Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет32/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

5.4 Эвристикалық әдіс

Бөліктік – ізденушілік (эвристикалық) әдіс – мұғалім білімнің бір бөлігін хабарлайды, енді бір бөлігін оқушылар қойылған сұраққа жауап беру арқылы өздігінен табады. Бұл әдісте мұғалім проблеманы шешудің кейбір қадамдарында оқушыларды қатыстыруды ұйымдастырады. Мұғалімнің ролі оқушылардың алдына проблема түрінде қойылатын тапсырманы жеке кезеңдерге бөліп, қай кезеңде олар өз беттерімен жұмыс жасайтындығын анықтау. Яғни, мұғалім қандай да болмасын әдіспен оқушылардың өз бетімен жүзеге асатын танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Бір жағдайда оқушылар проблеманы көріп, екінші бір жағдайда дәлелдеудің жолын анықтап, үшінші бір жағдайда көрсетілген фактылардан немесе айтылған ақпараттардан қорытында шығарып, төртінші бір жағдайда болжам жасап, бесінші бір жағдайда жасалған болжамды немесе қорытындыны тексерудің жоспарын құруға үйретеді. Оқытудың эвристикалық әдісінің жүзеге асырылуының бір түрі-эвристикалық әңгімелесу. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың алдына біртіндеп проблеманы қойып, оны шешудегі қарама-қайшылықты көрсетіп, әңгімелесудің кезеңдерін құрса, ал оқушылар әңгімелесудің әр кезеңіндегі проблеманы шешудің жолдарын өз беттерімен іздейді.


Негізгі мектепте де және жоғарғы сыныптарда да кез-келген сабақты эвристикалық әдіспен ұйымдастырып өткізуге болады.
Фотоэффект құбылысын оқығанда Герц пен Сталетовтың тәжірибелері қарастырылады. Фотоэффект құбылысын бақылау үшін электрлік доғаның сәулесімен жарықталынатын мырыш пластинасы орнатылған электометр қолданылады. Мұғалім әуелі пластинаны оң зарядпен, артынан теріс зарядпен зарядтайды. Тек теріс зарядпен зарядталған мырыш пластинасының разрядталыну себебін мұғалім оқушылардың өз бетімен анықтауын тапсырады. Бұл оқушылардың өз бетімен ізденулерінің бірінші кезеңі. Әрі қарай мұғалім жарық ағынының жолына шыныны қойып, мырыш пластинасының разрядталмайтындығын көрсетіп, оқушылардың алдына келесі проблеманы қойып, бақылаған құбылысты түсіндіруді сұрайды. Мырыш пластинасына түсетін жарықтың ағынын арттырып, мұғалім бақыланып отырған құбылыстың жарықтың интинсивтілігіне тәуелсіздігін көрсетеді. Зертеудің үшінші кезеңінде оқушылар өздері білетін жарықтың толқындық теориясына сүйеніп, бақылаған құбылысты түсіндіре алмайтындығына көздері жетеді. Сөйтіп проблемалық жағдаят пайда болады. Яғни, бақылаған құбылыстың нәтижесінде алынған жаңа білім мен бұрынғы білімнің арасында қарама-қайшылық пайда болады. Пайда болған жағдаятты қолданып, мұғалім фотоэффект заңдарын береді. Сонымен оқытудың эвристикалық әдісін қолданып, мұғалім жаңа оқу материалын түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар оқушыларды ізденуге мәжбір етіп, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуға әсер етеді.
Сонымен эвристикалық әдістің белгілері:
- оқушыларға білім «дайын» күйінде берілмейді, олар оны дербес табу керек.
- мұғалім оқушыларды әртүрлі құралдармен жаңа білімді іздеуге, меңгеруге жұмылдырады.
- оқушылар мұғалімнің басқаруымен дербес ойлайды, пайда болатын танымдық міндеттерді шешеді, проблемалық жағдаяттарды құрады және шешеді, талдайды, салыстырады, жалпылайды, қорытындылайды. Нәтижесінде оларда саналы берік білім қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет