«Құндылық-бағдарлы білім беру идеясын жүзеге асыру: мәселелер, ізденістер, шешімдер»


КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата18.01.2017
өлшемі1,69 Mb.
#2133
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА
ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
Мақалада   көптілді   білім   беру   ортасындағы   мектеп   жасына   дейінгі
балалардың   мазасыздығы,   мазасыздық   кезіндегі   баланы   психологиялық   қолдау,
мазасыздық көрсеткіштері мен анықтау жолдары көрсетілген.
159

Түйін сөз:  көптілділік, психологиялық қолдау, мазасыздану, тілдік барьер,
түзету жұмыстары.
Еліміздің   Президенті   Н.Ә.Назарбаев:   «Қазақ   тілін   оқыту
әрдайым   басымдықта   бола   береді,   ағылшын   тілінің   қажеттігі-бұл
әлемдік бағыт. Ал орыс тілін жақсы білу-бұл біздің байлығымыз... »,-
деген.   «Жаңа   әлемдегі   Жаңа   Қазақстан»   жолдауында   бәсекеге
қабілетті   елді   қамтамасыз   ету   мақсатында   «Тілдердің   үш   бірлігі»
мәдени   жобаны   кезеңдермен   жүзеге   асыруды   ұсынып,   үш   тілді
дамытуды тапсырды: қазақ тілі — мемлекеттік, орыс тілі — ұлтаралық
тіл және ағылшын тілі — жаһандану экономикасына табысты кіріктіру
тілі.   Тілдер   саясаты   жөніндегі   барлық   құжаттарда   бірнеше   тілді
меңгеру көзделген. 
Әлемдік   экономикалық   кеңістіктегі   кіріктіру   мәселесі   әлемдік
тілдерді   (соның   ішінде   ағылшын   тілі)   меңгермейінше   көрініс
таппайды.   Кез   келген   үш   тілде   өзекті   мәселерді   қарастыру   және
әлемдік білім беру кеңістігінде табысты кіріктіруді қамтамасыз ету:
қазақ,   орыс   және   ағылшын   тілі   бүгінгі   таңда   мектепке   дейінгі
мекемелерден   бастап,   мектептерде   тереңдету   мақсаты   көзделуде.
Тәжірибе көрсеткендей шет тілдерін терең меңгеру балабақшада  3-4
жастағы балаларды оқыту мақсатты түрде басталуда. Бір емес бірнеше
тілді білу  өз пікірін білдіруде  және қарым-қатынас  жасауда  тұлғаға
еркіндік береді.  
Балабақша   балалардың   ата   –   аналарының   сөйлеу   тілі   қазақ
ұлтты   ата   –   аналардың   сөйлеу   тілі   орыс   тіліне   бейімделген.
Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларда тілдік барьер пайда
болады. 
Мектеп жасына дейінгі баланың мазасыздануы себепсіз сияқты?
Жақсы   көретін   ата-анасы,   балабақшада,   балалар   ойнайтын   аулада.
Бірақ   егер   мазасыздық   байқалса,   ол   бала   өміріндегі   бір   кедергіні
білдіреді. Ол сізде ұл бала ма әлде қыз   айырмашылығы жоқ. Балаға
қалай   көмектессек   болады?   Бұл   сұрақтарға   біз   бүгін   жауап   беріп
көрейік.
Мазасыздық түсі.
Мазасыз бала әрдайым көңіл күйі болмайды, қорқыныш сезімі
баулаған, қоршаған ортасымен қарым-қатынасқа түсе алмайды. Өмірді
қорқынышпен қабылдайды. Өзін –өзі бағалауы өте төмен.  
Балада мазасыздықты анықтау критерилері:
1. Тұрақты мазасыздық
2. Зейінінің тұрақсыздығы.
3. Бұлшық  ет қысымы.
4. Ашушаңдық
160

5. Ұйқының бұзылуы.
Мазасыз балаға тән сипаттар:
1. Бірнеше апта  ауырғанан    кейін  бала  балабақшаға  барғысы
келмейді.
2. Өзін-өзі талдау деңгейі өте жоғары.
3. Талаптар деңгейі өте жоғары. (ата )
4. Соматикалық аурулар.
5. Бала бірнеше рет бір мультикті, кітап  көреді, жаңа дүниенің
бәрінен бас  тартады.
6. Бейімделу кезеңі 6 айдан артық жүреді.
7. Егер   бала   сезімтал   болса   ,   онда   ол   жақындарынан
мазасыздықты «жұқтырып» алуы мүмкін.
8. Егер бала жылдам   шаршап, басқа іс-әрекетке қиындықпен
ауысса.
9. Тапсырманы   орындау   бірден   қолынан   келмесе,   қайта
орындаудан бас  тартса.
10.  Болған келеңсіз жағдайға өзін кінәлайды.
Мектеп жасына дейінгі балада мазасыздық болу себептері:
1. Жүйке жүйесінің ерекшелігі (мелонхолик темпераменті)
2. Қорқыныштан туындаған невротикалық жағдай.
3. Аурудан кейінгі күй
4. Ересектердің баланы қорқытудан туындаған күйі
5. Бала қиялынан туындаған мазасыздық
6. Қорқыныштар
7. Тиімсіз тәрбие
8. Талаптардың жоғары болуы.
9. Жалғызсырау.
Мазасызданудың   негізгі   себебі   балалар   мен     ата-анасының
қарым – қатынасы болып   табылады. Мамандардың айтуы бойынша
мектеп   жасына   дейінгі   балалардың   мазасыздануы   тәрбиенің   дұрыс
болмауынан   болады. Мазасыз баланың негізі ата-анасы да мазасыз
болып  келеді. Барлық өмірлік қатерлерден баланы сақтап қалу үшін,
балада мазасыздық сезімін тудырады. 
Мазасыз   бала   тек   қана   мазасыз   ата-анада   болуы   ғана   мүмкін
емес өз-өзіне сенімді, өмірде белгілі жетістікке жеткен ата-аналарда да
мазасыз бала болуы мүмкін. Олар   балаларына шектен тыс талаптар
қойып, соған сай болуын талап етіп, балада мазасыздықты тудырады.
Мазасыздану   (үрейлену)   дегеніміз   -   алаңдау   және   қорғануға
жоғары бейімділікті сезінуді білдіреді.
Кейбір   жағдайларда   мазасыздану   (үрейлену)   орынды   және
пайдалы болып табылады, өйткені қауіптен сақтайды немесе мәселені
161

шешуге жетелейді. Бұл - жағдаяттағы мазасыздану (үрейлену) болып
табылады.
Мазасыздану деңгейі жоғары баланы қалай анықтауға болады?
1. Бақылау әдісі арқылы
2. Сұрақнама әдісі
3. Диагностика 
4. Психотүзету 
1. Бақылау әдісі:
Бала мазасыздануды немесе  мазасызданбауды сезінеді ме, жоқ
па екендігін тәжірибелі тәрбиеші, психолог баламен танысқаннан – ақ
алғашқы күндерінен түсінеді. 
Жалпы,   бала   топқа   кіргеннен   бастап   айналасындағыларға
қысыммен   қарайды,   орындықтың   шетіне   ыңғайсыз   отырады   және
мәнсіз амандасады.
Ол бала қандай да бір жайсыз жағдайды күтетіндей. Бұндай бала
мазасыз бала екендігі анық.
Бірақ,   нақты   шешім   қабылдамас   бұрын,   аптаның   әртүрлі
күндерінде, оқу әрекетінде, еркін іс – әрекетте, ойын әрекетінде, басқа
балалармен қарым – қатынасқа түсуде баланы бақылау қажет.
Бақылау   нәтижесі   әрбір   баланың   арнайы  бақылау   парағына
толтырылады.
Бақылау нәтижесінің кестесіне әрбір белгінің қасына «+» немесе
«-»   белгісі   қойылады.   Бақылау   нәтижесінің   белгілерінің   саны
қосылады да, келесі қорытындысы шығарылады: 6-7 белгі – жоғары
мазасыздануды, 
3-5 белгі – орташа мазасыздануды, 1-2 белгі – төменгі деңгейдегі
мазасыздануды білдіреді.
2. Сұрақнама әдісі (сауалнама, тестілеу):
Баланы   түсіну   үшін,   неден   қорқатынын   білу   үшін,
тәрбиешілерді, ата – аналарды сұрақнама бланкісін толтыруды сұрауға
болады   (сауалнамалар).   Ересектердің   жауаптары   жағдаяттарды
анықтауға, отбасылық жағдайды бақылауға көмектеседі. Ал баланың
мінез-құлқын   бақылау   психологиялық     болжауды   растайды   немесе
жоққа шығарады. Осындай жағдайда ата – аналарға арналған баланың
мазасыздану   (үрейлену)   деңгейін   бағалау   тесті   қолданылады
(А.И.Захаров).
Ата – аналар осы жағдайларды зейін қойып оқып, өз баласына
қаншалықты сәйкес келетінін бағалау керек. 
Психолог  А.А.  Реан баланың  мазасыздану  деңгейін   анықтауға
арналған келесі сауалнамасы ұсынады.
Баланың жеке ерекшеліктерін анықтауға арналған сауалнама
162

Сауалнаманың нәтижесін өңдеу төмендегідей өткізіледі:
Мазасызданудың жалпы ұпайын білу үшін «+» сандарын жинау
керек.   Егер   сауалнама   бойынша   15-20   ұпай   жиналса,   ол
мазасызданудың деңгейінің жоғары екенін, 7-14 ұпай – орташа, 1-6
ұпай - төмен екенін көрсетеді.
Американдық психологтар Р. Тэммл,  М. Дорки және В. Амен 
әзірлеген баланың мазасыздығын бағалау немесе анықтау ретінде 
«Қажетті бет әлпетті таңдап ал» атты әдістемесін қолдануға болады.
3. «Қажетті бет әлпетті таңдап ал» әдістемесі:
Сұрақнама   және   бақылау   әдістері   ата   –   аналармен   немесе
тәрбиешілердің нәтижесін салыстыруды ұзақ уақытты қажет етеді, ал
«Қажетті   бет   әлпетті   таңдап   ал»   әдістемесі   баланың   мазасыздығын
анықтауға   және   бағалауға   жеке   тұлғаның   күнделікті   өмірлік
жағдайдағы мазасыздануын анықтайды және бағалайды. 
Мазасыздану   (үрейлену)   психодиагностикасы   баланың   арнайы
әлеуметтік жағдайларға ішкі қарым – қатынасын бағалайды, баланың
қоршаған ортадағы адамдармен, балабақшадағы, отбасындағы қарым
– қатынасы туралы пайдалы ақпарат береді.
Аталған әдістемедегі психодиагностикалық көрнекі материалдар
ретінде   баланың   өміріндегі   жағдайлардан   көрініс  беретін   суреттер
алынған;   мысалы:   «кіші   жастағы   балалармен   ойын,   жасы   үлкен
балалармен ойын, бала ата – анасымен бірге». 
Әрбір сурет жағымды немесе  жағымсыз екі эмоциялы мағына
береді. Әрбір суретке негізгі суреттегідей көлемі жағынан баланың бет
әлпетіне   сәйкес   келетін   екі   баланың   басының   суреті     салынған
қосымша сурет бар. Біреуінде көңілді баланың басы, ал екіншісінде
көңілсіз баланың басы салынған. Суреттерде бала өмірде кездестіретін
және ол балада жоғары деңгейдегі мазасыздануды тудыратын әдеттегі
жағдайлар   бейнеленген.   Баланың   бет   әлпеттердің   біреуін   таңдауы
тестілеу кезіндегі оның жеке психологиялық жағдайына байланысты.
Балаға суреттерді реттілікпен көрсетуде психолог балаға сұрақ
қояды: «Сен қалай ойлайсың, баланың бет әлпеті көңілді ме, көңілсіз
бе?».   Баланың   таңдауы   және   өз   ойын   сөзбен   жеткізуі   арнайы
хаттамаға белгіленеді.
Әрбір баладан алынған хаттамаларға талдау жасалынады:
Әрбір   баланың   хаттамаларынан   баланың   мазасыздану   индексі
(МИ) есептелінеді, эмоциональді-негативті таңдаулардың саны пайыз
ретінде суреттің жалпы санына тең келеді.
МИ= 
эмоциялық-негативті таңдаулар саны
 х100%
                                                 14
Мазасыздану индексі бойынша (МИ) балалар 3 топқа бөлінеді:
163

1. Мазасыздану деңгейі жоғары (МИ-50% және одан жоғары),
2. Орташа деңгей (МИ 20-дан 50% дейін),
3. Төмеңгі деңгей (МИ 0-ден 20% дейін).
Ортаңғы   топ   балаларының   мазасыздану   диагностикасының
нәтижесі бойынша:
мазасыздануы жоғары деңгейді - 23%,
орташа деңгейді – 68 %,
төмен деңгейді - 9 % құрады.
Мен   психокоррекциялық   жұмысты   мазасыздануы   жоғары
балалармен   жүргіземін.   Мазасыздану   деңгейі   орташа   балаға   қауіпті
болып   саналмайды,   керісінше,   біраз   мазасыздану   оны   тәуекелден
сақтайды, қауіптен арылтады, мінез –құлқын реттейді. 
Өте ашық, ештеңеден қорықпайтын бала өмірдегі жағдайлардан
қорғалусыз. Оған мазасыздануы төмен деңгейдегі балалар жатады.
Мазасыздануы жоғары (үрейлі) балалармен неліктен жұмыс
жүргізу қажет?
Мазасыздану 5-7 жасқа таяғанда дамиды. Егер мектеп жасына
дейінгі   балаларға   үрейлену   көзі   отбасы   болып   табылса,   ал   жас
жеткіншектерге отбасының атқаратын ролі азаяды да, мектептің ролі
екі есеге артады.
«Мектеп жасындағы мазасыздану мектеп жасына дейінгі жаста
пайда   болады,   бала   оқуға   қойылатын   талаптармен   танысады   және
балаға осы талаптарға сай келу мүмкін емес деген ой келеді».     
Мазасыздану   деңгейі   жоғары   (үрейлі)   балаларға   қалай
көмектесуге болады?
Балалардың  мазасыздануын психологиялық  түзету үш бағытта
жүргізіледі:
1. Баланың өзін – өзі бағалауын арттыру;
2. Баланы   эмоциялық   және   бұлшық   еттегі   қысымды   босатуға
үйрету;
3. Баланы нақты жағдайда өзін – өзі басқаруға үйрету.
Мазасыздануы   жоғары   балалармен   психотүзету   жұмысының
негізгі әдістері: ойын терапиясы, арт-терапия, психоталдау, өзін – өзі
жаттықтыру   әдісі,   мінез-құлық   тренингі,   психожаттығулар   және
баланы   үрей   туғызатын   жағдайларға   кірістіру,   яғни
десенсибилизациялау әдісі болып табылады.
Мазасыздануы   жоғары   (үрейлі)   балалармен   түзету   сабақтары
ұзақтығы 20-25 минут тренинг түрінде, аптасына 2 рет жарты топтың
балаларымен өткізіледі.
Сабақтың құрылымы келесі элементтерден тұрады:
164

1. Амандасу   (балаларды   ұйымдастырады,   ұжымдық   сенім   мен
қабылдау атмосферасын туғызу).
2. Қыздыру жаттығулары (баланың эмоциялық күйіне әсер ету,
белсенділігін арттыру).
3. Сабақтың негізгі бөлімі (ойын әдістері мен психотехникалық
жаттығулардың жиынтығы). Бұл бөлімде психожаттығулар, сюжетті -
рольді   ойындар,   сахналау   ойындары,   коммуникативті   ойындар,
балалармен   өмірдегі   жағдайлар   мәселелерін   шешу   ойналады,   сурет
салу қолданылады.
4. Рефлексия.
5. Қоштасу рәсімі
Мазасыздану   деңгейі   жоғары   (үрейлі)   балалармен   түзету
сабақтары   ойын   түрінде   өткізіледі,   балада   ойын   кезінде   өзінің
мәселелерін   «жариялауға»,   олардың   кейбіреуінен   арылуға,   мінез-
құлқын өзгертуге және ішіндегі қысымды шығаруға мүмкіндік туады,
ол   мазасыздануды   төмендетуге   болысады.   Тікелей   үлкендердің
тапсырмасына қарағанда, баланың ойын кезінде зейіні шоғырланады,
көбірек есіне сақтайды.
Мазасыздануы   жоғары   (үрейлі)   балалармен   ойын   жүргізуде
бірнеше ережелерді міндетті түрде сақтау қажет:
1.   Баланы   басқа   балалармен   салыстырмау   керек   және   мысал
ретінде қолданбау.
2. Ойын барысында жарысу сәттерін болдырмау. 
3. Баланы жаңа ойынмен танысуға мүмкіндік бере отырып, жаңа
ойынға абайлап қатыстыру.
4.   Егер   бала   ойынға   қатысуға   ынта   білдірмесе,   оны
мәжбүрлемеу.
Балалармен   психотүзету   жұмыстарының   негізін   талдай   келе,
көптеген   авторлар   мектеп   жасына   дейінгі   балалармен   бірден   –   бір
нәтижелі әдістердің бірі ойын терапиясы болып табылатынын айтты.
Болашақта   мен   балалардың   мазасыздануын   (үрейленуін)
түзетуді   интегративті   ойын   терапиясы   әдісін   қолдануды
жоспарлаудамын. Аталған әдіс баланың қалауы бойынша психологтың
қатысуынсыз еркін ойнауға бағытталған. 
Аталған ойынның мақсаты  бала  мен психологтың  арасындағы
қарым – қатынасты орнату болып табылады, бала жауапкершіліктің
жартысын   өзіне   алуға   негізделген.   Бала   мен   психологтың   өзара
әрекеттесуін жаңа жағдайларда туғызу, баланың мазасыздану деңгейін
төмендетуге ықпал етеді.
Сонымен   қатар,   аталған   әдісті   қолдану   ойын   үрдісін   бақылау
арқылы   баланың   мазасыздануының   ішкі   және   сыртқы   себептері
165

туралы ақпарат береді, қысымды төмендетеді және психолог пен бала
арасында жағымды қарым – қатынас орнатады.
Мазасыздануды (үрейлену) түзету жұмыстарын ата – аналармен
және   тәрбиешілермен   тығыз   өзара   байланыста   өткіземін.   Осы
мақсатта әртүрлі жұмыс түрлері мен әдістерін пайдаланамын. Ата –
аналар мен тәрбиешілерді сұрақнама мен бақылау әдістерін пайдалана
отырып,   баланың   мазасыздануын   зерттеу   мен   бағалауға
қатыстырамын.   Кеңестер   өткізілді:   «Үй   жағдайында   мазасыздануы
жоғары   балалармен   қалай   жұмыс   жасау   қажет»,   «Баланың
мазасыздануының   алдын   алу   жолдары»   және   т.б.   Ата   –   аналармен
және   тәрбиешілерге   арналған   мазасыздану   деңгейі   жоғары   баламен
жұмыс   жасаудың   ережелерін,   ұсыныстар   әзірлеймін,   оларды   ата   –
аналар   бұрышына   қоямын.   Осылайша,   ата   –   аналармен   жұмыста
көрнекі ақпараттар қолданамын.
Мазасыздану   деңгейі   жоғары   (үрейлі)   балалардың   ата   –
аналарының өздері бұлшық еттеріндегі қысымды сезінеді, сондықтан
да босаңсуға арналған жаттығулар олар үшін де пайдалы болар.
Бірақ, барлық ата – аналарға ең алдымен өзіне көңіл бөлуді, одан
кейін ғана баласына талап қоюды ұсына алмайсыз. Осындай жағдайда
болашақта   бала   жаттығуларды   дұрыс   орындау  үшін   ата   –   аналарға
баламен жаттығуларды бірге орындауды ұсынуға болады.
Айтылған ұсыныстарды орындайтын ата – аналар, біраз уақыт
өткеннен кейін денелері жағымды әсер алғандығын, жалпы жағдайы
жақсарғанын білдіреді. Олар әдеттегідей ары қарай бірлесіп жұмыс
жасауға дайын. Осындай сабақтарды педагогтарға да ұсынуға болады.
Баланың   мазасыздану   деңгейін   төмендетуде   оның   өзін   –   өзі
бағалауын   арттыру   аса   маңызды.   Сондықтан,   тәрбиешіге   осындай
балаларға   басқа   балалардың   көзінше   көңіл   бөлу,   болымсыз
жетістіктері үшін де мақтау, балаға атын атап шақыруды ұсынамын. 
Аптасына   бір   рет   ата   –   аналар   бұрышына   немесе   басқа
қабырғаларға   нақты   осы   балалардың   жетістіктері   туралы   ақпарат
қоюды ұсынамын. 
Осылайша   мазасыздану   деңгейі   жоғары   бала
айналасындағылардың  жоғары назарында болуға мүмкіндік алады.
Жоғарыда   айтылған   ақпаратты   әртүрлі   түсті   картоннан   қиып,
«Жетістік гүлі» ретінде көрсетуге болады. Гүлдің ортасына баланың
суретін,   ал   желектеріне,   гүл   жапырақтарына   мазасыздану   деңгейі
жоғары баланың жетістіктерін белгілеуге болады.
Тәрбиешілермен  және  ата  – аналармен  бірлескен  мазасыздану
деңгейі   жоғары   балалармен   психотүзету   жұмыстары   оң   нәтиже
көрсетті.   Мазасыздану   деңгейі   жоғары   балалардың   мінез-құлқын
166

бақылау, олармен қарым – қатынас жасау, балалардың өздеріне деген
сенімдерінің артып, қысым мен қобалжудың төмендегенін, баланың
өзін көрсету қабілеті дами бастағандығын байқатады.
Психотүзету   жұмыстарының   нәтижесін   балалармен   қайталап
жүргізілген   диагностика   қорытындысынан   білуге   болады,
мазасыздану   деңгейі   жоғары   балалармен   жұмыс   нақты   қиындықтар
байланысты және ұзақ уақытты қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Лютова   Е.К.,   Монина   Г.Б.   Шпаргалка   для   взрослых:
Психокоррекционная   работа   с   гиперактивными,   агрессивными,
тревожными и аутичными детьми. - М., 2000. 
2. Лаврентьева Г. П., ТитаренкоТ.М.  Практическая  психология
для воспитателя. Киев, 1992.
3.Моралов   В.Г.,   Фролова   Л.П.   Психологические   основы
коррекции   личностного   развития   детей   дошкольного   возраста.
Череповец, 1995.
4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. В 2 кн.
Кн.1. М.:ВЛАДОС, 2006.
5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. В 2 кн.
Кн. 2. М.:ВЛАДОС, 2006.
6.  Слободяник   Н.П.   Психологическая   помощь   школьникам   с
проблемами в обучении.
7. Хухлаева О. Хочу быть успешным. Методическое пособие для
школьных   психологов,   учителей   начальных   классов,   воспитателей
групп продленного дня.
167

Нигметжанова Г. К 
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
университеті 
Казахстан, Өскемен қаласы
Gulnazym_82@mail.ru
МЕТАМЕТОДИКАНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
БАҒЫТ
Мақалада метаметодиканы зерттеудегі бағыт және негізгі бағыттардың бірі
ретінде психологиялық бағыт, болашақ педагогтердің педагогикалық процестегі
теориялық пән мен жеке әдістемелердің жүйесін меңгеру арқылы өзінің орнын
қалыптастыру жайында баяндалады.
Түйін   сөздер:  метаметодика,   метакомпоненттер,   пәндік-педагогикалық
бағыт, психологиялық бағыт.
Болашақ  педагогтың  педагогикалық   процестегі  теориялық   пән
мен   жеке   әдістемелердің   жүйесін   меңгеру   арқылы   өзінің   орнын
қалыптастыру (тақырып Подходова Н.С. зерттеуімен қарастырылған).
Метаметодиканы   зерттеудегі   психологиялық   бағыттың
өзектілігі: Қазіргі таңда қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де
ықпалын   тигізуде.   Білім   беру   жүйесінің   модернизациясы   әрбір
баланың   дамуына   бағытталған   және   білім   беру   ортасын   құрудағы
тұтастықты қалыптастыру болып табылады. 
Метаметодика   –   пәндік   әдістемелік   интеграция   негізінде
құрылады. Бұл құрылым – нақты пәндік әдістемелердің арасындағы
байланысты орнату арқылы (әртүрлі пәндердегі термин мен мазмұн
мәнінің   байланысын   құру   арқылы)   “Философиялық   деңгейіндегі”
нақты әдістемелердің нәтижесін қарастырады. 
Білім беру жүйесін жетілдіру мақсатына жету үшін нақты оқыту
әдістемелері қажет. Яғни, оқу пәнінің арнайы мүмкіндіктерін жүзеге
асыру және әрбір баланы оқыту мен толыққанды дамуын қамтамасыз
ету.
Бұл мәселені шешуде оқудағы тұтас дамытушылық ортаны және
даму бағдарламасын құру аса маңызды. Сондай-ақ, сыртқы көріністегі
пәндік   мазмұнындағы   интеграция   ғана   емес,   ішкі   көріністің   басты
орын алуы.  Осындай бағытты біз метаметодика деп атаймыз. 
Метаметодика бағыты біріншіден, қоршаған ортадағы баланың
бағыт-бағдарын   (іс-әрекет   деңгейінде)   және   екіншіден,   баланың
дамуы мен өзін-өзі тануын қарастырады [1]. 
168

Бұл екі қызмет болашақ педагогтар үшін білім беру процесінде
метаметодика зерттеуіндегі екі негізгі бағыттын қарастырады 
     
Сурет 1 Метаметодика зерттеуіндегі екі негізгі бағыт
Сурет 2 Пәндік-педагогикалық бағыт
Сурет 3 Психологиялық бағыт
169

Біз   өз   мақаламызда   болашақ   педагогтар   үшін   білім   беру
процесінде   метаметодика   зерттеуіндегі   психологиялық   бағытқа
тоқталамыз.   Аталған   психологиялық   бағыт   төмендегі   бөлімдерді
қарастырып, жүзеге асырады.
Интеллектуалды іскерлігі 
Интеллектуалды іскерлігінің даму процесіне бағытталынуы
Нақты даму деңгейінің көрінісі
 Дамудың жалпы стратегиясын өңдеу
Белгілі бір даму деңгейіндегі қалыптастырудың нақты критерийі
Р.  Стернберг интеллектінің үш түрін бөліп көрсетеді: 
I.   Метакомпоненттер—ақпаратты   қайта   өңдеудегі   нақты
процестерді реттейді және басқару процесі. Оған жататындар: 
1) мәселенінің бар екенін мойындау
2)   процестерді таңдау және мәселелерді түсіну және олардың
шешу жолдары; 
3) стратегияны таңдау; 
4) ментальды репрезентацияны таңдау; 
5) «ақыл ой ресурстарын» бөлу; 
6) мәселелерді шешу жолдарына бағдар жасау; 
7) тапсырманы шешудің эффективті бағасы. 
II. Орындаушы компоненты— иерархияның  төмен деңгейдегі
процесі.   Яғни,   «индуктивті   ойлау»   процесс   (G   фактор   анықтаудағы
сәттілік),   Р.Стернберг   ұсынған   кодировка,   қатынасты   ашу,
сәйкестілікке   әкелу,   салыстыруды   қолдану,   негіздеме,   жауап   т.б
компоненттерді   У.  Найсер  сыни   тұрғыдан   қарай   отыра,   орындаушы
компоненттің   ерекшеліктері   тапсырмалардың   өзгешелігімен
анықталуы және шексіз болуы мүмкін деген пікір айтады
ІІІ.  Білімді   меңгеру   компоненті   метокомпонент   пен
орындаушы компоненттер тәрізді субъект те өзіндік әрекет ете алу
үшін маңызды: 
1) таңдаулы кодировка; 
2) таңдаулы комбинирование; 
3)  таңдаулы салыстырмалылық.
Субъективті тәжірибенің жинақталуы 
Бір түсініктің бірнеше тұжырымдамасын қарастыру
Ғылыми   түсінік   пен   тұрмыстық   түсінікті   байланыстыру   және
олардың арасындағы әртүрлі бағыттағы әдістемелерді өңдеу
Ғылыми тұжырымдамалардың тәжірибемен алмасуындағы әдіс-
тәсілдерді қарастыру

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет