Негізгі мектепте комбинаторика мен ықтималдық теориясының элементтерін оқытудың әдістемесі


Жауабы: Команда мүшелері капитан мен қақпашыны 42 түрлі әдіспен таңдай алады. Есеп 2



бет23/33
Дата20.04.2022
өлшемі325,48 Kb.
#31653
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Планитко2

Жауабы: Команда мүшелері капитан мен қақпашыны 42 түрлі әдіспен таңдай алады.

Есеп 2. Тақ цифрлардан неше үш таңбалы сан құрастыруға болады?

Шешуі: Барлық тақ цифрларды жазып алайық: 1, 3, 5, 7, 9. Осындай барлығы 5 цифр бар. Олардың кез келгені үш орынды санның кез келген орынында орналастыруға болады. Ендеше, 5·5·5=125.

Жауабы: Тақ цифрлардан 125 үш таңбалы сан құрастыруға болады.

Есеп 3. Жұп цифрлардан неше бес таңбалы сан құрастыруға болады (сан құрамындағы цифрлар қайталанбайды)?

Шешуі: Барлық жұп цифрларды жазып алайық: 0, 2, 4, 6, 8. Осындай барлығы 5 цифр бар. Алдыңғы есептен айырмашылығы, цифрлар қайталанбау керек. 0 саны бірінші болып тұра алмайды, сондықтан іріктеуді қалған төрт цифрмен (2, 4, 6, 8) жасаймыз. Егер 2 цифры бірінші орында тұрса, онда екінші орында қалған сандардың (0, 4, 6, 8) кез келгені тұрады, т.с.с. Ендеше, 4·4·3·2=96.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет