Жаңа орылған астықтың өздігінен қызуы.
Бұдан бұрын жаңа орылған дән мен тұқымға тән қасиеттер қарастырылған болатын. Астықтың кейбір бөліктерінің ылғалдылығы, пісу дәрежесі, қоспалардың мөлшері мен қурамы жөнінен біркелкі болмауы, олардың бастапқы температурасы жаңа орылған дәннің сақтау кезіндегі физиологиялық екпінділігіне себеп болды, өздігінен қызу үдерісінің тууына алғы шарттар жасайды. Оның үстіне бұл үдеріс өте шапшаң жүреді де, бірнеше сағаттың ішінде шегіне жетіп, дән толық бұзылады.
Ылғалдылығы төмен немесе қалыпты деңгейдегі, сондай-ақ көтеріңкі немесе шектен тыс жоғары жаңа орылған дәннің де қызатын жағдайлары белгілі.
Жаңа орылған дәннің қызуына оның сақтауға қояр алдындағы температурасы мен тиісті күтімнің жоқтығы себеп болуы мүмкін.
Мысалы, еліміздің оңтүстік аудандарында жаңа орылған дән астық қабылдау кәсіпорындарына 20-30°С және одан да жоғары температурамен түседі. Әлі де екпінді күйдегі барлық бөліктері қарқынды тыныс алып, көп мөлшерде жылу мен ылғал бөліп шығарады. Бұл уақытта астықта бу пайда болып, дәннің «терлеуіне» алгы шарттар жасалады. Мысалы, сақтау кезінде өздігінен қызу ылғалдылығы 13-14°/0-дан төмен жаңа орылган күріш топтамасында пайда болады. Олардың құрамында ылғалдылығы мен пісуі жөнінен біркелкі емес, піспеген шикі дәндер көп. Әрине, температураның жоғарылығы мұндай дәнді сақтауга төзімсіз етеді. Ылғалдылығы жогары жаңа орылған дән жылу бөлінуінің шамасына қарай жүқа қабат етіп салынғанда да қызуға ұшырайды.
Қызудың жаңа орылған дәнде пайда болатындығына себепті сақтауға салар алдында оның температурасы мен ылғалдылығын түсіріп, кұн сайын әр түрлі қабаттарындағы температураны қадағалап отыру қажет.
Ұзақ сақтауда ылғалдылығы төмен астықтың өздігінен қызуы.
Әлеваторлар мен қоймаларда ұзақ уақыт бойы аударыстырылмай сақталғанда ылғалдылығы шекті мөлшерден төмен дәннің де қызатын жағдайлары белгілі.
Температураның көтерілуі көбінесе көктемде үйіндінің жоғарғы қабатында 0,5-0,8 м тереңдікте пайда болады. Әдетте, температура баяу (1-2 ай) көтеріледі де, одан әрі үдеріс жедел қарқынмен өрбиді. Қызуға жоғарғы қабаттың нығыздалуы себеп болады.
Аударыстырылмай ұзақ сақталғанда құрғақ дәнде қызудың пайда болуына негізгі себеп - үйіндінің жоғарғы қабатындағы маусымдық температураның ауысуы мен ылғал және жылу өткізгіштік қүбылысының орын алуы және осы қабаттарда ылғалдың буға айналуы.
Астықтың ылғалдануы оның барлық бөліктерінде, ең алдымен микроорганизмдерінің тіршілігін күшейтеді. Атмосфералық ауа қызып, оның салыстырмалы ылғалдылығы кемитін бірқалыпты жазгы жағдайға көшу жоғарғы қабаттағы дәннің құрғауына байланысты микроорганизмдер тіршілігінің тоқтауына негіз болады.
Құрғақ дәннің онда көп мөлшерде астық қорының зиянкестері (ұн жегіш, кене) жиналуынан да қызуы мүмкін.
Дәннің әр қабатының ылғалдылығына, температурасына, зақымданғаны мен ныгыздалуына бақылау жасап отыру қүргақ дәннің қызуын ертерек анықтап, оның алдын алу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |