мен дағдыларға назар аударуға бағыттайды, ол өз алдына оқушының
үлгеріміне әсер етеді.
Критериалды бағалау жүйесіндегі жиынтық бағалау балл мен баға қою
арқылы өткізіледі және оқушылардың оқудағы ілгерілеуі туралы ақпаратты
мұғалімдерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына ұсынады. Бұл белгілі
бір кезеңде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеуге,
анықтауға мүмкіндік береді. Тіркеу үдерісінде оқу бағдарламасы мазмұнына
сәйкес оқушылардың білімі мен дағдысын көрсететін дәлелдер жинақтау
жүзеге асырады.
Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім
деңгейін аяқтағанда (негізгі, жоғары мектеп) өткізіледі.
Оқушылардың оқу нәтижелерін тиімді, стандартты бағалау үшін
мақсаттар мен оқуда күтілетін нәтижелерге сәйкес критерийлер,
дифференциалды тапсырмалар құрастырылады. Мұндай бағалау құралдары
тек білім деңгейін ғана анықтап қоймай, оқушылардың барынша жоғары
деңгейдегі білімі мен ойлау дағдыларын: талдау, жинақтау, бағалауды
қолдану қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау құралдарын
құрастыру механизмі 5-суретте берілген.
Достарыңызбен бөлісу: