Мұғалімнің жұмысын жоспарлау, оның кәсіптік қызыметінің басты элементтері болып табылады. Оның дұрыс жосарлануы физиканы оқыту үдерісіндегі мақсаттарға жетуге әсер етеді. Мұғалім жұмысын жопарлағанда негізгі алынатын құжаттар мектептің оқу жоспары мен физика курсының бағдарламасы.
Қазгі кезде түрлі оқу жопарлары бойынша білім және тәрбие беретін жалпы орта білімдік оқу орындарында мұғалім физика курсының бағдарламасы мен оқулықтарын оқытудың мақсатына сәйкес, өзі таңдап алып, оқыту үдерісін жоспарлайды.
Мұғалімнің жұмысын алдын-ала жоспарлауы-өткізетін сабақтың мазмұнын және мақсатын, оқушылармен істелетін жалпы және жеке тапсырмалардың жүйесін, эксперименттік жұмыстардың, зертханалық жұмыстардың, физикалық практикумдарды жүргізуге, білімдерін тексеруге және олардың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім негізінен үш түрлі жоспар құрады: жылдық, күнтізбелік-тақырыптық, күнделікті сабақ жоспарлары.
Жылдық жоспар – тоқсан бойынша оқу материалының орналасуы. Жылдық жоспар құру үшін мұғалім оқу бағдарламасын меңгеруі керек, әр тоқсандағы апта санын және әрбір сыныпта физика бойынша сабақтардың санын ескеру қажет.
Оқу жылы, ереже бойынша, 1 қыркүйектен 25 мамырға дейін (34 апта) созылады. Ол тоқсандарға келесідей бөлінеді:
1 тоқсан: 1 қыркүйек – 4 қараша (9 апта);
ІІ тоқсан: 10 қараша – 28 желтоқсан (7 апта);
ІІІ тоқсан: 11 қаңтар – 23 наурыз (10 апта);
ІV тоқсан: 1 сәуір – 25 мамыр (8 апта).
Жылдық жоспарды құрарда мұғалім нақты бір уақыт резервін қарастырып алуы керек, өйткені мұғалімнің науқастанып қалуына, карантиннің жариялануына, мерекелік күндерді ауыстыруға байланысты жоспарда әртүрлі ағаттықтар болулары мүмкін.
Жылдық жоспар мұғалімге ыңғайлы формада өз қалауынша жасалады.
Кесте11 Мысалы:
Кіріспе.
Физика және астрономия табиғат туралы ғылым.
Заттың құрылысы
Қосымша сағат
2
8
6
2
ІІ
14
Қозғалыс
Масса және күш
Қосымша сағат
9
5
ІІІ
20
Масса және күш
Қысым
Қосымша сағат
7
13
ІV
16
Қысым
Жұмыс. Қуат.Энергия.
Қосымша сағат
3
11
2
Жылдық жоспар құрылғаннан соң, мұғалім әр тақырып бойынша оқу материалын жоспарлауға көшеді, яғни күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрады.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар деп - әр тақырыптың оқу материалын сабақтар бойынша бөлуді айтамыз. Әдетте, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жарты жылға немесе жылға жасалып, мектеп әкімшілігімен бекітіледі.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құру кезінде әр тақырыпта немесе тарауда меңгерілуге жататын және оқу материалының мазмұнын анықтайтын білімдер, оқушыларда қалыптасуы керек шеберліктер бөлініп көрсетілуі қажет.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар материалды қайталауды уақытылы ұйымдастыруға, әр сабаққа көрсетілетін эксперименттерді, оқушылардың өз бетімен жұмыстарын, оларға жеке тапсырмаларды ойластыруға мүмкіндік береді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар негізінде мұғалім бақылау іс шараларының кестесін құрастырады, кино- және бейнефильмдерге өтініш бере алады.
Кейде күнтізбелік-тақырыптық жоспарға басқа да сұрақтар енгізіледі. Ең бастысы тақырыптық жоспар сабақтағы жұмыстың ұйымдастырылуын бейнелеуі керек және мұғалімге оқытудың формалары мен әдістерін әралуанды етуіне мүмкіндік беруі тиіс. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мұғалімнің сабаққа дайындығын жеңілдетеді, мұғалімнің жұмыс тәжірибесі молайған сайын олар кеңейтіліп, жетілдіріле түседі.
Кесте 12.