайдаланылатын негізгі әдіс-
тері болып оқушының көңіл-күйіне, ынта-
сына, қабілетіне қарай топпен, жеке оқу-
шымен жұмыс істеу, ойын элементтерін жиі
пайдалану балып табылады.
Ойынның оқыту үрдісіндегі ерекше
рөлі ерте кезден белгілі. Ұлы педагогтар мен
ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін
жоғары бағалаған және өз жұмыстарында ти-
імді пайдалана білген. Педагог В.А. Су-
хомлинский ойынға мынадай анықтама бер-
ген: «Ойын - бұл баланың рухани әлемінің,
айналасындағы өмірі жайлы түсінігінің үлкен
жарық терезесі. Ойын бұл - қызығушылық
пен білуге деген құмарлықты жандыратын
ұшқын». Ойын кезінде барлық оқушы бір-
дей, өйткені, барлығы да не істесем, қалай
айтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін де-
ген мақсатта болады. Тақырыпты білмей
отырған оқушының ойын кезінде қор-
қынышы, ұялшақтығы жойылып, басқа бала-
лармен бірге бір деңгейде жұмыс істей ала-
ды. Тілдік материал тез жатталады, ол оқу-
шының басқаларымен бірге сабаққа қа-
тысқанына көңілі толып отырады. Сонымен,
ойын келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік
тудырады:
- оқушыларды психологиялық жағы-
нан дайындауды;
- тілдік материалды бірнеше рет қай-
талауға;
- оқушылардың белсенділігін артты-
руға;
- оқушылардың бір-бірімен қарым-
қатынасын, ұйымшылдығын дамытуға;
- тез және дұрыс жауап беруге;
- сабақты қызықты өткізуге;
- оқушылардың іскерліктері мен дағ-
дыларын жетілдіріп, олардың өзіне деген
сенімін қалыптастырады.
Сонымен оқу-тәрбие үрдісін тех-
нология – оқушының саналық қабілеттерін,
шығармашылық әлеуеттерін дамытуға,
негізгі мығым білімді меңгеруге әсерін
тигізеді. Оқу әрекетінде білім техноло-
гияларын қолдану педагогтар мен оқу-
шының өнімді теориялық ойлау қабі-
леттерін қалыптастырып қана қоймай, тәр-
бие қызметін жүзеге асыруды көздейді.
Педагогикалық технологияларда ақ-
параттық кұзіреттілікті дамытудың басты
мақсаты - оқушыларды ақпаратты беру,
түрлендіру және оны қолдану білімдерімен
қаруландыру, олардың компьютерлік тех-
нологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді
пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Кәсіптік білім беруде оқушылардың
құзіреттілігін педагогикалық технология-
лар арқылы дамыту атты мақаламды қо-
рытындылай келе төмендегідей ұсыныс-
тарға тоқталамын:
- кәсіптік білім беретін оқу орын-
дарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық
құрал - жабдықтармен жабдықтау, интера-
ктивті тақталар мен мультимедиялық ка-
бинеттермен және арнаулы пәндер бойын-
ша электрондық оқулықтармен қамтамасыз
ету;
- кәсіптік білім саласында оқытудың
жаңа ойын және ақпараттық технология-
ларын пайдалану бойынша білім жетілдіру
курстарын жиі ұйымдастыру.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының «Білім ту-
ралы» Заңы
2. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н.Ә.
Назарбаевтың // Қазақстан халқына.
Жолдауы, 2007
3. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық тех-
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
Вестник КАСУ
163
нологиялар мен оқыту құралдары: оқу
құралы. - Алматы: ЖШС «Казпрофтех»,
2007.
4. Керімбаева Р.Қ. Ойын түрлері және оның
ерекшелігі. // Бастауыш мектеп №3, 2008
5. Омарбекова Т. Жаңа педагогикалық тех-
нологияның ерекшелігі мен тиімділігі.
Бастауыш мектеп №8-9, 2007
6. Абдуллаева Б., Ахметова С. Жаңа пе-
дагогикалық технологияларды оқу үр-
дісінде енгізудің алғы шарттары. // Ұла-
ғат №4. 2007.
7. Қалкенова А. Оқытудағы ойынның рөлі
// Қазақстан мектебі №3, 2007
8. Байхонова С.З. Оқу-тәрбие үрдісін тех-
нологияландыру
–
білім
сапасын
арттыру шарттарының бірі // ШҚО пе-
дагогика жаршысы №1. 2008.
9. Кемешев Д., Байымбетова Қ. Педа-
гогикалық жаңа технологиялар – мек-
тепте. Қазақстан мектебі, №6. 2006.
ШКОЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА
Вестник КАСУ
164
УДК 378:37.09
К ВОПРОСУ О СУЩНОСТИ ПОНЯТИЯ «ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЕ
УМЕНИЯ ШКОЛЬНИКОВ»
Завалко Н.А., Искакова С.К.
Для решения стратегических задач
социально-экономического и культурного
развития Казахстана необходимы компе-
тентные профессионалы - исследователи,
характеризующиеся мобильностью, гибко-
стью используемых стратегий и способов
деятельности, критичностью и нелинейно-
стью мышления, социальной и личностной
активностью, творческим отношением к
делу. Президент страны Н. Назарбаев под-
черкивает, что только через качественное
образование и передовую науку можно
прийти к обновленной стране и успешно
решать непростые проблемы двадцать пер-
вого века. Современное общество выдвига-
ет перед системой образования заказ на
формирование компетентного профессио-
нала - исследователя, характеризующегося
мобильностью и открытостью знаний, гиб-
костью используемых методов, критично-
стью и нелинейностью мышления. Средней
школе для этого необходимо развивать у
учащихся исследовательские умения.
Для раскрытия понятия «исследова-
тельские умения школьников» необходимо
обратиться к проблематике исследования и
познания как такового.
Согласно психолого-педагогической
литературе, познание - это творческая дея-
тельность субъекта, ориентированная на
получение достоверных знаний о мире.
Также познание можно трактовать как дея-
тельность, результатом которой является
знание явлений внешнего и внутреннего
мира в их сосуществовании и закономер-
ной последовательности.
Научное познание появилось и
сформировалось в тесной связи с практиче-
ской деятельностью людей и по мере при-
ближения к нашему времени играло все
возрастающую роль в жизни общества.
Оформились основные характеристики на-
учного познания, среди которых выделяют
[1]: рациональность научной познаватель-
ной деятельности, которая понимается как
преимущественное обращение к доводам
рассудка и разума и максимальное исклю-
чение эмоций, страстей, личных мнений
при принятии решений; выделение теоре-
тической и эмпирической составляющих
научного знания; понятийная деятельность;
доказательность; системность.
Одну из важнейших особенностей
научного познания составляет ориентация
науки на изучение объектов, которые могут
быть включены в деятельность, а также
поиск объективных законов их функциони-
рования и развития. Структура научного
способа познания (С.В. Бусов, М.Р. Зобова
и др.) включает следующие уровни: эмпи-
рический, теоретический и философский.
На эмпирическом уровне совершается про-
цесс получения знания в результате взаи-
модействия человека (субъекта) с природ-
ной или социальной средой (объектом) по-
средством органов чувств. Исследователь
получает конкретную информацию о еди-
ничных явлениях. На этом уровне познания
применимы наблюдение, эксперимент и
измерение. Теоретический уровень вклю-
чает систематизированное выражение сущ-
ности изучаемого явления в форме поня-
тия, суждения и умозаключения. На основе
конкретного эмпирического материала вы-
водятся общие закономерности, охваты-
вающие определенный класс явлений,
формируются гипотезы и теории. На этом
уровне используются такие методы, как
гипотетико-дедуктивный метод, абстраги-
рование, идеализация, формализация, ана-
лиз и синтез, мысленный эксперимент и
т.п. Под приемами мышления и научного
познания понимаются общелогические
операции, используемые мышлением на
любом уровне научного познания. К прие-
мам (методам) научного познания относят-
ся следующие: анализ, синтез, абстрагиро-
вание и идеализация, индукция, дедукция,
аналогия, моделирование, наблюдение,
эксперимент, гипотеза.
Н.И. Брилев [2] выделяет следующие
этапы научного познания.
1 этап - познание свойств и объекта
как совокупности этих свойств. Его состав-
|