Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің



бет54/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

9.3. Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемесі
Физика апталығын өткізу. Физика апталығы шаралар есте қаларлықтай жарқын болуы тиіс. Ол үшін көптеген қызықты сайыстар өткізуге болады:
1.Сөзжұмбақтар мен ребустар сайысы. 8-10 сыныптар үшін ребустар мен сөзжұмбақтарды құрастыру үй жұмысын орындаудың бір түрі болып табылады. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде оқушылар физикалық ұғымдарды, терминдерді,шамаларды, саналы түрде меңгереді. Оқушылардың мұндай жұмысты өз бетімен орындауы оларды ізденуге итермелейді. Бұл жұмысты оқушы өз қалауымен орындағаны маңызды.
Дұрыс құрастырылған сөзжұмбақтар мен ребустарды мұғалім бағалайды. Ал ең жақсы дегендерін (10-15) сайысқа іріктеп алады.
Бұл сайысты өткізуге жауапты штаб мүшесі іріктелген материалдардың безендірілуін қадағалайды. Іріктелген ребустар мен сөзжұмбақтар үлкен форматтаға қағаздарға көшіріледі және оны құрастырушының аты – жөні жазылады. Содан кейін бұл қағазды мектептің дәлізіне іледі. Оқушыларға үзіліс уақытында немесе сабақ соңында тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беріледі. Егер оларды (2-3) тез арада шешіп тастаса, онда сөзжұмбақтар мен ребустар жиынын басқа тапсырмалармен алмастыруға болады.
2.Рефераттар сайысы. (9-11 сыныптар) Апталықтың өтуіне 7- 10 күн бұрын стендте рефератардың тақырыптары мен оларды іздестіруге арналған әдебиеттер тізімі және тапсыру уақыты жазылады. Оқушылар өз қалауымен тақырыпты таңдайды, біріқ мұғалім таңдаған тақырыптың маңыздылығын түсіндіру қажет.
Берілген тақырыптар тек қана физика бойынша емес, сонымен қатар тарих, әдебиет, биология пәндеріне қызығатын оқушылардың барлық сұрақтарына жауап бере алатындай кең ауқымды болуы қажет. Бұл жағдайда оқушылардың бір пән арқылы, екінші бір пәнге деген қызығушылығын арттыру мүмкін болады.
Сайысқа арналған рефераттар тақырыптары:
9-сынып.
1. Ауырлық күші әрекетінен денелердің қозғалысы.
2. Ньютон заңдарының қолдану шегі.
3. Механиканың сақталу заңдары.
4. Физика және климат өзгерісі.
10-сынып.
1. Ұлы орыс ғалымы-физик М.В. Ломоносов
2. Температура ұғымы және температуралық көрсеткіштер.
3. Қатты денелердің электрөткізгіштік аймақы жөніндегі теория.
4. Заттың магниттік құрамы.
5. 18-19 ғасырлардағы - физика .
11- сынып.
1. Механикалық тербелістердің ғылым мен техникада қолданылуы.
2. Радионың шығу тарихы.
3. Соңғы технология мен жасалған радиоаппаратуралар.
4. Электрондық микроскоп.
5. Фермидің өмірі мен шығармашылығы.
6. Физикадағы жаңа дәуір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет