Негізгі мектепте комбинаторика мен ықтималдық теориясының элементтерін оқытудың әдістемесі



бет9/33
Дата20.04.2022
өлшемі325,48 Kb.
#31653
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

Есеп 6


Үйдің есігін қорғау үшін 10 саннан тұратын код қойылған. Оны ашу үшін бір мезгілде 4 санды басу керек. Есікті ашудың барлық мүмкін комбинациялар саны қанша?

Шешімі: барлық мүмкін комбинацияларды есептеу үшін терулер формуласын пайдаланамыз




Жауабы: есікті ашудың барлық мүмкін комбинациялар саны 210.

Есеп 7


Пошта бөлімінде 10 түрлі ашық хат сатылады. Олардың ішінен 8 ашық хатты неше түрлі әдіспен сатып алуға болады?

Шешімі: барлық мүмкін әдістерді есептеу үшін қайталанатын терулер формуласын пайдаланамыз



Жауабы: пошта бөлімінен ашық хаттарды 24310 түрлі әдіспен сатып алуға болады.

Есеп 8

Сыныпта 7 оқушы математиканы жақсы оқиды. Математикадан өтетін аудандық олимпиадаға екі оқушыны неше әдіспен таңдап алуға болады?

Шешімі: барлық мүмкін әдістерді есептеу үшін терулер формуласын пайдаланамыз




Жауабы: Математикадан өтетін аудандық олимпиадаға екі оқушыны 21 әдіспен таңдап алуға болады.

Паскаль үшбұрышы дегеніміз үшбұрышты пішінді биномдық коэффициенттердің шексіз кестесі. Бұл үшбұрыштың жоғарғы жоғарғы және бүйір жақтарында бірліктер тұрады. Әрбір сан өзінің үстінде орналасқан екі санның қосындысына тең. Үшбұрыштың бағандары вертикаль оське қатысты симметриялы. Бұл кесте Блез Паскальдың есімімен аталған. Паскаль үшбұрышын құрайтын сандар алгебрада, комбинаторикада, ықтималдық теориясында, математикалық талдауда, сандар теориясында бар. [25]


Сурет 1 – Паскаль үшбұрышы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет