Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет55/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62
Ғылыми жобалар сайысы: Бұл сайыстың мақсаты – оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен өз бетімен жұмыстануын дамыту.
Мектептегі физикалық апталықтың өту барысында штаб мүшесі мен физика пәнінің мұғалімі тығыз байланыста болады. Мұғалім әр сыныпқа сайысқа қандай жобалардың қатыса алатынын және оларға қойылатын шарттарды түсіндіреді.
Жобаны қорғау мына түрде өтуі керек:
1. Жоба авторы өзінің жұмысының мазмұнымен таныстырады, - 2 мин.
2. Қарсыластар пікірі, яғни қарсыластардың жасаған жобасының тиімді және тиімсіз жақтарын айтуы, - 2 мин.
3. Жоба авторына қойылатын сұрақтар және оның жауабын тыңдау, - 1-2 мин.
Физика мен техникаға арналған үздік суреттер сайысы (6-8 сыныптар). Физика пән мұғалімі және штаб мүшелері мектептің сурет пәні мұғаліміне, апталық уақытында оқушыларға алдын-ала, сабақта физикалық құбылыстардың суретін салу тапсырмасын беруін сұраулары қажет. Қазіргі және болашақ ғылыми техниканы, олар қалай елестететіндігі жөнінде салынуы керек
Физикалық қабырға газеттері мен бұрыштамалар сайысы. «Ғылым мен техника жаңалықтары». Бұл сыныптар ұжымының сайысы болып табылады және оны үлкен балмен бағалау керек. Бағалау кезінде қабырға газеттерінің тақырыбы қаншалықты қызықты және мазмұнды екеніне көз жеткізген дұрыс
Кештің түрлері. 7-8 сыныптар үшін сыныптан тыс жұмыстардың тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер – қызықты физика, физика-техникалық кештер, тақырыптық және мерейтойлық күндерге арналған кештер болды.
Физика мен техника кештері.
Физика мен техника кештері – физикадан көпшілік сыныптан тыс жұмыстың тардымды да пайдалы түрінің бірі. Жақсы ұйымдастырылып өткен кеш көбінесе оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырады да, олардың кейбіреулерінің физика мен техникаға шынайы еліктеуінің бастамасы болады.
Кештің түрлері. 7-8 сыныптар үшін сыныптан тыс жұмыстардың тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер – қызықты физика, физика-техникалық кештер, тақырыптық және мерейтойлық күндерге арналған кештер болады.
Қызықты физика кеші әсіресе 7-8 сынып оқушылары үшін ерекше орын алады. Бұл түсінікті де: 13-14 жастағы мектеп оқушыларын, олардың қиялын баурап әкететін ғажайып құбылыстар әуестендіреді. Алайда мұғалім кешті тек бір сарынды «ғажайыптармен» ғана ұйымдастырмауы керек. өйткені кештің негізгі принципі оның мазмұндылығында болуы керек, әйтпесе кеш тек сыңар жақ көріністермен ғана шектеліп, өзінің танымдық маңызын жоғалтуы мүмкін.
Кештің мақсаты - «Атмосфералық қысым» мен «Архимед күші» деген тақырыптардың мазмұнын оқушылардың терең түсінуіне көмек ретінде, физикалық құбылыстар мен заңдар кейде күтпеген жағдайдың өзінде – ақ анықталып, демонстрацияланатыны бақылау және әсерлі деген физикалық тәжірибелерді өз бетінше істеуге мүмкіндік беріп отыру арқылы олардың ынта – ықыласын арттыру.
Кештің жоспары.
Физикалық кештерді қызықты физика мәселелеріне, мерейтойлық күндерге, жеке техникалық тақырыптарға арнаған дұрыс.
Тақырыптық физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады: I.Дайындық кезеңі (1-1,5 ай): а) мұғалім мен кешті басқаратын оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы; ә) баяндамашыларды бөлу; б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау; в) конкурс пен викторинаға есеп-сұрақтар таңдау; г) иллюстративті материалдарды қолдан жасау; д) көркемөнерпаздарды жаттықтыру; е) кештің бағдарламасы көрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою. II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат): а) кеш өтетін бөлмені безендіру; ә) кештің негізгі уаскелеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау; б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашып көрсету;
ІІІ. Кешті қорытындылап, бағалап, келешекке бағыт-бағдар көрсету.
Мектеп оқушыларымен мектептен тыс жұмыс формалары ішіндегі ең маңыздыларының бірі – оларды техникалық шығармашылыққа тарту болып табылады. Сабақтарда уақыттың көпшілік бөлігі оқушылардың жеке жұмыстарына кетеді, ал аз бөлігі- баяндамаларға, сөз сөйлеулерге, үйірмешілердің есептеріне жұмсалады. Үйірменің ұйымдастырушылық жұмыстарына оқушылардың өздерін тарту керек, старостаны, оның орынбасарларын, үйірме хатшысын тағайындау қажет.
Конференция ұжымның үлкен шығармашылық жұмысының қортындысы. Конференцияны өткізудің әдістемесі тақырыбы мен қойылған мақсатына орай әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары сынып оқушылары үшін конференция бірнеше ай бойы өткен физика курсының немесе үлкен тарауды, тақырыпты меңгеру жұмысының қортындысы немесе тіпті бүкіл оқу жылының қортындысы да болып табылады.
Физика бойынша олимпиадалар.
Оқушылардың физикаға деген қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңызды формалары ретінде физикалық олимпиадалар болып табылады. Олимпиадалар- сыныптан тыс жұмыстың жалпымойындалған және көпшіліктік формасы болып табылады. Оларды қазіргі кезде көптеген пәндер бойынша еліміздің барлық аймақтарында ұйымдастырылады. Олимпиадалар оқушылар арасында кеңінен танымал, себебі оларға өз күштерін сынауға және жарысқа қатысуға мүмкіндік береді. Маңыздысы, олимпиада мақсаттары тек дарынды оқушыларды анықтау ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың басым көпшілігінде физиканы оқуға деген қызығушылықтарын оятуға жағдай туғызу екендігін естен шығармаған жөн.
Олимпиадалар ұйымдастыру мен өткізуде келесі дидактикалық және тәрбиелік мақсаттар көзделеді:
-пәнге деген тұрақты қызығушылықты туғызу;
-бұрын өткен материалды жүйелендіру мен қайталау;
- оқушыларда рационалды физикалық ойлауды дамыту;
- табандылық, мақсатқа тырысушылық, қиындықтарды жеңу сияқты сапаларды тәрбиелеу;
- жоғары сынып оқушыларына мамандықты таңдауда көмек көрсету.
Олимпиада нәтижелері бойынша ең қабілетті деген жастарды елдің жоғары оқу орындарына ұсынуға мүмкіндік туады.
Физика бойынша олимпиадалар қазіргі кезеңде бес кезеңде өткізіледі.
1-ші кезең – мектептік олимпиадалар. Олар мұғалімдердің күшімен оқу жылының бірінші жартыжылдығында өткізіледі, оған қатысуға ниет білдірген оқушылардың барлығы қатыстырылады.
2-ші кезең – аудандық, қалалық олимпиадалар. Бұл кезең өлкелік, облыстық ұйымдастыру комитеттерімен құрастырылған тапсырмалар бойынша желтоқсан-қаңтар айларында өткізіледі.
3-ші кезең - өлкелік, облыстық олимпиадалар. Бұл кезеңді облыстық комитеттер қаңтар-ақпан айларында өткізеді.
4-ші кезең – аймақтық. Ол наурыз айында өткізіледі.
5-ші кезең – қортынды. Ол сәуір айында өткізіледі. Онда аймақтық олипиадада жеңіске жеткендер, әр сыныптан 7-8 адамнан қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет