"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет20/29
Дата17.10.2023
өлшемі0,81 Mb.
#117348
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

4.2.
 
Жиынтық бағалау
Бағалаудың барлық үдерісі эмоцияны барынша шығындайды, сондықтан 
бағалауда жағымды климат құру жолдарын іздеуді талап етеді [Farrell, 1994]. 
Бағалауды жүзеге асыру объективтілік пен валидтілікті қамтамасыз ету 
қатал талаптарымен қатар сапалы, реттілігі бар, айқын бағалауды өткізу 
қажеттілігін туындатады [Steedle, Kugelmass, Nemeth, 2010; Daugherty, Black, 
Ecclestone, James, Newton, 2008]. 
Жиынтық бағалау кезінде оқушыларда қобалжу факторының 
болатынына қарамастан, әлемдік теория мен тәжірибе аталған бағалау түрі 
оқу нәтижелеріне оң әсер ететіні анықталды. Оқушылар барынша тырысады 
және оқиды, нәтижесінде жиынтық бағалауда қажетті білім мен дағды көлемі 
жақсы меңгеріледі. Мысалы, Крукс, жиынтық бағалаудың артықшылықтарын 
үш фактормен түсіндіреді [Crooks, 1988]. Біріншіден, қорытынды бағалау 
оқушылардан материалды қайта қарау, қайта оқу, қорытындылауды қажет 
етеді. Екіншіден, бағалау тәжірибесі оқушыларды контентті ойша өңдеуге 
мәжбүрлейді, дегенмен бұл көбіне тест сұрақтарының сапасына да 
байланысты. Үшіншіден, тест оқушыларды оқуда бағаланатын тақырыптар 
27 


мен дағдыларға назар аударуға бағыттайды, ол өз алдына оқушының 
үлгеріміне әсер етеді.
Критериалды бағалау жүйесіндегі жиынтық бағалау балл мен баға қою 
арқылы өткізіледі және оқушылардың оқудағы ілгерілеуі туралы ақпаратты 
мұғалімдерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына ұсынады. Бұл белгілі 
бір кезеңде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеуге, 
анықтауға мүмкіндік береді. Тіркеу үдерісінде оқу бағдарламасы мазмұнына 
сәйкес оқушылардың білімі мен дағдысын көрсететін дәлелдер жинақтау 
жүзеге асырады.
Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім 
деңгейін аяқтағанда (негізгі, жоғары мектеп) өткізіледі.
Оқушылардың оқу нәтижелерін тиімді, стандартты бағалау үшін 
мақсаттар мен оқуда күтілетін нәтижелерге сәйкес критерийлер, 
дифференциалды тапсырмалар құрастырылады. Мұндай бағалау құралдары 
тек білім деңгейін ғана анықтап қоймай, оқушылардың барынша жоғары 
деңгейдегі білімі мен ойлау дағдыларын: талдау, жинақтау, бағалауды 
қолдану қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау құралдарын 
құрастыру механизмі 5-суретте берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет