Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет16/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62
1. Сөздік
2. Көрнекілік
3. Практикалық
Сөздік әдісте басты білім көзі-сөз. Әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция-сөздік әдістер. Сөздік әдіске оқушылардың кітаппен(оқулық, анықтамалықтар, ғылыми әдебиеттер) жұмыс ітеуі де жатады.
Көрнекілік әдістер тобына білім көзі-бақылау болатын әдістер жатады. Оқушылар бақылап қарап, оның нәтижесіне эксперименттік фактыларға ой жүгіртіп,талдап, қорытынды жасап жаңа білімге жатады. Көрнекілік әдістер тобына демонстрациялық эксперимент пен иллюстрациалық әдіс (суреттер, сызбаларды, кестелерді, механикалық модельдерді, диапозитивтерді,кино-, теле-, видеофильмдерді т.б. көрсету) жатады. Бұл әдіске экскурсияны да жатқызуға болады.
Практикалық әдіс- есеп шығару мен оқушылардың жұмыстары (зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар, үй эксперименті) Осы әдісті қолдану барысында оқушыларда білімдерін есеп шығару үрдісінде қолдана білу білігі мен белгілі-бір экспериментальдық білім мен дағдылар(өлшеу жүргізе білу, өлшеуіш құралдың шкаласының құнын анықтау, электрлік тізбектерді оқып оны құру т.б.) қалыптасады. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің негізгі көз болып табылады.


4.2 Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары
Мектептердің негізгі мақсаты – зерделі, дарынды балаларды шығармашылық жұмыстармен көптеп айналысуына көптеп мүмкіндік туғызу және дамыту. Бұл мақсатқа жетудің бірден- бір жолы – оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс- тәсілдерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа технологиясын зерттеу, оны өз ісіне пайдаланып, жоғары нәтижеге жету мұғалімнің міндеті.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең кең қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологи­ясы, қарым - қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе тех-нологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы аныктама жоқ.
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез - келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек кана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті окыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
Технология-«техно»-өнер, шебер, қол өнер, «логия»-ғылым деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, «технология» терминің қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез - келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
1. Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ак белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс - тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет