Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет110/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Елдің сөзіне тәуелділік. 
"Ел не дейді? Жұрт не дейді?". Бізде 
осындай менталитет қалыптасып кеткен. 
Басқа ұлтқа тұрмысқа шықсақ: " туыстар 
не дейді, тойға келмей қалса ше, 
араласпай кетсе ше?"- деп айтады. Егер 
қыз бала жасынан асып бара жатса, 20-
дан, 25-тен немесе 26-27ге келсе "күйеуге әлі шықпаған ба, 
қашан шығасың, отырып қаласың". Жұрттың сөзіне қарап, 
өзіңізде сондай ой ойлайсыз. Жұрттың сөзі міндетті түрде 
бітеді. Есте сақтап алыңызшы, біреуге біреудің өмірі тек аз 
ғана уақыт қызықты. Көшеде жығылып құлап қалсаңыз, 
сізді көрген адам тек 5 секунд қана осы жағдай туралы 
ойлап, әрі қарай ұмытып кетеді. Күні бойы сіздің 
құлағаныңызды айтпайды. Ал егер күні бойы айтпаса, 5 
секундтық біреудің ойы үшін неге өзіңізді сенімсіз 
сезінесіз? Неге ұяласыз? Егер тұрмысқа өзге ұлтқа 
шығамын деп қорқып, бағыңызды тек елдің сөзі үшін 
байлап тұрсаңыз, осы сөздерімді ескеріңіз. Ешкім сіздің 
өзге қлтпен қосылғаныңызды таңнан кешке дейін айтып 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
176 
жүрмейді. Бүгін сіз қызықты әңгімесі боласыз, ертең олар 
басқа адамның өмірін айта бастайды. Үйге қайтсам ел не 
дейді деп қорықсаңыз да осы сөздерімді ескеріңіз. Ел не 
демейді? Елге бірдеңе деуге себеп болса болды. Олардың 
сөздері тек сөз болып қала береді, егер бүкіл әлемдегі 
адамдар елдің сөзін ойлап әрекет етсе, ешкім ешқашан бай 
болмас еді, бақытты болмас еді. Сондықтан өз өміріңізді 
елдің не дейтініне байламаңыз! Ел не дейді, ұят болады ғой 
деген ойыңыз пайда болғанда «маған тек мен өзім 
маңыздымын, мен өз өзімді бақытты ету керекпін» деп 
айтыңыз. 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет