Жауабы: Сан құрамындағы цифрлар қайталанбайтын болса, жұп цифрлардан 96 бес таңбалы сан құрастыруға болады.
Есеп 4. Тоғыз орындық микроавтобусқа 9 жолаушыны неше тәсілмен отырғызуға болады? Жолаушылардың біреуі жол көрсету мақсатында шопырдың қасына отыратын болса, жолаушыларды неше тәсілмен отырғызуға болады?
Шешуі: Тоғыз орындық микроавтобусқа 9 жолаушыны отырғызуға болатын тәсілдер саны: 9·8·7·6·5·4·3·2=362880.
Ал егер жолаушылардың біреуі жол көрсету мақсатында шопырдың қасына отыратын болса, онда жолаушыларды микроавтобусқа отырғызуға болатын тәсілдер саны: 1·8·7·6·5·4·3·2=40320.
Жауабы: Тоғыз орындық микроавтобусқа 9 жолаушыны 362880 тәсілмен отырғызуға болады. Жолаушылардың біреуі жол көрсету мақсатында шопырдың қасына отыратын болса, жолаушыларды 40320 тәсілмен отырғызуға болады.
Есеп 5. Жақсы жүгіретін он екі спортшының ішінен эстафетаға қатысатын төрт спортшыны неше тәсілмен таңдауға болады? Қатысатын төрт спортшыны эстафета этаптарына өзара қалай үлестіруге болады?
Шешуі: Эстафетаға қатысатын бірінші спортшыны 12 әдіспен, екінші спортшыны 11 әдіспен, үшінші спортшыны 10 әдіспен, төртінші спортшыны 9 әдіспен таңдауға болады. Әдістердің жалпы саны: 12·11·10·9=11880.
Эстафетаның бірінші этапындағы қатысушыны 4 әдіспен, екінші этапындағы қатысушыны 3 әдіспен, үшінші этапындағы қатысушыны 2 әдіспен, төртінші этапына соңғы қатысушы қатысады. Әдістердің жалпы саны: 4·3·2·1=24.
Жауабы: Он екі спортшының ішінен эстафетаға қатысатын төрт спортшыны 11880 тәсілмен таңдауға болады? Қатысатын төрт спортшыны эстафета этаптарына өзара 24 тәсілмен үлестіруге болады.
Есеп 6. Таңертеңгі асқа ақ, қара, кебек нанның үстіне шұжық немесе ірімшік қойып дайындауға болады. Дайындалған бутербродты шаймен, сүтпен немесе кофемен ішуге болады. Мүмкін нұсқалар ағашының көмегімен, таңғы астың барлық мүмкін нұсқасының санын табу керек.
Шешуі: Бізде нанның үш түрі бар: ақ нан (А), қара нан (Қ), кебек нан (К1). Олардың үстіне шұжық (Ш1) немесе ірімшік (І) қоюға болады. Дайындалған бутербродты шаймен (Ш2), сүтпен (С) немесе кофемен (К2) ішуге болады. Мүмкін нұсқалар ағашын құрастырайық:
А Қ К1
Ш1 І Ш1 І Ш1 І
Ш2 С К2 Ш2 С К2 Ш2 С К2 Ш2 С К2 Ш2 С К2 Ш2 С К2
Таңғы асты дайындаудың барлық мүмкін нұсқасының саны: 18.
Жауабы: Таңғы асты дайындаудың барлық 18 мүмкін нұсқасы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |