ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник КАСУ
130
• таңдап алынған материал оқу-
шылардың қызығушылығын арттыру бағы-
тында алынып, олардың танымдық ізденім-
паздығын дамытатындай болу керек.
Оқушыларға тиянақты білім беру
мақсатында оқытуды жетілдіру - әр ұс-
таздың негізгі міндеттерінің бірі. Оқу-
шылардың жалпы жетілуі мен ақыл-ойы-
ның дамуы сабақтың сапалы оқылуына ті-
келей байланысты. Мұғалімнің шеберлігі
әдістемелік материалдың көптігі, оны са-
баққа ғана қолдану ғана емес, сол сабаққа
тән сабақ мазмұнын, формасын, тәсілін үй-
лестіре білуде. Уақыт алдыға жылжыған
сайын сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары
мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңарып оты-
рады. Мұны өмірдің өзі дәлелдеуде. Сон-
дықтан біз зерттеу жұмысымыздың ұста-
нымына сәйкес, оқушылардың өндірістік
материалды жақсы меңгеруі үшін сабақтың
түрлі формалары мен оқытудың тиімді
әдістерін пайдаланамыз. Мәселен, өнді-
рістік тақырыптарды оқытқанда және сара-
манды жұмыстарды орындату барысында
«рөлде ойнау» сабағын ұйымдастырдық.
Бұл сабақтың негізгі мақсаты әрбір
оқушының білімге ұмтылысын жақсарту,
оларды болашақ мамандыққа бағдарлау.
Жалпы рөлдік ойындардың ерекшелігі:
ойын барысында нақты мамандардың –
конструктор, технолог, экономист, т.б. си-
яқты рөлдер арқылы химия саласындағы
мамандардың қоғамдық пайдалы қызметі
және олардың жұмыс мазмұнымен та-
нысады, әр түрлі жағдайда және жара-
тылыстану пәндері бойынша білімдері ке-
шенді қолдануға бейімделеді. Азаматтық
қасиеттерін тәрбиелеуде ұжымдық шешім
шығаруға, талқылауға қатысуға үйретсе, өз
көзқарасын айтып дәлелдеу де өз жақ-
тастары мен қарсыластарын мұқият тың-
дауға да үйретеді. Мұндай сабақ нәти-
жесінде оқушының интеллектуалдық қа-
білеттері мен ерекшеліктері (әртүрлі нұс-
қалар мен көзқарастарды талдау, құбы-
лысты жан-жақты талқылау, фактілерді
салыстыру мен жалпылау, ұқсас сипатта
қолдана білу) ашылады.
Алайда барлық сабақты рөлде ойнау
түрінде жүргізу мүмкін емес, бұл сабақты
өткізу үшін, мынандай талаптар орындалуы
тиіс:
• белгілі бір мәселені шешу алдыға
қойылып, одан шығармашылық ізденіс
қажет болғанда;
• оқушылардың білім дәрежесіне сәй-
кес, өзіндік жұмыстарды, тәжірибелік, са-
раманды, зертханалық жұмыстарды ұйым-
дастырғанда;
• ғылымның қоғамды дамытудағы
маңызын көрсеткенде қолданылады.
«Рөлде ойнау» сабағын «Қазмырыш»
АҚ-ыннегізге ала отырып осы күкірт қыш-
қылы өнеркәсібінің мамандары арасындағы
конференция түрінде өткізіп, білім мен
білікті тексеру, сабақты жинақтап қорыту
мақсатында қолдандық. Мысалы, күкірт
қышқылы өндірісін оқу барысында алын-
ған білім мен білікті тексеру мақсатында
жүргізілген рөлде ойнау сабағының үлгісін
қарастырайық.
Алдымен оқушылардың білімдері
мен біліктерін тексеру үшін жұмысшы топ
құрылады, оның құрамында директор, бас
инженер, тарихшы, конструктор, технолог
бар. Олардың рөлін мұғалім немесе кон-
сультант - оқушы атқарады. Оқушылардың
білім деңгейіне қарай күкірт қышқылы өн-
дірісіне байланысты білімді тексеруге ар-
налған сұрақтар беріледі. Берілетін тап-
сырмалар сабақ үстінде қарастырылғаны
болуы тиіс. Шығармашылық тұрғыда ең-
бектенетін оқушыларға тапсырмаларды
күрделендіріп беруге болады.
Бұл сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың түсті металл өнді-
рісіндегі, күкірт қышқылының өндірісі ту-
ралы білімдерін бекіту;
2) Қосымша әдебиеттермен жұмыс
істей білу қабілеттерін, ізденімпаздық-
тарын, танымдық белсенділіктерін арттыру
болды.
Директор.
1. Конференцияны ашады. Мынадай
мәселені қарастыруды хабарлайды: Күкірт
қышқылы өндірісінің үйлесімді жағдайын
жоспарлау.
2. Күкірт қышқылы өндірісі үшін кү-
кірттің қандай қосылыстарын шикізат ре-
тінде қолдануға болады.
Бас инженер.
Күкірт қышқылының алынуының ре-
акция теңдеуін жазады. Талқылауда қарас-
тырылатын негізгі проблемаларды қа-
лыптастырады:
1) Күкірт қышқылын өндіру үшін
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник КАСУ
131
алынатын шикізат.
2) Күкірттің табиғатта таралуы.
3) Өндіріс сатыларындағы үйлесімді
жағдайларды таңдау.
4) Күкірт қышқылының қолданылу
аймағы.
Тарихшы.
Күкірт қышқылының өндірісте алы-
нуы туралы тарихын, оның әртүрлі алыну
әдістері туралы қысқаша айтып кетеді. Жа-
уап реакция теңдеуіне сүйену керек.
Конструкторлар.
1) Колчедан күйдіретін реактордың
жұмысын және құрылғы принциптерін
зерттейді. Пештің «қайнау бөлігінің» кем-
шіліктерін анықтайды.
2) Контакт аппаратындағы темпе-
ратура режимінің үйлесімді ұстамдылық
варианттарын ұсынады.
Технологтар.
1) Колчедан күйдіруде үйлесімді жағ-
дайдың таңдалуын дәлелдеңіз. Реакторда
үйлесімді температура режимін ұстану
себептерін көрсетіңіз.
2) Күкірт оксидінің (ІV) күкірт ок-
сидіне (VІ) тотығуындағы үйлесімді жағ-
дайының таңдалуын дәлелдеңіз.
3) Гидратация реакциясын үйлесімді
түрде жүру жағдайын таңдаңыз.
Оппоненттерге арналған тапсырма.
Талқылау жұмысы үшін сұрақтар
құрастыру.
1. Неге күкірт қышқылы өндірісі бой-
ынша жеке завод салуға болмайды? (Өй-
ткені Қазақстанда құрамында көп күкірті
бар шикізат жоқ, сондықтан түрлі-түсті ме-
талдарды қайта өңдеу кезінде шығатын
күкіртті газ аз)
2. Қоршаған ортаны қорғау үшін қан-
дай ұсыныс бере аласыз?
1) Синтез колоннасындағы газды қақ-
пан.
2) Қалдықсыз өндіріс қалыптастыру.
3. Қандай шикізаттан күкірт қышқы-
лын алу үнемді?
4. Қазақстанда күкірт қышқылын алу
үшін қолданылатын негізгі шикізат жоқ,
сондықтан газ қалдықтарын қолданады.
5. «Қайнау бөлігі» пешінің кемшілігі
неде? Неге оларды қолданады? (конструк-
торларға).
1) Пирит бөлшектерінің пісуі.
2) Ластанған күкіртті газ.
3) Ұлы заттардың көп мөлшері
6. «Қайнау бөлігі» пешінің темпера-
турасын неге бірқалыпта ұстайды? (техно-
логтар). (Өйткені реакция экзотермиялық,
реакция SO
2
жаққа қарай жүру үшін артық
температураны алып тастау керек.)
7. Сіңіргіш баядағы «қышқылдық тұ-
маннан» қалай құтылуға болады? (техно-
логтарға). Тек концентірлі күкірт қышқы-
лын 98% қолданады. (сұйытылған олеум)
8. Колчеданды жандырған кезде қо-
сымша жылу қалай қолданылады? (конст-
рукторларға). (Бұл жылуды қолдану эко-
номика жағынан тиімді, мысалы, су буы-
ның өндірісі үшін. Түзілген буды электр
энергиясын алу үшін немесе басқа мақсатта
қолдануға болады).
9. Неге (IV) күкірт оксидін (VI) кү-
кірт оксидіне дейін тотықтырғанда плати-
налы катализатор емес, оның орнына V
2
O
5
катализаторын қолданады. (Катализатор
ретінде V
2
O
5
платинаға қарағанда бірнеше
ретке активсіз, бірақ экономика жағынан
тиімдірек).
10. Жана су аппаратында жылу ал-
мастырғыш принципті не үшін қолда-
нылады? (технологтарға). (Жанған газды
қыздыру және контактілі газдың керекті
температураға дейін суыту проблемасы ше-
шіледі.
Жылу алмастырғыш принцип отын-
ды үнемдеуге және жүйеде үйлесімді тем-
ператураны ұстап тұруға мүмкіндік береді).
Конференция тыңдалып, білімдері
мен біліктерін қадағаланғаннан кейін баға
қойылады. Талапқа сай көрсеткішке жеткен
оқушыларды инженер, технолог, конс-
труктор мамандығына лайықты екенін атап
көрсетеді.
Бұл сабақтың дәстүрлі сабақтарға қа-
рағандағы тиімділігі мынадан байқалды:
мұнда әрбір оқушының білімге ұмтылысы
жақсарды, өз ойын, көзқарасын айту бел-
сенділігі артты, білімдері тереңдеді. Басқа
біреудің жауабын тыңдап, одан қорытынды
шығара білу дағдылары дамыды. Қосымша
ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағ-
дысы, ізденімпаздығы қалыптасып білім-
дерін толықтырды. Оны осы сабаққа қаты-
суға ынталылық танытқан оқушы санының
артуынан және білімдерін тексерген кездегі
алған бағаларынан көреміз.
Педагогикалық іс-тәжірибемізде оқу-
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник КАСУ
132
шыларға қажетті білім беріп, олардың са-
баққа ынта-ықыластарын арттыру үшін
оқытудың техникалық құралдардың пай-
даланудың мүмкіндігін ескердік. Сондық-
тан сабақ барысында өндіріс қондыр-
ғылары мен аппараттарының макет-мо-
дельдері қолданылды. Кинофильмді оқу-
шылардың назарына ұсыну арқылы, оларда
өндіріс, оның ұстанымдары, шикізат мәсе-
лелері, өндірістің химиясы, технологиясы
туралы білімдері одан әрі артты.
Химияны оқытудың кәсіби – бағ-
дарланған орта жағдайында аймақтық ком-
понентін қолдану мәселесін шешу үшін кә-
сіби дамыған еліміздің Шығысы жақсы ай-
мақтық материалына ие болып отыр, оны
химияны оқытуда қолдануға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Куратова Е.В., Сорокин В.В. Задачи к
экологизированному курсу общей химии
// Химия. – 1995. – № 22. – С. 5–6.
2. Селиверстова Е.Н. Использование меж-
предметных задач как средство фор-
мирования экологической активности в
познавательной деятельности. – Рязань,
1990. – С. 131–138.
3. Петров В.В. Экологическое право: схемы
и методика решения задач / МГУ. – 1989.
– 39 с.
4. Абекова Р.С., Шоқыбаев Ж.Ә., Яшкарова
М.Ғ., Онтагарова Д.Р. Органикалық хи-
мия курсын экологияландыру // Халық-
аралық ғылыми конференция. – Семей,
2003. – 236–240 бб.
5. Бадамов И. С. Задачи экологического со-
держания // Химия в школе. – 1986. – №
1. – С. 18–24.
6. Даутова З.С. Экологиялық білім берудің
мәні мен сипаты // Ұлт тағылымы «Ғы-
лыми-педагогикалық басылым». – 2006.
– № 1. – 10–13 бб.
УДК 378.147
ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Самарханова Н.Н.
Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың
шапшаң дамуы әрбір адамның білімі мен
кәсіптік біліктілігіне жаңа талаптар қойып
отырғаны бәрімізге аян. Сол себептен де
әрбір адамның білімі мен біліктілігі ұдайы
толықтырылып, жетілдіріліп отыруы керек.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұ-
лыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа
сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен
білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін
терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін
жан-жақты қолдана білетін мамандар
қажет. Осы айтылған міндеттер – мамандар
дайындайтын оқу орындарының алдында
тұрған негізгі мәселелер. Өйткені халыққа
білім беру реформасы «ғылыми негізге
сүйенген пәнді оқытудың жоғары дең-
гейімен қамтамасыз етуді» міндеттеп отыр.
Қазіргі уақытта колледждердегі оқу
үрдісі мақсаттарының маңыздысы – өз бі-
лімін өмірдің нақты саласындағы қойылған
мәселелерді шешуде пайдалана алатын
маман даярлау. Колледж түлегі өз бетімен
жұмыс атқаратын, кеңінен ойлайтын, ал-
дына қойған мақсатына жетудің әдіс-тә-
сілін шығармашылықпен анықтап, сондай-
ақ қолдана алатын кәсіби - маман тұлғасы
болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына
бағытталған білім берудің негізі – тұл-
ғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәр-
биелеу, жетілдіру процесі болып табылады.
Белгілі оқу орнына түскен кешегі та-
лапкерлер студент болған соң, оқу орны
шарттарына орай бейімделу кезеңінен өте-
ді. Бұл кезеңде, әсіресе,бірінші курс сту-
денттерінің көпшілігі кітап, лекция кон-
спектілерімен жұмыс істеуде өз еңбегін
дұрыс ұйымдастыра алмайтындықтары
анықталды. Осыған орай оқытушылардың
басты мақсаты – бірінші курс студенттерін
жаңа жағдайға бейімделуге тәрбиелеу,
оларды оқу және оқудан тыс уақыттарын
тиімді пайдалануға үйрету, болашақ ісінің
кәсіби шеберлігіне деген қызығушылық се-
зімін ояту. Сонымен қатар кәсіби білімді
меңгеру мен түрлі оқу тапсырмаларын өз
бетінше орындауға ықпал ету. Осыған бай-
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник КАСУ
133
ланысты басты міндет оқыту процесін
ұйымдастырушы оқытушыларға жүктеледі.
Білім беру барысында мұғалім пәнге деген
қызығушылықты тудырып, оқушы содан
қанағат алатындай жағдай жасауы керек.
Өйткені оқу материалын саналы түрде
меңгеру, оның қажеттілігін түсініп, мәнін
ұғынуға көп байланысты. Студент мәселені
шешуге ынталанып, нақты, бірақ өзінің әлі
жететін қиындықтарды қайткенмен де же-
ңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы
оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу
емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге же-
телейтін жеңіс жолы ретінде басынан
кешіреді.
Студенттің өзіндік жұмысын ұйым-
дастыруда оқытушының атқаратын бір-
шама міндеттері бар: алдымен, студенттің
өз қабілеті мен білім дәрежесіне сенім
оятуы тиіс. Білікті оқытушы өздік жұмыс
бойынша материалды іріктеп тауып және
талдай білуде, берілген тақырыпты ашатын
дәрежедегі материалдарды ажыратып алу-
да, өз пікірін анық және нақты баяндап, са-
бырлылықпен өз бетінше білім алуда
әдістемелік көмек бере алады.
Студенттің әрі қарай маман ретінде
толысуы, олармен жұмыс істеудің әу баста
қалай қойылғанына байланысты болады.
Өкінішке орай, студентке тапсырма қалай
болса, солай берілетін жағдайлар жиі кез-
деседі. Мысалы, бір типтегі тапсырмалар
немесе сабақтар. Бұл жағдайдың жетек-
шілері сол тапсырмаларды орындағанда
студенттерде қандай білік жүйесі қалып-
тасу керектігіне онша мән бермейді. Кейде
студенттерге кәсіби білім талап ететін
күрделі тапсырмалардың бірден беріле са-
латындығы жасырын емес. Бұл жерде мы-
надай ой бой көтереді: студент аз уақыт
ішінде неғұрлым көп тапсырманы өз бе-
тінше орындаса, жаңа материалды көбірек
оқып үйренсе, одан жақсы маман шығады.
Кері жағдайда оған уақыт шығын қылудың
қажеті жоқ. Бұл екі келіс те теріс нәтижеге
алып келеді. Бірінші жағдайда студенттің
танымдық қызығушылығы күрт төмен-
дейді, ал екінші жағдайда тапсырманы
орындай алмаған студент өз күшіне деген
сенімділікті жоғалтады. Нәтижесінде оқу
процесіне, кейде тіпті таңдаған маман-
дығына қызығушылық жоғалады. Ең бас-
тысы, екі жағдайда да танымдық белсен-
ділік төмендейді. Сондықтан оқыту жұмы-
сын ұйымдастырғанда студенттің білікпен
дағдысының даму деңгейіне орай «қа-
рапайымнан - күрделі» қағидасын ұстану
қажет.
Студенттің өзіндік жұмысы – олар-
дың қабілеті мен қызығушылығына қарай
пәнді толық меңгеруіне, өзі таңдаған ма-
мандығының иесі болуына жағдай жасап,
мүмкіндік береді. Студенттің алған білімі
оның өзін-өзі тануына, маман ретінде қа-
лыптасуына үлкен септігін тигізеді. Өздік
жұмыс бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс
түрлерінің міндеттерін аяқтайды. Өз
бетінше атқарылатын жұмыс практикалық
маңыздылығымен қатар, белгілі дағды мен
біліктің жиынтығы ретінде ғана емес,
қазіргі заманғы білікті маманның тұлғалық
құрылымында белгілі роль атқаратын
мінез-құлық белгісі ретінде де маңызы бар.
Сондықтан әрбір оқу орнында, әрбір курста
оқытушының басшылығымен барлық сту-
денттердің өз бетінше жұмысы үшін қа-
жетті материалдар тыңғылықты түрде ірік-
теліп алынады.Студенттің өз бетінше ой-
лауға талпынысы, қандай да бір тапсыр-
маны немесе мәселені шешуде өзіндік ба-
ғытты табуға тырысуы барлық оқу-тәр-
биелік процестің жемісті болуының кепілі
бола алады. Сол себепті де студенттердің
білім дәрежесін арттыруда өздік жұмыстар-
дың ролі үлкен.
Оқытудың мақсат міндеттеріне және
пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерек-
шеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне
қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа
бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін
бір тобы - сабақ мақсатына қарай қолда-
нылатын жұмыстың түрлері. Олар мы-
налар:
- жаңа білімді меңгеруі;
- жаңа білімді бекіту;
- білім мен дағдыларды қайталау, ба-
қылау және тексеру.
Студенттердің
өзіндік
ұмытсын
ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені,
сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің
дербестігі артады. Студенттердің жұмыста-
рының барлық топтарын оқытушы оқыту
барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне
тиісті жерінде қолдануға міндетті және
оның бір ерекшелігі – оқыту үрдісінің бар-
лық кезетіндерінде қолдануға болады. Сон-
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник КАСУ
134
дай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік
жұмыстары олардың таным, іс-әрекет-
терінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі
бағытта ұйымдастыруға болады.
Уақытты тиімді пайдаланып, сту-
денттің өз бетімен тапсырманы орындау-
ына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін
мынадай міндеттер орындалу керек:
- Студенттерге өзіндік жұмыстар ту-
ралы түсінік беру.
- Студенттердің өз бетімен тапсырма
орындау әдістерін таныстыру.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдасты-
рудың негізгі шарттары мыналар:
1. Оқытушының нақты тапсырмалар
беруі;
2. Жұмысты орындаудың және аяқ-
таудың дербестігінің өзара байланысы;
3. Жұмысты орындаудың және аяқта-
удың уақытын белгілеу;
4. Олардың жұмысты өз еркімен жә-
не қалауымен істеуі.
Студенттің өзіндік жұмысты орындау
шеберлігі мен дағдылары өздігінен пайда
болмайды. Ол мақсатты оқу іс-әрекетінің
нәтижесі мен өз кезегінде шығармашылық,
тәжірибелік сипаттағы әр түрлі тапсырма-
ларды орындау барысында қалыптасады.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан.
Оларды топтастыру - өте күрделі мәселе.
Сондықтан студенттердің өзіндік жұмыста-
рын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен
белгілерді ескеру керек.
Студенттің өзіндік жұмысы - кез-кел-
ген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орын-
далу әдістерінің қалыптасуына бағыттал-
ғанымен, бұл жұмыс - студенттің ғылыми,
оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мә-
селелерді өзіндік шешуіне оптималды
шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағ-
дайлардан шығуға арналған. Сондықтан,
студенттердің өздік жұмыстарының ішкі
мазмұны – мұғалімнің қатысуынсыз немесе
көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің
әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана
білуге айналдыру функциясы мен сол қыз-
метті басқара білу функциясының үйле-
сімділігінен тұрады немесе олардың өз-
дерінің алдарына қойған мақсаттарына же-
ту үшін құрған амалдарын білдіреді десек
те болады.
Колледж студенттерімен жүргізілетін
өзіндік жұмыстарды аудиториялық және
аудиториядан тыс деп бөлуге болады.
Негізгі аудиториялық жұмыстар түрлеріне
кітаппен жұмыс, тапсырмаларды орындау-
ды жатқызуға болады.
Студенттерді өзіндік жұмысқа қа-
лыптастыру мен бағыттау, уақытты үнемді
пайдалану, оқу материалын дұрыс қолдану,
тез оқу, түрлі іс-әрекеттер жоспарларын құ-
ру, дұрыс конспектілер жасау тәсілдерін
үйрету оқытушылардың басты мақсаты бо-
лып табылады. Студенттерді өзіндік жұ-
мыстарға қалыптастыруда оқу жұмысының
тәсілдері де өте пайдалы.
Олар:
- сөйлемді қайта өңдеу, оқу мате-
риалын кеңейту және ондағы маңызды иде-
яларды бөліп көрсету принциптерін, заң-
дылықтарын, білімгерлердің өз бетінше
тапсырма ретін құрау тәсілдері;
- оқу мәдениеті және тыңдау мә-
дениеті, яғни, жоспарлар, тезистер, кон-
спектілерді қысқа әрі жүйелі жазу тә-
сілдері, оқу материалының құрылымын
меңгеру арқылы толық есте сақтау тәсіл-
дері;
- емтихан, семинарларға дайындық
кезінде қосымша ақпарат алу тәсілдері;
- еңбек пен демалысты кезектестіріп,
уақытты үнемді пайдалану тәсілдері.
Студенттердің ақыл-ой дербестігіне
де ерекше көңіл бөлуге қажет. Студенттер
кез-келген мәселені байқап, нәтижесін өз
түсінігі бойынша қарастыра алатын дәре-
жеде болғаны жақсы. Осы мақсатта оқыту-
шылар студенттердің өзіндік жұмыстары
оқу - танымдық жағынан ауқымды, терең-
детілген болуы үшін тапсырмалар дайын-
дауы қажет. Тапсырмалар барлық талап-
тарға сай ─ студенттерге түсінікті, қол же-
терлік болуы керек.
Студенттердің өздігінен орындайтын
жұмыстарының бірі жаттығулар мен тап-
сырмалар болып табылады. Сондықтан
колледж оқу орындарында әрбір курста
оқытушылардың басшылығымен студент-
тер жаттығуларды өз бетімен жұмыс іс-
теуге ұмтылады. Студенттердің өзіндік жұ-
мысы болашақ маманның шығармашылық
ойлауын, танымдық қызығушылығын және
арнайы білім алуын қамтамасыз ететін-
діктен жаттығулардың маңызы зор. Ал күн-
делікті, жүйелі жаттығуларсыз, білік, дағ-
дылар өз қасиеттерін жоғалтады. Мәселен,
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник КАСУ
135
қазақ тілі практикумы сабақтарында өздік
жұмыстары – түрлі жаттығу жұмыстарын
орындау, әңгіме құрау, сөздіктермен жұ-
мыс түрінде өтеді. Мысалы, мұғалім грам-
матикалық талдау жасауға сөз, сөйлем не-
месе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі
ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жа-
сатады). Мұндай жаттығуларды студенттер
өздіктерінен орындағанымен, оның қалай
орындалатыны көрсетіліп, алдын ала
дайындық жұмыстары жүргізіледі. Олар
бір тапсырмадан кейін екіншісін орындай-
ды, олар жұмыстарын өздіктерінен тек-
середі, қалай орындағандарын оқытушыға
айтады. Негізінде қазақ тілі сабақ-
тарындағы жаттығулардың барлығы оқу-
шыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды
көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушы-
ларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңі-
рек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен
орындалатын, оқушылардың алған білім-
дерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік
жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойыл-
майды. Ал оқушылардың өздіктерінен іс-
тейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уа-
қыт беріледі. Оқушылардың өздіктерінен
жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды.
Ол өте күрделі үдеріс болғандықтан, қара-
пайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға
қарай біртіндеп дамиды.Өздігінен орын-
дайтын жұмыста ұйымдастыру − сабақтың
ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқу-
шылардың бәрі бірдей бір мезгілде
аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен
оқушылардың жеке басының қабілетін да-
мыту қай кездегіден де өткір қойылып
отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың техно-
логиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы
керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдасты-
руда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, же-
келей, саралай оқыту әдісін пайдаланған
дұрыс.
Тағы бір мысал ретінде өзіміздің оқу
орнындағы өзіндік жұмыстардың түрлері
мен жалпы ұйымдастырылуын келтіруге
болады. Колледж оқытушылары өзіндік
жұмыстар үшін келесі тапсырмаларды қол-
данып қарастырады: рефераттар, үй жұ-
мысы түріндегі өзіндік жұмыстар, бақылау
жұмыстары, эсселер орындау, тапсырмалар
мен презентацияларды даярлау т.б. Төменгі
курс студенттеріне рефераттар, баяндама-
лар, сөзжұмбақтар құрастыру тапсырылса,
жоғары курс студенттеріне эссе, ғылыми
жобалар, презентациялар жоспарланады.
Оқу, іздену іс-әрекеттерін студенттердің
өздері ұйымдастыруы өте маңызды, бұл
оқу-танымдық талпыныстарын күшейте
түседі.
Студенттерге берілетін теориялық
білімнің жоғары деңгейі, шығармашылық
түрдегі кәсіптік ойлану сияқты қасиеттер
дұрыс ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері
мен аудиториядан тыс жүргізілетін өзіндік
жұмыс арқылы қол жеткізуге болатынды-
ғын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде
атап көрсетеді. Адамның жеке басының
қасиеттерінің шын мәнінде қалыптасуы тек
жеке бас ерекшеліктері мен табиғи дарын-
дылыққа ғана емес, осы бағыттағы нақты
жүргізілетін жүйелі оқу іс-әрекеттеріне де
байланысты екендігі анық.
Оқу материалының керекті көлемі
мен мазмұнын студент өз бетімен игеріп
түсінуі өте дұрыс. Болашақ маман ретінде
де өз жұмысын тыңғылықты, әрі жүйелі
түрде орындауына өте жақсы ықпалын ти-
гізеді. Қазіргі кезде көптеген оқу орында-
рында мемлекеттік стандарт бойынша оқы-
ту көзделуде. Ол дегеніміз оқытушы әрқа-
шан бағыт бағдар беруші, студент сабақта
80 пайыз сөйлесе, оқытушы 20 пайыз сөй-
лейді. Мен толығымен бұл оймен келі-
семін, жас тұлғаны жан жақты жетілдіріп,
қалыптасудың міндетті шарты және құралы
өздік жұмыстарда деп білемін.
Еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта
жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы
реформалар мен мақсаттар әкелді. Білімді
жеке тұлғаға қарай бағыттау мақсатында
атқарылып жатқан бүгінгі жұмыстардың
қатарында құзырлылық (құдіреттілікке) ба-
ғытталған жеке тұлғаның дамуында ма-
ңызды роль атқаратын жұмыстар сол өз-
герістің куәсі. Ал, құзіреттіліктің қалыптас-
тырудың негізгі субъектісі - оқушылардың
өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыру
болып табылады. Ол – білім сапасын арт-
тырудың негізгі жолы. Өйткені, студент-
термен өз бетінше жұмысты тиімді ұйым-
дастыру – жеке, дара тұлғаның еркін қа-
лыптасуына мүмкіндік береді. Сол арқылы
білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне
шығып, түрлі дара қабілеттерін арттыруға
септігі тиеді.
Ауқымды әрі тереңдетілген өзіндік
|