6.5 Факультатив сабақтарының мақсаты, маңызы. Факультатив курсының мазмұны және өткізу әдістері
Оқушылардың физика-математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар бойынша білімдерін тереңдететін оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамытып және қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында факультатив сабақтары мектептерде 1966 жылдан бастап енгізілген. Ол кезде мектептерде білім беру жүйесі де, мектептердің өздері де бірдей болатын. Сондықтан факультатив сабақтар сол кездегі саралап оқытудың жалғыз формасы болды.
Қазіргі кезеңде факультатив сабақтары мектептегі саралап оқытудың басқа формаларымен қатар жүреді (деңгейлік және бағдарлы саралау). Оларға берілетін уақыт базистік оқу жоспарының вариативтік бөліміне енгізілген: факультатив сабақтарға оқушылар өз қалаулары бойынша курсты таңдап қатысады.
Факультатив сабақтарының маңызы: - оқушылардың қабілеттерін дамыту;
- қызығушылықтарын қанағаттандыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілетерін дамыту;
- оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру;
-оқушыларды қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың жетістіктерімен таныстыру;
- оқушыларда жалпы оқу біліктерін қалыптастыру (баяндамаларды әзірлеп баяндау, рефераттар жазу, топпен жұмыс істеу, ақпаратпен жұмыс істеу);
- оқушыларға кәсіби бағдар беру.
Факультатив курстарының жүйесі үш топтан тұрады;
1) Жоғары деңгейдегі курстар (курсы повышенного уровня). Бұлардың мақсаты – оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тереңдету. Бұл курстар оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тереңдету. Бұл курстар оқушылардың теориялық және экспериметальдық дайындықтарын
2) Қолданбалы физика курсы.Мақсаты оқушыларды практикада физика ғылымының жетістіктерін практикада қолдану әдістерімен таныстырып, олардың техника мен технологияға қызығушылықтарын тәрбиелеп дамыту. Факультатив курсының бұл түрінде оқушылар ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының физикалық негіздерімен танысады. Механизациянық, автоматизацияның, аспап жасаудың, энергетиканың физика-техникалық зерттеулерді жүргізу мен өлшеу әдістерімен танысып, физика-техникалық модельдер мен конструкцияларды құрып жинақтауғаи үйренді.
3) Арнайы курстар (спецкурсы).Бұларда оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды роль атқаратын физика мен астрономияның кейбір тараулары қарастырылады.
Бұл курстың мақсаты – негізгі физика курсының бағдарламасындағы жоқ кейбір маңызды тақырыптардың орнын толтыру. Арнайы курстарға пәнаралық факультативтер де жатады. Олардың мақсаты – бірнеше жаратылыстану және гуманитарлық пәндерден алған оқушылардың табиғат пен қоғам туралы білімдерін интеграциялау.
Кейбір факультатив курстарын 1 жыл бойы оқыса, кейбірулерін 2-3 жыл бойы оқиды. Факультатив сабақтары жүретін топтарда оқушылар саны – 10 адам.
2. Факультатив сабақтары арнайы жасалған бағдарламалар бойынша өткізіледі. Кейбір факультатив курстарының бағдарламалары Білім Министрімен бекітіліп, бағдарламалар жиынтығына енгізілген. Мектеп әкімшілігі бекіткен мұғалімнің өзі жасаған бағдарлама бойынша да факультатив сабақтарды өткізуге болады. Физикада факультатив курстарының мазмұнын таңдап тағайындаудың негізінде:
- факультативтің негізгі курспен байланысы;
- факультатив курстарының мазмұнында фундаментальді физикалық заңдар мен принциптердің (сақталу заңдары, сәйкестік пен симметрия принциптері т.б. болуы);
- пәнаралық байланыстың жүзеге асуы;
- политехнизм принципінің жүзеге асуы жатады.(О.Ф. Кабардин)
Жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының бағдарламасы мазмұны жағынан бағдарламасымен сәйкестенген болуы керек. Сабақта қаралатын физикалық заңдар мен құбылыстарды тереңірек қарауға мүмкіндік береді. Бұл факультативтік сабақтарды жоспарлау негізгі курстық сабақтарды жоспарлаумен параллель жүзеге асады.
Мысалы (8 сынып) «Жылулық, электрлік, жарық құбылыстар», «9-» («Механика»), «10-сыныптың физикадан факультативтік курсы» («Молекулалық физика», «Электродинамика»), «11-сыныптың физикадан факультативтік курсы» («Электродинамика», «Тербелістер», «Толқындар», «Кванттар»).
8-сыныптың факультатив сабақтарында оқушылардың жылулық, электрлік, жарық құбылыстар туралы білімдері толықтырылып тереңдетіледі. Молекулалардың өлшемдерін, массаларын, жылдамдықтарын, концентрациясын анықтайтын тәжірибелер қарастырылады. МКТ негізінде капиллярлық құбылыстар түсіндіріледі. Жылулық ұлғаю және оны техникада ескеру қарастырылады. «Атмосфера физикасы» тақырыбын қарастырудың білімділік құндылығы оқушылардың физика мен географиядан алған білімдері интеграцияланылады.
«Электр тогы», «Электр магниттік құбылыстар» тақырыптарын қарастырғанда негізінен қолданбалы мәселелер: электролиз, оның қолданылуы; электрөлшеуіш құралдар, электрмагниттік реле, айнымалы токты алу, трансформатор т.б. қарастырылады.
«Оптика» тарауы бойынша фотометрия элементтері, жарықтың сыну заңдары, линзалардың формулалары, ақ жарықтың спектрлерге жіктелуі сияқты мәселелер қарастырылады.
9-сыныптың факультативтік курстарының мақсаты – оқушының механика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, қашықтықты және уақытты өлшеудің әртүрлі практикалық әдістерімен таныстыру. Кинематикада зейін қозғалысты графиктік бейнелеуге, классикалық жылдамдықтарды қосу заңдылықтарының қолдану шегі мен жарықтың жылдамдықтарының шектігі мен инварианттылығын талдауға бөлінеді.
«Динамика» тарауын қарастырғанда негізгі материалдармен қатар инерциалдық емес санақ жүйесіндегі денелердің қозғалысы, центрден тепкіш механизмдер қарастырылады. Бұл сыныпта «Қатты денелердің айналмалы қозғалысы» тақырыбын қарастырғанда айналмалы қозғалыстың кинематикалық және динамикалық сипаттамалары енгізілген. -инерция моменті ұғымы мен айналмалы қозғалыстың динамикасының теңдеуі беріледі.
10-сыныптың факультативтік курстарында молекулалық физика модельдерінің қолданылу шегі, молекулалардың жылдамдықтары бойынша жіктелуі (Максвелл), статистикалық және термодинамикалық әдістер қарастырылады. «Термодинамика» тарауы бойынша жылу сыйымдылық ұғымы тереңірек оқытылады. (Газдардың жылу сыйымдылығының оның күйінің өзгеру процесіне тәуелділігі), қайтымсыз үрдістер туралы түсінік, термодинамиканың ІІ заңы және оның статистикалық мағынасы, жылу двигателінің жұмыс істеу принциптері қарастырылады. «Электродинамика» тарауында Остроградский-гаусс теоремасы, сегнетоэлектриктер, пьезоэлектрлік эффект, жартылай өткізгіштің қолданылуы сияқты мәселелер қарастырылады. Электрлік шамаларды магниттік шамаларды өлшеуге көңіл бөлінеді.
11-сыныптың факультативтік курсында электромагниттдік тербелістер туралы білімдері гормониялық емес тербелістерді қарастыру арқылы тереңдетіледі. Политехникалық білім 3 фазалы токты алу, үш фазалы токтың асинхронды двигателі мен үш фазалы электр энергиясын тасымалдау жүйесін қарастыруда беріледі. Жарықтың толқындық қасиеттерін қарастырғанда Френель зонасы, Гьюгенс-Френель принциптері туралы түсінік беріледі.
«Кванттар» тақырыбы бойынша материаның корпускулалық-толқындық қасиеттерін дәлелдейтін фотонның нақты өмір сүретінін дәлелдейтін материалдар қарастырылады.