Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезінде мұғалімдерге
төмендегілерді анықтау ұсынылады:
1.
Нені бағалау қажет? Қандай білім мен дағдылар бағалауды және
талдауды қажет етеді?
2.
Бағалауды қалай өткізу керек? Қандай әдістер қолданылуы мүмкін?
3.
Бағалау қорытындысында қандай нәтижеге жетуге болады?
4.
Бұл нәтижелерді мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар және т.б. қандай
жағдайда қолдана алады?
Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде
мұғалімдерге бақылау қорытындысы бойынша оқушылардың нәтижелерін
талдау, журнал, күнделік және т.б. түрінде кері байланыс беру, жазба
жұмысын жүргізу ұсынылады (
Қалыптастырушы бағалау бойынша
мұғалімнің күнделігін қараңыз
).
Дәстүрлі түрде мұғалім оқушылардың оқыту мен бағалануына жауапты
тұлға ретінде қарастырылады. Алайда оқуда оқушы мен оның
құрадастарының да маңызды рөл атқаратынына назар аудару қажет. Көп
жағдайда мұғалім оқу ортасын құруға және тиімді еңгізуге ғана жауапты
болса, оқушы осы ортада оқуға және жетістіктерге жетуге жауапты. Оқуда
жауапкершілік мұғалімге де, оқушыға да қатысты (серіктестік құқық тілінде
«ортақ жауапкершілік») болғандықтан, екі жақ та нәтижедегі кез келген
сәтсіздікті жеңілдету үшін максимум жағдайда күш салуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: