Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


Ал педагогикалық технология дегеніміз не?



бет17/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:
Технология дегеніміз - белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатка жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз - оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.
Технология дегеніміз - білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз - тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.
ЮНЕСКО - ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы. Соңғы жылдары біздер отандық білім беру кеңістігінің барған сайын жаһандана түсу процесінің куәгері болып отырмыз. Ал бұл процестің, шын мәнісінде, оны орындаушыларды күтпеген тосын жағдайларға тап қылатын өте күрделі процесс екендігі дау тудырмаса керек. Оқу орындарының білім беру стандарттары жағдайына көшуі, яғни стандарттау процесі өкінішке орай, қажетті әдістемелік дайындыксыз, педагогикалық технологияның рөлі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталды.
Орын алған дәл осындай келеңсіз жағдайдың нәтижесінде кейбір оқытушылар педагогикалық білімдердің дәл осы саласындағы өзгерістерге дайын болмай шыкты, сөйтіп олар әдістеме мен технология арасындағы айырмашылықтарды сезіне де алмай қалды. Егер әдістемені көп жағдайларда оқу процесін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсак, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиальдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология - ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология - ол болашақ оқу үрдісінің жобасы. Демек, педагогикалық технология - бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады. Біздің ойымызша, оның мүлтіксіз орындалуы белгілі бір жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ете алады. Ал біздің тақырыбымыздың аясы тұрғысынан қарастырғанда, бұл - мемлекеттік білім беру стан­дарты болып табылады. Сонымен, педагогикалык технология дегеніміз - ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.
Біздің пайымдауымызша, оқу процесін жобалаудың техно­логиялық дәрежеге шығуы және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан әрі арттыра түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқу процесіндегі ролін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіншіліктер тудырады. Ал бұл оқытушының жаңа рөлі мен қызметі болып табылады. [19].
АҚШ пен Батыс Европада XX - ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940 – 50 - жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50 – 60 - шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ыкпалымен «педагогикалық технология» деп атала ба­стады. 60-шы жыдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде баспасөз беттерінде және халықаралык конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы» деген термин пайда болды.
60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде көптеген елдерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япо­ния т.б.) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан «оқыту технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік «тәрбиенің технологиясы», «дамыту техноло­гиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына да тән.
Қазіргі батыстағы педагогикалық әдебиеттерде білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін «an educational technolo­gy» ұғымы қолданылады, оны дәстүр бойынша «білім беру техноло­гиясы» деп аударып жүрміз. Осы ұғым ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесінде және т.б.) қолданылатын кез келген технологияны сипаттай алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» терминің бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге (дисциплина) қатысты қолданса дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқу үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр. Сондықтан, бұдан әрі қарай «білім беру технологиясы» ұғымын мұгалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып арнайы ұйымдастырылған өзара қарым -қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз.
Білім берудің технологиясына - оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Әрбір нақты жағдайда білім беру технологиясының белгілі бір түрі туралы сөз болады, сондықтан, оларды жеке қарастырған кезде түрлі ерекшелігін атап көрсетуге тиіспіз. Бұл ережеден тыс тұрған тек «педагогикалық технология» ұғымы ғана. Бұл бұрын оқу үрдісінің «педагогикалық үрдіс» деп аталуына байланысты. Кей жағдайда бұл екі ұғымды синоним ретінде қолдануға болар еді. Бірақ, әлемдік терминологияның бірегейленуіне байланысты «білім беру технологиясы» ұғымына тоқталуға тиіспіз.
Сырт көзге оқу үрдісіндегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерде қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» ұғымы «білім беру технологиясы» ұғымынан әлдеқайда кең.
Әдетте, әдістеменің пәні - білім берудің мақсатын, мазмұнын, оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе деп саналады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай оқыту керек? Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Сондықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына ғана жауап береді.
Бір қарағанда, технологиялық әдіс жеке әдістемелер ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологиялық амалдардың мақсаттык ұстанымдары әртүрлі.
Әдістеме мен технологияда қолданылатын оқу процесін сипаттайтын тілдік құрал (терминология) да әртүрлі. Нәтижеде, көптеген тамаша әдістемелік жүйелер (В.Ф.Шаталов, В.К.Дьяченко т.б.) іске асырлар деңгейге келген кезде қиындықтарға жолықты. Себебі, жаңа жағдайда жүйені жұмыс жасатуда алынған сипаттамалар жеткіліксіз болып отырды.
А.Кушнир: «Технология әдістемеден өзінің нәтижелерінің тұрақтылығымен, тез қайта қалпына келетіндігімен, көптеген «егерлердің» жоқтығымен (егер оқушылар талантты болса; егер оқытушы талантты болса; егер мектеп бай болса... т.б.) ерекшеленеді. Әдістеменің тәжірибені қорытындылаудан білімді үйренудің жаңа әдістері ойлап табылғанда ғана дүниеге келетіні үйреншікті жағдай. Технология болса, ықтимал нәтиже емес, берілген бастапқы нақтылы жағдайларға байланысты жобаланады.
Технология ұғымы тар мағынада - бір нақты объектінің технологиясы ретінде, және кең мағынада - ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсак, онда тікелей дидактиканы қарастырамыз:
1. Дәстүрлі дидактика - әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теориясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін окытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде қояды.
2. Әдетте, дидактиканың пәні - білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактиканың пәнін былай сипаттауға болады: бұл оқытудың мақсаттары, мазмұны, зандылықтары, әдістері және принциптері.
3. Дидкатиканың міндеттері: а) оқыту үрдісін суреттеп түсіндіре отырып оны іске асыру жолдарын көрсету; б) оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудың технологиясын - қолданбалы дидактика десе де болады.
Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс - әрекетінің әдіс - тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.
Сонымен, технологиялық әдіс дидкатикалық немесе жеке әдістемелік әдістерден туындамайды, оқу үрдісін зерттеудін дербес бағыты болып табылады екен.
Енді, білім беру технологиясының белгілі анықтамаларын қарастырайық:
1. Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала оты­рып, олардың арасындағы білім беруге неғұрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым - қатынасты, бүкіл оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, бағалауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет