Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


VІІ ТАРАУ. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ФИЗИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ



бет42/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

VІІ ТАРАУ. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ФИЗИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ


7.1 Физиканы оқыту үрдісіндегі физикалық эксперименттің маңызы мен мақсаты, оның түрлері

Физика - эксперименттік ғылым. Соңдықтан, физикадан өткізілетін оқу эксперименті оқушылардың физика бойынша алатын білімдерінің көзі және физикалық кұбылыстарды зерттеудің әдісі, физика сабақтарындағы басты көрнекілік болып табылады.


Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Ол фазиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып саналады, себебі оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (үдеу, өріс, жарық дисперсиясы) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары) тексеріледі.
Физикадық оқу экспериментінің оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке, қиыншылықты жеңе білуге, ізденушілікке, бақылай білу ептілігін дамытуға, политехникалық дағдыларын қалыптастыруға күшті әсер ететіндей тәрбиелік маңызы да зор.
Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай 6 түрден құрылады:
1) демонстрациялық эксперимент;
2) лабораториялық эксперимент;
3)физикалық практикум;
4) сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент;
5)эксперименттік есептер шығару;
6)қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау.
Мектепте физикалық экспериментті тиісті дәрежеде өткізудің ең басты шарты - физика кабинетін жабдықтау және оның жұмысын жоспарлы түрде дұрыс жолға қоя білу. Бұл -физика мұғалімінің ынта-жігеріне және іскерлік қабілетіне бірден-бір байланысты жұмыс.
Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстіңде көрсетіледі, сондықтан, ол сабақтың бір бөлігі болып есептелінеді және оқытудың басқа тәсілдерімен (әңгімелеу, дәріс, проблемалық баяндау, т.т.) бірігіп қолданылады. Демек, демонстрациялық тәжірибелер көрсетпейінше физика сабақтарын сапалы өткізуте болмайды.
Сабақ үстінде физикалық тәжірибелерді көбінесе мұғалім көрсетеді, кейде оларды оқушылардың өздеріне де жасатуға болады.
Физикалық эксперимент – оқытудың ең нәтижелі, әсерлі әдістерінің бірі.
Демонстрациялық экспеимент сабақ үстінде көрсетіледі, ол сабақтың бір бөлігі ретінде есептеледі және оқытудың басқа тәсілдерімен
(әңгімелесу, дәріс, проблемалық оқыту т.б.) бірігіп қолданылады. Демек демонстрациялық тәжірибелер көрсетілгенде физика сабағы қызықты өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет