Зерттеушілік әдістің негізі мұғалімнің алдарында тұрған жаңа проблемалық тапсырмаларды шешудегі оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады.
Бұл әдістің мақсаты-оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесін толық меңгеруі. Зерттеушілік әдістің көмегімен білімді шығармашылық деңгейде меңгеріледі. Яғни, бұл әдіс оқушыларды проблемалық тапсырмаларды шешуде бар білімдерін қолдануға және проблеманы шешудің негізінде жаңа білімді меңгеруге үйретеді. Сонымен қатар бұл әдіс ғылыми таным әдістерін менгертеді.Зерттеушілік әдіс оқушылардың өз беттерімен шығармашылық деңгейде іс-әрекеттерін ұйымдастырып, қызығушылықтарын қалыптастырады. Зерттеушілік әдістегі тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: сыныптық зертханалық жұмыстар және үйде орындайтын практикалық жұмыстар; аналитикалық проблеманы шешу; қысқа уақытта және белгілі бір мерзімде (апта,ай) орындалатын тапсырмалар ; жеке және топпен орындалатын тапсырмалар т.б. Зертханалық жұмыстарды орындау нұсқауы оқулықтарда берілген. Нұсқау бойынша зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамымайды. Сондықтан қазіргі кезенде көбінесе зерттеушілік мақсатты көздейтін зертханалық жұмыстар ұйымдастырылып өткізіледі. Мұғалім жұмыстын мақсатын айтады, ал оқушылар зерттеудің кезендерін(жұмыс жоспары), қажетті құрал-жабдықтарды өздері анықтайды. Әсіресе физикалық практикомда орындауда осы әдісті қолданған тиімді.
Зерттеу процесінің кезендері:
1)фактылар мен құбылыстарды бақылау және зерделеу;
2)Проблеманы қою-зеттеуге жататын түсініксіз құбылысты аңықтау;
3) болжам жасау;
4)зерттеу жоспарын құру;
5)қарастырылатын құбылыстын басқа құбылыстармен байланысын аңықтаудын жоспарын жүзеге асыру;
6)проблеманың шешімін тұжырымдау,түсіндіру;
7)шешуін тексеру;
8)алынған білімнің қолданылуының мүмкіндігі туралы практикалық қорытынды жасау.
Зерттеушілік әдіс – бағыты – ғылыми таным әдістерімен қамтамасыз ету, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту және шығармашылық әрекетті ойдағыдай қамтамасыз ету, епті пайдаланатын білімнің тұрақталынуы. Белгілері:
- мұғалім оқушылармен бірге проблеманы қояды.
- оқушыларға білім хабарланбайды, олар өздері проблеманы зерттеп, шешу арқылы білімге ие болады.
- мұғалімнің іс-әрекеті проблемалық міндетті шешу барысында оперативті басқаруға сай келеді.
- оқыту процесі жоғары қарқындылықпен сипатталады, үлкен қызығушылықпен жүреді, алынған білім тереңдігімен, беріктілігімен, іскерлігімен ерекшеленеді.